ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет20/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47

а.н.Радищев (1749-1802) болды.

Н.И.Новиковтің адамдардың сословиеден тыс теңдігі туралы жалпы 

идеяларымен біріккен сатиралық «Жатыпішер» және «Суретші» деген 


177

кітаптарды  жариялау  арқылы  атағы  шықты.  «Орыс  жазушылары  ту-

ралы тарихи сөздіктің тәжірибесі» (1772), «Ертедегі Ресей кітапханасы 

немесе  ертедегі  әртүрлі  шығармалар  жинағы»  және  тағы  басқа  да 

еңбектері ағартушылық мақсат көздеп жазылған.

Діни-адамгершілік рухындағы «Таңғы сәуле» журналында адамның 

өз-өзін танып білуі және құдайтану жолдары қарастырылды, тұлғаның 

қадір-қасиеттері туралы қағидалар негізделді.

Новиковтің бар қызметі крепостнойлық құқыққа қарсы бағытталды. 

1792  жылы  патшайым  Екатерина  II  Шлиссельбург  қамалына  жабуға 

бұйрық беріп, сол жерде ол өмірінің азапты төрт жылын өткізді.

...1790  жылдың  26  шілдесінде  Екатерина  II  барлық  әдебиет  және 

публицистика  жаңалықтарынан  әрдайым  хабардар  болып  отыру-

ды  қалап,  күнді  кітаптарды  қарап  шығудан  бастады.  Қолына  оған 

белгісіз  автор  а.Радищевтің  Зотов  дүкенінде  сатылып  жатқан  «пе-

тербургтан мәскеуге саяхат» деген кітабы берілді. Оқи бастағаннан-

ақ  патшайымның  беті  біресе  қызарып,  біресе  сұрланды:  ол  автордың 

қарапайым халықтың өміріне аяушылықпен қарайтынын, самодержа-

вие  мен  крепостнойлықты  әшкерелеуші  болып  әрекет  еткенін  анық 

түсінді. Кітапты оқып шығып, ол: «Мынаны жазған адам – Пугачевтан 

да асып кеткен бүлікші!» – деп айғайлады. 

Төрт  күннен  кейін  А.Н.Радищев  Петропавл  қамалындағы  Алек-

сеев  түрмесіне  қамалды.  «Осы  кітабындағы  ниет-пиғылдарын  іске 

асыруда Радищевтің сыбайластары болмады ма екен», – деген ой пат-

шайымды  қатты  мазалады.  Радищев  теріс  жауап  берді.  Бірақ  басына 

түскен  тағдырын  аз  да  болса  жеңілдету  үшін,  «кінәсін  мойындап», 

«өкінген»  болды.  Кейіннен,  айдауда  болғанда,  оның  өзін  Галилеймен 

салыстырғаны жайдан-жай емес. Айдауда жүріп, Радищев:

«Сенің білгің келе ме:

Кіммін мен? Немін? Қайда барамын?

Мен – солмын: бұрын болған да, 

өмір бойы болатын да.

Мал  емес,  ағаш  та  емес,  бірақ  адаммын!»  –  деген  атақты  өлеңін, 

сондай-ақ  «Адам,  оның  өлімі  және  ажалсыздық»  деп  аталатын 

философиялық трактатын жазды.

Философиялық  көзқарастарында  Радищев  «тәжірибе  –  барлық 

табиғи  танымдардың  негізі»  деген  қағиданы  ұстанды.  Француз 

сенсуализмі  рухында  ол:  «Сен  тән  органы  арқылы  ойлайсың,  тәнсіз 

бірдеңені көз алдыңа қалай елестете аласың?» – деп жазды. Ол сезімдік 

тәжірибені  ақыл-ой  тәжірибесінен  ажыратып  қарайды.  Бірақ  ары 


178

қарай ол: «Біздің танымымыздың барлық күштері әртүрлі болып өмір 

сүрмейді, бұл таным күші біртұтас және бөлінбейді», – дейді. Кейіннен 

өзі  «баспалдақ  заңы»  деп  атаған  үздіксіздік  заңы  туралы  ілімінде  ол 

біртіндеп іске асушылықтың болатынын атап көрсетеді. Осының бәрі 

өзінің  гносеологиялық  көзқарасында  Лейбництің  монадалар  туралы 

негізгі  идеясын  құптамағанмен,  Радищевтің  одан  алшақ  кетпегенін 

білдіреді.

Антропологияда  Радищев  адамды  бүкіл  әлеммен  байланыстыра-

ды. Оның пікірінше, «адамның ерекше қасиеті – жетілуде де, бүлінуде 

де оның шексіз мүмкіндігінің болуы». «Табиғи құқық» идеясын қызу 

бөлісе  отырып,  «табиғат  құқығы  ешқашан  түгесілмейді»  деп  санап, 

ойшыл адам бойындағы шынайы табиғилықты ақтайды.

1793  жылы  патша  Павел  I  оны  айдаудан  қайтарып,  Калуга 

облысының Немцово селосында орнығуға, бірақ полиция бақылауында 

болуға  ұйғарым  шығарады.  Радищевтің  Ресейдегі  даңқы  өсті.  Патша 

тағында  Павел  I-ді  ауыстырған  Александр  I  Радищевті  Заңдар  жасап 

шығару  жөніндегі  комиссияға  тартады.  Әңгіме  патша  халыққа  уәде 

берген  конституциялық  реформа  туралы  еді.  Радищев  бұл  жұмысқа 

құлшына  кірісті,  бірнеше  жоба  әзірледі,  бірақ  оның  бірде-біреуі 

қабылданбады. Бұл оның қандай да бір алға ілгерілеушілік болады де-

ген үміті мен сенімін күл-талқан етті. 1802 жылдың 11 қыркүйегінде 

Радищев өмірмен қош айтысуға бел буып, у ішіп қайтыс болады.

Әлбетте, А.Н.Радищевтің өмірлік ерлігі, оның Ресей тағдыры үшін 

күйзелгені – ағартушылық идеяларды таратуда үлкен рөл атқарды.

Дегенмен    Орыс  ағартушылығының  негізін  салушы  –  кемеліне 

келген  ағартушылықты  ұстанған  Виссарион  григорьевич  белин-

ский (1811-1848) болды. Ұлы орыс сыншысы бола отырып, ол Шеллинг 

пен  Гегель  идеяларының  әсерімен  философиялық  эстетика  негізінде 

жан-жақты  әдеби  сын  құруды  көздеді.  Шынайы  болмысты  сынау 

мақсатында Белинский орыс әдебиетінің нақты бағыты – «табиғи мек-



теп» деп аталатын бағыттың қағидаларын әзірледі.

Орыс  ағартушылығының  қарқынды  дамуы  XIX  ғасырдың  60 

жылдарына  тұспа-тұс  келеді.  Ағартудың  кемеліне  келген  неме-

се  классикалық  формаларын  әдеби,  философиялық,  этикалық  және 

эстетикалық  мұрасы  әлемдік  мәдениеттің  алтын  қорына  енген  ни-

колай  гаврилович  Чернышевский  (1828-1889)  сияқты  алыптың 

шығармашылығынан көруге болады. Ол антропологизм ұстанымдарын 

нық ұстанып, адамзаттың барша дамуының себепшісін социализм деп 

санады. 


179

николай  александрович  Добролюбов  (1836-1861)  әдебиеттің 

мақсатын  бәрінен  бұрын  сол  кездегі  қоғамдық  құрылысты  сынаудан 

көріп,  Белинский  мен  Чернышевскийдің  эстетикалық  ұстанымдарын 

ары қарай дамытты және «шынайы сын» әдісін әзірледі.



Дмитрий иванович писарев (1840-1868) – мемлекетке қарсы пам-

флет, яғни өткір сықақ шығарма жазғаны үшін Петропавл қамалының 

тұтқыны болған орыс жазушысы, елді индустриялық жолмен дамыту 

арқылы социализмге жету идеясының авторы.

В.Ф.Пустарников  әділеттілікпен  көрсеткендей,  «негізгі  құндылық 

бағдары  бойынша  Белинский-Чернышевский  айналасындағы  ойшыл-

дардың  ағартушылық  философиясы  антифеодалдық  сипатта  бол-

са,  ал  негізгі  танымдық  мазмұны  бойынша  алыпсатарлыққа, 

трансценденталдыққа, метафизикаға және антропологияға қарсы және 

негізгі  үрдісі  бойынша  материалистік  философия  болды.  Діни  еркін 

ойлаушылық орыс ағартушылығының жүйе құрушы ұстанымы болса, 

атеизм – оның жекелеген өкілдерінің белгісі болып табылады» (Пустар-

ников В.Ф. Просвещение в России. // 4 томдық Жаңа философиялық эн-

циклопедия, 3-том. – М.: Мысль, 2001. – 369-бет).



180

6-тарау. неміс классикалыҚ ФилОсОФиЯсы

6.1. неміс классикалық философиясының пайда болуының 

тарихи шарттары және оның жалпы сипаттамасы

Ф.Энгельстің  «жеңіл  аузымен»  «классикалық»  деген  атауға  ие 

болған  тамаша  философия  Германияда  XVIII  ғасырда  пайда  болды. 

Философиялық  ойдың  бұл  ірі  де  ықпалды  ағымы  –  Жаңа  дәуір  мен 

Ағартушылықтың нәтижелерінің қорытындысы, тұрақты маңызы бар 

шығармашылық қызметтің шыңы іспетті. 

Бұл ағымға К.Маркс пен Ф.Энгельстің ілімін де жатқызуға болушы 

еді.  Советтік  философияда  идеологиялық  түсінік  бойынша  маркстік 

ілім  философиялық  ойлауды  дамытудағы  дербес,  оқшау  тұрған, 

жаңа  сапалы  кезең  деп  қабылданған-ды.  Ал  қазір  идеологиялық 

кедергілер алынып тасталған соң, олардың ілімінің неміс классикалық 

философиясының  даму  кезеңдерін  аяқтаушы  бола  отырып,  оның 

дәстүріне әбден үйлесімді екені көрініп тұр.

Ең  бір  таңғаларлығы  –  ол  философиялық  ойлар  артта  қалған, 

феодалдық  бытыраңқылық  орын  алған  елде  пайда  болып  отыр  ғой. 

XIX ғасырда әдебиет пен өнер данышпандарының небір саңлақтарын 

дүниеге  келтірген  Ресей  де  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  кенже 

қалған мемлекет болатын. Шын мәнінде, шың қандай биік болса, құздар 

да соншалықты терең болады. Осы мысалдар арқылы біз әлеуметтік-

экономикалық  және  рухани  даму  арасында  тікелей  сәйкестік  бол-

майтынына  тағы  бір  рет  көз  жеткіземіз.  Өз  заманында  Ф.Энгельс 

бұның  себебін  халықтың  психологиялық  құрылымымен  түсіндірген. 

Қызуқанды  халық  болған  соң,  француздар  ұзақ  ойланып  жатпастан 

көшеге шықты, король билігін құлатты, аристократтарды елден қуып 

шықты,  барлық  сословиелік  ескі  нанымдарды  жойып,  капиталистік 

қатынастардың дамуына тура жол ашты. Ал мінезі салмақты, тыныш 

немістер алдымен революцияны ақыл-парасаттарында тудырып алып, 

содан кейін ғана әлеуметтік өзгерістер жасауға көшті.

Ф.Ницшенің  пікірі  бойынша,  жәдігерлер  туғызу  үшін  екі  нәрсе 

қажет:  бұл,  біріншіден,  дарынды  адамдардың  күнделікті  «күйбең 

тіршіліктен» азат болуы және, екіншіден, шығармашылықпен айналы-

су үшін, олардың бос уақытының жеткілікті болуы.

Ф.Ницше шындыққа жақынырақ болып көрінеді. Ал, шындығында, 

Ресейде  мәдениет  жәдігерлерін  кім  тудырды?  Шаруалар  емес,  –  дво-



181

ряндар,  әрине.  Олар  тамаша  білім  алды,  бастарына  материалдық 

ауыртпашылықтар түскен жоқ және бос уақыттары көп болды. Мүмкін, 

басқа да себептері болған шығар.

Бытыраңқы  Германия  туралы  айтар  болсақ,  онда  әрбір  герцог 

немесе  князь  «ағарған  монарх»  болып  көрінуге  тырысатын,  сол 

себепті  дарынды  қайраткерлерді  өздеріне  жақын  тартып,  олардың 

шығармашылығына жақсы жағдай туғызды.

Оның  терең  себептері,  әрине,  Тарихтың  үнінде,  Германияның 

уақыт талаптарына лайықты жауап қайтаруға тиіс екендігінде жатты. 

Міне, сондықтан да неміс философтары, жасырын түрде болса да, сол 

кездегі  тәртіптерге,  халықтың  аянышты  хал-ахуалына  қарсы  шықты. 

Рухани  тіршілік  иесі  ретінде  адамның  қоршаған  дүниені  өзгертуге 

қабілетті екеніне және, оған қоса, соны істеуге тиіс екеніне сенді. Осы 

мақсаттарда олар диалектика – даму туралы ілім құрды.

Неміс философиясының келесі бір ерекшелігі – Л.Фейербах, К.Маркс 

пен Ф.Энгельстен басқа, барлық қалған өкілдер идеалистік бағыттың 

жақтаушылары  болды.  Егер,  мысалы,  француз  ағартушылығы 

өкілдерінің  көпшілігі  материалистік  бағдарға  жақын  болса,  И.Кант, 

Г.Гегель  және  басқа  ойшылдар,  керісінше,  адам  санасының  маңызын, 

рухтың  шығармашылық  күш-қуатын  атап  көрсетті.  Олар  руха-

ни  дамудың  тарихын  зерттеді,  адамның  пайымы  мен  ақылының 

арасындағы  қарама-қайшылықты,  шындық  пен  азаттықтың,  әсемдік 

пен жақсылықтың құндылығын көрсете алды.

Енді,  біздің  ойымызша,  XVIII  ғасырдағы  неміс  философиясының 

аса  көрнекті  өкілдерінің  шығармашылығына  нақтырақ  талдау  жасай-

тын уақыт келген сияқты.

6.2. и.кант – неміс классикалық философиясының негізін

салушы. таным теориясындағы «коперник төңкерісі».

кант этикасы

иммануил  кант  (1724-1804)  Шығыс  Пруссияның  астана-

сы  Кенигсберг  (қазіргі  –  Калининград)  қаласында  дүниеге  келген. 

Әлемнің  ең  ұлы  философы.  Әлемдік  әдебиетте  ол  туралы  мыңдаған 

кітап,  мақалалар  жазылған.  Әлі  де  жазылады.  Ол  Жаңа  замандағы 



неміс  философиясының  негізін  салушы  саналады.  Жаңа  ғылым 

жетістіктерінің  әсерімен  ол  философияға  сыни  көзқарас  әзірлейді, 

оның пікірінше, сол жаңа көзқарас жаратылыстануды ғылыми тұрғыда 


182

ойлаудың  баламасы  болуға  тиіс.  Сынның  болашағын  негізге  алып, 

Кант  әртүрлі  салаларда:  ғылымда,  іс  жүзіндегі  ұтымдылықта,  этика 

мен эстетика салаларында әрекет ететін ақыл-ойдың іргелі теориясын 

құрды.  «Кант  –  еш  күмәнсіз  ұлы,  дара  тұлға,  –  деп  жазды  И.В.Гёте 

ойшыл  туралы.  –  Соның  ілімі  ғана  кейіннен  біздің,  немістердің, 

мәдениетіне  ықпал  етуін  жалғастырды  және  бәрінен  тереңірек  бой-

лады...  Бірде-бір  ғалым  негізін  Кант  салған  сол  философиялық  ұлы 

қозғалысты батылы барып теріске шығара алмады».

Канттың ұлы мұрасын жақсырақ түсініп және бағалау үшін, оның 

өмірбаянына  көз  жүгірткеніміз  дұрыс.  Кант  әлжуаз  бала  болып  өсті. 

Орасан күш-жігерінің және өз өмірін қатаң да нық тәртіпке салуының 

нәтижесінде  ол  сексен  жасқа  жетіп  қана  қойған  жоқ,  сонымен  қатар 

ғылыми  ерлік  те  жасады.  Немістің  ұлы  ақын-жазушысы  Г.Гейне 

Кантқа өзінің өмірбаяндық тамаша мақалаларының бірін арнап, онда: 

«Иммануил Канттың тарихын бейнелеу қиын, өйткені оның өмірі де, 

тарихы да болған жоқ. Ол Кенигсбергтің тыныш та оқшау көшесінде 

бірқалыпты қарапайым, тіпті бойдақтың жалпылама дейтіндей өмірін 

бастан  кешті...  Сол  жердің  ғибадатханасындағы  үлкен  сағат,  жерлесі 

Иммануил  Кантқа  қарағанда,  өзінің  күнделікті  сыртқы  қызметін 

қорқынышсыз  және  бірқалыпты  орындады  деп  айта  алмаймын. 

Төсектен тұру, таңертеңгі шай, жазумен айналысу, дәрістер оқу, түскі 

ас,  серуендеу  –  осының  бәрі  белгілі  бір  уақытта  орындалып  отыра-

тын және көршілері Иммануил Кант соның құрметіне әлі күнге дейін 

«Философтың алаңы» деп аталатын шағын жөке алаңына бет алатын 

кезде, уақыттың үш жарымды көрсетіп тұрғанын анық білетін...» – деп 

жазды.

1745  жылы  жергілікті  университетті  бітірген  соң,  И.Кант  жараты-



лыстану мәселелерімен айналысып, астроном, физик, географ ретінде 

заманының ірі ғалымына айналды. Сол кезеңдегі қызметінің маңызды 

жетістігі – И.Канттың газ-тозаң бұлттарының құйын тәрізді айналуы 

нәтижесінде  Күн  жүйесінің  пайда  болуы  туралы  ғылыми  болжамы 

болды.  Материалдық  бөлшектердің  тартылыс  күшіне  қарай  олардың 

көбеюі, қысымның артуы орын алып, соның нәтижесінде от тұтанады, 

яғни жұлдыздар құралады.

Ал  жұлдыздар  –  онша  үлкен  емес  қара  денелер,  олардың  ішкі 

қысымының күші жануға келтірмейді.

1770 жылға қарай И.Кант өзін философия үшін «пісіп-жетілгендей» 

сезінді. Ол алдына төрт маңызды сұрақ қойды:


183

–  мен  нені  біле  аламын?  Бұл  –  таным  теориясының  (гносеоло-

гия) сұрағы;

–  менің  не  істеуім  керек?  Бұл  –  этиканың,  яғни  мораль 

теориясының сұрағы;

–  мен не нәрсеге үміттене аламын? – Бұл – теологиялық сұрақ 

(Құдайға сенім).

–  ештеңеге қатыссыз, өз-өзінен алынған адам не, сонда? Бұл  –

философиялық антропологияға қатысты сұрақ.

Осы сәттен бастап өмірінің ақырына дейін ойшыл осы сұрақтардың 

жауабымен  айналысады.  Олардың  негіздемесі  оның:  «таза  ақылды 

сынау»  (1781),  «нақты  ақылды  сынау»  (1788),  «пайым  қабілетін 

сынау» деп аталатын үш кітабында берілген.

Назар аударсаңыз, И.Канттың барлық кітаптарында сынау сөзі орын 

алған.  Сондықтан  да  шығармашылығын  зерттеушілер  оның  өмірін 

сынауға дейінгі (оның жаратылыстанумен айналысқан кезі) және сы-

нау кезеңі (оның философиямен айналысқан кезі) деп екіге бөледі.

«мен  нені  біле  аламын?»  деген  сұраққа  жауап  бере  отырып, 

И.Кант  таным  теориясында  «коперник  төңкерісін»  жасады.  И.Кант 

адамның  білімін  екі:  апостериорлық  (тәжірибелік)  және  априорлық 

(адамға кез келген тәжірибенің алдында берілген) түрге бөледі. Өзінің 

іс  жүзіндегі,  яғни  моральдық  философиясында  ол  нақты  бар  нәрсені 

емес, болуға тиіс нәрсені ойға алып отыр. 

Таным  теориясында  Кант  екі:  трансценденталдық  және  транс-

ценденттік санатты жиі пайдаланады.

Трансценденталдық  деп  ол  қандай  да  бір  тәжірибенің  алдында 

берілген  және  тәжірибелік  білімнің  өзін  алуды  қамтамасыз  ететін 

ұғымдарды,  ал  трансценденттік  деп  тәжірибелік  білім  шектерінен 

шығып кетуді түсінеді.

Келесі екі түсінік: «зат – өзінде» және «зат – біз үшін».

«Зат  –  өзінде»,  яғни  зат  өзімен-өзі  дегенді  білдіреді,  оның  ішкі 

мәні  –  ноумен.  Ал  «зат  –  біз  үшін»  деген  –  ол  заттың  сыртқы  жағы, 

заттың құбылысы немесе көрінуі, яғни феномен.

Адам  өзінің  сезімдері  және  пайымдау  парқы  арқылы  осы  әлемнің 

құбылыстарын  тани  алады.  Ал  ноумендік  дүниені  (яғни  зат  өзімен-

өзі  дегенді)  танып  білу  мүмкін  емес,  біз  олардың  өмір  сүруін  және 

біздің  сезімдерімізге  әсерін  ғана  бақылай  аламыз.  Ноумендік  дүние 

деп  И.Кант  біздер  ұмтылатын  және  қашанда  жақындай  түсетін, 

бірақ  ешқашан  жете  алмайтын  мақсат-мұраттарды  және  рухани 


184

құндылықтарды түсінеді. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – теология, яғни 

Сенім саласы.

И.Кантқа  дейін  танымның  негізін  ойшылдар  адамның  қиялшыл 

қабілетінде  деп  санап  келсе  (гректің  «теория»  сөзінің  өзі  «қиялға 

берілу»  деп  аударылады),  енді  Кант  танымды  адамның  белсенді 

әрекет ететін мәнімен байланыстырады. Өзінің априорлық (тәжірибеге 

дейінгі) берілген формалары көмегімен адам оларды бір ретке келтіре 

де, Әлемді құрастыра да алады.

Шын  мәнінде,  таным  теориясында  И.Канттың  жасаған  «Коперник 

төңкерісі» деп біз осыны айтамыз.

И.Канттың  таным  теориясы  сезінуге  әсер  ететін  әртүрлі 

құбылыстарға (феномен) талдау жасаудан басталады. Сезімдік қиялға 

берілудің априорлық формалары – кеңістік пен уақыт көмегімен адам 

оларды бір тәртіпке келтіреді. И.Кант бойынша, кеңістік пен уақыт – 

сапасы  жоқ,  біртекті  және  бітпейтін  ұзындықтар.  Сезімдік  қиялға 

берілудің  таза  формалары  (трансценденталиялар)  тәрізді,  олар  – 

мүлтіксіз,  бірақ  адам  қолымен  істелетін  тәжірибемен  қосылғанда,  – 

шынайы,  нақты.  Егер  кеңістік  сезімдік  қиялға  берілудің  сыртқы 

формасы болса, онда уақыт – ішкі формасы, өйткені уақыт ағымын 

ішімізден  санап  қана  «ұстап  тұра»  аламыз.  Кеңістік  пен  уақыт  – 

математикалық  таным  бұлағының  мәні.  Егер  геометрия  негізінде 

кеңістік жатса, онда арифметика мен алгебра негізінде уақыт жатыр, 

өйткені есептеп шығару, есеп жасау – тек уақыт шектерінде орында-

лады. 

Алайда  сезімдік  қиялға  берілу,  содан  шығатын  кез  келген 



тәжірибе  әрдайым  толық  емес,  кездейсоқ  болып  табылады,  ал  бізге 

нақты,  жалпыға  бірдей  және  қажетті  білім  алу  қажет.  Оған  ақыл-

парасаттың И.Кант санат деп атаған априорлық формалары жеткізеді. 

Олар да бізге тәжірибеге дейін берілген. Олардың қатарына ол «сан», 

«сапа»,  «қатынас»,  модальдық»  және  тағы  басқаларын  жатқызады. 

Оның  үстіне,  ақыл-парасаттың  әр  санаты  үш  таған  арқылы,  мысалы, 

сан – «бірлік, көптік және тұтастық»; сапа – «нақтылық, терістеу және 

шектеу»  арқылы  ашылады.  Сөйтіп,  И.Кант  алғаш  рет  танымдағы 



санаттардың зор маңызына назар аударады.

Сонымен, санаттар бізге сезімдік қиялға берілу көмегімен алынған 

құбылыстарды  ой  елегінен  өткізуге  және  оларды  жалпыға  бірдей 

және  қажетті  болу  деңгейіне  көтеруге  көмектеседі.  И.Кант  бойынша, 

сезімдік  қиялға  берілусіз  бізге  заттар  берілмес  еді,  ал  пайым-пара-


185

сатсыз  біз  ештеңе  туралы  ойлай  да  алмас  едік.  Сезімсіз  ойлау  –  бос, 

нәтижесіз ойлау, ал еш нәрседен түсінігі болмай қиялдау – соқырлық. 

Сол  екеуін  қосып  барып  және  санат  деп  аталатын  сүзгіден  өткізіп 

қана  біз  білім  деңгейіне  қол  жеткіземіз.  Кант  танымды  адам  ойла-

рында  танылатын  нысандарды  өздігінше  құрастырудың  белсенді, 

шығармашылық үдерісі ретінде қарайды. Ол Табиғатқа әлдебір тәртіп 

және  заң  ойлап  шығарушылық  қасиет  берген  сияқты  болады.  Ондай 

көзқарасты субъективтік идеализм деп айқындауға болады.

Таным  үдерісінде  адамның  шығармашылықпен  құрастыру  қуатын 

асыра  бағалау  қиын.  Онсыз  күрделі  механизмдер  мен  машиналар, 

қазіргі заманғы АЭС және ғарыш кемелері, яғни біз «екінші табиғат» 

деп  атайтындардың  барлығы  да  болмас  еді.  Алайда  біз  «екінші 

табиғаттың» өзінің негізі – «бастапқы табиғатсыз» өмір сүре алмайты-

нын ұмытпауға тиіспіз.

Канттың  таным  теориясының  екінші  бір  осал  жері  –  адамға 

сезімталдық  пен  ақыл-парасаттың  априорлық  формаларын  беруі. 

Шын  мәнінде,  олардың  барлығының  да  априорлық  сипаты  бар,  яғни 

адамның  тәжірибесінде  пайда  болады.  Жаңа  ғана  дүние  есігін  ашқан 

сәбидің басында ешқандай санат жоқ. Оларды ол білім алу және тәрбие 

арқылы өзінің өмірлік тәжірибесінде жинақтайды.

Алайда  И.Канттың  таным  теориясы  осымен  аяқталмайды. 

Адамның  бойында  жанның  тағы  бір  қабілеті  –  парасат  бар.  Адамда 

болмыстың  шекті  негіздерін  танып  білуге  деген  қажеттілік  бар. 

Егер  ақыл-ой  құбылыстарды  тани  отырып,  оларды  әлдебір  тәртіпке 

келтіруге  ұмтылса,  онда  парасат  оның  шектерінен  шығып,  «зат  – 

өзінде» дегеннің мәнін ашуға тырысады. Парасат ақылдан асып кетіп, 

ноумендік  дүниеге  тап  болғысы  келеді.  Егер  ақыл  санаттармен  бірге 

болса,  ал  парасат  енді  идеяларды  басшылыққа  алады.  И.Кант  бо-

йынша, кез келген таным қиялға берілуден басталады, ақылмен түсіну 

кезеңінен  өтіп,  идеялармен  аяқталады.  Демек,  идеялар  –  ақыл  санат-

тарынан  кеңірек,  олар  метафизикалық  санаттар  болып  табыла-

ды.  Идеялар  әлдебір  аяқталған,  жетілген,  дара  нәрсені  көрсетеді.  Біз 

жақындағанмен,  оларға  ешқашан  жете  алмаймыз.  Сонымен,  парасат 

ұсталмайтынды ұстауға, шешілмейтінді шешуге ұмтылады.

И.Кант  бойынша  парасаттың  үш  идеясы  бар:  жан,  әлем  және 

Құдай.

Соларға  жету  үшін,  парасат  шешілмейтін  қарама-қайшылықтарға, 

И.Канттың  сөзімен  айтқанда,  диалектикалық  антиномияға  түсіп 


186

кетеді. Әлем идеясын қарастыра келе, И.Кант төрт антиномияны алға 

тартады:

1.  Әлемнің басталған уақыты бар   1. Әлем кеңістікте де, уақытта

  және кеңістікте шектеулі.  

  да шектеусіз.

2.  Кез келген күрделі түпнегіз  

2.  Әлемде қарапайым ештеңе

  қарапайым элементтерден  

  жоқ, бәрі күрделі.

  тұрады.

3.  Табиғи үдерістердің себеп-  

3.  Әлемде ешқандай еркіндік 

  тілігімен қатар, кейбір құбы-  

  жоқ, барлығы да табиғи

  лыстарды түсіну үшін, еркін  

  заңдылықтар негізінде 

  себептіліктің де болатынын  

  болады.

  мойындау керек.

4.  Әлемде оның бөлшектері  

4.  Әлемдегі еш жерде және 

  немесе себептері ретінде  

  одан тыс шектерде қажетті

   қажетті маңыздылық  

  маңыздылық жоқ.

  болуға тиіс.

Әлбетте,  И.Кант  бұл  антиномияларда  маңызды  философиялық 

мәселелерді  көтереді.  Оларда  тікелей  қарама-қарсы  ұстанымдар 

өткір  қойылған,  сол  себепті  ол  мәселелерді  диалектикалық  тұрғыда 

шешілуге итермелейді (кейіннен Г.Гегель оларды диалектикалық жол-

мен шешуге әрекет жасаған).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет