Əл-Фараби тəрбиенiң, оның iшiнде еңбек тəрбиесiнiң теориясы ғылымға негiзделуi қажет
дедi. Ол ғылымды тарихи процесс деп түсiнiп, ғылым-жүйелi түрде құрылған бiлiмнiң жоғарғы
формасы деген анықтама жасады. Фараби өмiр сүрген дəуiрде педагогика ұғымы болмағаны
белгiлi. Алайда, ол ағарту - оқу мен тəрбие туралы, еңбек мəдениетi туралы iлiм жасады.
Еңбектiң өзi өнер - еңбек тəрбиесi сол өнерден туындайды, əрбiр адамды еңбекке баулиды, еңбек
шеберлiгiне үйретедi. Олардың еңбек ету дағдысын қалып-тастырады - деген болатын Фараби.
Ол еңбектiң өзiн қоғам-ның өмiр сүруiнiң негiзгi адамзат тiршiлiгiнiң мəңгiлiк, табиғи шарты деп
қарастырды. Фараби еңбек процесiнiң бағыттарын белгiледi. Ол мақсатқа сай қызмет, яғни,
еңбектiң өзi, еңбек заттары мен еңбек құралдары. Адам еңбегi бағытталған нəрсенiң бəрi еңбек
заттары деп аталады. Оның еңбек туралы бұл тұжырымдарын күнi бүгiнге дейiн жалғастырып келе
жатқан ғалымдар бар.
Еңбек тəрбиесiнiң теориясын жасауда Аристотель негiзiн салған теорияның анықтамасына
сүйенедi. Демек, ол қандайда болсын құбылысты түсiндiруге бағытталған ұғымның, идеяның,
белгiлi бiр саласының мəндi байланыс-тары мен заңдылықтары жөнiнде толық түсiнiк беретiн
ғылыми бiлiмдi қорытудың ең жоғарғы формасы деген қағиданы ұдайы басшылыққа алып отырды.
Осы негiзде алсақ, еңбек тəрбиесiнiң теориясын Фараби - ''өзiнiң iшкi құрылымы жағынан бiр-
бiрiмен логикалы байланыста болатын бiр тұтас бiлiм жүйесiн құрайды деп тұжырым-дады''.
Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ бұл тұжырым оқушыларға саналы тəртiп, сапалы бiлiм берiп,
пайдалы қоғамдық еңбекке баулу - деген сөз. Фараби еңбек тəрбие-сiнiң теориясын жасауда еркiн
еңбектiң адамның жан-жақты дамуы үшiн маңызы зор екенiн көрсеттi.
өз заманындағы бiлiм-ғылым, өнерден, оқу-тəрбиеден əл-Фарабидiң iз қалдырмағаны жоқ
деуге болады. Одан қалған ғылыми еңбектiң саны жүзден астам. Сол еңбектердi ғылымдар
саласына бөлетiн болсақ, олар: математика, логика, музыка, астрономия, дəрiгерлiк, лингвистика,
поэзияриторика, педагогика /Фараби заманында ағартушылық ғылым деп аталған/. Оның
пiкiрiнше, оқу-тəрбие, бiлiм алу, еңбек ету, ғылым адамы болу адамгершiлiк жəне еңбек
тəрбиесiне тығыз байланысты. Фараби ең алғаш еңбектi, таза еңбектi, адал еңбектi тəрбиенiң
алғы шарты етiп алады. ''Тəрбиенi неден бастау керек'', ''Философияны үйрену үшiн не бiлу керек''
деген еңбегiнде ғылымды, оқу-ағартуды меңгеру, бiлiм-тəрбие алу, еңбекке үйрену, философияны
меңгеру үшiн адамның ар тазалығы, оның жеке басының тазалығын, еңбек сүйгiштiгi мен
қызығушылығын бiрiншi орынға қояды. Осыдан келiп, мұның барлығын меңгеру тəрбие əдiстерiне
байланысты екенiн ғылыми тұрғыда дəлелдейдi. Осы негiзде ол, оқыту мен тəрбиелеудiң
мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. Ғылымдар тiзбегi, ''Ғылымдардың шығуы'' атты еңбектерiнде
Фараби ғылымдарды үйрену, үйрету реттерiн белгiлейдi жəне тəрбиенiң, оның iшiнде еңбек
тəрбиесiнiң тарихи тағылымын, үлгiсiн, болашақ ұрпаққа өнеге, тəлiм етiп қалдырады.
əл-Фараби жас ұрпаққа жəне жеке адамдарға тəлiм-тəрбие берiп, еңбекке үйретiп, еңбек
тəрбиесiн беретiн, ұстаздық жасайтын адамдарды өте жоғары бағалаған. Оның ойынша
тəрбиешi адам /қазiргi мұғалiм/ - ''мəңгi нұрдың қызметшiсi''. Ол барлық ой мен қимыл əрекетiне
ақылдың дəнiн сеуiп, нұр құятын тынымсыз лаулаған оттың көзi'' - деген Фараби. Орта Азия
ғұламасы Фарабидiң шəкiртi, оның iлiмiн əрi қарай жалғастырушы Ибн Сина: ''Фарабидiң тəрбие
тағылымдарының ең маңыздысы əрбiр жеке адамды еңбекке тəрбиелеу болды. өйткенi, еңбек
сүйгiштiк, еңбек ете бiлуге жəне еңбекке ынталы болуға тəрбиелеу. Ол кiмде-кiм өзiнiң тiршiлiгi
үшiн, өзiне пайда келтiретiн еңбекпенен айналысқанда ғана, нағыз ел адамы бола алады - деген
өмiрлiк өсиет қалдырып кеттi'', - деп көрсеттi.
Еңбек пен еңбек тəрбиесiнiң ғылыми негiзiн қолдауда ХII ғасырда жазылған ''Фарабидiң
энциклопедиясы'' атты еңбектiң маңызы ерекше. əсiресе, мұның трактат ретiнде ғылым тарихында
алатын орны ерекше. Бұл трактат ''Ғылымдар Энциклопедиясы'', ''Ғылымдар ретi'', ''Ғылымдар
классификациясы'' т. б. аттармен Шығыс жəне Батыс елдерiнде өте ертеден-ақ мəлiм болған.
Бұдан көп ғүламалар тəлiм алған.
Еуропа ғалымдары да бұл еңбекпен өте ертеден таныс. Фарабидiң Энциклопедиясы'' сол
кездiң өзiнде /ХII -ғасырда/ арабшадан латын тiлiне екi рет аударылған. Одан кейiнгi ғасырларда
бұл еңбек толық емес үзiндi түрiнде ескi еврей, немiс, ағылшын, француз, ислам жəне түркi т. б.
тiлдерiне аударылған. Роджер Бэкон, атақты əбу əли Ибн Сина /980-1937/ жəне басқалар
Фарабидiң Энциклопедиясының тiкелей əсерiмен өздерiнiң көпке мəлiм энциклопедиялық
еңбектерiн жазды.
Еңбектiң құндылығы, оны басқа халықтардың өз қажетiне жаратуы - оның еңбек заңдарына,
еңбек адамдары-ның өз жұмысына саналылықпен, ұқыптылықпен қарап, өндiрiстi дамыту, еңбек
өнiмiн, жеке адамның еңбекке құш-тарлығын, ынта-жiгерiн арттыру мақсатына негiзделгендiгiнде.
əл-Фараби жаратылыс тану ғылымның негiзiн салған тұңғыш ғұламалардың бiрi.
Математиканы жаратылыс тану ғылымның басты саласы деп түсiндiрген. Бiз, қазiр техника-лық
ғылымдарды жаратылыс тану ғылымының басты саласына жатқызамыз. Фараби ''теориялық
арфиметикаға қысқаша кiрiспе'' - деп аталатын еңбегiнде барлық құбылысты табиғат -
жаратылыстану əлемiнiң ауқымында дамитынын дəлелдедi.
əл-Фарабидiң еңбектерiн, оның қоғамды дамытудағы ой-пiкiрлерiн, тəрбие тағылымдарын
Ибн-Сина /Авицена/, əл-Бируни, Омар Хайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон,
Леонардо да Винчи тəрiздi Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған. Фараби химия, медицина,
география, минерология, Азаматтық ғылым - тəрбие туралы т. б. жаратылыс тану ғылымдары
бойынша шығармалар жазған. ''Ал химия өмiрiнiң қажеттiгi туралы'' атты трактатында өз
тұсындағы қабыршағынан ғылыми дəнiн бөлiп алып, оны белгiлi бiр зерттеу пəнi бар жаратылыс
тану ғылымының бiр саласы ретiнде қарастырды. əл-Фараби медицина саласында ''Адам
ағзалары жөнiндегi Аристотельмен алшақтығы жөнiнде Галенге қарсы жазылған трактат''.
''Темперамент туралы'' еңбектер жазған, онда негiзiнен медицинаның теориялық мəселелерiмен
айналысып, медицина өнерiнiң мəнiн, мiндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Ол еңбектi
бiрнеше салаға бөлiп, медицина саласын дамытуды - ''таза'' еңбектiң жемiсi дейдi де, пайдалы
қоғамдық /тiршiлiк - еңбегi/ еңбектi дамытудың, өмiр сүрудiң құралы деп қарастырды. əл-Фараби
философиялық
жəне
натурфилософиялық
еңбектерiнде
жаратылыстанудың
көптеген
мəселелерiне тоқталады. əл-Фарабидiң ғылыми-философиялық еңбек-терi оқу-тəрбие
мəселелерiне арналған. Оның пiкiрiнше оқу, бiлiм алу, ғылыми адам болу адамгершiлiк жəне
еңбек тəрбиесi мəселелерiмен тығыз байланысты. Ол бiлiм алу, оқу еңбегiн пайдалы еңбекке
жатқызады.
Ол жалпы теориялық ой-пiкiрдiң жетiстiктерiн жаңғыртып, жетiлдiре түстi. Халық даналығы
данышпандық, пiкiрлерге ден қойды. Сөйтiп, өзiнiң философиялық төл концепциясын жасады.
Қоғам туралы iлiмдi, этика мен эстетиканы, этнопедагогиканы дамытты. Аристотельдiң
еңбектерiне сүйене отырып, ол антика заманының теориялық озат ой-пiкiрлерiн сыннан өткiзiп
барып, оның қажеттiсiн ала бiлдi, өз заманының iлiмiн белгiлi бiр жүйеге салды. Аристотельдiң
жаратылыстанудағы ғылыми жəне стихиялық материалистiк тенденцияларын мейiлiнше күшейттi.
Фараби, Платонның идеалистiк жəне мистикалық қателерiн түзеттi.
Фараби еңбектерiнiң, оның өз дəуiрi үшiн шығармашы-лық мұраларын зерттеп, кейiнгi
ұрпаққа қалдырған оқу-ағарту, бiлiм беру iлiмiнiң тəрбиелiк мазмұны мен мəнiнiң еңбек пен еңбек
тəрбиесi туралы тағылымның тəжiрибелiк маңызы мынадай болды.
1. Еңбек əрбiр қоғамдық құбылыс ретiнде өзгерiп отырады, еңбек - еңбек тəрбиесiнiң
мазмұны мен мəнiн өзгертедi.
2. Əл-Фараби iлiмi тəрбиенiң əрбiр қоғам кезiндегi /феодализм, капитализм, социализм/
əлеуметтiк мəнiн ашты. Фараби iлiмi тəрбие - еңбек, адамгершiлiк, ақыл-ой тəрбиесi-нiң
теориялық негiзiн қалыптастырды.
3. Ғылымдар тiзбегiн жасау, оны əрбiр топқа бөлу арқылы - болашақ жасөспiрiмдердi жан-
жақты жетiлдiрудiң қажеттiлiгiн ғылыми тұрғыдан дəлелдедi. ғылымның еңбек пен еңбек
тəрбиесiндегi негiзiн жəне оның теориясын жасады.
4. Еңбектiң, еңбек тəрбиесiнiң ғылыми негiзiн сала отырып, оны практикада, өмiрде
қолданудың тəжiрибесiн көрсеттi.
5. Əл-Фараби iлiмi шығыс халықтарының педагогика-лық ой-пiкiрiнiң дамуында
революциялық - төңкерiс болып есептеледi. Демек, ол шығыс халықтарының салт-санасы-ның,
əдеп-ғұрпының ағартушылық, тəлiм-тəрбиелiк ой-пiкiрiнiң, ғұламалық тағылымының дамуында
жаңа кезең ашқан - халықтық педагогиканың негiзiн қалады.
3. Махмуд Қашқари iлiмiнiң тарихи маңызы (1030-1090)
Махмудтың өмiрбаянына қатысты мəлiметтер өте жарытымсыз. Оның өмiрi жайындағы
мəлiмет өз кiтабында айтқан азын-аулақ хабардан əрi аса қоймайды. Махмудтың толық аты-жөнi
Махмуд абы Хусейн ибн Мухаммед Қашқари. Оның əкесi Қашқарда туып-өскен. Ол кезде арабша
бiлiм алған түрiктер сол кездiң салтымен өз фамилиясын туған жерiнiң атымен атаған. Сөздiң
соңын-дағы - парсының тəндiктi, белгiнi бiлдiретiн жұрнағы. Қазақша айтсақ - қашқарлық дегендi
бiлдiредi. Əкесi Қашқарда туып-өсiп, соның тұрғыны болғанымен, өмiрi-нiң көп кезеңiн Баласағұн
қаласында кешкен. Атақты ғалым осы Баласағұн қаласында (Қырғызстанның қазiргi Тоқмақ
қаласы) туған. Балалық жəне жастық шағының көп мезгiлiн Ыстық көл маңындағы қышлақтарда
өткiзедi. өз айтуынша, оның əкесi Қараханидтер тұсындағы əмiршiлердiң бiрi Насыр ибн Əлидiң
нəсiлiне жатады. Махмуд алғашқы бiлiмдi Қашқар қаласында алады да кейiн Орта Азия мен
Иранның бiраз қалаларын аралауға сапар шегедi. Сапарының негiзгi мақсаты - өзiнiң бiлiмiн
толықтырып, жетiлдiру болады. Ол сол заманғы араб мəдениетi мен ғылымының көрнектi
орталығы болған Бағдат қаласында да бiраз уақыт тұрғанға ұқсайды.
Махмуд Қашқари арабша жоғарғы бiлiм алған өз заманының аса көрнектi ғалымы болған.
Араб филология-сын жетiк бiлген жəне өз бiлiмiн туған халқының тiлi мен əдебиетi, тарихы мен
этнографиясы, географиясы жайында зерттеулер жүргiзуге жұмсаған. Махмуд Қаш-қаридың дəл
қай жылы туып, қанша жыл өмiр сүргендiгi əзiрше белгiсiз. Бұл жөнiндегi жалғыз дерек кiтабының
аяғында ол ''бұл кiтап менi өлiмге бiр табан жақындатты'' деп жазады. Бұл бiр жағынан, автор
өзiнiң бұл тарихи еңбегiн жазуға ұзақ жылдар бойы еңбек еткенiн дəлел-десе, екiншi жағынан оның
бiраз жасқа келгендiгiн де көрсетедi. Олай болса Махмудтың туған кезi ХI ғасырдың басы болса
керек. өйткенi ''Диуани лұғат-ат-түрк'' хиджра есебiмен 464-жылдың бесiншi айының алғашқы күнi
(қазiргi жыл санау бойынша 1072 жылдың 25 қаңтарында) жазыла бастаған, 466 жылдың
алтыншы айының 10 күнi (1074 жылдың 10 ақпанында) аяқталған. Осыдан екi ғасыр өткен соң
1266 жылдың тамыз айында 'Диуани лұғат-ат-түрк'' түп нұсқасынан бiр сириялық кiсi көшiрiп
алады. Көшiрушi былай деп жазады: ''Əуелi Сава, кейiн Шам (Дамаск) қаласының тұрғыны
Мұхаммед бин Əбiбəкiр ибн Əбiлфатих (оны тəңiрi жарылқасын) осы кiтапты түп нұсқасынан
көшiрiп, 664 жылы оныншы айдың жиырма жетiншi жексенбi күнi бiтiрдi''. ''Диуани лұғат-ат-түрк''
автордың соңғы еңбегi болса керек. өзi-нiң айтуынша ол бұл кiтаптан бұрын да түркi тiлдерi-нiң
синтаксистiк жүйесi жайында (''Джавахир ан-нахви фллафи түрк'') ''Түрiк тiлiнiң синтаксистiк
жүйесiнiң негiздерi'' деген ғылыми трактат жазған. Алайда оның бұл еңбегi сақталмаған болу
керек, сондық-тан осыдан басқа еш мəлiмет жоқ.
Махмуд Қашқаридың түркi халықтарының iшiнде нақ қай халық өкiлi екенi туралы да ешбiр
мəлiмет жоқ. Рас, оны түркi халықтарының бiрiне телуге тарихи деректер мүмкiндiк бермейдi.
өйткенi қараханидтер тұсындағы түркi халықтарының кейiн араласып, бiр-бiрiне ете жақын болып
кеткенi соншалық, пəлен тайпа - тек қана пəлен халықтың этногенезiн құрады деп айтуға келмейдi.
Бiр тайпаның өзi кейiнгi дəуiрде бiрнеше халықтардың құрамына кiрiп, сiңiсiп кетiп отырған. Ал
Махмудтың сол кездегi түркi тайпаларының қайсысынан шыққандығы жайында өзiнiң бiр
ескертпесi жөнiнде айта кеткен жөн. Оның айтуынша, оның ата-бабасы сөз басындағы а
дыбысына х дыбысын қосып айтатын болған. Бұған қарағанда, оның туған тайпасы Орта Азия
жерiне бiр жақтан келген емес, осы аймақтың тұрақты ескi тұрғыны. Дегенмен, бұл ескертпенiң өзi
де Махмудтың нақ қай тайпадан шыққандығын анықтауға мүмкiншiлiк бермейдi.
Бiрсыпыра зерттеушiлер Махмудтың қашқарлық екенiне қарап, оны ұйғыр деп танып, оның
ұлы мұрасын да ескi ұйғыр тiлiнiң ескерткiшi дейтiн пiкiрге ойысатын сияқты. Бiрақ олай деп
тұжырымдауға пəлендей айқын дəлел жоқ. Қашқар қаласының ол кездегi этникалық құрамын
айырып алудың өзi қиын. Оның бер жағында ''диуани лұғат-ат-түрiктi'' - тек ескi ұйғыр тiлiнiң
ескерткi-шi деуге тағы да дəлел табу қажет. Онда сол кездегi түркi тайпаларының бəрiнiң де
əдеби, тiлдiк мұралары бар. Онан соң, сол кезде Қашқаридың ата-бабасы шыққан рудың немесе
тайпаның қай халықтың құрамына енгенi де айту оңайға түсе қоймайды. Кейбiр шетел
зерттеушiлерi, де əсiресе, Түркия зерттеушiлерi Махмуд Қашқари Анатолия түрiктерiнен шыққан
ғалым деп даурығып жүр. Анығында Махмуд Қашқари жоғарыда келтiрiлген ескертпе арқылы өз
ата бабаларының қалай да ортаазиялық тұрғын екенiн дəлелдеп отыр. Олай болса, бұл жерде
оның тұрағы мен шыққан халқын Түркия жерiне көшiре қоярлықтай қисын жоқ. Оның үстiне дəуiр
ескерткiштерiн Түркия ғалым-дарының панисламистiк, пантүркистiк мақсатпен жарама-са кетуi
тегiн емес. Ғылым тарихы олардың осы тəрiздi талай ''кəсiбiн'' бiледi. Олар тiптi Орхон-Енисей
жазбаларын да иемдембекшi болғаны да мəлiм.
Махмуд Қашқаридың атын бiзге, бiздiң заманы-мызға жеткiзген оның ұлы мұрасы ''Диуани
лұғат-ат-түрк''. Сондықтан Қашқари жайындағы, оның тарихи ерлiгi жайындағы мəселенi - сол
еңбегi, оның мəнi мен маңызы, онда сөз болған шешуiн тапқан ғылымдық мəселелерден бөлектеп
қарауға болмайды. Осы екеуiн бiрлiкте алып, жарыстыра əңгiмелегенде ғана бұдан тоғыз жүз
жылдай бұрын өмiр сүрген, еңбек еткен ұлы ғалымның нағыз бейнесiн еске аламыз.
М. Қашқари еңбегi негiзiнен сол дəуiрдегi түркi тайпаларының тiлдiк құрылыстарын жүйе-
жүйемен баян-дауға арналған. Бiрақ кiтаптың берер мəлiметi онымен ғана шектелмейдi. Қашқари
еңбегiн қазiргi заманда, тек қана тiл мамандары оқып, зерттеп қоймай, сонымен қатар, əдебиетшi,
тарихшы, этнографтар мен географтардың да үңiле қарап, жете зерттеп, жүргенi кездейсоқ жай
емес. Қашқари еңбегiнiң əдеби маңызы жайлы немiс оқымыс-тысы М. Хартман ''Диуани лұғат-ат-
түрк'' - халықтық əдебиеттiң үлгiсi, соның негiзiнде құрылған'' дейдi де, осыдан екi-ақ жыл бұрын
жазылған ''Құдатқу бiлiгтi'' (''Бақыттылық жайлы iлiм'') - сарай əдебиетiнiң нұсқасы деп табады. Бұл
''Диуани лұғат-ат-түрк'' түркi халық-тарының ескi əдебиетiнiң тарихында аса сирек кездесетiн
əдебиет үлгiсi екендiгiн анықтаған ғалымның пiкiрi.
Махмуд Қашқари еңбегiнде, жоғарыда көрсетiл-гендей, сол заманғы түркi тайпалары
жайында мəлiмет берiледi. Ол мəлiметтер қай халықтың қандай тiлде сөйлейтiнi жайында ғана
емес, олардың орналасу тəртiбi, қай тайпаның қайдан келгендiгi, қандай территорияны
мекендейтiнi, əдет-ғұрыптық ерекшелiктерi жəне т. б. болып келедi. Осыған байланысты М.
Қашқари өмiр сүрген дəуiрдiң кейбiр тарихи жағдайларын еске түсiре кеткен мақұл. М. Қашқари ХI
ғасырда өмiр сүрiп, еңбек еттi. Бұл дəуiр тарихта қараханидтер деген атпен белгiлi М.
Қашқаридың өзi де осы қараханид патшалығы əмiршiлерiнiң бiрiне туыстық жақындығы барын
айтады. Х ғасырда басқа тайпалар арасында үстемдiк алған Қарлұқ тайпалар одағы Жетiсу
өңiрiнде негiзгi түрiк халықтарынан шыққан қараханидтер, яғни Илекхан династиясының
бастауымен өздерiнiң қуатты мемлекетiн құрады. Қараханидтер мемлекетi тарихта түркi халық-
тары арасындағы алғашқы мұсылман династияларының бiрi едi. Мемлекеттiң орталығы əуелi
Баласағұнда (Қырғызстанның Тоқмақ қаласы) болады, кейiн Қашқар қаласына ауысады.
Қарақанидтер мемлекетiнiң нағыз дəуiрлеген кезi Х-ХI ғасырлар болса керек.
Бұл кездерде қараханидтер мемлекетiнiң шекарасы Жетiсудан бастап Қашқар, Бұқар,
Самарқанд қала-ларына, Сырдария бойларына дейiнгi мол территорияны алып жатқан.
Қараханид мемлекетiнiң құрамы да əрқилы болған. Сол заманда отырықшы əрi мəдениетi жоғары
болған ұйғырлар, Сырдария мен Амудария бойларындағы иран мен түркi халықтарының
арасынан шыққан қоспа тұрғындар жəне т. б. мемлекет құрамының ала-құлалы-ғын дəлелдеумен
бiрге оның мəдениетiнiң де қат-қабат сырларын аңғартқандай. Қараханидтер мемлекетiнiң
мəдениетi мемлекет құрамындағы халықтар мəдениетiнiң қосылған түрi iспеттi болған. Бұл кезде
мемлекет территориясындағы қалалар да қатты дамыған. Мемлекет-тiң халық құрамына қарай, екi
түрлi жазба əдеби тiл қалыптасқан. Бiрi - мемлекеттiң шығысында қарлұқ-ұйғыр тайпалары
батысында, Хорезм маңында, оғұз-қыпшақ тiлдерiнiң негiзiнде екiншiсi - мемелекеттiң тайпалары
тiлдерiнiң негiзiнде қалыптасқан.
М. Қашқари еңбегiнде Қараханидтер мемлекетiнiң құрамына енген түрiк тайпалары атап-
атап көрсетiлiп отырады. Қашқари түрiк нəсiлiне жиырма түрлi тайпа жатады деп көрсетедi. Осы
тайпалардың əрқайсысы бiрнеше рулардан тұратыны айтылады. ''Бiрақ ол рулар-дың
бастыларын атадым да, майдаларын тiзiп жатпадым'' деп көрсетедi. Қашқари тайпаларды екi
топқа бөлiп, батыстан шығысқа қарай орналасу тəртiбi бойынша санап шығады. Сонда бiрiншi
топқа (солтүстiк топқа): батыстағы тайпа - бегенек (печенег), онан соң қыпшақ, оғұз, иемек,
башқұрт, басмыл, қай, йабақу, татар, қырғыз жатады. Екiншi топқа (оңтүстiк топқа:) ең батыстағы
тайпа - чығыл, тухси, яғма, ырғақ, йарук, йумул (жумул) ұйғыр, қытай, таббач (табқач) жатады. Ал
соғдақ арғу (арғұн), түбүт (тибет) тайпалары бұл жерге басқа жерден келгендер деп көрсетiледi.
Түбүттер туралы Қашқари былай деп жазады: ''Түбүт - түрiк жерiнде тұратын тайпа. Киiк əтiр
соларда болады. Қылмысты болып, қаша көшiп, теңiз жолымен Чинға жетiп, сонда орнығып
қалған. өсiп-өнген, олар банисабат ұрпағы. Олардың солтүстiгiнде ұйғыр, шығысында Қытай,
батысында Кашмир, оңтүстiгiнде үндi теңiзi. Олар өз ана тiлiн əлде қашан ұмытып, түрiк тiлiне
үйренсе де, түрiк сөздерiн өз тiлiнiң заңдарына лайықтап айтатыны байқалады. Мысалы, ана
деген сөздi ума деп, ата деген өздi оба деп атайды. Арғұлар ''Диуани'' мəлiмет-терi бойынша осы
күнгi Шымкент пен Тоқмақ қалалары-ның аралығындағы кең территорияда тұрған. Сол маңдағы
тайпалар арасында олар көп уақыттар бойы үстем болған. ХI ғасырда яғни ''Диуани'' жазылған
мезгiлдерде арғұлар өздерiнiң бұрынғы басымдығынан айырылады да билiк басқа тайпаның
қолына көшедi. Сонысына байланысты арғұрлар бұрынғы мекенiн де өзгертедi.
Ал ұйғырлар негiзiнен бес үлкен қалада: Сумии, Кужу, Жанбалық, Бесбалық, Ианыбалық
(балық - ескi түрiк тiлiнде қала деген сөз) деген қалаларда тұрады деген мəлiмет берiледi.
Қыпшақтар мекенi деп Товар жəне Қашқар маңындағы бiр кiшiрек қала аталады. ''Диуани-дағы''
мəлiметтерге қарағанда олар шаруашылықпен, балықшылықпен айналысқан. Сонымен қатар сол
кезең-де қыпшақтар əлсiзденiп, ыдырап, бiразы оғыздарға, бiразы чығылдарға, т.б. тайпаларға
қосылып кеткенi де аңғарылып отырады. Ал оғұздар - түркi тайпаларының бiрi, олар түрiкмен
болып табылатынын айта келiп, түркiмендердiң жиырма екi рудан құралатынын, олардың əр
қайсысының өзiне тəн таңбасы, малға салатын ендерi барлығын, əлгi рулар өзара сол ен - таңба
арқылы айырлатынын хабар-лайды. Рулардың аттары, ен-таңбалары атап-атап көрсетiледi.
Мұндай тарихи этнографиялық мəлiметтер Қашқари еңбегiнде жиi кездеседi.
Сөздiкте берiлетiн əрбiр сөздiң тұсында (егер ол этноним, мал, құс, т.б. атауларға немесе
əдет-ғұрыптарға, салт-сана, шаруашылық кəсiпке байланысты сөз болса) мүмкiн боларлық бар
мəлiмет берiлiп отырады. Сөйтiп, Қашқари еңбегiнiң маңызды бiр жерi осы материалдарға
байланысты болып келедi. Əрине, Махмут Қашқари филолог жəне оның еңбегiде осы тұрғыда
жазылған. Еңбектiң құрылысының жинақы, жүйелiлiгi, ондағы мəселелердiң ғылыми тұрғыдан
маңыздылығы мен дəлдiгi авторды өз заманының аса iрi оқымыстысы есебiнде танытады.
''Түркi тiлдерi сөздерiнiң сөздiгi'' ең алдымен лекси-кографиялық мұра есебiнде көңiл
аударады. Қашқари сөздердi реттеп беруде өзiне тəн тəсiл қолданады. Ол ең əуелi аз əрiптерден
құралатын сөздердi бередi де, одан əрi əрiптiң санына қарай дамытып отырады. Қандай сөздердi
берiп, қандай сөздердi бермеу мақұл дегенде, сол кезеңде тайпалар тiлiнде қолданылып жүрген
яғни, актив сөздердi ғана беру керек деп мəлiмдейдi. Бұл автордың алдын-ала ойластырылған
принцип бойынша жұмыс iстегендiгiн дəлелдейдi. Ол сөздiк жасауды əйтеуiр бiлген, естiген
сөздердi тiзе беру деп қарамайды. Сонымен қатар автор тiлдiң сөздiк құрамындағы актив сөздер
мен пассив сөздердi айыра қарап, екеуiн екi түрлi құбылыс деп есептейдi. ''Түркi тiлдерi сөздерi
жинағының'' лексико-графикалық мəнi мұнымен ғана бiтпейдi. Онда антоним мен синоним сөздер,
омоним сөздер мен метафоралар, диалектiлiк сөздер бас-басына ажыратылып түсiндiрiлiп
отырады. Ал мұндай жүйеге келтiру, байқампаздық Қаш-қари заманындағы лингвистика үшiн аса
бiр iрi табыс едi. Автор ескiрген сөздердi, шеттен кiрген сөздердi сөздiкке енгiзбедiм деп
мəлiмдейдi. Əрине, бүгiнгi түркi тарихы тұрғысынан алғанда, олардың ''Сөздiкте'' берiлуi аса
маңызды iс болар едi. Алайда автор өз принципiне басынан аяғына дейiн берiк.
Сонымен қатар Махмуд Қашқари бұл еңбегiнде түркi тiлдерiнiң алғашқы
классификациясын бередi. Осы мақаланың басы жағында сөз болған түркi тайпаларын екi топқа
(солтүстiк жəне оңтүстiк) бөлiп қарауы - тюркология тарихындағы алғашқы классификациясы едi.
Бұл классификацияда Қашқари географиялық (орналасу орнына қарай) принцип қолданады.
Алғаш рет Қашқари қолданған географиялық принцип бiздiң заманымыздағы басқа да
классификацияларда да қолдау тапты. Сондай-ақ Қашқари көрсетiп кеткен кейбiр диалек-тiлiк
айырмашылықтар да кейiн түрiк тiлдерiн топқа бөлуде басты принцип болып қалады.
М. Қашқари өз заманындағы түркi тiлдерiнiң қайсы-сы қандай дəрежеде дамығанын да
айтып отырады. Оның айтуынша түркi тiлдерiнiң iшiндегi ең жеңiл тiл оғұз тайпа-ларының тiлi, ең
сындарлы, əдемiсi яғма, тухси тайпалары мен Iле, Ертiс, Едiл бойларынан бастап ұйғыр
қалаларына дейiнгi аралықта тұратын тайпалар тiлдерi. Бұлардың iшiнде де ең сындарлысы жəне
көп тарағаны - ұйғыр тiлi. Əрине, Қашқари заманында ұйғыр тiлi түрiк тайпалары-ның арасында
əдеби тiл мiндетiн атқарады. Сондықтан да ол басқа тiлдерге қарағанда көп жерде қолданылады.
Махмұд Қашқари жəне оның еңбегi ''Диуани лұғат-ат-түрк'' жайындағы қысқаша мəлiмет
осындай. Мақалада оның еңбегiнiң басты-басты мəселелерi ғана атап көр-сетiлдi. ''Диуани лұғат-
ат-түрк'' əлi жете зерттелген емес. Соның өзiнде бұл еңбектiң тiлiн бiр ғана халық тiлiне телуге
болмайды. Онда осы күнгi Орта Азия мен Қазақ-стан, Едiл-Орал бойлары, тiптi солтүстiк Кавказ
жерiн мекендейтiн барлық түркi халықтары тiлдерiнiң элемент-терi бар. ''Диуани лұғат-ат-түрк''
кiтабы тiлiнiң сөздiк қорында болса да, грамматикалық құрылысында болса да қазiргi қазақ тiлi
материалдарымен сай түсiп, кейбiр фонетикалық, грамматикалық өзгерiстерiне қарамай, мəн-дес
болып отыратын фактiлердi жиi кездестiруге болады. Мұның өзi Қашқари еңбегiн қазақ тiлiне
жақындығы тұрғысынан зерттеу жұмыстарын жүргiзудiң аса қажет екендiгiн дəлелдейдi.
Махмұд Қашқари өз заманының аса бiлiмдар перзентi болған. Оның ғылыми мұрасы -
''Диуани лұғат-ат-түрк'' - соның айқын куəсi.
Достарыңызбен бөлісу: |