Баға – цена.
Жеңілдік – скидка.
Қарыз – долг.
Пайыз – процент.
Зергерлік бұйымдар – ювелирные из-
делия.
асыл тастар – драгоценные камни.
Сақина – кольцо.
Жүзік – перстень.
Орамал – платок.
Бұйым – изделие.
Зат – вещь.
азық-түлік – продукты.
Киім-кешек – одежда.
Тұрмыстық техника – бытовая техни-
ка.
Үйге арналған тауарлар – товары для
дома.
Сәбилерге арналған тауарлар – товары
для новорожденных.
Балаларға арналған тауарлар – товары
для детей.
Енді осыған байланысты шынайы
өмірден бір мысалдар келтірейін. Бұл
мәселе мені көптен бері толғандырып
жүр еді. Көпшілікке теңіздің тамшысын-
дай болса да бір ой салса деген ниетпен
қолыма қалам алдым. Сонымен...
Астана қаласындағы №10 автобус
кезекті аялдаманың біріне қарапайым
көліктерді баса озып, жүйткіп келеді.
Міне, автобус енді сәлден кейін Қонаев
к ө ш е с і н д е г і ж о л а у ш ы л а р т ү с е т і н
аялдамаға тоқтайды. Автобус кондукторы
«Казмедиа» деп хабарлады. Аялдаманың
маңдайшасындағы жазуға қарасам «ҚМО»
деп тұр. Дұрысы – «Қазақмедиаорталығы»
емес пе?
Тағы бір кезекті аялдамада әлгі кон-
дукторымыз «КТЖ, КТЖ» деді дауысын
көтере хабарлап. «КТЖ-сы» несі? Мұндай
аялдама бар ма еді деп ойланайын. Ай-
налама зер салып қарасам, бұл кәдімгі
өзіміздің күнде көріп жүрген «Қазақстан
темір жолы» ғимаратының алды екен.
«Қазақстан темір жолы» аялдамасы деп
айтса, несі айып? Міндетті түрде «КТЖ»
деп қысқартып хабарлау керек пе? Жал-
пы, тілдің сапасына қоғамдық көліктегі
қызметкерлер де жауапкершілікпен
қарауы тиіс. Олардың арасында қазақтың
әуезді сөздерін қысқартып, табиғатын
бұзып айтатындарды көп көреміз.
Қоғамдық көліктің басшылары осыған
неге мән беріп, назар аудармайды?
Қоғамдық мәдениет туралы жиі айтамыз.
Ал қоғамдық көліктегі тіл мәдениеті тура-
лы неге үндемейміз? Бұл маңызды мәселе
емес пе? Маңызды болғанда қандай? Ол
тіпті бүгінде күйіп тұрған мәселе десек те
артық болмас.
да белгілі болғандай, үштілді білім бе-
руге еліміз 2019-2020 оқу жылдарында
көшпек. Бұл ретте математика және
жаратылыс тану пәндерінің бірі немесе
бірнешеуі тек 10-11 сыныптарда ғана
ағылшынша оқытылады екен. Оған
дейін бұл пәндер қазақ мектептерінде
тек қазақ тілінде ғана оқытылмақ.
Үштілділіктің балалар алдынан кең
жол ашатынын тілге тиек еткен сала
басшысы үш тілді қатар меңгеру қала
мен ауыл, әртүрлі әлеуметтік топтар
арасындағы кедергілерді азайтатыны-
на, әрбір адам үшін тең мүмкіндіктер
туғызатынын айтты.
Қазір көпшілікті ойландырып
жүрген бір сауал бар. Ол ағылшын
тілінде сабақ беретін мұғалімдерді
қайдан табамыз деген мәселе? Бұған
қ а т ы с т ы Е р л а н К е н ж е ғ а л и ұ л ы
ағылшын тілінде сабақ беретін ұс-
таздарды даярлауда да мәселе туын-
дамайтынын, ол мамандар Назарбаев
университетінде дайындалатынын
атап өтті. Биыл шамамен 700 мұғалім
даярлықтан өтпек. Үш тілді білім
беруге көшу үшін 32 мың ағылшын
тілді ұстаз қажет. Ал қазақ тілінде
сабақ беретін ұстаздарымыз жеткілікті
ме? Бұл мәселеге ол былай деп жа-
уап берді: «Дұрыс әдістемесі болса,
қазақ тілін оқытуда да еш қандай
қиындық болмауы тиіс. Қазақ тілінің
ұстаздары бізде жеткілікті. Тұ тастай
алғанда республикамыздағы бар лық
мұғалімдердің саны 365 мыңға жетеді»
деді.
Министрдің хабарлауынша, Қазақ-
станға мектеп бітіру емтихандары
қайта оралады. 2017 жылдан бастап
ҰБТ мек тептік және ЖОО-ға арналған
болып екіге бөлінеді. Ал Ұлттық
бірыңғай тестілеуден өте алмағандарға
оны екінші рет тапсыруға мүмкіндік
беру қарастырылып отыр.
Иә, әрбір жаңалықтан мол үміт
күтеріміз рас. Тек солардың бәрі де ел
пайдасына жүзеге асып, баянды бол-
сын деген тілегіміз бар.
Дәукен ЖҰМаТҰлЫ
Осы орайда жуырда Елордадағы
Президент жанындағы Орталық ком-
муникациялар қызметінде Білім және
ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім
сала сындағы жаңашылдықтарға бай-
ланысты БАҚ өкілдеріне баспасөз
мәслихатын өт кіз ді. Баспасөз мәсли-
хатына ми нистр лік тің мектепке дейінгі
және орта білім, ақ параттық техно-
логиялар департамен ті нің директоры
Жаңыл Жонтаева мен «Назарбаев
зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма
Төрайымы Күләш Ноғатайқызы Шәм-
шидинова қатысып, баяндама жасады.
Ерлан Сағадиев кездесу барысында
«2016-2019 жылдарға арналған білім
және ғылымды дамытудың мемлекеттік
бағдарламасының» өмірге жолдама
алған жаңалықтарымен таныстырды.
Жиында министр қазіргі кезде қо-
ғамда көп талқыға түсіп жүрген ағыл-
шын тіліне қатысты өзінің ой-пікірін
ортаға салды. Айтуынша, ағылшын
тілі – азаматтарымызға, әсіресе, жас
ұрпаққа әлемдік озық ілім-білімге
және жоғары технологиялар әлеміне
жол ашар есіктің кілті.
– Егер бұған қарсы петицияның
автор ларына қарасақ, онда олардың
көбісінің балалары мен немерелері
шетелде оқитынын немесе оқығанын,
«Бола шақ» бағдарламасы бойынша
білім алғанын көреміз. Ендеше, «Мал-
шы, жалшы, құрылысшы, күзетші,
базарларда отырған халыққа ағылшын
тілі көк тиынға керек емес» (петиция-
дан үзінді) деу – басқа адамдардың
балаларына жақсы өмірді, жарқын
болашақты тілемеу деген сөз. Мемле-
кет басшысы айтып жүрген «әлеуметтік
лифттер» әрбір қазақ стандық үшін тең
мүмкіндіктер жасауды қарастырады.
Павлодарда қалалық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің ұйым дас-
тыруы мен өзге ұлт өкілдері арасында
«Тіл – халық жанын танудың кілті»
атты байқау өтті.
Жастар арасында мемлекеттік тілді
насихаттау және оның мәртебесін
көтеруге арналған байқауға жоғары
оқу орындарының студенттері қатыс-
ты.
Сайыскерлер үш кезеңдік тапсырма
бойынша бақ сынады. Бірінші кезеңде
лексика-грамматикалық тест тапсырма-
сын орындаса, екінші кезеңде биылғы
жылы аталып өтетін мерейтойлық күндер
туралы эссе жазды. Үшінші кезеңде қазақ
ақын-жазушыларының өмірбаяндары
м е н ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы ж а й л ы ө з
білімдерін ортаға салды. Шараға қазақ
тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері
қатысты.
Қ а з ы л а р а л қ а с ы қ а т а р ы н д а
С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университетінің профессо-
ры Айтмұхамбет Тұрышев, С.Торайғыров
а т ы н д а ғ ы П а в л о д а р м е м л е к е т т і к
университетінің қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі Айман зейнулина мен
П а в л о д а р а й м а қ т ы қ м е м л е к е т т і к
қызметшілерді қайта даярлау және
біліктілігін арттыру орталығының бөлім
басшысы Шолпан Кинжикова болды.
І орын С.Торайғыров атындағы
Павло дар мемлекеттік университетінің
студен ті Анастасия Павлюк, ІІ орынды
Технологиялық колледждің 2-курс
студенті Владимир Целепоткин, ІІІ орын-
ды Павлодар мемлекеттік педагогикалық
институтының 3-курс студенті Тимур
Онянов иеленді. Сонымен бірге Сервис
және тамақтандыру колледжінің 1-курс
студенті Надежда Ким – «Болашақ»,
С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті
Кристина Шепинова – «Үміт» аталымда-
ры бойынша марапатталды.
Байқау жеңімпаздарына диплом-
дар мен бағалы сыйлықтар табыс
етілді. Қалалық байқаудың жеңімпазы
облыстық байқауға жолдама алды.
Сағи аРҚалЫҚ
Жаңа орталық ашылды
Мемлекеттік тілді оқыту мәселесі ешқашан күн
тәртібінен түскен емес. Әсіресе, тәуелсіздігі міздің 25
жылдығы құрметіне жаңадан оқыту орталықтары
ашылып жатса, құба-құп. Сондай игі жаңалықтың
бірі алматы облысында жүзеге асты. Қарасай ау-
даны, Қаскелең қаласында жаңадан тағы да бір
орталық ашылды. шараға облыстық «тіл» оқу-
әдістемелік орталығының қызметкерлері, филиал
меңгерушілері, оқытушылар, аудандық әкімдік
қызметкерлері, тіл жанашырлары, БаҚ өкілдері
қатысты.
«төрт түліктің төл атаулары» айдарының кезекті шығарылымын жалғастыра
отырып, осы жолы торпақ, тана, торпа-тана, құнажын және т.б. атаулардың мән-
мағыналары жайында айтамыз. Бұл атаулардың сиыр төлінің жас ерекшелігіне
қатысы бар. Әр атаудың қолданатын жерлері де бар. оларды бір-бірімен алмас-
тырып айта алмаймыз.
Орталықтың тұсаукесер шарасында Алматы
облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бас-
шысы А.Кендірбекұлы сөз сөйледі. Ол биылғы жылдың
өзінде облыстық әкімдіктен тілдерді дамытуға және
орталықтардың материалдық жағ дайын жақсартуға 78
млн теңге бө лінгенін, болашақта орта лық тарда ағыл-
шын тілін оқыту жүйесін кеңейте түсу мақсаты көзделіп
отырғанын тілге тиек етті.
Одан кейін сөз алған республи ка лық Ш.Шаяхметов
атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік
орталығының директоры Е.Тілешов басқа облыстарда тіл
орталықтары жабылып жатқанда Жетісуда туған тілімізді
дамытуға ерекше көңіл бөлі ніп отырғанын баса айта келе,
орта лықтың жұмысына сәттілік тіледі.
Қарасай ауданының әкімі М.Бигел диев мемлекеттік
тілді оқыту орталығы болашақта түрлі жиындар, бас-
қосулар өтетін рухани орталыққа айна латындығына
сенім білдірді. Аудан дық ардагерлер кеңесінің төрағасы
С.Қыдыралиев қадірменді қарттар атынан бата берді.
Біздің бағдарламамыз – қала мен ауыл,
әртүрлі үлгі дегі мектептер арасындағы
білімді теңестіретін бағдарлама, – деді
Ерлан Сағадиев.
Министрдің үштілді білім беруді
ендірудің негізгі мәні туралы сөз қоз-
ғағанда, әрбір мектепте қазақ тілін
ендіру мәселесіне назар аударды.
Негізгі айтқан тұжырымы орыс
мектеп те ріндегі оқушылардың қазақ
тілін меңгеру дәрежесін жоғарылатуға
сайды. Ондай оқушылардың қазақ
тілін дұрыс үйрене алмау себебін сол
тілде оқы тылатын пәннің жоқтығымен
түсіндірді. Бұл орайда Е.Сағадиев:
«Біз осыны түзетпекпіз. Бір тілде
қан дай да бір пән дерді оқытпай,
оны оқушыларға үйретем деу – бос
әурешілік. Сондықтан Қазақ стан та-
рихын, сондай-ақ Қазақ әдебиетін
еліміздегі барлық мектептерде міндетті
түрде қазақ тілінде оқыту жоспарлану-
да. Бұл – бүгінде министрлік алдын-
да тұрған ең маңызды мәселелердің
бірі!» деді. Сонымен қатар қазақ
тілін оқытудың әдіс темесін жетілдіру
қажеттігін алға тартты.
Әлемдегі ағылшын тілін тиімді
оқыта тын әдістемелер сияқты қазақ
тілін де сондай әдістемемен оқытуы-
мыздың мәні зор екенін айтты.
«Көптеген қазақстандық бала-
лар шетелге барады да, 5-6 ай ішінде
ағылшын тілін игеріп алады. Сол
тілде оқиды, сөйлейді. Біз қазақ тілін
үйретудің дәл сон дай әдістемесін жаса-
уымыз қажет» деген министр орыстілді
және аралас мек тептерде қазақ тілін
оқытудың жаңа әдісін келер жылдың
қыркүйек айынан бас тап ендіруді жос-
парлап отырғандарын хабарлады.
Баспасөз мәслихатының барысын-
Қоғамдық көлік қызметкері «Қазақстан
темір жолы» деп айтуды білмегені ме деп
тағы бір ойлап қойдым. Сөйткенімше
болған жоқ, зулап келе жатқан автобус
енді Орынбор көшесіне бұрылып еді, өзіме
таныс болған дауыс:
− Келесі аялдама «Дом министерств»
деді.
Оны түземек болып «Министрліктер
үйі» екенін айттым. Ол менің бұл сөзіме
таңғалды ма, сәл кідірістен кейін:
– Апай, два в одном ғой, − деді күліп.
Ақтайтын жол іздегім де келмеді, керісінше,
бүгінгі заманның жаңалығы, сәні үш
тұғырлы тіл екенін ойлап, кондуктордың
бұл қылығын қоштай алмадым. Өз ата-
бабасының тілін ойыншыққа айналдырып
тұрғанын ұқпаған кондукторға несіне
Осы мәселені ойлап бола бергенімде
қасыма бес жасар баласы бар орта жастағы
келіншек келіп жайғасты. Балалармен
сөйлескенді жақсы көретін басым әлгіні
сөзге тартып, есімін сұрадым. Ол жауап
беру керек пе, жоқ па дегендей анасына бір
қарап алды да, анасының тыйым салмай-
тынын байқаған соң:
− Мен – казак, – дегені.
− Сен казак емес, сен казах, − деді
анасы. Өзінікін жөн санаған келіншек
баласының тымағын жөндеген сыңай
танытып, мойынорағышын тартыңқырап
қойды. Әрі қарайғы әңгіме өрбітуге зауқым
да тартпады.
Бұл көрініс те мені қатты ойландырды.
«Казах» деп тұрған бүлдіршін ана тілінде
«қ» әрпінің бар екенін біле ме екен өзі?
Қай заманда да, жасөспірім жі-
гіттер, жастар – елдің болашағы. Со-
лай болғандықтан да халқымыз жас
ұландарды ерлікке баулып, еркін
өсіреді. Еркін өскен ер жігіт – «қазақ»
дегеніңіз осы. Бұл түсінікті айғақтайтын
тарихи жәдігерлер жеткілікті. Солардың
бірі – ортағасырлық қыпшақ тілі ес-
керт кіштері тобына кіретін, Халил
бин Мухаммед бин Йусуф әл-Қунави
( к о н и я л ы қ ) т а р а п ы н а н М ы с ы р -
да жазылып, 1343 жылы аяқталған
«Китаб-и маджму тарджуман турки
уа аджами уа муғали уа фарси» атты
еңбек. Қысқаша «Тәржіман» ата-
лып кеткен бұл шығармада, белгілі
қыпшақтанушы ғалым А.Н.Гаркавецтің
«Кодекс Куманикус» бойынша 2014
жылы жарық көрген зерттеу еңбегінде
жазуы бойынша, үйлі (үйлі-баранды)
сөзінің антонимі ретінде алынып
отырған «қазақ» термині жеке адамның
азаматтық жағдайын (жай-күйін)
көрсетеді: «үйленбеген, отбасылық
байланыстарға түспеген жас адам»
дегенді білдіреді. Сонымен қатар, оның
қоғамдық жағдайынан да хабар береді:
«жалғыз-жалқы, ешкімге бағынышты
емес, қоғамдық міндеткерліктері жоқ,
ерікті, азат, өзімен өзі, өз-өзіне қожа».
«Қазақ» сөзінің ортағасырлық түркі
тіліндегі жоғарыда келтірілген мәні
нені көрсетеді? Қазақ халқының ел бо-
лып құралуы туралы аңыздардағы жас
жігіттердің шын мәніндегі «қазақтар»
болып табылатындығын көрсетеді.
Олар – қазақтар! Нағыз қазақтар!
Тарихи деректерге назар аударсақ,
X I V ғ а с ы р д а ғ ы А л т ы н О р д а д а ғ ы
«қазақтық» туралы Ш.Уәлихановтан,
академик Ә.Марғұланнан оқимыз.
Алтын Орда ханы Жәнібектің күйеу
баласы – Ер Айса ұлы Ахмет болса,
оның әкесі Айса – Алтын Орда ханы
Өзбектің қызын алған, күйеу бала-
сы болған. Әлкей Марғұланның жа-
зуынша, Айса (Иса) бектің ұлы Ах-
мет қасына Жәнібек ханның қызын
ертіп жүріп, қазақ даласына өзгелерден
бұрын «қазақ шығып» кетіп, дербес
Қазақ хандығының іргетасын қалаған.
Қазақ халқын жеке біріктіруге зор күш
салған (бұл деректердің бәрі де белгілі
зерттеуші Әнес Сарайдың «Ноғайлы»
атты еңбегінде келтірілген – М.М.).
Қазақтардың Ұлытаудағы алғашқы ор-
дасын Тоқтамысқа қарсы жорыққа бара
жатқан Ақсақ Темір 1391 жылы қиратып
кеткен екен...
«Қазақтық» құбылысы әуел баста
ер баланың ержетуіне қатысты, яғни
бозбаланың өз отбасын құруға даярлық
салтынан бастау алуы да мүмкін.
Мұны ғылым тілінде «инициация» деп
атайды. Бозбала өмірдің, тіршіліктің
қауіп-қатер, қиындықтарынан, үлкен
сынақтарынан өтіп, өз бетінше өмір
сүре алатындығын, отбасын асырай
алатындығын дәлелдеуі керек. Сол үшін
ол дүлей табиғат аясына кетеді. «Тауда
бұлан, түзде құлан етін жеп» дегендей,
құс атып, балық аулай жүріп, өзінің
күн көре алатындығын дәлелдейді.
Сірә да, «қазақ болу», «қазақ шығу»
ұғымдарының арғы жағында жас
адамның өзінің «ер екендігін», «ерлігін»
дәлелдеуге деген ұмтылысы, өршіл рухы
жатқан болар деп топшылаймыз.
Алтын Орда кезеңінде, сондай-
ақ Ноғайлы бірлестігінде «қазақ»
ұғымының кеңейгені, яғни жоғарыда
айтылған мәнге қосымша, туыстас
мән-мағынада қолданылу жағдайлары
да байқалады. Сол кезеңде «қазақ»
деген атаумен жас ұландарды, ел мен
жерді қорғаушы жас әскерлерді, шека-
ра күзетіндегі әскери адамды атағаны
тарихтан белгілі. Ш.Уәлихановтың
қазақ» бейнесін дүниеге әкелді. Арада
сан ғасыр өтсе де, халықтың жадынан,
көкейінен бұл бейне өшкен емес, өшпек
емес.
«Түбінде ноғай, қазақ түбіміз бір,
Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір…»
деген жолдарда тарихи шындық бар. Ол
көшпелі қазақ-ноғай ордасы кезеңінен
хабар береді. Түркі халықтарында,
әсіресе ноғайлар арасында сақталып
отырған «қазақ жырлары» осы кезеңді
суреттейді. Осы кезеңнен келе жатқан
мұра екендігі аян. «Қазақ-ноғай айрыл-
ды, қазақ сыртқа (сартқа?) қайрылды»
деген жолдар қазақтың ноғайдан
бөлінген кезінен хабар береді...
«Қазақ жырлары» деп аталатын
жауынгерлік жырларды ертеден жет-
кен асыл мұра деп білеміз. Атал-
мыш жыр толғаулар кейінгі қазақ
ақын-жырауларының тіліндегі жыр-
толғаулармен жолма-жол, кейде
сөзбе-сөз сәйкес келеді. Мұның өзі
қазақы жыр дәстүрінің көнеден келе
жатқандығынан, оның көшпелі түркі
халықтарына ортақ мұра екендігінен
хабар береді. Махамбет ақынның
«Ереуіл атқа ер салмай...» деп бастала-
тын толғауы – таза қазақ жырының,
жортуылдағы қазақ туралы жырдың
асыл үлгісі: «Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку
жер шалмай, Қоңыр салқын төске ал-
май, Тебінгі терге шірімей, Терлігі май-
дай ерімей, Алты малта ас болмай,
Жаурынына жасыл оқ жанышқан
Маңдайын қанды тер басқан
Ер қазаққа жарасар.
Қазақ-ноғай бірлестігі кезеңінен
келе жатқан жырлардағы, ноғай қазақ
жырларындағы кейбір толғауларға назар
салсаңыз, қазіргі қазақ халқының негізін
құрап отырған ру-тайпалардың ізін көресіз:
Бағаналы бай найманның қызы айтар,
Ақ маңдай, меңсіз ару өзі айтар:
Абдыраймын, адаймын,
Алдымдағы би атам,
Оны айтып жылаймын.
Арғымағы менің иемнің ақсаса,
Басқан деген барқынның
Шағылынан көремін,
Көк көбесі менің иемнің тотықса,
Бұ жазыда ол өзі
Көп жортқаннан көремін.
Адырна бауы менің иемнің қырқылса,
Алғаны тағы бар болса,
Мен оны қараусыздан көремін.
Менің йем Қабартыға бармағын,
Қабартыда бір қолдаусыз қалмағын,
Ормамбеттен осал туған би
Сидақтан көремін...
Бағаналы бай найманның қызы айтар,
Ақ маңдай, меңсіз ару өзі айтар:
Ормамбеттің он қарыс [көбесі],
Ол да біздің үйде еді.
Орақтың оқшантайлы көбесі,
Ол да біздің үйде еді.
Мамайдың ақша көбесі,
жазып алған нұсқасы бойынша, Пе-
тербургте 1905 жылы профессор
П.М.Мелиоранский жариялаған «Едіге
мен Тоқтамыс туралы» жыр-аңызда
Тоқтамыс ханның өз қазақтарымен
қоштасуы бейнеленген.
Ұлы даланың арғы-бергі тарихын-
да елге тұлға болған ерлердің, хан-
сұлтандардың көпшілігі жас кездерінде
«қазақ болған». Ол туралы Мұхаммед
Қ а й д а р д а , б а с қ а л а р д а а й т а д ы .
Жас кезінде «қазақ болғандардың»
ішінде көшпелі өзбек ордасының
ханы Әбілқайыр да бар. Белгілі та-
рихшы ғалым Б.Аяғанов бұл туралы:
«Әбілқайыр бозбала кезінде «қазақ» бо-
лып жүрген» деп жазады («Ана тілі», 11-
17 ақпан, 2016 жыл). Жас кезінде «қазақ»
болған ерлер түркі халықтарының қай-
қайсысында да баршылық. Мәселен,
ұлы Осман империясының негізін
қалаған айбынды да айдынды Ертұғрұл,
сондай-ақ жер-әлемді тітіретіп өз им-
периясын құрған Ақсақ Темір жас
кездерінде «қазақ болған» деседі.
Көршілес ресейдің ұлы державаға
а й н а л у ы ж о л ы н д а о р ы с т а н ғ а н
«қазақтардың» сіңірген еңбегі ұшан-
теңіз. Ежелгі түркілік салт-дәстүрді
орыстар қабылдаған. Казактар (орыс
қазақтар), әсіресе Дон казактары,
әуел баста осындай «орыстанған»
жас жігіттерден құралған жасақтар
еді. Таза түркілік құбылысты ерекше
сәтті пайдаланған ресей елі соның
нәтижесінде, казактардың күшімен
ұлан-байтақ жерді иеленіп, алып
империяға айналды.
Осы жерде айта кету керек, «ер» ата-
уы, түркілерде бұрынғыдан келе жатқан
ата дәстүр бойынша, жас кезінде ерлік
жасап көзге түскен ұланға берілетін
болу керек. Тұранның ұлы қолбасшысы
«Алып Ер Тоңа», ноғайлыдағы «Ер
Едіге», қазақтағы «Ер Абылай» – осын-
дай, жас кезінен ерлік жасап көзге
түскен жігіттер, намысты қолдан
бермейтін, өршіл рухты шын мәніндегі
қазақ жігіттер болған деп ойлаймыз.
Қазақтық салт-дәстүр дами келе,
кейінірек «ел қорушы», «жер қорушы»,
«шекара күзетуші» қазақтарды, ат
үстінде жүретін, жортуылдағы «ер
Өзіңнен туған жас бала, Сақалы шығып,
жат болмай, Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей, Өзегі талып ет
жемей, Ер төсектен безінбей, Ұлы түске
ұрынбай, Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай, Темірқазық жас-
танбай, Қу толағай бастанбай, Ерлердің
ісі бітер ме?». Осы жыр жолдарының
түркі жұртында ежелден жалғасып келе
жатқан байырғы қазақ жырларына
жататындығына еш шүбә жоқ.
Ноғай қазақ жырларынан бір-екі үзінді
келтірсек:
...Қызыл изен, көк жусан,
Байлардың малы оттамай жиылмас.
Омырау жарып оқ тисе,
Қан бұрқырап тыйылмас.
Жағалы көйлек қан болса,
Сығып жуар қарындас.
Басыңа қиын іс түссе,
Сүйеу болар тумалас,
Тумаластан несі кем,
Қазақтықта бірге жүрген жан жолдас?!...
Көтерілші қалың бұлт,
Күннің көзін көрейін.
Желдей есші көк дөнен,
Ел қарасын көрейін.
Сол көрінген ел ме екен,
Қыбырлаған мал ма екен?
Сол көрінген ел болса,
Қыбырлаған мал болса,
Қалың құрбы ішінде
Қиюлы балақ, қиғаш қас
Біздің ару бар ма екен?
Қалың құрбы ішінде
Біздің ару бар болса,
Қиюазы қайтар заманда,
Шыны аяқты қолға алып,
Саумалына бал салып,
Уай, қазағым,
Қош келдің-ау деп тұрса...
Қабақ асты биік көлдерден
Қатар-қатар қу ұшса,
Қаперсізден ерлерге арту-арту жау келер,
Жаудан да артық сөз келер,
Ала сап жауап бермеңіз,
Артын, алдын ойламай.
Сылдырауық жүген, сырмалы ер,
Арғымақ ару атқа жарасар.
Бұғағы салқы тал мойынды қыз ару
Жаз аттанса, қыс түскен…
О да біздің үйде еді.
Осы жұрттың ішінде
Айтулы алты көбе бар еді,
Ол да біздің үйде еді…
Біздің өткен тарихымыз көбінесе
өзге жұрттардың тумалары, басқа
өркениеттің өкілдері тарапынан, толық
отырықшылардың, қалалықтардың
көзқарасы тұрғысынан жазылып
келді. Қалалық адам далалық адамның
жай-күйін, әдеті мен әдебін дәл сол
далалықтай, көшпелі жандай сезініп,
түсіне бермейді. Сол себепті негізінен
бір кездері отырықшы болғандардың
енді түзге «қазақ шығуы» туралы әңгіме
болады. Көбінесе «қазақ шығудың» арғы
жағында жатқан қазақтың тарихи-әдеби
бейнесі туралы, қазақы салт-дәстүр
туралы тұшымды мәлімет алынбайды...
Қорыта келгенде, қазақ халқының
«қазақ» атануына негіз болған басты
себептерді атаған кезде төмендегі
жайттарды ескеру қажет деп білеміз.
Біріншіден, ескі кезеңнен бері түркі
халықтарында, түркі тілдерінде «қазақ»
ұғымы болды. Соның негізінде «жас
ұлан», «үйленбеген жас жігіт», «ер жігіт»
тәрізді және осыларға туыстас басқа
да түсініктер қалыптасты. Екіншіден,
жас ұландар арасында «қазақ болу»,
«қазақтықта болу» салты болды. Бес
қаруын тағынып далаға, тауға кету,
сөйтіп өз бетінше күн көру, жапан дала-
ны өз үйіндей сезіну, жалғыз-жалқылық
өмірге, жаугершілікке, соғысқа әркез
дайын болу, қиын-қыстау мезеттерде
ерлік жасай білу – «қазақтықтың» үлкен
мектебі болды. «Қазақтық» мектебінен
өткен ерлер халқына қалқан бола
білді, жеңімпаз қолбасшыға айнал-
ды. Үшіншіден, бұрынғы замандар-
дан келе жатқан жорық жырларында,
жауынгерлік толғауларда ұлы дала рыца-
ры – «ер қазақ» бейнесі сомдалды. Оны
жыршы, жыраулар өз толғауларында
үнемі жырлап, ұрпақтан-ұрпаққа
ұластырып отырды. Міне, осы аталған
жайттар қазақ халқының өзін-өзі қазақ
атауына себеп болды деп ойлаймыз.
Ендеше, өзінің қағынан өзі жерінген
құланға ұқсамайық, ағайын!... «Қазақ»
деген атпен мақтануымыз керек! «Мен
– қазақпын!» дегендер көбейе берсін!
Қарасай аудандық мемлекеттік тілді оқыту
орталығының ашылу салтанаты «Оқыту бағдарламалары
мен мазмұны, оқыту технологиясын жетілдіру жолда-
ры» тақырыбындағы облыстық көшпелі семинармен
жалғасты.
Семинардың кіріспесінде Е.Тілешов тілді оқытудағы
алдағы мақсат-міндеттерді нақтылап, рес пуб ликадағы
тілдік ахуалға кеңінен тоқталды. Алматы облысының «Тіл»
оқу-әдістемелік орталығының директоры Ә.Иманбақов
«Оқыту бағ дар ламалары мен мазмұны, оқыту технологи-
ясын жетілдіру жолдары», Қаратал аудандық филиалының
оқытушысы Қ.Қайырымденова «Оқытудың жаңа әдіс-
тәсілдерін тиімді пайдалану – сапалы білім негізі»
тақырыптарында баяндама жасады. Алматы облысының
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушыла ры
М.Болысбекова, Г.Шөжебаева, М.Мұқанова, Іле ау-
дандық филиалының оқытушысы Б.Төлегенова қазақ
тілін оқыту курсы бойынша шеберлік сабақ үл гілерін
көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Достарыңызбен бөлісу: |