Глава государства Н. А. Назарбаева выступая на съезде молодежного крыла «Жас Отан»
обозначил роль молодежи в развитии общества, работу с молодыми специалистами, в том числе и
библиотечного дела - как приоритетную. Поддерживая эту идею была разработана Стратегия действий
в поддержку молодых кадров. Актуальность этих Стратегических действий в необходимости
повышения эффективности деятельности в сфере работы с молодежью. Стратегия носит комплексно-
целевой характер и призвана обеспечить координацию действий органов государственной власти и
библиотечных учреждений в процессе осуществления правовых, социально-экономических,
организационных мер, направленных на поддержку молодых библиотечных специалистов до 35 лет и
создание управленческого резерва библиотечной отрасли в библиотеках Казахстана [4].
Литература
1
Закон Республики Казахстан «Об информатизации». 11 января 2007 г. № 217-III «Об
информатизации» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 15.04.2013 г.).
2
Карташов Н.С. Сравнительное библиотековедение - новое знание о библиотечном деле //
Библиотековедение. 1997. № 5/6. С. 3-15.
3
Галиев, В.З. Библиотечное дело в Казахстане: Вторая половина ХIX - начало XXвв. – Алматы:
[Национальная библиотека Казахстана], 1988. – 140 с.
4
Бердигалиева Р.А. Успешный профессионал. Стратегия действий. Молодые в библиотечном деле. №
11/12 ноябрь, декабрь 2009 г.
ҼОЖ 069. 152. 7: (574.5)
ОҢТҤСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕКТЕП МУЗЕЙЛЕРІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Қабыл А.Ә., Тӛлеуов Е.С., Сарыпбекова А.Т.
М.Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Объем работы школьных музеев широк и многосторонен. В статье рассматриваются современное
состояние школьных музеев, их история и развития. Также анализируется влияния деятельности
школьных музеев на формирования гражданского самосознания подростающего поколения. А также в
статье рассматривается деятельность школьных музеев в научно-исследовательском аспекте.
Summary
The workload of school museums wide and many-sided. The article discusses the current state of school
museums, their history and development. It also analyzes the influence of school museums in the formation of civic
consciousness rising generation. Also, the article discusses the activities of school museums in the research aspect.
Бҥгінгі таңда білім беру жҥйесі мен музей орталығының тығыз байланысы қызмет саласындағы
интеграция ҥдерісін кҿрсетіп отыр. Жастарды ҿткен жҽне қазіргі кезеңнің мҽдени қҧндылықтарына
назар аударуға, солардан рухани нҽр алуға бағытталған мақсатты жҧмыстардың барлығы музей
қызметі арқылы жҥзеге асып отыр, мектеп музейінің де бҧл ретте ҥлкен ҥлес қосып отырғаны белгілі.
Мектеп музейлерінің таным жҽне тҽрбие орны ретінде оқушылардың зердесіне оң ықпал етіп ғана
қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін кҿрсететін, сонымен бірге ҽрбір заттың жҽдігерлік
қҧндылығын сезінуіне, сол арқылы елжанды азамат болып ҿсуіне ҥлкен ҽсер ететіні айқын. Біздің
мақсатымыз оңтҥстік ҿңірдегі мектеп музейлерінің жағдайына сипаттама беріп, олардың тарихы мен
даму жолдарын, жеке тҧлғаның азаматтық сана-сезімін қалыптастыру мҥмкіндіктерін зерттеу болды.
Музейлер ҽртҥрлі профильдер мен типтерді қҧрайтын болғандықтан ҿзіндік жҥйеге ие. Музейлер
профилі толықтай нақты тарихи қоғамдық қажеттіліктерге негізделеді. Ҽрбір музей ҿзіндік
ерекшелікке ие болғандықтан байланыс жҥйесінің мазмҧндық жҽне қҧрылымдық тҥрде дҽуір
талаптарына жауап беруге мҥмкіндігі болуы керек. Мектеп музейі де ҿзіндік музей орталығы болып
саналады. Себебі ол мектептің оқу-тҽрбие міндеттеріне сҽйкес ҿз мҥмкіншілігіне орай іздестіру-жинау,
ҿзіндегі коллекцияларды экспонаттау мен насихаттау жҧмысын жҥргізеді. Қоғамдық бастамада жҧмыс
атқаратын мектеп музейі жалпы білім беретін мектептерде, балалар ҥйінде, мектеп интернаттарда,
лицейлерде, гимназияларда, оқушылар сарайларында, жас туристер станциясында қҧрылады.
1958 жылы мектеп музейі туралы арнайы Заң қабылданған болатын [1]. 1974 жылы Білім
министрлігі жҽне мҽдениет министрлігінің коллегиясы мектеп музейі туралы ережені бекітті. Соның
267
негізінде елдегі мектеп музейілерін паспорттау жҥргізілді. 1999 жылдың 26 сҽуірінде сол кездегі
Денсаулық сақтау, білім мен спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасындағы білім беру
мекемелерінде жҧмыс істейтін мҧражайлардың ережелерін» бекіту туралы №213 бҧйрығы жарияланды
[2]. Осы бҧйрық негізінде «Мектеп мҧражайы туралы ереже» де қабылданған болатын. Ережеде музей
жҧмысының мазмҧны мен тҥрі, басқару жҽне ҧйымдастыру жҥйесі, қорды сақтау жҽне есепке алу
тҥрлері анық кҿрсетілген. Мектеп музейлерінің торабын кҿбейту, олардың жҧмысын жетілдіру ҥздік
мектеп тҽжірибесін, педагогика ғылымының жетістігін тҽжірибеге енгізіп, зерттеп, кең насихаттауға
ықпал етті. Мектеп музейі ісінің негізгі шарты мҧғалімдердің басшылығымен іздестіру жҽне зерттеу
жҧмыстарын жҥйелі ҿткізетін, қорларды жинақтау, есептеу, сақтауға қатысатын, жиналған
материалдарды кҿрсетіп, насихаттауға икемділігі бар тҧрақты, белсенді оқушылардың болуы. Тек осы
айтылған жайлар болған жағдайда мектепте музей бар деп айтуға болады.
Мектеп музейлері ҿз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Тарихи - мҽдени
мҧраларды қорғау жҽне пайдалану туралы, Мҽдениет туралы Қазақстан Республикасының заңдарын,
«Қазақстан Республикасының Ҧлттық музей қоры туралы ережені», қоғамдық бастамада жҧмыс
істейтін музейлердің ҥлгі ережесін, Мҽдениет жҽне ақпарат министрлігінің мҿлшерлік жҽне
ҽдістемелік нҧсқау қҧжаттарын, мектеп музейлері туралы ережесін басшылыққа алады.
Мектеп музейі туралы ереже мектеп музейінің міндетін нақты анықтайды:
-
мектептің оқу тҽрбие жҧмысын жетілдіруге араласу;
-
Қазақстан Республикасының Ҧлттық музей қорын жинақтау, сақталуын қамтамасыз ету жҽне
ҥнемі қолдануға қатысу;
-
туған ҿлкенің табиғатын жҽне тарихи-мҽдени ескерткіштерін қорғау жҽне насихаттау;
-
оқушылар мен тҧрғындар арасында мҽдени-ағарту жҧмыстарын ҿткізу.
Мектеп музейі оқушылардың ой-зердесіне ҽсер етеді, еңбекке икемділігін, дҥниетанымын жҽне
қызығушылығын арттырып, жеке тҧлға ретіндегі қоғамдық-саяси белсенділігін жетілдіреді. Сондай-ақ
оқушы бойындағы іздестіру, зерттеу жҧмыстары бойынша дағдыларын қалыптастыруға кҿмектесіп,
оқу-тҽрбие жҧмыстарының ҥрдістерін тҧтастай жетілдіруге ықпал жасайды. Мектеп музейінің
қызметімен оның қҧрылуының барлық кезеңдерінде оқушылар шығармашылық жҧмыстарға
тартылады. Бҧл оларға кҽсіби бағдар беріп, эстетикалық талғамын жетілдіріп, моральдық принциптерін
нығайтуға ықпал етеді. Оқушылардың бос демалыс уақытын кҿңілді ҿткізуіне де мектеп музейі де
маңызды роль атқарады.
Оңтҥстік Қазақстан облысында 2001 жылдары профильдері бойынша 91 мектеп музейі жҧмыс
істеген екен [1, 55]. Олар тарихи, кешенді ҿлкетанулық, мемориалдық, экологиялық, ведомствалық,
залдар, бҧрыштар болды. Жалпы мектептерде музей кеңестерінің қызықты жҧмыс тҽрбиесі
жинақталған. Мысалы Шымкент қаласындағы мектеп музейлерінде мемлекеттік музейлер торабынан
ғылыми-ҽдістемелік жҽне тҽжірибелік кҿмек кҿрсету, мектеп музейлерінің барлық қызмет тҥрлерін
бақылау жҥйесі іске асырылған. Олар жҥйелі тҥрде олардың дайындығы мен біліктілігін арттыруды
іске асырып отырады. Мектеп музейлері музейілердің профильді топтарының ішінде «тҧрақты бірегей
белгілері бар, ҿз алдына жекелеген тҧтастай топ» екендігі ерекшелейді. Кейінгі жылдары мектеп
музейлерінің саны едҽуір артып, жҧмыстарында сапа ҿзгерістері байқалады.
Оңтҥстік ҿңірдегі мектеп мҧражайларының ҿзіндік тарихы жҽне ерекшеліктері бар. Қазығҧрт
ауданындағы № 1 Елшібек батыр атындағы мектептің (директоры Ҧ.М.Абилова) музей жетекшісі
Л.Мамырованың кҿмегімен музей тарихы туралы материалдар жинақталды [3]. Мектеп музейі 1996
жылы ашылған екен. Музей қызметі экспозициялар бҿлімдері, негізгі қор экспонаттарының саны,
кҿрме залының кҿлемі, безендірілуі, қҧрал-жабдықтармен жабдықталуы, саяхаттық-кҿпшілік
жҧмыстары, оқу-тҽрбие ҥрдісінде мҧражай қорын пайдалану сияқты жҧмыстардан бастау алады. Оқу -
тҽрбие орталығы болып табылатын музейде жинақталған мҽліметтер, экспонаттар мектеп музейі атына
лайық деп айтуға болады. Музей 9 экспозициялық бҿлімнен («Ауыл тарихы», «Соғыс ардагерлері»,
«Кҥнделікті қолданатын кҿне бҧйымдар» жҽне т.б.) тҧрады. Экспонаттар саны 628-ді қҧрайды,
олардың ішінде ХҤІІІ-ХІХ ғасырлар кезеңінде тҧтынған тарихи қҧнды заттар да бар.
Қайтпас елді мекенінде орналасқан № 58 жалпы орта мектебінде «Ҿлкетану» музейі жҧмыс
істеуде. Жалпы мектептегі аталған музейдің ашылуына Қайтпас елді мекенінің тҧрғыны, ардагер ҧстаз
Ҿлмесхан Жҽнібековтің еңбегі зор екені белгілі болды. Осы кісінің ат салысуымен, кҿп жылдық
ізденістің арқасында қҧнды мҽліметтер жиналып 2005 жылы мектепте «Ҿлкетану» музейі ресми тҥрде
ашылды [4]. 2010 жылы сол кездегі мектеп директоры Шҧға Нҧрабаеваға жаңа ҥлгідегі ҿлкетану
музейін жаңарту жҿнінде ҧсыныс тасталып, сол жылы ҿңірдің беделді азаматтарының кҿмегімен жаңа
ҥлгідегі мектеп музейі ҿз қызметін жалғастырды. Қазіргі таңда музей қҧрылымы Қайтпас елді
мекенінің белгілі азаматтарының тҿлқҧжаттары, суреттері, грамоталары, медальдары, керамикалық
заттар, тҥрлі кҿне ақша ҥлгілері, білезіктер мен сақиналар, гербарий т.б. барлығы 375 дана жҽдігерлер
жинақталған 14 тақырыптық - экспозициялық бҿлімдерден тҧрады. Қосымша тарихи материалдар
268
жинағының саны 120-дан асып тҥседі. 2009-2010 жылдар аралығында мектеп музейінің қоры ҿсе тҥсті
жҽне соңғы ҥлгіде жабдықталған экспозициядан тҧрады.
Мектептің мақтанышы, мҧғалімдер мен оқушылардың кҿп жылғы ҿлкетану жҧмысының
қорытындысы ретіндегі мектеп музейінің негізгі қызметі оқушылардың шығармашылық, ҿнерпаздық,
қоғамдық жҧмыстарын дамыту. Шымкент қаласындағы жалпы білім беретін 23 мектепте жҽне Балалар
мен жасҿспірімдер орталығында тҿмендегідей кҽсіби бағыттар бойынша мектеп музейлері жҧмыс
істейді [5], олар:
а) Кешенді тарихи-ҿлкетану бойынша- №№ 7, 9, 10, 18, 23, 26, 35, 43, 46, 52, 58, 64 мектептер;
б) Мемориалдық - №№ 25, 30, 44, 47, 62, 77 мектептер;
в) Тарихи-этнографиялық - №№ 12, 14, 25, 65 мектептер;
г) Балалар мен жасҿспірімдер орталығының «Достық» музейі;
д) Ҽскери Даңқ музейі - № 4 мектеп.
Қ.Спатаев атындағы № 7 мектеп-лицейіндегі кешенді-ҿлкетану музейінің тарихына
келетін болсақ, мектеп музейі 1968-70 жылдары В.И.Ленин есімімен аталып, мектеп музейінің
меңгерушісі тарих пҽнінің мҧғалімі С.Галимова кҿп материалдар жинақтады. 1990 жылдан бастап ел
егемендігін жариялаған тҧста Ҧлы Отан соғысының батыры Қарсыбай Сыпатаевтың ҿмірі мен ерлігі
туралы «Қ.Сыпатаев атындағы мемориалдық мектеп музейі» деген музей қоры жинақтала бастады.
1991 жылы 22 ақпанда салтанатты тҥрде музей лентасы қиылып, Бауыржан Момышҧлына арналған
мемориалдық кешен, Қ.Спатаев мемориалдық кешені, Ҧлы Жеңіске - 65жыл, Тҽуелсіздік-бҥгінгі
ҧрпақтың бақыты жҽне Ҿлкетану музейі атты бес бҿлімнен тҧрды [6].
1998 жылдан бастап мектеп музейі жҧмысты жаңа қарқынмен бастады. Мектеп музейінің ҽрбір
сыныптарға берілген «Атамекен» бағдарламасы бойынша ізденіс жҧмыстары бҿлініп, мектеп
директорының басшылығымен музей қорының толығуына кҿп кҥш-жігер жҧмсалды. Музейге келген
қонақтар мектеп ҿмірі, тарихы, қазақ халқының этнографиясы туралы кҿптеген мҽліметтер ала
алатындай дҽрежеге жетті. Мемориалды ҿлкетану музейі 8 негізгі жҽне 1 қосалқы бҿлімнен тҧрады.
Осы бҿлімдер бойынша ҽр оқу жылында ҽр сыныптарға ізденіс жҧмыстары беріліп, жҽдігер
материалдармен толықтырылуда. Бҥгінгі таңда музейде 750 қор тіркелген, оның негізгісіне 200,
қосалқы қорға 550-і жатқызылып тіркеу кітабына тіркелген екен. Бҥгінгі кҥні музей экспонаттарының
тҽрбие - тағылымдық маңызы ҿте зор.
Т.Тҽжібаев атындағы № 47 мектеп - гимназиясындағы мемориалдық музей 1998 жылы ашылды
[7]. Музейдің негізгі қоры Тҿлеген Тҽжібаевтың жеке қҧжаттары, заттары, еңбектері, кітаптары,
альбомдары, ҿмірі мен қызметі туралы берілген тақырыптық бҿлімдерге бағытталған. Ал Т.Рысқҧлов
атындағы № 25 мектеп-гимназиячының мемориалдық музейі 1994 жылы Тҧрар Рысқҧловтың 100
жылдық мерейтой қарсаңында ашылған. Музейде кҿрнекті қайраткердің білім жолы, ҽулеті, қызметі,
еңбектері туралы деректер бар жҽне «Мирас» ҥйірмесі жҧмыс істейді.
№ 65 мектеп-гимназиясының этнографиялық музейі 1994 жылы ашылған [8]. Музей
экспозициясына қойылған заттар - оқушылардың қолымен жасалған киіз ҥй жиhаздары мен ыдыс-
аяқтар, ҧлттық ҥлгідегі киімдер, кілем, сырмақ, кестелік бҧйымдар, зергерлік ҽшекей бҧйымдар,
керамикадан жасалған мҥсіндері болып табылады.
Бҥгінгі таңда мектептегі музей ісін насихаттау мен қызмет ерекшеліктері бойынша кҿптеген игі
шаралар атқарылып отырғанымен ҽлі де бҧл саладағы аса маңызды мҽселелердің шешімдері толықтай
жҥзеге асып жатыр деп айта алмаймыз. Бҧл мҽселелер, атап айтқанда біріншіден, ҿскелең ҧрпақты
музей қҧралдары арқылы эстетикалық, патриоттық, рухта ҿнегелікке, еңбекке тҽрбиелеу
жҧмыстарының тиімділігін барынша арттыру болса, екінші, музейді білім жҽне тҽрбие орталығы
ретінде одан ҽрі ҿрістетуді жалғастыру болып отыр. Мҧнда жас буын ҿкілдерін тҽрбиелеу бағытында
музей жҧмыстарының мазмҧны мен ҽдістерін тікелей шешу міндеттері қажет екені белгілі. Қоғамдық
институт ретінде музейдің де ҿзіне тҽн міндетті іс-шаралық жҥйесі болады. Ол музей заттарынан
қҧралған коллекцияларды ғылыми қолдануға негізделген. Бҧл жҥйеде музейлерге тҽн ғылыми-
қҧжаттау, сақтау, зерттеу, білім жҽне тҽрбие беру міндеттері кірістірілген. Бірақ мҧндағы бір ерекшелік
мҧнда білім жҽне тҽрбие беру функциясына басты назар аударылады, оның ҥстіне басым кҿпшілігі
нақты ҽлеуметтік ортада (ҽр тҥрлі жастағы оқушылар) іске асырылады [9].
Мектеп музейіндегі жҧмыстардың ауқымдылығы ҿте ҥлкен жҽне кең. Сондықтан мектептегі
музей жҧмысын ҿркендету ҥшін тҿмендегідей ҽдістемелік-тҽжірибелік шараларды ҧсынамыз, бірінші,
мектеп музейі туралы міндеттер арнайы қҧжат тҥрінде қабылданып, ол осы саланың теориялық жҽне
тҽжірибелік негізін қалауы керек. Екінші, мектептің жоғарғы сыныптарында Музейтану курсы
бойынша факультативтік сабақтар мен музейлік-педагогикалық бағдарламалар даярлануы жҽне
жҥргізілуі қажет. Ҥшінші, мектеп музейі қорының толықтырылуы тиісті дҽрежеде жҥзеге асып,
арнаулы штаттар кҿбейтілуі керек деп ойлаймыз. Бҧл «Музей ісі жҽне ескерткіштерді қорғау»
мамандығы бойынша оқитын тҥлектердің жҧмыспен қамтылуына мҥмкіндік берер еді.
269
Қазіргі кезеңде білім берудің қҧрамдас бҿлігі ретінде тҽрбиедегі кемшіліктерді жою,
оқушылардың рухани даму мҽселелерін оңтайландырып, мектептердің тҽжірибелік-бағдарлы қҧрамын
жетілдіру мақсатында жасҿспірімдерді музейлік педагогика ҽдісімен оқыту ісіне де қажеттілік
туындап отыр.
Әдебиеттер
1
С.Т. Мҧсаева. Мектеп мҧражайларын ҧйымдастыру. Оқу қҧралы. –Шымкент, 2001 ж. – 9-12 бб.
2
Интернет ресурс: http://olke.kz
3
№ 1 Елшібек батыр атындағы мектептің музей қорының материалдары. 2013 ж.
4
Қ. Рахымбеков. № 58 жалпы орта мектебіндегі ҿлкетану музейі туралы баяндама. 2013 ж.
5
Оңтҥстік Қазақстан облыстық Жас туристер станциясының материалдары. 2012 ж.
6
Қ.Спатаев атындағы № 7 мектеп-лицейі кешенді-ҿлкетану музейінің қоры. 2011 ж.
7
Т.Тҽжібаев атындағы № 47 мектеп - гимназиясындағы мемориалдық музей қорынан. 2010 ж.
8
№ 65 мектеп-гимназиясының этнографиялық музейі материалдарынан. 2012 ж.
9
Қабыл А.Ҽ. Кукеева М.К. Музейлік педагогика: Музей ісі жҽне ескерткіштерді қорғау
маманд.студ.арналған оқу қҧралы.- Шымкент : «Жебе», 2010. – 21 б.
ҼОЖ(130.2) 574.
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІ
Кемелбеков Қ.Б., Бегдаулетова Қ.Д.
Оңтҥстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы,
Оңтҥстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье рассматриваются источники духовного мира мыслителей казахских степей.
Summary
The article is devoted the source of Kazakh steppes outstanding individuals.
Қазақ даласы ойшылдарының мҧраларынан кісілік, адамның рухани ҽлемі турасында мол
мағҧлмат аламыз. Ҿзге саясат пен бодандық нҽтижесінде қыспаққа ҧшыраған халық ҧлттық қалпын
ҿзгертті. Ҿзгеше тірлік дҥниетанымы ҧлт санасын улады, болмыс - бітіміне елеулі ҿзгеріс енгізді, бҧлар
тарихи шындық.
Қорқыт ата мҧрасы тарихи тҽжірибенің ҿзіндік ерекшелігіне негізделген, ол тҥрік қоғамының
рухани ҿмірі мен оның ҿзіндік болмысын, ҿзіне тҽн қалыптарын айқын кҿрсетуімен қҧнды. Қорқыттың
ой - пікірін философиялық тҧрғыдан тҧжырымдайтын ғақлия сҿздер, ҿсиет-нақылдар, қанағат сҿз
тіркестері жиі ҧшырасады.
Қорқыт атаның нақыл сҿздері, қағидалары екшелген ойлардың нҽтижесі. Мысалы «Анадан ҿнеге
кҿрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ҧл жаман. Ондай бала ел басын қҧрап, ҥйінен дҽм беруге
жарамайды. Ананың кҿңілі балада. Ҧлың ҿсіп жетілсе, ол-отбасының мерейі, бас кҿзі» [1].
Қорқыттың қоғамдық ойларын, шешендігін білдіретін мақалдарда ата мен бала, ер мен ел, жақсы
мен жаман, салт сана сҿз болады. Бҧл қазақ мақалдарына ҧқсас, одан кҿшпелі салт, табиғат иісі есіп
тҧрады. Қорқыт шығармаларында отбасындағы ҽйел-ананың орны туралы сҿз болады. Ол ҽйел тҿрт
тҥрлі болады, оның басы қҧт ҽйел, соңы қанағат жоқ жҧт ҽйел, одан қалса ығыр қылатын кесір ҽйел,
тірлігін ҧқсатпайтын салақ ҽйел. Жақсы ҽйел – ерінің бар-жоғын білдірмей, елге аға болады дейді.
Ҽйел ерге қорған, отбасының тірегі болса, ол кҿшпелі ҿмір салты. Қорқыт ата нақылдарында
имандылық, кісілік, қанағатшылдық туралы ой: «Тҽніріне сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды.
Жігіт тірісінде бір кҥн тыныштық кҿрмей, дҥние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ҿзіне тиесілі
ҥлесін ғана алады. Менмен, тҽкаппар адамды тағдыр сҥймейді. Басқалардан ҿзін жоғары ҧстаған
адамға тҽңірі бақ бермейді». Дана ойшылдың ата-ананы сыйлап, қҧрметтеу, ҥй-ішілік жарасымды
қарым-қатынас, ҧл мен қыз тҽрбиесі, адамның ҽртҥрлі мінез-қҧлқы сипаттары жайында айтқан
тағылымдары ҿміршеңдігін жойған жоқ. Қазақтың дҽстҥрлі ҽдеп-қҧқық жҥйесінде батырлық жҽне
ерлік мотивтері басым келеді. Мҽселенің аңыздық жҽне мифтік жақтары ҽдебиетте ойдағыдай
шешілген деуге болады. Бҧл дҽстҥрді Ш.Уҽлиханов қазақтың арғы тегі Алаша хан, тҥркілердің
«кҿкбҿрісі», қырғыздардың «қырық қызы» туралы аңыздарды зерттеу арқылы бастаған. Нақтылы
тарихи тҧлғаларға келсек шығыстық ҽдебиетте Афрасиабтың (тҥрікше-Тоң Алып) есімі жиі айтылады.
М. Қашқари оны Тҥркі елінің Иранмен соғысқан патшасы жҽне ҧлы қолбасшысы етіп суреттейді.
270
М. Қашқари Афрасиабтың тарихта болғандығына шҥбҽ келтірмейді. Бірақ қай дҽуірде ҿмір
кешкенін айтпайды. Тоңалып ер ҿлгенде айтылды дейтін тҥркілердің жоқтау жырынан ҥзінді келтіреді.
Алып ер Тоңға ҿлді ме?
Опасыз дҥние қалды ма?
Заман ҿшін алды ма?
Енді жҥрек жыртылар!
Бектер атын болдырып,
Қайғы оларды солдырып.
Меңді жҥзі сарғайып,
Запран рең сҥртілер.
Тағдыр кезін келтірді,
Ҧры тҧзағын ілдірді.
Бектердің бегін ап кетті,
Қашсаң қалай қҧтылар [2].
Бҧл ҧзақ жоқтауда Тоңға алып ердің қазасы бҥкіл тҥркі еліне ауыр қайғы болғаны, жиған дҥние-
малының иесіз қалғаны, жақын жолдастарының, ел-жҧртының кҥңірене қасірет шегуі ҽсерлі
эпитеттермен, метафоралармен берілген. Бір кҿңіл аударарлық жай, жоқтаудың бҧл нҧсқасын М.
Қашқари заманына жеткен варианты десек, оған дейін оның қаншама ҧрпақ талғамынан ҿтіп,
тҥзелінбегені белгілі. Бҧдан, тҥркі тайпаларының кҿне дҽуірдегі бас алқа болған ел ағаларын ҧмытпай
сақтайтын дҽстҥрі кҿрінеді. Енисей-Орхон жазулары, Ж. Баласағҧн, М. Қашқари ж.т.б.
шығармашылығын зерттей отырып мынадай бір қорытындыға келуге болады. Қазақ халқының ҽдептік-
қҧқықтық мҽдениеті сақ-ғҧн-ҥйсін-қаңлы, кейін тҥркі тайпалары мҽдениетінің ҥзенгілес жалғасы
болып табылады. Мҧны қайталап отырған себебіміз, қазіргі кездегі қазақ мҽдениеті туралы
иранорталық кҿзқарастардың молдығында. Тҥркі тілі философиялық ойларды еркін жеткізуге
қабілетті, лексикалық мағынасы бай тілдердің қатарына жатқан. Сҿз қорының кҿптігі, іштей
грамматикалық берік байланысуы, сол тілдің қалыптасу, ер жету барысында ҧзақ дҽуірлер мен
заманаларды ҿткізгенін кҿрсетеді. Олай болса, тҥркі тілі де Қҧлтегін қҧлпы тасына тҥскен 735 жылға
дейін осындай ҧзақ эволюцияны бастан кешірген. Мҥмкін тҥркі тілі ҿзінің балаң кезін ғҧн, сақ, скифтер
тілінен ҿрбітетін болар. Бҧған Есік обасының тостағанындағы сҿздер, скиф, ғҧн, сақтар, тілінен там-
тҧмдап жеткен адам, ру аттары (Ишпақай, Тарғытай, Арпақсай, Қолақсай, Ҥскіхан, аукет, қоңыр,
қыпшақ, қоян, саоқозы, ғҧз, қырғыз, кердері, хазар, сарыҧйғыр, қҧтырғыр, омарг, Оқтамасал, тохар
т.б.), кейінгі жазба деректердегі адам, ру аттарынан, толық ҥйлесіп, бірін-бірі толықтыра тҥсетінін
ескергенде бҧлардың барлығы да тҿркіндес тілдер екеніне кҿз жетеді. Кҿшпелі тайпалар Тҥркі
қағандығы қҧрылғаннан бастап ҿздерін-ҿздері де, араб, парсы, қытайлар да тҥркілер деп атағанына
қарамастан, Еуропа жылнамашылары оларды ҽлі скиф елі деп танып келген. Бҧған, 568 жылы Византия
императорына Маниах бастаған елші жіберілгенде, Константинополь сарайындағы мҽртебелі қауым
«скиф тілінде» жазылған грамота алғандарын хабарлайды [2].
Енді осы тҥркі тілдерінің қарақан диалектісінде жазылған Жҥсіп Баласағҧнның ҽдеп пен қҧқық
туралы ойларына назар аударайық. Ақын жолдарында ортағасырлық тҥркі қоғамының қҧқық жҥйесі
мен ҽдеп жоралғылары туралы қҧнды мҽліметтер мен ой қисындары жеткілікті берілген.
Жҥсіп Баласағҧн ҿзінің «Қҧтты білігінің» тҥйінің мынадай сҿздерімен білдіреді:
Бірі оның - шындық жолы, Ҽділет,
Екіншісі - қҧт пен ырыс, дҽулет.
Ҥшіншісі - Ақыл менен парасат,
Тҿртіншісі - ҧстамдылық, Қанағат.
Ҽділдікті Кҥнтуды Елік атапты,
Ҿздеріне соны ҽмірші жасапты.
Ал дҽулетті Айтолды деп санаған,
Уҽзірлік орынды оған балаған.
Ҿгділміш деп ат қойыпты ақылға,
Жалғыз ҧлы ол уҽзірдің қасында.
Одғҧрмыш деп аталыпты қанағат,
Уҽзірдің жақыны ол жҧрағат.
Кітаптар кҿп арабша да, тҽжікше,
Біздің тілде бҧл жалғыз-ақ ҽзірше.
Тек білікті білер мҧның қҧрметін,
Ақылды ҧғар ақыл-ойдың қымбатын [3].
Баласағҧнда ізгіліктің тҿрт қырының бірі ҽділеттік қоғамның ҽрбір мҥшесінің ҿз ҥлесі, ҿз орны
болуы керек деп тҥсіндіріледі. Дҽл осы ҧғымды қарастыруда Баласағҧнның ҽдептік-қҧқықтық
позициясы анық кҿрінеді. Шығармада ҽділеттік рҽміздік таңба, яғни атып келе жатқан кҥнді
271
білдіретін– Кҥнтуды билеушінің бейнесінде жинақталып кҿрсетілген. Атқан кҥн бейнесіндегі ҽділеттің
таңбасы жҥрекке жылы, нанымды шыққан. Кҥнтуды бҥкіл жер бетіндегі тіршілік атаулыға жылу
жіберіп тҧрған кҥн тҽрізді, ҿз қол астындағыларды қамқорлыққа кенелтеді, олардың ҽлеуметтік
шыққан тегіне қарамай ҽр істі ҽділ шешті.
Екі ҽлемде кісілерге, керегің –
Ізгі қылық, тҥзу қылық дер едім.
Екінші ҧят, ҥшіншісі - ҽділдік,
Осы ҥшеуі бақ дҽулетің бҽріңнің.
Ҥш нҽрсе бар жер қылатын адамды,
Ҥш нҽрсе бар оттай қарыр табанды.
Біріншіден арсыз, мақтан, жамандық,
Екіншіден алдау, арбау, арамдық,
Ҥшіншісі алып сатар, сараңдық,
Ақымақ қылар осы ҥш тҥрлі надандық [3], – дейді дана.
Ж. Баласағҧнның пікірінше, ҽділдік-билеушілердің мҥлтіксіз орындайтын заңы:
– Заң – ол су, қайда ақса сонда болар ну.
– Заң мемлекетті нығайтады, соның арқасында ҽлем гҥлдейді. Заң мен ҽділдік бір ҧғым. Ҽділдікті
былай тҥсіндіру ортағасырлық барлық пайымдауларға тҽн, ҿйткені осы кезеңдегі адамдардың
қоғамдық ҽрекеттерін дҽстҥр етіп қалыптастыруынан қҧқықтық қатынастар рҿлі мынадан кҿрінетін:
адамның қалыпты мінез-қҧлқы ретінде оның қабылданған ҥлгіні, белгіленген заңды қалай ҧстануына
қарай бағаланды. Қарақандар ХІ ғасырда қандай қҧқықтық жҥйелерді қолдап еді? Оларда заң деген
термин бір-бірімен тығыз байланысты ҥш ҧғымды білдірді: тҥркі тайпаларының кҽдімгі қҧқық
билеушінің ҽкімшілік жҽне қаржылық ҽкімі. Бҧлар рулық-тайпалық заңдарды ҿркениеттік қатынастар
нормасына тҽуелді етті. «Ҽдеп» деген сҿздің ізетті, тҽрбиелі, сыпайы деген синонимдері бар. Алайда
Жҥсіп сҿздерінен байқалатындай, бҧл нормалар Қарақандар мемлекетінің талабын қанағаттандыра
бермегенге ҧқсайды.
Ҽділдік жақсыда, ҽділ заңдар шығаратын ел билеушілерінен тарайды,– дейді Жҥсіп,– оларды
қҧдай заң шығарушы етіп жаратқан. Ҿз елінде ҽділ заң шығарған бектің ҿмірі де жарық. Ғҧлама
билеушілерді заңдарды жетілдіре беруге шақыра отырып, Жҥсіп оларды қатып қалған, ҿзгермейтін
нҽрсе деп қарамайды, қайта олардың ҿзгеріп отыратыны жҿнінде ой тастайды. Қҧқықты «кҿненің кҿзі,
ескінің сҿзі» деп қарамай, оған ҿзгерістер енгізу керек, – дейді Жҥсіп. Осыдан сол кездегі заңдарға
қанағаттанбаушылықты, қарақандықтар мемлекетінде қалыптасқан салт-дҽстҥрлерге, тҽртіпке кҥдікті
аңғарасыз. Ол ҥшін адамның жеке басының ішкі байлығы, озық ой, адамның жасампаздық кҥшіне
сенім маңыздырақ. Ж. Баласағҧн ҿзінің қҧқықтану мен ҽдебінде адамды санасыз, сенімсіз деп
қарастыратын тҧжырымдарды теріске шығарып, адам жаратылысынан саналы деген маңызды
принципті қорытады. Сондықтан да, саналы жан иесі болғандықтан адам ҽрдайым жақсылық жасауға
дайын. Ойшыл-ақынға «ҽдептілік» туралы рационалды тҥрде ойлау тҽн: «жақсылық саналылықтан
келеді». Егер адам білімді болса, онда ол бақытты болады,– деп жазады Баласағҧн. Сана мен білім,
оның ойынша, адам ісіне бағытталса нҧр ҥстіне нҧр қҧйылатыны сҿзсіз. Сана мен ҽдептілік арасындағы
байланыс «Қҧтты білікте» айқын байқалады.
Жҥсіп Баласағҧнның шыншылдық жҽне адамгершілік ҧғымдарын біріктіруі бекер емес
«шыншылдық дегеніміз – адамгершілік». Адамдар бір-біріне қҧрметпен қарауы ҿмірді сҽнді-мҽнді
етеді. Ҿзі секілділерді қҧрметтеу-гуманистік принціп болып табылады. «Адам болсаң – адамға
адамгершілікпен қара».
Ол діни фанатиктердің мҧсылман халықтарын басқа діни сенімдегі халықтарға қарама-қарсы
қоюын қоштамаған, ҿйткені оның ойынша, «заң алдында бҽрі бірдей». Деспоттық қоғамда қолданылған
адамгершілікті бағалау ҿлшемдерін сынай отырып, Жҥсіп адамның қадір-қасиеті шығу тегімен емес,
керісінше оның іс-қимылымен, қайырымды ҿнегесімен, анықталады дейді. Жҥсіптің қоғамның
ҽлеуметтік дамуының белгілі бір негізі болатын ҽдептіліктің ҿсуі туралы кҿзқарастары адам
психологиясы саласындағы терең білімділігімен қызықтырады. Мысалы, оның ойынша, ҧят дегеніміз
адамды жағымсыз істерден сақтап отыратын бірден-бір тірек [3].
Табиғаттың жоғарғы туындысы болғандықтан, адамның ҿтірік, алдап-арбаудан аулақ жҥргені
абзал, ҿйткені ҿтірік адамның абыройын тҿгеді, кемсітеді. Адам табиғатына теріс ҽсерін тигізетін
қасиеттердің бірі жалқаулық, ҽдепсіздік. Осындай қасиеттері бар адамдар, Жҥсіптің ойынша –
«малмен» тең. Кҿргенсіздікті шеней отырып, ол былай дейді:
Сҧғанақтық қҧл қылатын пендеңді,
Кҿзім де тоқ, сҧһкҿздік жоқ менде енді!..
Бҧл жалғанда тілегіме жетілдім,
Жанарымнан ашкҿздікті кетірдім.
Егінжай бір бҧл дҥние кҿлемі,
272
Немене ексе, соның ертең ҿнеді.
Жақсы ҧрықтың жақсы болар шығымы,
Жақсы ҿнімнің жақсы тҥсім шырыны.
Жаман ҧрық ексең, жаман ҿседі,
Жаман жҥк боп, ҿз мойныңды кеседі.
Тия алмасам, бҥгін нҽпсі, сезімді,
Қиямет кҥні қинармын тек ҿзімді [3].
Жҥсіп зорлықпен басып алу соғыстарының нҽтижесінде байып отырған билеушілердің қатал
саясатының сырын ҽшкерлейді. Шектен тыс байлықтың теріс жақтарын қарай отырып, ол материалдық
игіліктің белгілі бір ҿлшеміне тоқталады. Байлық дегеніміз ҽлемдегі ащы, тҧзды су тҽріздес байқа, оны
қанша ішсе де шҿліңді қандырмайды,– дейді.
Билеуші Жҥсіп ҧғымында, тек қана тҽртіпті таза сақтаушы жҽне қоғамды қҧрушы ғана емес,
сонымен қатар, ҿз қарамағындағылардың жіберген қателіктеріне шыдамдылықпен тҿзе қарап, оны
тҽрбиелеуге, жҿндеуге тырысатын тҽрбиеші ҧстаз. Ол тҽрбиешілік жҧмысын ақылды жҽне ҽділділік
саясатпен жақсы заңдарды енгізе отырып жҥргізеді.
Қоғам мҥшесінің мҥддесі, ҽдет-ғҧрпы басшының мҥддесімен, ҽдет-ғҧрпымен сҽйкес келуі
орынды. Егер ел басшысы рақымшыл болса, оның бҥкіл халқы да рақымшыл болады, егер басшы
мейірімді болса, онда бҥкіл халқы бай болып, жері жҧмаққа айналады. Жҥсіп басшының жеке басының
мінез-қҧлқына, ҽдет-ғҧрпына ҥлкен мҽн бере қарап, оған лайықсыз қылықтардан, жағымсыз іс-
ҽрекеттерден бойын аулақ ҧстауға ақыл-кеңес бере отырып, ҽділ, ақылды, рақымшыл да кең пейілді
болуға шақырады. Жҥсіп алдына ел билеушілердің «ҽдет-ғҧрпын тҥзеу» мҽселесін қоя отырып, ҿз
заманынан ілгері жылжиды. Билеушінің билігі «аспан» ҿмірімен берілсе де, оған бас июге тура келеді,
егер ол ақыл-ойдың қалауымен басшылық етпесе «халық мҥддесі ҥшін» принципі бҧзылады да, ол елді
басқару ісінен аластатылады.
Егер халықтың мінезі, ҽдет - ғҧрпы бҧзылса, оны бектер тҥзейді, егер де бектердің ҽдет - ғҧрпы
бҧзылса, оларды кім тҥземек? - деп сауал қояды Ж. Баласағҧн. Ел билеушінің ҽдет-ғҧрпы, мінез-
қҧлқының тҥзелуі халқына байланысты, олардың ҿзара қарым - қатынастық сипатынан қоғамдық
ҽлеуметтік ҿмірінен кҿрінеді. Ел билеушінің негізгі міндеттемелеріне заң шығарушылық қызметі, яғни
«халыққа жақсы заңдар енгізу», оны сақтау кіреді. Алайда заңдар шығару, оның жобасын жасау жҽне
жҥзеге асыру ҥшін, ел билеушіге кҿзі ашық ақыл-кеңесшілер, данышпандарды ҿз жанына тарту қажет
деп атап ҿтеді ойшыл.
Қоғам мҥшесінің ҽдет-ғҧрпы жҽне іс-ҽрекеттері елдегі жҥргізілген заңдарға, ал заңдар ҿз
кезегінде ел билеушінің білімділігіне, ақылдылығына байланысты, себебі халық заңдарды шығарудың
орындаушы кҥші болып табылады. «Жақсы заңдар» шығарудың маңызы зор деп атап ҿтеді Жҥсіп,
себебі, ел билеушінің заңдары мен саясаты қандай болса, халқының ҽдет-ғҧрпы да сондай болмақ заң
елді нығайтады».
Қарақандар хандығы кезінде Орталық Азияда ҿндіруші кҥштердің қарқынды дамуы, қала
салушылықтың гҥлденуі, сауда мен кҽсіптің ҿсуі байқалады. Сол кезеңдегі жаңадан басталған еңбек
бҿлінісі ―Қҧтты біліктен‖ кҿрініс тапты. Еңбектің бҿлінуі ҿмірді қамтамасыз ететін жҽне дамыту ҥшін
ҿте қажет болды. Ҿмірге қажет ететін заттарды табу неше тҥрлі ҽдістермен жасалды. Шаруашылықтың
ҽртҥрлі салаларын заңды жҽне ҿмірлік қажетті екендігін ескере отырып, Жҥсіп ҿз шығармасында нақты
деректерді пайдаланады.
Қарақандар кезінде Жетісуда Орталық Азияның отырықшы-кҿшпелі қоғамына сҽйкес қаланың
тҥрі пайда болды. Бҧл тек ҽкімшілік қана емес, сонымен қатар сауда жҽне керамика, жез ыдыс, шыны
ҿндіретін, қолҿнер орталығы болды. Бҧл кезеңде қолҿнершілер Қарақанидтар мемлекетіндегі
халықтың басым кҿпшілігін қҧрады, сондықтан бҧл топқа байланысты Жҥсіптің берер кеңестері
мынандай: билеуші қолҿнершілер тарықпас ҥшін оларға жағдайдың барлығын жасау қасиетті шара.
Баласағҧн жер ҿңдеушілер мен кҿшпенділердің еңбегін біркелкі қоғамға қажетті еңбек деп тҥсініп,
олардың арасындағы еңбек ҿнімін айырбастаудың белгілі тҥрлерін қарастыра отырып, тҧрғылықты
жҽне кҿшпелі аудандардың арасындағы бейбіт қарым-қатынастарды жақтайды. Ж. Баласағҧн
қоғамдағы еңбектің бҿлінуінің рҿлін, адам кҥшінің бірігуін, ҿмірлік қажеттілік екенін терең тҥсінуімен
ерекшеленеді. Еңбектің бҿліну принципі адам қауымдастығының маңызды шарты болып табылады.
Себебі адам ҿмірге қажет заттарды ҿзінің жеке кҥшімен, қабілетін еңбек процесінде пайдалану арқылы
табады. Ҿзінің ҽдептік-қҧқықтық ілімінде, ғалым ҽрбір кҽсіби топтың еңбегін қоғамдық міндетті деп
тҥсінеді, ҿйткені дҽрігер мен жер ҿңдеушінің, саудагер мен малшының еңбегі ҽлеуметтік жҥйенің тҧтас
дамуына жағдай жасайды.
Орта Азия мен Оңтҥстік Қазақстанда тауарлық қатынастардың дамуына байланысты икта
институты қҧрыла бастады. Қоғамның бір полюсінде байлықтың шектен тыс жиналуына байланысты
халықтың кедей топтарының қақтығыстарға шығуын болдырмас ҥшін, Жҥсіп Баласағҧн билеушіге
ҿзінің басқару бағдарламасын ҧсынады, оның мақсаты белгілі бір дҽрежеде мҥліктік теңдікке жҽне
273
байлықтың біркелкі бҿлінуіне жету болды. Жҥсіп Баласағҧнның «Қҧтты білігіндегі» ҽдептік-қҧқықтық
нормаларды талдау арқылы ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қарақандар мемлекетіндегі тҧлғааралық жҽне адам
мен қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу тетіктерінің ҿркениеттілік талаптарына сай екендігіне
кҿз жеткіздік. Мҧның бірнеше себептері бар. Олардың арасында Ҧлы Жібек жолына байланысты
Орталық Азиядағы мҽдени ҿрлеу, ҽр тҥрлі діндер мен мҽдениеттердің тоғысуы, тҥркілік-соғдылық
жҽне кҿшпелілік отырықшылық синтез, тҥркілік рухани дҥниемен ҥйлесімді қосыла білген
мҧсылмандық Ренессанс ж.т.т. атап ҿтуге болады.
XI-XIV ғасыр ғҧламаларының рухани идеяларымен таныса отырып, Ж. Баласағҧнидың «Қҧтты
білік» еңбегінде: «адамдарды тҽрбиелеу - мемлекет кҿздейтін негізгі шаралардың бірі, адамдар
арасындағы зҧлымдық атаулыны оқу-тҽрбие арқылы жоюға болады. Адамдардың жақсы қылықтары
мен қасиеттерін жетілдірсе, қоғамда, мемлекетте тҥзеледі» - деген идея аңғарылады. Дастанда
кҿтерілген тҽлімдік маңызы зор келесі бір мҽселе – адамның мінез-қҧлқы, оның қоғамдағы орны
туралы еді. Жоғарыда аталған ғасырларда адамның қоғамдағы орнына ҽлеуметтік тҧрғыдан
қарағандығын аңғару қиын емес.
Ж. Баласағҧн «Қҧтты білік» дастанын 1069 жылы Қашқар қаласында 23 жазған. Баласағҧн
ақиқатқа жету жолын адам мен ҽлемнің, ҧлы адам ғалам, тҿрт қҧдірет – от, су. Ауа, жер жайлы
антикалық мҧратқа сҥйене отырып, ойшыл ҽлем осы ҧштағанның араласуынан жаралды, ал ҿмір
солардың ҿзара қатыстылығының ҽрекеттесуі деп тҥсіндірді. Ғҧламаның тектілік, адамгершілік
қасиеттің туа бітетіндігі мен қалыптасатыны жайлы толғаныстары да аса маңызды. Ойшыл ҽр адамға
тҽн туа біткен қайырымдылық пен зҧлымдықты, яғни тумасынан қайтымды немесе зҧлым адамдарды,
сондай – ақ тҽрбие мен ҿмір барысында пайда болатын, жастық шақта қабылданған қайырымдылық
пен зҧлымдықтың аражігін ажыратуды сҿз етеді.
Баласағҧн қайырымдылық ҽміршілердің туа біткен қасиеті деп біледі, ҽйтпесе дҥние быт-шыт
болып, оның бір бҿлігін қайғы басқан болар еді деген тҧжырымға келді. Азғындап туған адамдарды
биологиялық ауытқудың, табиғат қатесінің нҽтижесі деп білді. Философ бақыт пен қайырымдылық
ҧғымына тоқтала келіп, «адам шапағаты арттағы ҧрпақтарға тисе, мҧра болып қалса, оның рухани
ҿлмейтіндігі сҿзсіз» деген тҧжырым жасайды.
Адам ҿмір мҽніне жету ҥшін дҧрыс тҽрбиеленуі керек. Ата-ана баласына шаңырақ иесі, бабалар
ісін жалғастырушы екендігін ҧғындыруы тиіс. Баланың дҧрыс адам болуы ҽке-шешенің парызы. Ҧлы
ойшылдың дағдылар тҽрбиесін кҿкпен теңеуі бекер емес. «Хақ (тҽңірі) иесі - жанды – жансық
ғаламның қҧлы, соның бҽрі жақсы - жаманның, ҧл мен қыздың ҿнегесі». Ата-ананың ең басты парызы –
баланы ҿткенге парасатпен, терең сезім, қҧрметпен қарауға тҽрбиелеп, ата-баба аруағын ардақтауға,
салт-дҽстҥрлік киелі нҽрселерді қҧрметтеуге, отбасылық, қоғамдық дҽстҥрлер мен салт-жоралардың
кҥрделі жҥйесін тҥйсіну сезіміне баулу. Ата-ана ҥйдегі, тҥздегі іс-ҽрекетімен, тҧрмыс пен қоғамдық
орындарға мінез-қҧлық этикасымен ҥлгі болуы керек. Ҿсер ҧрпаққа тҧрмыстың қағидалық қалыптары
мен дҽстҥрлерінен тағылым беруге тиіс. Балалардың кҿз алдында ҿтіп жатқан ҽрекеттер мен
жағдайлардың кҥрделі жҥйесі кҥнделікті ҿмірде қолданылатын мінез-қҧлық ҥлгісін, дағды нҧсқаларын
береді. Бҧл ҽлеуметтік тіршілік ҽрекеттердің біліктілік пен болмыстық моральдың біртҧтас ықпалын
туғызады, дҽстҥрлі этиканы тҥйсінуге жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |