Төлеген ЖаҢаБаЙҰлЫ,
Халел Досмұхамедов атындағы аты-
рау мемлекеттік университетінің доценті,
Қазақстанның Құрметті журналисі,
Қызылқоға ауданының Құрметті
азаматы
Қазір Исатай Тайманұлы мен Ма-
хамбет Өтемісұлы жайлы сөз етілсе, олар
жетекшілік еткен ұлт-азаттық көтеріліс ту-
расында әңгіме қозғалса болды, Ығылман
Шөрекұлының дастанына жүгіну, оны
мысалға алу берік дәстүрге айналды. Со-
нымен қатар дастанда:
…Тап сол жылы Махамбет,
Отыз тоғыз жасында.
Есенғұл, Үбі, Таңатар,
Есенгелді, Қосқара,
Есенаман, Шекшекей,
Балуан Тәни қасында.
Алман, Тоғай, Ерсары,
Қожахмет, Қалдыбай,
Әскердің түсті алдына-ай!
Қамалға барып соқтығып,
Ойранды жауға салдың-ай, – деп
айтылғанындай, еңселі ерлердің, басқа
да қыруар адамдардың аты-жөндері көп
кезігеді. Бәрі де өмірде болған, көтерілісте
ерлік көрсеткен, болмаса қатысы бар
тұлғалар. Орайы келгенде олар туралы
жақсылы-жаманды бірдеңе айтыла қалған
күнде де Ығылман дастанын айналып
өтпеушілік тағы бар. Әйтеуір, ол жыл
өткен сайын аруақтанып, беделге бедел
үстемелеп келеді. Әзірге соны шүкіршілік
етеміз.
Ығылман Шөрекұлына айрықша
құрметпен қарауға негіз болатын келесі
бір жайт – оның өткен ғасырлардың інжу-
маржан жыр қазыналарын өңін өзгертпей
жаттап, бүгінге жеткізуі. «Ығылман өзі
үлгі алған әдеби ортаны әркез қадірлеп,
оның көрнекті туындыларын халық
кәдесіне жаратуға қызмет етті» («Ақын-
жыраулар». Алматы, 1974, 167-бетте) деп
зерттеуші, ғалым Қабиболла Сыдиықов
айтқандай, егер Ығылман болмаса Махам-
бет Өтемісұлының, Мұрат Мөңкеұлының,
Ш е р н и я з Ж а р ы л ғ а с ұ л ы н ы ң , Е с е т
Қараұлының, Нұрым Шыршығұлұлының
және басқа да ақындардың өлеңдері,
толғаулары мен термелері, дастандары
бізге осы күнгі бояуы қанық күйінде жетер-
жетпесі беймәлім. Ол асқан зерделілігі,
қабілеттілігі арқасында көне мұраларды
жадында сақтап, оқымысты Халел
Досмұхамедұлына табыс етті. зиялы ғалым
қолына түскен рухани қазынаны шашау
шығармай, «Исатай-Махамбет», «Мұрат
ақын сөздері», «Аламан» жинақтарға топ-
тастырып, Ташкентте баспадан кітап етіп
бастырып шығарды.
Енді бірер сөз ақынның артында қалған
ұрпағы хақында. Ығылман ақынның
Қызылқоғадағы Миялы селосында
тұратын туған балдызы, сөз ұстасы Төлеп
Жұмағалиұлы ақын жездесінің мүрдесі
жатқан қауымның басына барып, дұға
оқып отырып, мынадай әзіл өлеңді жаны-
нан суырып салып айтады:
Ей, Шөректің ұлы Ығылман,
Белгілі атың бұрыннан.
Тарихқа жайдың батырды,
Ханға қарсы ұрынған.
Исатай мен Махамбет
Танылды сенің жырыңнан.
Елу бір жыл табылмай,
Тайсойғанның құмынан.
Жарып шықтың қабірді,
Жер астынан суынған.
Бұйырмады-ау топырақ
Қабдол, Жәлел ұлыңнан.
Хабар да жоқ ешқандай,
Шәрипа атты қызыңнан…
Халық арасына кеңінен тарап кеткен
бұл уытты әзіл өлеңнің бір үзіндісін ғана
келтіріп отырмыз. Мұндағы тілге тиек
етілгеннің бәрі ащы шындық. Адымы-
мызды аштырмай тұсаған бойкүйездігіміз
б е н а с ы л ы м ы з д ы а р д а қ т а м а й т ы н
салғырттығымызды сынап-мінеген
нағыз оспақ. Сонымен қатар оның жар-
ты ғасырдан астам бұрын көз жұмып,
қара жердің қойнына кірген жездесінің
естімесін біле тұрып, жарық дүниеде
жүргендерге қарата айтқан ескертпесі,
өкпе-назы.
Басқасын былай қойғанның өзінде,
ақынның қызы Шәрипа күні кешеге дейін
қайда болып еді? Ығылман Шөрекұлының
1976 жылы жарық көрген кітабына ақын,
әдебиет зерттеушісі Берқайыр Аманшин
жазған алғы сөзде: «…Балалары – Халық,
Гүлбаһрам, Қабдолғазиз, Қабдыжәлел,
Шәрипа (Шаһарман). Бұлардың алдыңғы
екеуі елде, Балабейітте жастай қайтыс
болған. 1923-1924 жылдар шамасында
туған Қабдолғазиз (Қабдол) бен 1925
жылы туған Қабдыжәлел (Жәлел) Тайпақ
ауданынан екеуі де майданға кеткен,
нағашысы Бекбосынов Кәдірбайдың
қолынан аттанған. Екеуі де майданда қаза
тапқан. Балаларынан бары тек Шәрипа
ғана, ол 1928 жылы туған, қазірде Гурьев
облысы, Ембі ауданындағы Байшо нас
мұнай кәсіпшілігінде тұрады» делінген
ж о л д а р д ы о қ ы ғ а л ы б і р о б л ы с т ы ң
аймағында тұрғанымызбен Байшонасқа
жол түспей жүрген еді. Келімді-кетімді
адамдардан сұрастырып қарағанымызда
білмей шыққан. Тіпті Шәрипаның онда
тұрмайтынын дәлелдеушілер де табылды.
Сөйтіп жүргенде, 1990 жылғы ақпан айын-
да облыстық «Атырау» газетінің редак-
циясына Төлеген Дүйсенов ақсақал келе
қалды. Әуелден баспасөзбен байланыс
жасап тұратын ол құлағы түрік жүретін,
көп жайттан хабардар, көреген жан бола-
тын. Төлеген қарт әңгіме арасында өзінің
таяуда Байшонасқа баратынын сөз қылды.
Бұрын сонда тұрыпты. Біз оған жата қалып
жабысып:
– Сол сіз баратын Байшонаста Шәрипа
деген апай тұратын көрінеді. Мүмкін тани -
тын боларсыз, егер білмесеңіз осы сапа-
рың ызда сұрастырып, біліп кел сеңіз екен.
Ол атақты ақын Ығылман Шөрекұлы ның
көзі тірі тұяғы, туған қызы,– дегенімізде
Төкең ақсақал:
– Шәрипа дейсіз бе?– деп өзіме қарсы
сұрақ қойып алды да, аз-кем ойланып
қалды.– Ондай кісі Байшонаста бар
сияқты. Бірақ, дәлдеп айта алмаймын, осы
жолы барғанымда, іздестіріп, анықтайын.
Төлеген қарт осыдан кейін біразға дейін
хабарсыз кетті. Мен наурыз айында кезекті
демалысыма кетіп, сәуірде қайта оралсам,
Төкең жазып қалдырған бір жапырақ
қағаз жатыр. Онда: «Шәрипа Ығылманова
бұрын Байшонаста тұрған, Доссорда
әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде
жұмыс істеген. Байшонастың тұрғыны
Қанат Ахметжановқа тұрмысқа шыққан.
Өкінішке қарай, мен 1975 жылы Мия лы
селосында Сарман Ғапурин қарттан жазып
алған осы жолдардың ары қарайғы жалғасы
ол кісінің жадында жөнді сақталмапты.
«Көлемді толғау еді, әттең-ай, көп жыл
үзеңгілес жүргенде дұрыстап зер салып,
толықтай жаттап алмаппын ғой. Білетінімнің
өзін, жасымның ұлғайғандығы ма, ұмытып
қалыппын» деп қынжылып еді ол. Бірақ қос
шумақтың өзінде Ығылман Шөрекұлының
қай жылы туғаны, айы, күніне дейін айна-
қатесіз айқын жырланған. Демек, ақынның
дүниеге келген кезі – 1876 жыл. Оған
талас жоқ. Ескіше жыл қайырғанда да ол
ақынның өзі айтқандай, тышқан жылы-
на тұспа-тұс келеді. Ал жерге шыр етіп
түсіп, кіндігі кесілген мезгілі қамалдан
үш күн бұрын екен. Тоғыс есебінде қамал
қазіргі наурыздың 22-сінен басталады.
Одан үш күнді шегергенде наурыздың
19-ына сәйкеседі. Атырау аймағының
Тайсойған-Бүйрек өңіріндегілер наурыздың
14-ін қазақтың жыл басы деп ерте бас-
тан бері төс қағысып, көрісуді бастайды.
Сонда ақынның туу сәтінің доңыз жылы-
нан тысқары қалу себебі де анықталады.
Сөйтіп, осы деректерге сүйеніп, қорытынды
жасағанда Ығылман Шөрекұлы 1876 жылғы
наурыздың 19-ында туған.
Енді бір қуанышты жайт бар. Ол –
Ығыл ман ақынның өмірбаяндық толғауы-
ның жалғасының табылғандығы. 1996
ж ы л ғ ы м а м ы р д ы ң 6 - с ы н д а А т ы р а у
облысындағы Балықшы ауданының Теңдік
ауылының тұрғыны, Қр халық ағарту ісінің
озық қызметкері рахметжан Бақтияров
маған жоғарыда келтірілген алғашқы
шумақтарға қоса тағы алпыс алты жо-
лын жазып берді. Бірақ ақынның баяндау
желісінен аңғарғанымыз – бұл әлі бастау
тұсы. Толғаудың әрі қарайғы жалғасы
біршама ұзақ болуға тиіс. Өйткені, біздің
қолымыздағы нұсқада Ығылман ақын өзінің
төрт жасқа шыққанға дейінгі өмірін, сол
кездегі ел ішіндегі хал-ахуалды баяндаған.
Бір қызығы, әрбір жылға жеке-жеке тоқтап,
табиғатты, жұт әкелген тарымшылдықты,
одан кейінгі құдайдың несібені қалай
төккенін дәлме-дәл кестелеп отырған. Осы
бағытпен жырлауды жалғастырған болса
бұл, сөз жоқ, көлемді дүние.
Ақын толғаудың кіріспе бөлігінде өзінің
қайда туғанын, қай жерде мекен еткенін
айқындап айтып берген. Оның:
Тайсойған сонда менің туған жерім,
Кіндік кесіп, кірімді жуған жерім.
Сары май пысысын деп тұзға салып,
Құндақтап қол-аяқты буған жерім.
Қаракөл сонда менің мекен жерім,
Ғұмырға дәурен сүріп кешкен жерім.
Бөбектеп, балапандай ақ сүт беріп,
Құндақтап қол-аяқты шешкен жерім,
– деуі ел арасынан біздің жинаған бұрын-
ғы деректерімізбен толық үйлесім таба-
ды. Демек, оның дүниеге келген жері –
Тайсойғанның қалың құмының ортасында,
Жыңғылды көл алқабындағы Қаракөл
қыстауы. Ғұмырының дені сол мекенде
өткен. Жаз жайлауы – Шыбынды, Сорқуыс
маңы. Дәл осы арада ескере кететін бір
нәрсе – Қызылқоға ауданында тағы бір
Қаракөл деген жер атауы бар. Ол Ойыл
өзенінің аяқ тұсында орналасқан ірі елді
мекен.
Ақынның өмірбаяндық толғауының
жалғасының Жайық бойындағы рахмет-
жан Бақтияровтан табылуының сыры
неде? Оның мәнісі – біріншіден, негізінен
рахметжанның өзі сол Тайсойған-Бүйрек
өңірінде туып, сөзге қонақ беретін, озық
ойлы, жергілікті адамдармен аралас-құралас
өскен көзі қарақты кісі. Екіншіден, ел
аузындағы ескілікті жыр-қиссаларды,
шешендік сөздерді, тарихи әңгімелерді
ды. Мұрат Сыздықовтың анасы
Жұпар Ықыласова еске алу кешін
ұйымдастырған азаматтарға зор
алғысын жеткізді.
– Өзімді-өзім қанша жұбатайын
десем де, Мұраттың бейнесі көз ал-
дымда тұрады. Өмірінің қысқа бола-
тынын сезді ме екен, өзіне туған-туыс,
дос-жаран, сырлас, сыйлас жандарды
көп жинай беруші еді. Мұраттың
жолдастары керемет. Ұмытпай еске
алып жүреді, – деді Жұпар ана. Шара
аясында кітап көрмесі өткізілді.
Қазақ радиосының әншісі Гүлшат
Тәкебаева және т.б. өнерпаздар ән
мен жырдан шашу шашты.
Дәукен ЖҰМаТҰлЫ
Міне, өзекті ойлар мен сауалдарды
арқау еткен бұл мәселелерге терең
әрі жан-жақты талдау жасалған.
«Біз бір минутты неге қимаймыз?»,
«Қайтқан қазақтар», «Парақорлық»,
«Дүниенің түбіне не жетеді?», «Біз
әлі көктейміз!», «Желіге байланған
жұлын», «Шырағың қайда, шы-
рағым?», «Бұл шағала – қай шағала?»
және т.б. публицистикалық ма-
қалалар оқырман қауымды бейжай
қалдырмасы анық. Айта кетейік,
«Мың құмырсқа және біз» кітабы
Асқар Беков басқаратын «Алтай-
Media» баспасынан жарық көрді.
а.ДӘулеТ
жазуымен ерекшеленгендігін атап
өтті. Әнуар Тарақовтың ғылым
жолын дағы атқарған еңбектері
жөнінде негізгі баяндаманы фи-
лология ғылымының кандидаты,
доцент Гүлмира Қазыбек жасап,
М.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының бас ғылыми
қызметкері, филология ғылымының
докторы, профессор Айгүл Ісімақова
автордың абылайтануға қосқан
үлесіне тоқталды. Жиын барысын-
да журналистика факультетінің
деканы Сағатбек Медеубекұлы,
белгілі ғалым роза Мәсімханқызы,
М.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының қызметкерлері
Тоқтар Әлібек, Алмас Оралбек,
«Президент және халық» газетінің
бөлім редакторы Серікжан Қажи
және т.б. құттықтап, сөз сөйледі.
Ғалымның өмір белестерінен сыр
шертетін бейнебаян көрсетілді.
Бағдагүл БалауБаева
қАлАмгеРДі
еске АлДы
Ғылымдағы сара жол
«мың құмырсқа және біз»
Шараға Қазақстан Жазушылар
одағы басқармасы төрағасының
орынбасары Маралтай Ыбыраев,
«Алматы ақшамы» газетінің бас ре-
дакторы Қали Сәрсенбай, Жамбыл
облыстық «Ақ жол» газетінің бас
редакторы Көсемәлі Сәттібай, белгілі
сатирик Толымбек Әлімбекұлы,
журналист Қыдырәлі Қойтай, «Шу
өңірі» газетінің қызметкері Ахмет-
жан Қосақов, белгілі суретші Балтас
Оспанов, «Қазақстан Жазушылары»
кітапханасының мең герушісі Еле-
на Ағайса және т.б. қатысып, сөз
сөйледі. «Үркер» жур налының бас ре-
дакторы Қуандық Түменбай жазушы-
ның өмірі мен шығармашылығы
жөнінде әсерлі баян дама жаса-
Тұсаукесер рәсіміне елімізге
белгілі қаламгерлер – Сәбит Досанов,
Бекболат Әдетов, Қуанышбай
Құрманғалиев, Кәдірбек Сегізбаев,
Иран Ғайып және республикалық
БАҚ басшылары қатысты.
Автордың жаңа жинағына өмірдің
өзекті мәселелері туралы жазылған
публицистік мақалалары мен сұхбаты
топтастырылып отыр. Жаһандану
жағдайында қазақ ұлтын қандай
құндылықтар құтқарады? Елдік
намыс пен мемлекетшіл көзқарас
қалай қалыптасады? Тәуелсіздікті
тұрлаулы етудің тетіктері қандай?
Мемлекеттік тілдің мерейін қалай
көтереміз? Ұлттық идея дегеніміз не?
Жиынды ҚазҰУ-дың филология
және әлем тілдері факультетінің де-
каны Өмірхан Әбдиманұлы жүргізді.
ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми
зерттеу институтының директо-
ры, профессор Жанғара Дәдебаев
қаламгердің шығармашылығы мен
ғылым жолындағы ізденістері ту-
ралы сөз сөйледі. Үстіміздегі жылы
жарыққа шыққан «Абайтану. Таңда-
малы еңбектер» атты он томдық
жинаққа оның автор ретінде қомақты
үлес қосқанын айтып, сыйға тартты.
Қазақстан Жазушылар одағы
басқармасы төрағасының орынба-
сары Жанарбек Әшімжан мерейтой
иесіне қаламгерлер қауымы атынан
алғыс хат тапсырып, сый-сияпат
жасады. Өз сөзінде Ә.Тарақовтың
республикалық басылымдардағы
жемісті еңбек жолын тілге тиек
е т т і . Қ а л а м г е р л і к қ а б і л е т і н і ң
биіктен көрінгендігін, қазақтың
кенже қалған футбол өнерінің,
қоғамдағы өзекті мәселелерді өткір
Байшонаста балалар бақшасында қызметте
болыпты. Жетпісінші жылдардың аяқ
шенінде болуы керек, Гурьевтің қасындағы
Алғабасқа көшіп кетіпті. Қазір сонда
тұрады. Мұны маған Байшонас поселкелік
кеңесінің бұрынғы хатшысы Самиан рах-
метова деген кісі айтты.
Төлеген Дүйсенов, бұрынғы Байшонас
тұрғыны, мұғалім» деп жазыпты.
Міне, қызық! «Көктен іздегенім жер-
ден табылды» деген осы-дағы. Жыраққа
жете алмай жүргенімде іргеден шықты ғой.
Қуанып кеттім. Іштей: «рахмет, Төлеген аға!
Осындай абзал адамдар көбірек болса ғой,
шіркін!» деймін. Алайда сол бір асыл азамат-
ты тағдыр бізге қайта жүздестіруді жазбады.
Көп ұзамай фәни дүниемен қоштасыпты.
Арнаулы алғысым айтусыз қалды.
Шәрипа апайдың Алғабаста тұратынын
естіген соң кездесуге асығып дегбірім қаша
бастады. Алғабастан келіп-кеткендерден
суыртпақтап сұрастырып көргенім
нәтиже бермеді, ешкім білмейді. Аң-
таңмын. Тағы бір жаққа көшіп кетпесе
не қылсын? Көңілге күдік ұялады. «Өзім
барып қайтармын» деп жүргенде бір күні
редакцияға газеттің белсенді тілшісі Шора
Ериманов (кейін ақционерлік қоғамның
кәсіподақ комитетінің төрағасы болды)
қызмет бабымен келе қалды. Одан:
– Ауылдарыңызда Қанат Ахметжанов
деген азамат бар ма?– деп сұрадым.
– Қанат есімді адам болуы тиіс. Алға-
басқа басқа жақтан көшіп келген, – деп
сайрап тұр ол.
Үміт шоғы қайта қоздады. Көмескілене
бастаған із тағы да айқынданып, ілгері
жетеледі. Шора келесі келгенінде Қанаттың
да, Шәрипа апайдың да дін аман өмір сүріп
жатқанын хабарлады. Сол 1990 жылғы
маусымның 16-сы күні Шәрипа апайға
барып жүздесіп, тіл қатысудың сәті түсті.
Сөйтіп, ақын Ығылман Шөрекұлының
ұрпағы табылды.
Шәрипа апайдың (төлқұжатындағы
көтерілістің екінші кезеңі, Тайсойған,
Ойыл, Сағыз, Жем, Маңғыстау, Хиуа
өңірлерінде болғанда Исатай-Махамбет
қолдарын халықтың қабылдауы, Ақбұлақ
бойындағы қанды қырғын қисынды
суреттеледі.
Осы күнге дейін бұл дастанда айтылған-
дарды бұрмаланған, жалған деушілер
болған емес. Бірен-саран адамның атта-
рында, жасқа байланысты анықтауды,
дәлелдеуді қажет ететін жайттар болмаса,
бәрі де болған оқиғалар ізінен алшақ
кетпеген. Сайып келгенде, дастан нақты
құжаттарға сүйеніп жазылған. Бұл – бір.
Екіншіден, ғалым Халел Досмұ-
хамедұлы өзінің «Тайманұлы Исатайдың
қозғалысы турасында қысқаша мағлұмат»
атты еңбегін қағазға түсіргенде белгілі
бір құжаттарды, мәліметтерді негіз етіп
алғаны көрініп тұр. Сол құжаттардың бірі
Шөректің архиві болуы ықтимал. Сондай-
ақ Х.Досмұхамедұлы осы еңбегінде
«Құлманұлы Бақтыгерейдің айтуынша,
Оралдағы уақытша сәбеттің архивінде
Исатай-Махамбет туралы 27-том іс бар»
депті («Исатай-Махамбет». Алматы, 1991,
43-бетте). Ол қандай іс? Көтеріліс жайлы
қолданылып жүрген архивтік құжаттардың
ішінде сол істер бар ма? Бар болса оған
Төлек пен Шөректің жазбалары кірген
бе? зерттеп, нақтылауды, дәлелдеуді талап
ететін жайттар.
– Малдың жазғы қонысына ыңғайлы
болған соң, – деп еді Тайсойғанда отырған
бақташы Амангелді Жайкин, – Халел
ставкасының (штаб мағынасында – Т.Ж.)
маңынан, Қаржау талының қасынан
Қазақстан Жазушылары кітапханасында қарымды
қаламгер, дарынды жазушы Мұрат Сыздықовтың
туғанына 60 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.
Кеш тақырыбы «Саған бақыт тілеймін» деп атал-
ды. Жиынды «ақиқат» журналының бас редакто-
ры аманхан Әлімұлы кіріспе сөзімен ашып жүргізіп
отырды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Жазушылар және
Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор,
М.Дулати атындағы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, абылай-
танушы ғалым Әнуар тарақовтың 60 жасқа толуына арналған шығармашылық кеш
өтті. Жиынға қоғам қайраткерлері, ғалымның әріптестері, БаҚ өкілдері мен студент-
тер қатысты.
Жуырда «айқын» газетінің бас редакторы, президент сыйлығының лауреаты
Нұртөре Жүсіптің «Мың құмырсқа және біз» атты кітабының тұсаукесері өтті.
өнЕр өлКЕсіндЕ
Ардақ Мұқышев, Астана қаласынан
келген белгілі өнер майталманы Ер-
лан Құжиманов, Шығыс Қазақстан
облысының Абай ауданынан кел-
ген өнер саңлағы Қайрат Қабышев,
Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ау-
данынан жеткен Еламан Құжиманов,
алматылық Еркін Нұрханов, Талғат
Әбуғазы, Саян Бөдесовтер Балуан
Шолақтың беймәлім әндерін орындап,
халықтың көзайымына айнала білді.
Балуан Шолақтың ел біле бермейтін
әндері Жоламан Құжимановтың нота-
дан қалпына келтіріп, жастарға үйретуі
негізінде қайта түлеп, өнер өлкесіне жол
тартып, жыл құсындай жаңалық болып
қосылғандығын айта кету керек.
Дегенмен, Ғалым Мұхамедин («Ба-
луан Шолақтың қоштасуы»), Тілеулес
Құрманғалиев («Құлан кісінес»),
Ерлан Құжиманов («Мені қой-ау»)
орындауындағы әндер әншілердің
өздері ел ішінен тапқан алтынға пара-
пар олжалары екендігін айта кеткен
жөн. Шығыс өңірінен келген Қайрат
Қабышевтың өнерін көрермен қауым
үлкен қошеметпен қарсы алды. Тіпті ол
өнерді сын көзбен саралай білетін сахна
шеберлерінің де ықылас-ілтипатына
бөленді. Халықтың сұрауы бойынша
бұлбұл әнші Қайрат Қабышев тағы бір ән
орындады. Кешті ғажайып әнші, терең
білім иесі, өнертанушы Ерлан Төлеутай
жүргізіп, Балуан Шолақтың өмірі мен
шығармашылығы туралы көрермен
қауымды қызықты мағлұматтарға
қанықтырды. Айта кету керек, «Адыр-
на» қоры болашақта Балуан Шолақ
әндерінен Астана, Көкшетау, Тараз
қалаларында ән кешін өткізуді жоспар-
лар отыр.
арман ӘуБӘКІР,
«адырна» ұлттық-этнографиялық
бірлестігі» қоғамдық қорының жетекшісі
алған. 1942-1946 жылдары Хабаровск
қаласындағы шекарашылар ансамблінде
еңбек еткен. 1950 жылы Алматы кон-
серваториясын бітірген. Абай атындағы
Қазақ Мемлекеттік Опера және Ба-
лет театрының әншісі болған. «Алпа-
мыс», «Алдар Көсенің айласы», «Баян
жүрек», «Кемпір мен шал, «Қалқаман-
Мамыр», «Құсни-Қорлан», «Сапар»,
т.б. опера либреттоларының авторы.
«Сильва», «Фигароның үйленуі», «Ты-
ныш шаңырақ» опера либреттоларын
қазақ тіліне аударған. «Дархан дарын»,
«Мәжит Бегалин», «Высокий дар при-
звания» атты кітаптары жарық көрген.
1959 жылы Қазақ КСр халық артисі
атағын иеленген. Еңбек Қызыл Ту ордені
мен медальдармен марапатталған. Қазақ
Ұлттық өнер академиясында дәріс
оқыған. Академияда музыка-комедия
мамандығын ашып, аталған кафедраның
меңгерушісі болған. 1985 жылы Кәукен
Кенжетаевқа профессор атағы берілген.
Ж.СӘРСеНОва
БАлуАН шолАқ
әНДеРі шыРқАлДы
ақын ығылман шөрекұлы өз заманының айтулы сөз зергері
қазақтың кәукені
«Адырна» ұлттық-этнография-
лық бірлестігі» қоғамдық қоры 2010
жылдан бері дәстүрлі ән-күй кеш терін
ұйымдастырып келеді. Атап айтсақ,
Біржан сал (2010), Ақан сері (2010),
Мұхит (2011), Үкілі Ыбырай (2012),
Жаяу Мұса (2013), Сәкен Сейфуллин
(2014) әндерінен жеке-жеке концерт-
тер, Тәуелсіздік жолында құрбан болған
композиторлар шығармашылығы бой-
ынша «Азат рухтың алдаспандары»
(2012) концерті, жылқы туралы әндер
мен күйлерге негізделген «Дүлдүл ән
мен пырақ күй» (2014) атты концертін
ұйымдастыр ған еді. Атаулы шаралар
«Ұлы дала дауыл паз дары» жобасының
аясында өткен болатын. Осы жолғы
к о н ц е р т т і ң б а с т ы е р е к ш е л і г і –
БалуанШолақ бабамыздың мүлде
беймәлім әндері тұңғыш рет үлкен сах-
нада орындалды. Бұған дейін өнерпаздар
қауымына Балуан Шолақтың 7-8 әні
ғана белгілі болып келсе, осы жолғы кон-
цертте ұлы композитордың 20-дан астам
әндері сахнаға жол тартты. Бүгінге дейін
Балуан Шолақтың «Ғалия», «Сентябрь»,
«Карон балуан», «Жастық», «Дүние»,
«Дікілдек» тәрізді танымал әндерін
рамазан Стамғазив, Ерлан Төлеутай,
Еркін Шүкіманов, Жасұлан Сақаев,
Азат Дулатұлы, Тілеубай Әнәпия, т.б.
әншілер орындады. Балуан Шолақтың
беймәлім әндері «Дауысашар», «Шолақ
баяу», «Көп балапан-Көкшетау»,
«Ғалияның» IV-інші түрі, «Желіп-
желіп...», «Құлан кісінес», «Сұрша қыз»
II-ші түрі, «Шолақтың желдірмесі»,
«Кенжеқоңыр», «Майдақоңыр», «Мені
қой-ау», «Балуан Шолақтың Жетісумен
қоштасуы», «Балуан Шолақтың елімен
қоштасуы», «Сарын» және тағы басқа
әндері тұңғыш рет үлкен сахнаға шықты.
Жезқазғаннан арнайы келген
ғажайып өнерпаз Ғалым Мұхамедин,
Қарағанды облысының Шет ауданынан
ат арылтып жеткен талантты жас әнші
Көрменің ашылуына зиялы және
шығармашылық қауым өкілдері, мектеп
мұғалімдері мен оқушылар, журналистр
мен қала қонақтары қатысты.
М е й м а н д а р х а л ы қ а р т и с і н і ң
шығар ма шылығы және өмір жолы-
нан сыр шертетін тарихи суреттермен
таныс ты. Сонымен қатар тұтынған
жеке заттары мен оқыған кітаптары,
алған марапаттарымен қатар Қр
Орталық мұрағаты қорынан алынған
м а т е р и а л д а р ұ с ы н ы л д ы . Б е л г і л і
т ұ л ғ а н ы ң қ о й ы л ы м д а р д а к и г е н
киімдері, А.Ненашев, С.романов сын-
ды суретшілердің қолынан шыққан
бірегей эскиздер тұңғыш рет көрсетілді.
Жиында белгілі өнер және мәдениет
қайраткерлері, шәкірттері, Кәукен
ағаның көзін көргендер мен ұрпақтары
өз естеліктерімен бөлісті.
Кәукен Кенжетаев 1916 жылы 25
ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл
ауданында дүниеге келген. 1936-1941
жылы Мәскеу консерваториясының
жанындағы қазақ студиясында білім
Достарыңызбен бөлісу: |