Бақылау сұрақтары
1. Бiлiм берудегi ''инновациялық процестер'' терминiнiң мəнi не?
2. Инновациялық орта қалыптасуда педагогикалық ұжымға түсер пайда қандай болмақ?
3. Бiлiм беру процесiне енетiн педагогикалық инновация-лар көрсеткiштерiнiң сипаттарын атаңыз.
4. Мұғалiмнiң инновациялық қызметтерiн дамытушы диагностикалық əдiстердiң мəн-мағынасы
қандай?
5. Мектептегi ұйымдастыру-əдiстеме жұмыстарының бiрiне қатысып, оны талдауға салыңыз.
6. Педагогикалық қызыметкерлердi аттестациялаудың негiзгi мақсаты не?
7. Аттестация нəтижелерi бойынша мұғалiм қызметiн қолдап, қуаттаудың қандай формалары
қабылданған?
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ
Қандай да болмасын ғылым салаларының пайда болуы жəне дамуы қоғамның өмiрлiк
қажеттiлiгiнен туады. Мысалы, химия, физика, биология - өзiмiздi қоршаған табиғатты тану
ғылымдары ретiнде, философия, экономика негiздерi - қоғамдық құбылыстарды, психология -
жеке тұлғаның санасы мен мiнез-құлық ерекшелiктерiн тану қажеттiлiгiнен пайда болды.
Педагогика ғылыми пəн ретiнде қоғамдық құрылыс пен өндiрiстi сақтап дамытуға, өсiп келе
жатқан ұрпақты мақсатты түрде неғұрлым нəтижелi даярлауға деген қоғамның қажетiнен туған.
Философиялық ой-пiкiр-лерден бастау алған педагогика тəрбиеге байланысты бiрте-бiрте
жинақталған теориялар мен қағидалар жəне фактiлердi ой елегiнен өткiзiп, тəрбиенiң мəнiн даму
заңдылықтарын түсiндiрудiң басты құралы, əртүрлi педагогикалық құбылыстарды жан-жақты
зерттеудiң ғылыми жəне əдiстемелiк негiзiне айналды.
Педагогикалық ойлардың дамып жетiлуi ертедегi шығыс елдерiнiң (Египет, Вавилон, Үндi,
Қытай) философиялық жүйесiнде қалыптасып, ежелгi грек философиясының өкiлдерiнiң
еңбектерiнде саясат, тəрбие, мемлекет, жеке адам туралы құнды пiкiрлерiмен жалғасын тапты.
Мұндай тəрбиелiк тағылымдар мен педагогикалық ойлар жəне оқу үрдiсiнiң үлгiлi
тұжырымдары бұл кiтапта күнi бүгiнге дейiнгi əлеуметтiк-қоғамдық дəуiрде ұш-тасып, өзiнiң тарихи
шешiмiн тауып отыр.
5.1
Көне грек ойшылдарының ғылыми жəне
ағартушылық ой-пiкiрлерi
Демокрит б.з.б. 270 жылдар шамасында өмiр сүрген. Ежелгi грек философ материалисi.
Демокрит ғылым iздеу мақсатымен Египет, Вавилон, Иран, Арабия, Үндiстан жəне Эфиопия
елдерiн аралайды. Ол философия мəселе-лерiмен қатар физика, математика, физиология,
медицина, муызка теориясы, поэзия т. б. шұғылданады. Диоген Лаэртскийдiң айтуынша, Демокрит
70-тен астам шығарма жазған, 300 - ге жуық фрагментi осы заманға дейiн сақталған. Ол əлемдегi
барлық заттар атомдар мен бос кеңiстiктен құралған дейдi.
Қозғалыс дүниенiң, табиғаттың өзiндiк қасиетi, одан басқа сырттан, əсер етушi ешбiр күш
жоқ дейдi. Дүниедегi құбылыстардың бəрi себептi табиғи қажеттiлiктен туады. Дүние танымының
қайнар көзi - сезiм, түйсiк деп есептелгенiмен, ақыл-ойды сезiмнен жоғары қояды. Адамгершiлiктiң
өзi осылардан туындайды - дейдi. Жеке адамның дамуы ''ақылдан'' басталады деген тұжырым
жасайды. Əрбiр адамның дара дамуы ақылдың нəтижесi деген, оның iлiмiнiң тағы бiр ерекшелiгi,
сезiм мүшелерi қабылдаған түйсiктер күңгiрт, көмескi бiлiм берсе, ақыл-ой осы сезiм мүшелерi
қабылдаған түйсiктердi сараптау арқылы заттар мен құбылыстардың iшкi сырын, мəн-жайын,
себебiн ашып ақиқатқа жеткiзедi дейдi. Этиканы өз алдына ғылым саласы деп тұңғыш таныған
Демокрит болды. Адам не нəрсеге нысап тұтып, көңiл-күйi орнықты болса, бақытты болады деп
түсiндiредi. Демокрит əлеуметтiк қайшылық адамдардың дөрекi мiнезiнен туады деп бiледi.
Сөйтiп, ол бұл пiкiрi арқылы мiнез - құлықты-лықтың педагогика-психологиялық негiзiн салды.
Демокриттiң атомистiк iлiмiнiң философия ғылымының дамуы тарихында маңызы зор болды.
Сократ б. з. б. 469-399 ж. шамасында өмiр сүрген. Ежелгi грек философы. Афинада туған,
мүсiншiнiң баласы. Жастарды софистерге қарсы күресте тəрбиелеудi мақсат етiп, қаланың
көшелерiмен алаңдарында айтыстар ұйымдастырып, өз iлiмiн уағыздады. Ол əңгiмелесу, пiкiр
алысу арқылы ақиқатқа жетудiң жолын ашып, диалектиканың негiзiн салушы ғұламалардың бiрi
болды. Сократ ұғымды философияның зерттеу пəнi ету арқылы ежелгi грек философиясының
дамуына зор ықпал еттi. Аристотельдiң айтуынша, Сократ болмыстағы нақтылы уақиғалар
шындығына индуктивтiк əдiс арқылы жалпы ұғымдарға көшу жəне əр заттың мəнiн бiлдiретiн, сол
ұғымдарға анықтама беру жөнiндегi iлiмiнде объективтiк идеализм бағытын ұстады деп көрсеттi.
Сократ этикада рахымшылдық, мейрiмдiлiк, бiлiмде, даналықты, жақсылықты терең
түсiнгенде ғана мейрiмдi бола алады, ол ақиқат - шындық, таза болмыс адам ақылының
алғышарты деп, өз кезеңi үшiн ақылды дамытуды уағыздады. Саясатта Сократ əдiлетсiздiкке
негiзделген барлық басқару формаларын - монархияны,
тирантияны, аристократияны, плутократияны - түгелдей қатаң сынға алды. Алайда, ол
əдiлеттiлiкке негiзделген мемлекеттi қажет деп тапты. Сократ философия тарихында ақиқатты
талмай iздеген терең, дара ойшыл ретiнде орын алып, сақталады.
Платон б. з.б. 427-347 жылдар шамасында өмiр сүрген. Ежелгi грек философы, Сократтың
шəкiртi. Платон Африкадағы жоғарғы дəрежедегi ақсүйек тұқым-нан шыққан отбасында дүниеге
келдi. Платон Афинада өз мектебi Платон академиясының негiзiн қалайды. 367 жəне 361
жылдары Сицилияға барып, өмiрiнiң соңғы жылдарын Афинада өткiзiп, көптеген еңбектер жазып,
лекция оқиды. Платон жөнiнде өз шəкiрттерiмен бiрге, Аристотельдiң шəкiртi Аристоксен көп
жазған. Тек, Диоген Лаэртский жазған Платонның өмiрбаяны сақтал-ған. Оның көп шығармалары
сақталмаған. Көптеген мағлұматтар Платонның хаттары, Апулейдiң ''Платон жəне оның iлiмi
жөнiндегi'' тракттатарында Порифирий-ден үзiндiлер, Цицеран еңбектерi мен Византия сөздiгiн-
дегi Платон мақаласында сақталған.
Платон тəрбиенiң бүкiл халықтығын жақтады. Тəрбие мемлекет тарапынан берiлсiн деп
есептедi. Сондай-ақ, мемлекетке дейiнгi тəрбиенiң қоғам тарапынан болуын уағыздады. Ол Афина
мен Спарта тəрбиесiн бiрiктiре сыбайлас жүргiзудi ұйғарды. Платон мектепке дейiнгi ойынның
рөлiн жоғары бағалай отырып, əңгiменiң балаларға ұғымды да, түсiнiктi болуын жақтады. 4-7
жастағы балаларға ойын мен əңгiменi ұштастыра жүргiзудi ұсынды. Ол мемлекет тарапынан
берiлетiн тəрбиенiң жүйесiн ұсына отырып, қыз балалардың дене тəрбиесiн жақсартуды талап
еттi.
Сондай-ақ, Платон академиясының маңызы ерекше, Платон академиясы əуелде мектеп
өкiлдерiнiң iшiнен сайланған, схоларх басқаратын музаны қадiр тұтатын философиялық қоғам
ретiнде қалыптасады. Платон академиясы негiзiнде сол дəуiрдiң өзiнде 5 академия құрылады. 5-
академия Платон философиясының стойцизм, пипагоризм жəне перипатеттер мектебiнiң
идеяларымен ұштастырылады. Академияның оқу, тəрбие, бiлiм алуды уағыздаған кездерi де
болған. Осы негiздегi Платон пiкiрлерi, ойлары мен ғылыми жүйесi педагогика ғылымының
дамуына себеп болды.
Аристотель - б. з. б. 384-322 жылдар шамасында өмiр сүрген. Ежелгi грек философы
жəне ғалымы. Көптеген ғылымдардың, соның iшiнде логика ғылымы-ның негiзiн қалаушы.
Аристотель өзiне дейiнгi философия мен ғылым жетiстiктерiн қорытып жүйеге келтiрiп,
əртүрлi ғылым саласынан көптеген еңбектер жазып қалдырған. Аристо-тель еңбектерi ұшан-теңiз.
Кейбiр деректерде төрт жүз, кейбiреуiнде мыңға жеткен. Ариситотельдiң философия-лық
көзқарасы ''Метафизика'', ''Жан туралы'', категориялар жəне ''Аналитика'' деген шығармаларында
жан-жақты баяндалған. Оның пiкiрiнше этикалық идеялар тек қоғамда ғана iске асырылып
отырады. Платонның адамды сезiмнен тыс о дүниеге тəуелдi деп санауына қарсы шықты. Адамға
белсендiлiктiң тəн екенiн атап көрсеттi. Аристо-тель өз iшiнде адамгершiлiк пен этиканы
адамдардың маңызды сипаттамасы деп таныды. Ол қоғамдық тəрбие мен отбасы тəрбиесiнiң
өзара байланысты болуын жақтады. Адамның туғаннан мүмкiндiгi болады, ол даму тəрбие арқылы
жүзеге асады - деген тоқтам айтты. Мектепке дейiнгi тəрбиеде де ол құнды маңызды пiкiрлер
айтты.
Аристотель əдебиеттi, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы,
геометрияны, музыканы оқыту қажеттiлiгiн тұңғыш дəлелдеп берген ғалым. Моральдық тəрбиенiң
тағылымын дəлелдеп бердi. Əсiресе, ол дене тəрбиесiне маңыз бере отырып, сурет салу, жазу-
сызу, музыканы балаға жасынан үйретудiң рөлiн ерекше
бағалаған едi. Ол баланың жас ерекшелiгiн тұңғыш айтқан ғұлама. Дене тəрбиесi баланың күшiне
əсер етуiн талап еттi. Аристотельдiң ағартушылық идеялары кейiнгi педаго-гика iлiмiнiң дамуына
зор ықпал еттi. Ол грамматикалық мектептердi дамытуды жақтады. Грек тiлi мен риториканы,
əдебиет пен тарихтан бiлiм бере отырып, шешендiкке үйретудi бiрiншi кезекке қойды.
''Саясаттануда'' ол былай деп жазды: ''Мейiрбанды-лық пен зұлымдық, əдiлеттiлiк пен
əдiлетсiздiк т. б. отбасы мен мемлекеттiң негiзiн қалайтын ұғымдарды сезiм тұрғысынан қабылдау
адамның ғана қолынан келедi деп көрсеттi. Философ адамгершiлiктiң көзi енжарлық пен
дəрменсiздiкке емес, керiсiнше белсендiлiк пен жасампаз-дыққа деп дұрыс түсiнгенiн байқатады.
Адамның əдiлеттi, жiгерлi болуы, оның iшiнде игiлiктi iсiмен тығыз бай-ланысты. Аристотель iлiмiн
дамытып, дүниеге танытқан ұлы шəкiрттерiнiң бiрi əл-Фараби болды.
Сондай-ақ Аристотель қоғам мен мемлекет туралы да алдыңғы қатарлы позиция ұстады.
Мемлекет құрылысы халықтың талап-тiлектерiнен туындауы қажет - дедi. Ол оқу, тəрбие, бiлiм
қоғамды дамытушы күш деген тұжырым айтты. Ақыл-ойдың, адамгершiлiктiң күшiне сенген
Аристотель сезiмнiң танымдық сатылары (түйсiк, қабылдау, бақылау) мен ойлау формаларында
(ұғым, пiкiр, ой тиянағы, соны пiкiрлер) бiртiндеп, сатылап дамитынын дəлелдедi. Оның
философиялық ойлары əрқашан ағартушылық ойларымен ұштас келедi.
5.2
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пiкiрiнiң пайда болуы мен қалыптасуы
1. Əл-Фараби - дүние жүзi мəдениетi мен ғылымының негiзiн салушы (870-950)
Əбу Насыр Мухаммед ибн Узлағ Тархан əл-Фараби (870-950 ж.) ойшыл, философ,
əлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логик, музыка зерттеушiсi.
Қазiргi Шымкент облысының жерiндегi көне Фараби (бертiн замандағы Отырар) қаласында туған.
20 жасына дейiн сонда оқып тəрбиеленiп, кейiн Самарқанд, Бухара, Хиуа жəне мұсылман
шығысының көп жерлерiн аралаған, ұзақ уақыт бойы араб халифатының саяси, мəдени орталығы
- Бағдатта тұрған. Арабтың мəдениетi мен ғылымы дəуiрлеген шақта сонда оқып, бiлiм алып,
ғылыми жұмыстармен айналысқан. өмiрiнiң соңғы жылдарын Каирда, Алеппода, Дамаскiде (Шам
шаүарында) өткiзген.
Фараби есiмi дүние жүзi мəдениетi мен ғылымының тарихынан берiк орын алады. Оны
Шығыстың Аристотелi деп атаған. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол. Екi жүз қырыққа
жуық трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлi саласын - философия мен логиканы,
математика мен физиканы, астрономия мен ботаниканы, минералогия мен лингвистиканы,
медицина мен музыканы қамтиды. Осынау ұланғайыр еңбектерiнiң iшiнде философия мен
əлеуметтанудың, этика мен эстетиканың проблемалары үлкен орын алады.
Фараби шығыс перипатетизмнiң аса көрнектi өкiлi, араб тiлiнде əлемге тараған прогресшiл
қоғамдық философияның негiзiн салушылардың бiрi. Ол философияның, логиканың,
əлеуметтанудың, этика мен эстетиканың əр түрлi саласына сан қырлы үлес қосты.
Этика Фараби мұрасының iшiнде үлкен орын алады. Этиканы ол ең алдымен жақсылық пен
жамандықты ажыратуға мүмкiндiк беретiн ғылым деп қарады. Сондық-тан оның этика жөнiндегi
концепцияларында жақсылық, мейiрбандық категориясы басты орын алады. Жақсылық мазмұн-
мағынаның бiр бөлiгi, сондықтан ол материяның өзiнде бiтiп қайнап жатыр. Ал жамандық
жақсылық сияқты емес, ол болмыс жоқ жерден пайда болған дейдi. Ұлы ғалымның осынау
этикалық ойларынан терең гуманизмнiң лебi еседi, ол адам баласын жаратылыстың, бүкiл жан
иесi атаулының биiк шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсiнедi. Бiрақ
жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы iзгi мұратына жетедi деп қарайды (əл-
Фараби, Əлеуметтiк-этикалық трактаттар. -А., 1973,
132б). Фараби бұл салада жасаған
қорытындының басты түйiнi - бiлiм, мейiрбандық, сұлулық үшеуiнiң бiрлiгiнде, Фарабидың
гуманистiк идеялары əлемге кең тараған. Ол ақыл ой мен бiлiмнiң биiк мəнiн, халықтар
арасындағы туысқандық, достықтың принциптерiн егiле жырлады, адамгершiлiк, мораль мəселесiн
дiни тұрғыдан берiлетiн негiздеу екенiн көрсеттi.
Риторика, поэтика, өнер, музыка, т. б. жөнiндегi еңбектерiнде айтылған көркемдiк-
эстетикалық көзқарастары əлi күнге мəнiн жоймаған. Ұлы ойшылдың көз тiккен эстетикалық
проблемаларының ауқымы үлкен, шеңберi кең. Эстетика мəселесi жөнiнде айтқан соны пiкiр,
тың идея, батыл тұжырымдар оның көптеген шығармаларында кездеседi. Мысалы, ''Риторика'',
''Поэзия өнерiнiң каноны туралы трактат'', ''Поэзия өнерi туралы'' т. б. еңбектерiнде көрсетiлген.
Музыка зерттеу саласында Фараби əр алуан шығар-маларымен қатар ''Музыка туралы
үлкен кiтап'' атты iргелi кесек еңбек қалдырды. Бұл жұмыс музыкалық дыбыстың сипаты мен
құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байланысына дейiнгi ''Музыка ғылымының''
мəселелерiне ғана арналмай, музыканың жағымды əсерiн, жан-жақты дəлелдедi, сондай-ақ, оның
тəрбиелiк мəнi зор екенiн баса айтты. Адамның музыка шығару қабiлетi, дарындылығы
дəрежесiнiң əр түрлi сатысын көрсеттi, адамның жан дүниесiне жақсы, жаман əсер ететiн
музыкалық жанрларға талдау жасайды.
Адамды жетiле түсуге, бақытқа, молшылыққа жетелеудi көздеген Фараби əдiлеттiлiктi
халықтар достығын насихаттауда, мəдениеттi, ғылымды жасауда барлық адам бiрдей екенiн
уағыздаған гуманистiк идеялары, оның өз заманындағы Шығыс елдерiнiң, əрi дүние жүзi
халықтары-ның көкейтестi проблемаларымен үндесiп жатады. Сондық-тан да оның
энциклопедиялық мол мұрасы бiздiң қазiргi ХХI ғасырдың басындағы əлеуметтiк өмiр мен
мəдениеттiң iшiне кiрiгiп, ұласып кетедi. Фарабидiң: ''Бақытқа жету жолында барлық халық бiр-
бiрiне көмектесетiн болса, жер бетi түгелiмен берекеге толады'', - деген сөзi тап бүгiн де өте
мəндi. (Əл-Фараби. Философиялық трактаттар, -А., 1972, 5-б).
Ол адамның iс-əрекетiнде зерделiлiктiң (зиялылық-тың) рөлi аса зор деп бағалады.
''Олардың ақыл-ойы халықтар арасындағы ұрыс-жанжалдардың (соғыстың) пайдасыздығын ұғуға
жетедi''. Сондықтан олар ең жоғарғы игiлiкке, берекеге жету жолында, (демек бақытқа жету
жолында) бiр-бiрiмен келiсiмге келуi керек''. Гуманизмдi халықтар достығын насихаттап, адамның
өзiн, оның ақыл-ойын, қабiлет пен жiгерiн өте жоғары қояды, адамның шынайы бақытын тiлейдi,
оларды тынымсыз iздену, оқу-үйрену арқылы өзiн-өзi жетiлдiруге шақырады. Тек адамның мiнез-
құлқына байланысты ғана одан жаман немесе жақсы қылық шығады'', - дейдi (əл-Фараби,
Əлеуметтiк-этикалық трактаттар. -А., 1973, 10, 12, 114-б).
Жаратылыс тану ғылымдарының iшiнде Фараби заманында медицина ғылымы жақсы
дамыды. Антика заманы мен орта ғасырларда философия мен медицина жөнiндегi бiлiм бiр-
бiрiмен тығыз байланыста болатын. Көптеген философтар дəрiгерлiктi жəне философияны қатар
зерттейтiн. Фараби творчестволық мұрасында медицина саласынан да еңбектер бар.
Оның медициналық-философиялық идеялары тек соңғы кезде ғана ғалымдардың зерттеу
объектiсiне айналды. ''Адам денесiнiң органдары жайында Аристотельмен келiспеуiне
байланысты Галенге қарсылық'' атты трактаттары орыс тiлiне аударылып басылып шыққаннан
берi зерттеле бастады. өзбек ССР-iнiң Шығыстану институтында сақтаулы жатқан
қолжазбалардың iшiнде Фарабидiң ''Жануарлардың органдары (денесi), олардың функциясы мен
потенциясы'' атты еңбегi бар екенi айтылады.
Медицина саласындағы трактаттарды ғылымның жаратылыс тану, философиялық
идеялары жəне грек заманындағы классикалық ғылымның жетiстiктерiмен тығыз байланысты
екенiн көрсетiп қана қоймайды, сонымен бiрге оның ғылыми тұрғыдан дұрыс та деректi бiлiмнiң
тазалығы үшiн күрескендiгiн дəлелдейдi, бiлiмнiң ұланасыр энцикло-педиялық сипатта екенiн, əр
ғылымның күрделi проблема-ларын аналитикалық жолмен шешетiндiгiн айқын аңғартады.
Ол жаратылыс тануды теориялық бiлiм деп қарайды. Ал медицинаны практикалық өнердiң
əлде қандай бiр түрiне жатқызады. Оның айтуынша, жаратылыс тану əрбiр табиғи заттың мазмұн-
мағынасын түсiндiрiп беруге қызмет етедi. Материяны, оның формасын əрекетiнiң себебiн
анықтайды, бұл қасиеттерi оның болмысын, мақсатын көрсетедi, бұл зат сол үшiн тiршiлiк етедi,
сөйте отырып əрқайсысының жеке-дара белгiлерiн түсiндiредi.
Ол медицинаны практикалық өнер деп қарап, оның мiндетi мен мақсатын, функциясын
ерекше даралап айтады. Медицинаның əрекетi белгiлi бiр аурумен ауырған адамға емдiк ету
арқылы денсаулығын қалпына келтiруге бағыт алған. Сонымен дұрыс дерекке сүйенген
медицина-ның мiндетi адамның ауруының себебiн ашып қана қою емес, оның денсаулығын
сақтау, жеке органдарын аман ұстаудың жəне аурудың туу себептерiн сипаттауға айырықша орын
берiледi. Оның себеп-салдар байланысын сыртқы əсермен ұштастыру негiзiнде қарастырады.
Ғалым денсаулықты сақтауда, ауруды жазуда айналаны қоршаған ортаның, дəрi-дəрмектiң,
тамақтың рөлi зор екенiн көрсетедi. Сондай-ақ, дəрiгердiң бiлiм, тəжiрибесi, түрлi дəрiнi
медициналық аспаптарды қолдана бiлуi де қажеттi шарт екенiн атайды. Оның пiкiрiнше, адамның
барлық органдары бiр-бiрiмен өзара байланысып жататындығын бiлу дəрiгерлiк емдеудiң ең
маңызды принципi болуға тиiс.
Бiлiмнiң мазмұн-мағынасын анықтау жəне оған жiктеу жасау жөнiндегi Фараби iлiмi орта
ғасырдағы ғылыми ой-пiкiрдiң ең маңызды жетiстiктерiнiң бiрi болды. Сөйтiп, ол бiлiм
салаларының дамуында жəне оларды жүйелеуде елеулi рөл атқарады. Фарабидiң ғылымдарды
жүйелеу жөнiндегi теориялық-тарихи мəнi материалдық заттарды адамның санасынан тыс, өз
бетiмен дербес өмiр сүретiн жəне белгiлi бiр қасиетке ие болып тұрған құбылыс деп
мойындауында, демек мұның бəрi материалистiк көзқарасқа негiзделген. Ғылымның объектiсi
жəне жiктеуi жөнiндегi Фарабидiң iлiмi өзiнiң мəнi жағынан Беконның ғылыми бiлiмдердi
жiктегенде субъективтiк принциптi негiзге алған iлiмнен анағұрлым жоғары тұр.
Ғылымды жiктеу жөнiндегi Фарабидiң еңбегi ХI-ХII ғасырларда көне грек, латын тiлдерiне
аударылды, сөйтiп Батыс Еуропа ғалымдары арасында жоғары бағаланды. Батыстың кейiнгi
зерттеушiлерi оның бұл трактатын орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады.
Фарабидiң ғылымды жiктеу теориясын сан ғасыр бойы ғылымның дамуына игi əсерiн тигiздi,
ғылыми мəнiн сақтап келдi.
Фарабидiң логикалық-гнесеологиялық, əлеуметтiк-этикалық, эстетикалық-теориялық т. б.
пiкiрлерiмен жете танысу оның сан салалы мұраларын, оның ғылыми тұжырымдары өзiнен кейiнгi
дəуiрдегi Шығыс пен Еуропа халықтарының философиялық, эстетикалық, қоғамдық, этикалық ой-
пiкiрiн жəне өнердiң дамуына ықпалын тигiздi, Фараби өз алдына жеке-дара тұрған үздiк ойшыл,
ғалым болды.
Совет ғалымдары 20-жылдардан бастап-ақ Фарабидiң өмiрi мен творчесвосын зерттеуге
кiрiскен. Шығыстың ұлы ойшылының мұрасын зерттеу оның 1100 жылдық мүшелi тойына
дайындық үстiнде қыза түстi. Осыған орай 1966 жылы КазССР Ғылым академиясының философия
мен құқық институтында оның мұраларын зерттеуге арнаулы топ құрылды. Бұл топ Фараби
еңбектерiн жинау, аудару, қазақ, орыс тiлдерiнде бастырып шығару жөнiнде көптеген жұмыс
iстедi. Қазiр оның 7 томдық еңбегi шықты. Осылайша Фарабидiң көптеген трактаттарын жинау,
ғылыми тұрғыдан жүйелеу, басып шығару iсi оның туған жерi Қазақстанда жүзеге асырылды.
Фарабидiң қолжазбаларын аудару, кiтап етiп шығару үшiн СССР мен өзбек ССР Ғылым
академияларының Шығыс тану институттарында, Братислав музейiнде (Чехословакия) сақталған
жəне Каирда, Бейрутта, Хайдарабадта, Анкарада, Берлинде, Лондонда т. б. қалаларда басылып
шыққан Фараби шығар-маларының араб тiлiндегi түп нұсқасы пайдаланылды.
əл-Фараби тəрбиенiң барлық мəселелерiн логика-мен, тəрбие мұратымен, бiлiм алумен,
үйренумен үлгiлi тəжiрибемен, оқумен байланыстыра уағыздағанын бiлемiз. Ол өзi жазған ''Ақыл
мен түсiнiк'' атты еңбегiнде ақылды-лық пен адамгершiлiк үлгiлi тəрбиеге байланысты, оның негiзi
таза еңбекте, еңбек өз кезегiнде - тəрбиенiң негiзi-нен туындайды деген едi. Тəрбие қоғамдық
өмiрдiң жалпы жəне қажеттi категориясы екенiн бiз тəрбие тағылымы-нан жақсы бiлемiз. Демек,
жас өспiрiмдер мен аға буын арасындағы мирасқорлық тəрбие арқылы жүзеге асады. Дəлiрек
айтсақ, тəрбие жеке адамның адамгершiлiк, ақыл ойының дамуында, еңбекке баулуда басты рөл
атқарады. Барлық қоғамдық-экономикалық формацияларға тəн құбылыс ретiнде тəрбиенiң
жалпылық белгiлерi бар. Ол тəжiрибенiң ұрпақтан ұрпаққа берiлуi, бiлiм меңгеру, денсаулық
сақтау, дүниеге көзқарасты қалыптастыру. Алайда, тəрбиенiң мақсат, мазмұны, ұйымдастыру түрi,
əдiсi қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына сəйкес өзгерiп отырады. Алғашқы қоғамда тəрбие
аға буынның өмiрге қажеттi практикалық дағдыларын жас буынға үйретумен шектелдi. Балалар
барлығы бiрдей тəрбие алды. Таптық қоғамының тууына байланысты тəрбие таптық сипат алды.
Феодализм дəуiрiнде тəрбиенiң сословиялық сипаты айқындала түстi. Əр сословие балаларының
тəрбиесiнiң өз мiндетi, мазмұны жəне түрi болды. Буржуазиялық қоғамда сословиялық
мектептердiң орнына таптық қайшылықты күшейттi. Қазiргi капиталистiк елдерде де əртүрлi
əлеуметтiк топтар тəрбиесi арасында дифференциация бар.
Еңбек тəрбиесiнiң теориясын, тəрбиенiң жалпы жəне қоғамдық категориясы ретiнде
Педагогика ғылымы жан-жақты зерттеп келдi. Демек, еңбек тəрбиесi белгiлi бiр қоғамда
жасөспiрiмдер мен жастардың еңбекке саналы да адамгершiлiктi арқау етiп, мирас тұтатын
көзқарасты, жоғары саналылықты еңбек үстiнде қалыптастыратын процесс.
əл-Фараби Аристотельдiң ғылыми мұраларын жан-жақты зерттеп, өзiнiң ғылыми
еңбектерiнде адам ақыл-ойының дүние танудағы құдiреттiлiгiн дəрiптейдi. ''Қайырлы қала
тұрғындарының көзқарасы'', ''Бақытқа жету'' тағы басқа шығармаларында ғылымды меңгерудi бұл
дүниедегi бақыт, кемел табудың қажеттi шарты деп санайды. Ол өз заманын-дағы ғылымдардың
барлық салаларынан əсiресе, математика, астрономия, физика, жаратылыс тану ғылымдарынан
көп мұра қалдырды, трактаттарында, адамгершiлiк, ақыл-ой, еңбек, тəрбиелерiн адамды
ақылдылыққа үйретiп, еңбекке үйретiп баулудың, күнделiктi өмiр сүрудiң тыныс-тiршiлiк құралы -
деп тұжырымдайды. ''Бақытқа жету'' атты еңбегiнде, жас ұрпақ тəрбиесi, жеке бала тəрбиесi, тiптi
кейде жеке адам тəрбиесi, жастар тəрбиесi, жас жұбайлар тəрбиесi жайлы жан-жақты ұлағатты
ұғымдар, трактаттар, өсиеттер, үлгiлi-өнегелi сөздер, пiкiрлер бiздiң заманымызға дейiн сақталып,
ол ұрпақтан ұрпаққа берiлiп, халықтық педагогиканың қазынасына айналды. Онда тəрбиенiң
педагогикалық мақсат, мiндетi, оның философиялық негiзi баяндалып тұжырым-далады. Оның
ойынша, бақытқа жету басы - таза еңбек, адал еңбек, (ой толғанысы) болып есептеледi.
əл - Фараби тəрбиенiң, оның iшiнде еңбек тəрбиесiнiң теориясы ғылымға негiзделуi қажет
деп тұжырым жасады. Ол өзiнiң ''ғылымдар тiзбегi'' немесе ''ғылымдарды жiктеу'' деген еңбегiнде
сол кездегi ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледi. Олар: I - Тiл бiлiмi жəне оның тараулары. 2-
Логика жəне оның тараулары. 3-Математика жəне оның тараулары. 4-Физика жəне оның
тараулары. 5-Азаматтық ғылым жəне оның тараулары, заң ғылымы жəне дiн ғылымы. əл-Фараби
педагогика ғылымын - Азаматтық ғылымға жатқызған. Ол Азаматтық ғылымды - оның саласы
педагогиканы оқу, бiлiм алу тəрбиенiң құралы деп есептеген. Еңбек ету, саналы болу,
адамгершiлiк, ақылдылық - табиғаттан туындауы шарт деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби
адамның өзi табиғат, адам - жер бетiндегi тiрi организмдер дамуының ең жоғарғы сатысына
көтерiлген, еңбек құралдарын жасап, оларлды өз қажетiне жарата бiлген, түсiнiктi сөз сөйлей
бiлетiн саналы белгiлi бiр ортаның мұшесi. Сол кездегi түсiнiк бойынша, Фарабидiң орта - деп
отырғаны бүгiнгi қоғам болса керек. Адам туралы материалистiк бағытты ұстаған Фараби - адам
еңбек ету нəтижесiнде жоғары сатыға көтерiлдi деген тұжырымға келдi.
Əл-Фараби тəрбие процесiнде ''қатты əдiс'' пен ''жұмсақ əдiстi'' ұштастыруды талап етедi.
Ол оқыту мен тəрбиелеудiң мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. Қазiргi тəрбие процесi тұрғысынан
қарағанда, ''қатты əдiс'' - деп отырғаны жазалау да, ''жұмсақ əдiс'' - деп отырғаны мадақтау болса
керек. Демек, Фараби педагогикалық ықпал ету əдiстерiн алғаш ұсынған, оның тиiмдiлiгiн қолдану
жолдарын дəлелдеп кеткен дана ғалым. ''Ғылымдар тiзбегi'', ''Ғылымдардың шығуы'' атты
еңбектерiнде ол ғылымдарды үйрену, үйрету реттерiн белгiлейдi. Евклид негiздерiне жазған
түсiнiктемесiнде оқытудың көрнекiлiк принциптерiн жақтайды. əл-Фараби тек педагог ғана емес,
асқан əдiскер ғалым болған. ''Музыканың ұлы кiтабы'', ''Алмагеске түсiнiктеме'' деген еңбектерiн -
ғылымды түсiнiктi, қонымды баяндаудың өз заманындағы тамаша үлгiлерi, оларды белгiлi бiр
оқушылар тобына арнайы жазылған оқулықтар - деп қарауға болады.
Аристотельден кейiнгi дүниежүзiлiк бiлiм мен мəдениеттiң ''екiншi ұстазы'' болған əл-
Фараби Аристотельдiң шығармалары жайында көптеген трактаттар мен түсiндiр-мелер жазды.
Осы тұрғыдан қарай отырып бiлiмдi, ол философиялық категория деп қарады. Бiлiм, Фараби
еңбектерiн негiзiнен алсақ - философиядағы бүкiл таным-ның даму процесiнде қалыптасқан
адамзат мəдениетiнiң, рухани қазынасының жиынтығы Фарабиден кейiнгi ғалымдар, əсiресе
философ, педагог ғалымдар, айналадағы дүниенi жан-жақты зерттеп, заңдылықтарын ашып
игерудiң нəтижесiнде қоғамдық өмiрдiң даму сатыларына сəйкес, адамдардың iс-əрекетi мен
тəжiрибесiнде айқындалып дəлелденген белгiлi жүйедегi ұғымдар дүниесi - деп бiлiмге
тұжырымды анықтама бердi. Мысалы, Ыбырай мен Абай Фарабидiң бiлiм туралы трактаттарын
жетiлдiре, дамыта отырып - бiлiмдi еңбектiң, еңбек тəрбиесiнiң тəжiрибелiк, өмiрдегi, күнделiктi
тiршiлiктегi iске асырылған жемiсi деп тұжырымға келдi.
Тарихқа, тəрбие тағылымына, еңбек пен еңбек тəрбиесiнiң даму жодарына көз салсақ,
бiлiм туралы мынадай мағлұмататр айтуға болады. Демек, адамзаттың дамуы, қоғам, айнала
орта, қолы жеткен бiлiмiне сүйене отырып, табиғат күштерiн өздерiне бағындыру арқылы,
материалдық игiлiктердi өндiрiп, қоғамдық қатынастарды өзгерттi. Педагог ғалымдардың
зерттеуiне қарағанда бiлiмнiң ең қарапайым тұрмыстық формалары жас балалар-да кездеседi.
Оны əрi қарай дамыту, жасөспiрiмдердiң жас ерекшелiктерiн ескере отырып, еңбек тəрбиесiн жан-
жақты жүргiзу арқылы орындалады. Əрбiр адам жəне əрбiр жас, əрбiр оқушы өзiнiң қоршаған
дүние мен қоғамдық орта жөнiнде эмпиркалық тəжiрибелiк мағлұматтар алады. Тiптi, алғашқы
қауымдағы адамдардың өзi көптеген тұрмыстық бiлiмге ие болып, оны əдет-ғұрып, ата-баба
тəжiрибесi, өндiрiс құралдарын пайдалану əдiстерi тағы басқа тiршiлiк қаракеттерi арқылы
ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзiп келдi. Бiлiмнiң қай түрi болмасын адамзат тəжiрибесiнiң, тəрбиенiң
еңбектiң негiзiнде дамып отырады. Сондықтан, Фарабиден кейiнгi əр түрлi қоғамда, адам баласы
дамуы-ның əрбiр тарихи кезеңдерiнде - ғалымдар, философтар, тарихшылар, педагогтар бiлiмдi
адамдардың объективтi өмiр процесiнiң жемiсi деп қарап, оның даму диалектика-сының заңдарын
ашу танымының бiрден-бiр мiндетi деп санайды. Фарабидiң еңбектерiн зерттеген, əрi қарай өзiнiң
таным теориясы ұғымын ең алғаш рет философияға 1854 жылы енгiзген Шотландия ғалымы
Фаррьер - былай деп айтқан екен.
... Дүние тану теориясында да диалектикалық жолмен байымдау керек, яғни бiздiң дүние
тануымызды даяр тұрған өзгермейтiн нəрсе деп ойламау керек, қайта бiлмеушiлiк пен бiлушiлiк
қалай туатынын, толық емес, айқын емес, бiлiмнiң қалайша толығырақ, айқынырақ бiлiмге
айналатынын тексеру керек'' деген болатын.
2. Əл-Фараби еңбек тəрбиесi туралы
Достарыңызбен бөлісу: |