4. Жүсiп Баласағұнның ''Құтты бiлiк'' дастанының
тəрбиелiк маңызы мен мəнi (1021-1075)
Көне дəуiрдегi түркi халықтары мəдениетiнiң тербелiп өскен бесiгi Шу мен Iле өзенi
аралығында ұлан байтақ өлкеден ХI ғасырда аты əлемге əйгiлi ақын, философ, қоғам қайраткерi
Жүсiп Хасхаджиб Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсiп жыл қайыру дəстүрi
бойынша санағанда барыс жылы (яғни 1021 жылы) туған. Жүсiп туралы жазба деректер көзiн
ақынның өз шығармасы ''Құтты бiлiктен'' ғана табамыз. Ақын дастанын жасы елуге келгенде он
сегiз ай iшiнде жазып бiтiргенiн айтады. ''Құтты бiлiк'' дастаны (''Бақытқа жеткiзушi бiлiк'') түркi тiлдi
туысқан халықтардың бiзге келiп жеткен дүниежүзiлiк мəнге ие бiрден-бiр жазба əдеби ескерткiшi.
ХI ғасырға дейiнгi жазба əдеби тiлдiң даму жолдарын бiлдiре алатын асыл мұраларының бiрi.
Жүсiп өз заманындағы ғылым саласымен толық танысып кемелденген шағында ''Құтты
бiлiк'' тəрiздi классикалық шығармасын жазуға бет бұрды. Араб, парсы тiлдерiн жақсы бiлумен
бiрге өз ана тiлiн де терең меңгерiп, бар байлығын бойына дарытқан Жүсiп ана тiлiнiң көркемдiк
қуатын əлемге таныту бағытын ұстады. өз тiлiн менсiнбей араб, парсы тiлiнде сөйлеу, шығарма
жазу сияқты сырттан таңылған қорлық салты үстем кезде өз ана тiлiнде көркем шығарма жазу
дəстүрiн қалыптастырып кетуi - соның тарихи еңбегi.
''Құтты бiлiк'' - ХI ғасырға дейiнгi түркi тiлдi халықтардың қоғамдық ой санасында орын
алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған энциклопедиялық қуатқа ие көркем туынды.
Абай шығармаларында жүйелi түрде мол таралатын мораль философиясы жайлы ой
толғаныстардың iшкi төркiндерi əсiресе ондағы жуан мəртлiк жөнiнде айтылатын пiкiрлерiмен
iштей iлiктестiк табатын рухани қазына көздерiнiң бiрiне - ХI ғасырда қазақ жерiнде жазылып,
дүниеге келген ''Құтты бiлiк'' дастаны. Бұл ойымызға айғақты дəлел ретiнде екi түрлi себептi еске
алмақ керек. Оның бiрi - Абайдың ақындық кiтапхана- сының қорында Жүсiп Баласағұнның атақты
дидактикалық дастаны ''Құтты бiлiктiң'' де болғаны жайында ақынның немере iнiсi Мұтылғанның
жазбаша дерегiне сүйенемiз. Дастандағы жəуан мəрттiлiк жайлы пiкiрлер желiсiмен Абайдың 17,
38-қарасөзi мен ''Ғылым таппай мақтанба'', ''Əсемпаз болма əрнеге'' т.б. өлеңдерiндегi ойлардың
iлiктес, төркiндес келiп жатуы, тамыры тереңде жатқан рухани туыстық танытқандай нақтылы
ұғымдармен ұштастырады.
М. Əуезов те бұл дастанға көп көңiл бөлген. Москва универститетiнде оқыған лекциясында
осы дастанға арнайы тоқталып, талдау жасап, пiкiр бiлдiрген. Бұл аталған деректер тобы ''Құтты
бiлiк'' пен қазақ əдебиетiнiң байланысы жайлы арнайы зерттеу жұмысын жүргiзудi қажет етедi.
''Құтты бiлiк'' ХI ғасырда өмiр сүрген түркi тайпа-ларының бəрiне түсiнiктi əдеби тiл негiзiнде
жазылуы себептi, оны əр дəуiрде мəдениетi мен ғылымы үдере даму жолына түскен түркi тiлдi
бауырлас халықтардың бəрi де ортақ мұра ретiнде зерттеп, ғасырлар сырына қаныға бермек.
Мақсат - əр халық осы ұлы мұрадан пiкiр суыртпақтап, өзiнiң рухани өзектi желiсiн тарта бiлуiне
кеп тiреледi.
Музыкант отбасында туғандықтан музыканы, күй тартып, өлең айтып, нақышты музыка
сазын лез бойына толық дарытқан. Баласағұнның бiзге жеткен ең iрi туын-дысы түркi тiлiнде
жазылған 13 мың жолдың Ғибрат - өнеге поэмасы. ''Құтты бiлiк'' 1069 жылы жазылған. Бұл -
саясат, өнеге, тəрбие жөнiнде толғаныс тапқан, үлкен тəрбиелiк мəнi мен маңызы бар, тағылымы -
терең, философиялық трактат.
Баласағұнның адамның дамуы, жеке адам басының жетiлуi, өсуi тiкелей тəрбиенiң жетiстiгi,
ол адам табиғатына байланысты бола отырып, оның тарихи дамуының үстiнде үнемi өзгерiске
ұшырайтынын анықтады. Бұл пiкiр ХIХ ғасырдың 40 жылдарынан басталған жəне 60 жылдар
үстiнде дами түскен Еуропа педагогтары мен сол жылдардағы прогресшiл-орыс педагогтарының
пiкiрiмен үндес келедi. Баласағұн - философ ретiнде жəне тəрбиелiк тағылымға толы-педагог
ретiнде артына өшпес мұра, тəрбиелiк дəстүр, өнеге қалдырған адам. Оның үйретуiнше, адамның
жетiлiп қалыптасуы, оның iшiнде жастар тəрбиесi - қоғамдық жағдайлардың, айнала ортаның
ықпалымен, оң əсерiмен тəрбие арқылы жəне адам табиғатын туысынан - дүниеге келумен бiрге
болатын қасиеттер арқылы қалыптасады. Оның iшiнде адамнан өсiп-жетiлуiнде, оның дүниеге
келуi мен iлесе келетiн қажеттi кейбiр сапалар мен қасиеттердiң болатындығын мойындады. өзiнiң
''Құтты бiлiк'' деген еңбегiнде бұл қасиеттер мен сапалар даяр күйiнде бола салған адам
ақылының мiнез-құлқының дарындылықтары емес, ол туыстан iлесе жүретiн ерекше-лiктер сол
дарындылықтардың дамуына себепкер ғана бола алады. Бұл нəсiлдiк ерекшiлiктер адамның өзi
өмiр сүретiн қоғамдық жағдайлар арқылы жəне сол адамның қабыл-дайтын тəрбиесi, тəрбиенi
жүзеге асыратын -еңбек арқылы сақталады жəне жетiледi - деп үлкен философиялық тұжырым,
педагогикалық мəндi тағылым жасаған адам. Баласағұн орта, айнала дүние, əлем, қоршаған орта
мен өмiр деген ұғымдарды жете қолданған. Ой-тұжырым-дарына қарағанда сол ұғымның
барлығы қазiргi қоғам - деген мағынаға, ой жүйесiне, пiкiрге толық сай келедi. Ол еңбектi сол
кездегi, өзi өмiр сүрген ортадағы, қарым-қатынас құралы - деп пайдаланған.
Баласағұнның тəрбие тағылымының бастауы болар-лықтай мына бiр пiкiрiн келтiруге
болады: ''Тəрбиенiң барлық ұждағаттылығы, саласы мен түрi... өзара ұйымдас-қан, ұйымшыл тату
да тəттi адамдар құрамының, тобының - жетелi адамдар тобының, зерделi адамдар құрамын
толықтыратындай биiкке көтерiлуi қажет. Тəрбие өз кезегiнде, əсерi мен ықпалында -
мирасқорлы'', пайдалы еңбектiң көзi болуы шарт - деп ой түйедi Баласағұн. Бұл үлкен өсиет.
Бүгiнгi педагогикалық тұрғыдан алғанда үлкен ұжым тəрбиелейтiн, педагогиканың бала тəрбие-
сiндегi басты мақсаты мен мiндетiн айқындайтын əдiс еңбек тəрбиесiн ұйымдастырудың негiзгi
десе де болады. Сондай-ақ, бұл еңбек пен тəрбиенiң педагогикалық негiзi, теориясы деуге толық
болады.
Баласағұн рубайларының тəрбиелiк тағылымы негiзi-нен үш сатыға бөлiнедi. Бiрiншi -
əрбiр жеке адамның бiлiмдi болуы. Бiлiмдi болу үшiн оқу қажет. Екiншi - барлық байлық,
молшылық - ол үшiн еңбек, кəсiп, адалдық, тазалық, қажет. үшiншi - əлеуметтiк, табиғи күштiлiк -
ол үшiн бiрлiк, достық бостандық керек.
''Құтты бiлiк'' дастанында үйленудiң, ұл-қыз өсiрудiң қиыншылығы көркем суреттелген.
Автордың ойынша егер ұл-қызың жаман болса төрдегi басыңды көрге сүйрейдi. Ал, өзiңе ұқсап
туған жетелi бала сенiң түрiңдi, бет-бейнеңдi жоғалтпаумен қатар, туған тiлiңдi де болашақ-қа
жоғалтпай апарады:
''Егер, ұл-қыз жақсы болса, зерделi,
Айтқаныңнан айнымай дəл келгенi.
Егер жаман болса, сенi ұлытар,
өзiң өлсең - тəрк етер де ұмытар.''
(3377, 3378 - бəйiттерi) Қараханидтер дəуiрiнде отанды қорғау, елдi басқару, жұмыстың ең ауырын
атқару, отбасын асырау, бала-шаға мен ата-анаға қамқорлық жасау, т.б. негiзгi жұмыстар ерлердiң
еншiсiнде болған. Сондықтан бiлiмдi де бiлiктi, iзеттi де жүректi ұл өсiру əкенiң назарынан тыс
қалмаған. Жүсiп Баласағұн дастанында əке тəрбиесiне аса көңiл бөлген:
''Бейбастақ қып өсiрсе ұлдың қылығын,
Кiнəлi əке, жазығы жоқ ұлының'' -
деп ақын ұл бала үшiн Əке тəрбиесiнiң орнын ешкiм толтыра алмайтындығын айтады. Əке
əрқашанда балаға бағыт-бағдар, үлгi-өнеге болып, ұлға, ерлерге тəн мiнез-құлық
қалыптастырады.
Ж. Баласағұнның:
''Ұл өсiргiң келсе дана жүректi
Қатты ұстап: үйрет бiлiм, iзеттi.
Кiм ұл-қызын шолжаңдатса бетiмен,
Тартар күйiк, ет кескендей етiнен''.
деген ой-тұжырымдары бүгiнгi педагогика ғылымының негiзгi шарттарына сəйкес келiп жатыр.
Ақынның ойынша жақсы əке болу қиынның қиыны. Əке неғұрлым күштi, батыл, кiшiпейiл,
жұбайына адал, балаларына мейiрiмдi болса, соғырлым үй iшiнде, ауыл-аймағында беделдi
болады.
Егер ана табиғи ерекшелiктерiне байланысты үйдегi тəрбие жұмысында көбiнесе сезiмге,
эмоцияға жүгiнсе, ер кiсi бала тəрбиесiн ақылға салып, салқынқандылық танытып, сезiмге бой
алдырмай өмiрiмен байланыстыра жүргiзедi. Əкелiк сезiмнiң ең негiзгiсi - жауапкершiлiк сезiмi.
Осы сезiмдi болашақ үй иесi болатын ұл балада қалыптастырудың мəнi үлкен. Сонымен қатар ұл
баланы ағайын-туыстарға, ата-анаға, iнi-қарындастарға қолқабыс жасауға үйретiп, оның бойына
ерлiк, батылдық, тəуекел-шiлдiк сияқты ер адамға тəн қасиеттердi сiңiру керек.
Жүсiп Баласағұн жетесiз ұлдан жетелi құл артық, пайдасыз ұл жаудан жаман дей келiп,
ата-аналарға мынадай кеңес бередi:
''Ұл-қызыңа үйрет бiлген бiлiмдi
Қолыңа ұстат кеудеңдегi күнiңдi.
Сонда ұл-қызың адамдықтан таймайды
Көңiлi - таза, көзi шоқтай жайнайды''.
Сонымен қатар тəрбиенiң күшiне шүбəсiз сенген ақын:
''Балам бiлiм жолын қусын десеңiз,
Бесiгiңде ақ iлiм шоғын көсеңiз...
Бiлiм үйрет сəбиiңе сарыла,
Уыздай ұйып, сүттей сiңiр қанына!
Сəбиiнде көкiрекке түйгенi
өлгенiнше санасында жүредi!''.
деп педагогикалық ой түйедi. Оқу-тəрбие iсiнде балғын жастық табиғатын түсiнуге жетелейдi.
Баланың ақыл-есiнiң, мiнез-құлқының ерекшелiктерiн еске алмайтын, олардың бəрiн бiр қалыпқа
сыйғызу тəжiрибесiнен аулақ болуға шақырады. Ұлы ойшылдың салиқалы педагогика-лық
пайымдаулары ұрпақ тəрбиелеуде əркез есте ұстайтын тағылымдар екендiгi сөзсiз.
5. Ибн Сина еңбек пен еңбек тəрбиесi туралы
( 980-1037)
Ибн Сина - ұлы гуманист. Ол еңбекке, еңбек етуге, еңбек тəрбиесiне гуманистiк, қоғамдық
тұрғыда қарайды. Ол өзiнiң практикалық iсiне ақылдылық пен ұстаздық тұрғысынан қарап, сол
тұрғыда еңбек туралы былай деп тұжырым жасайды: ''Егер қоғамдағы жұмыс-қа жарамды барлық
адам түгелiмен пайдалы еңбек етсе, онда тiптi жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап
бағуға, болады. Ол тек еңбектiң тазалығы мен халықтығын талап етедi'' - деген. Мұны өзiнiң
рубай-ларында атап көрсетiп кеткен. Ол өзi өмiр сүрген кезең үшiн - қоғамдық пайдалы еңбек пен
еңбек адамдары-ның өзара қайырымдылығы мен мейiрiмдiлiгiн ұдайы ұштастырып отыратын
еңбектiң тəсiлi мен бөлiнiсi болуын уағыздады. Ол туралы еңбек заңын жасауды қажет деп
санады. Осының барлығы дұрыс ұйымдас-тырылған жəне əдiлеттi құрылған қоғамда /мемлекетте/
пайдалы еңбекпен шұғылданбаған немесе өзiнiң орнын таппаған бiрде-бiр адам болмауға тиiс.
Ол қоғамның барлық мүшесiнiң белгiлi бiр кəсiппен шұғылдануын талап еткен. Осы ретте ол
қоғамдық жəне ортақ пайдалы еңбек, қоғам үшiн де жеке адам үшiн де пайдалы деген ой түйедi.
Ибн-Синаның мемлекетке, ''жалпы'' адамзатқа ''арналған'', жеке адамдар санасын, бiлiмiн,
оқып үйрену, тəрбие алу үшiн арнаулы қаржы /қор/ бөлуге тиiс деген тұжырым жасаған. Бұл қаржы
халық арасынан жина-латын алым-салықтан, мемлекеттiк меншiктерден, мекемелерден түсетiн
өнiммен жиналуы керек, - деп сол орта ғасырлық дəуiрге дейiн үлкен ұстаз екенiн көрсете бiлдi.
''Ортада'' жиналған қаржылар жұмысқа жарамай-тын мүгедектерге, қарттарға, ауруларға жəрдем
ретiнде берiлсе, ел қорғаушы, тəртiп сақтаушы, жауынгерлерге жастарды ''тəрбиелеушi''
ұстаздарға, үйретушi адамдарға жалақы ретiнде төленуi тиiс - деген Ибн Синаның бұл ойы, оның
үлкен экономист екенiн дəлелдейдi. Адам-дардың денсаулығы - айнала ортаға, экологияға бай-
ланысты да оның айтқандарының зор тарихи маңызы бар. Оның ''жеке адам'' туралы
тағылымдары адамның бойына адамгершiлiк, еңбек, тəрбиелiк қасиеттерi оны ұлағатты ғалым,
ұстаз тəрбиешi қатарына қосады. Дəлiрек, айтсақ, мемлекеттiк қор ''Жалпы халық игiлiгiне
айналсын, соларға жұмсалсын - деген пiкiр мемлекеттiк, жалпы халыққа бiрдей бiлiм берiлсiн,
бiрдей тең оқысын деген пiкiрлермен ұштасады. Бұл да оның ағартушылық көз-қарасын
дəлелдейдi.
Адалдық, ақылдылық, адамшылық,
Қайырымдық, мейiрiмдi, жанашырлық.
Тəрбие, оқу, сана-бiлiмдарлық,
Үшеуi ұлғатқа жол ашарлық.
Мiне, Ибн-Сина бiр адамның бойынан осыншама қасиеттiң табылуын еңбек, оқу, тəрбиеден
iздейдi. Нақыл, ұстаздық, ұлғаттық өсиеттерi осы жоғарыдағы даналықтан туындатады.
Ибн-Сина Əл-Фарабидi ұстаз тұтқан. Фарабидi еске алу шағын жəне ұстаздық пен
тəлiмгерлiк туралы, ол былай деген: ''Тəлiмгер табиғатына өзiмшiлдiк, қара басының қамын ойлау
жат. Нағыз тəлiмгер өзiне даңқ, атақ iздемейдi, керiсiнше, өз шəкiрттерiнiң болашақта ұлы
еңбекқор, ойшыл, ғалым болғанын жан-жақ тəнiмен қалап, сол үшiн бар өмiрiн сарп етуге даяр
тұрады. Тəлiмге жұтаңдық адамзат баласына жат, бiлiм тiршiлiк - өмiр бұлағы'' - деген екен. Еңбек
туралы айта келiп, ол еңбек - адамзат тiршiлiгiнiң, əрбiр жеке адамының, жеке тұлғаның рахаты,
көретiн қызығы, тыныс тiршiлiк қоры - деген. Мiне, көрiп отырғанымыздай сан ғасыр өтсе де Ибн-
Сина айтқан тəлiмгерлiк, ғұламалық өзiндiк iлiмi мен үлгiлi ойы бүгiнгi, бұдан кейiнгi болашақ
ұрпаққа берiлген ақ бата, таптырмас тəлiмгерлiк тағылым. Ол айтқан тəлiмгерлер - бүгiнгi
оқытушы, мұғалiм, тəрбиешi-лер. Ендеше, осылардың тəрбиелiк, еңбектiк, ұстаздық жолының
жемiсiн, кең даңғылының арнасын ашып көрсеткен Орта Азияның дана ғалымы Ибн-Сина.
Ақыл-ойдың құдiреттi күшiне кəмiл сенген ғалым. Бұлардың екеуi де еңбектiң, еңбек
тəрбиесiнiң, жалпы тəрбие тағылымының нəтижесi, жемiсi, - деп қарастырады. Еңбегi бардың
өнбегi бар қағида, тағылым еңбек үлгiсiн Ибн-Сина қалдырған тағылым көрiнедi. Ұлы Абайдың да
тəрбие мен еңбек тағылымдарының Ибн-Синамен сабақтас жерiнiң бар екенiн аңғаруға болады.
Мысалы, Абай өмiр сүрген тұста қазақ елiнiң өндiргiш күштерi тым мешеу едi. Қазақтың ол кездегi
кəсiбi мал бағу ғана болды. Сол кезде малы аз кедей мен малы жоқ жалшыда көп болатын.
Олардың бəрiне бiрдей еңбек кəсiбi жетiс-пейтiн. Бұлардың жалақысы тапқан тағамынан
артылмайтын. Бұлардың өте ауыр халiн Абай ''Қараша желтоқсан мен сол бiр екi ай'' - деп
басталатын өлеңiнде реалистiк тұрғыда сипаттайды. Ауылда атқаратын еңбек жоқ кедейлер мен
жалшыларға Абай: ''Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, малың болса сыйламай тұра алмас
ел'' - деп ақыл бередi. Абайдың еңбектiң маңызы мен мəнiн көрсетуде Əл-Фарабиден кейiнгi
ғұлама ғалым Ибн-Синаға ниеттестiктен ұстаз тұтқандықтан туған өлеңдер екен. Ибн-Синада
жалшылық пен кедейлiк Орта Азияны мекендейтiн барлық мұсылман елiне тəн құбылыс деп одан
құтылудың бiрден-бiрi дұрыс жол еңбек етуде, еңбек бөлiнiсiн жолға қою - деп қинала жазған екен.
Ибн-Синаның даналығы: ''Табиғат жер бетiндегi бақыттың, байлықтың көзi. Бұл көздi
реттеу, иемдену үшiн табиғатты бiлу керек, ол үшiн бiлiм мен таза еңбек қажет дедi.'' Бiз Х ғасыр
алдында өмiр сүрген Ибн Сина еңбек пен еңбектiң маңызын, бiлiмiн, тəрбиелiк тағылы-мын ерен
биiкке көтергенiн көремiз.
6. Фирдауси Əбiлқасымның - əлемдiк тəлiмi
Фирдауси Хорасандағы Табахан мекенi, қазiргi Фердаус қаласында дүниеге келген. Парсы-
Тəжiк халқы-ның ұлы ақыны. Қатардағы шаруа отбасында дүниеге келген. Бiлiмдi үйiнде алып,
парсы, араб тiлiн, тарихын терең бiлген. Фирдауси - оның бүркеншiк аты, мағынасы ''жұмаққа''
деген ұғымды аңғартады. Шығармаларын осы есiммен жазған. Ирандағы Сасани əулетiне тəн
тарихи Хроника жанрында жазылған ''Патшалар кiтабы'' (Хватай наман) негiзiндегi мəлiметтерге
сүйенiп, Фирдаусиге өз ''Шаүнамасын'' жазуға парсы ақыны Дакини кеңес бередi. Дакини бастаған
осы ұлы iстi əрi қарай жалғастыруды Фирдауси қолға алады. Ол өзiне дейiнгi жазба деректерге
сүйенiп, əрi өз бетiмен көне мифтiк мағлұматтар мен эпос-тық аңыздарға, халық санасынан орын
алған деректердi, шежiрелердi сұрау салып iзденедi. өзi жазған ''Шаүнамаға'' Сасани əулетiнiң
тарихи хроникасында жоқ Систан елi мен Рүстем жайлы зор аңыз жырларды тыңнан қосады.
Рүстем образы кейiнен бүкiл əлем əдебиетiндегi ең таңдаулы ұнамды кейiпкер бейнесiне
айналып кеттi. Фирдаусидiң ''Шаүнамасы'' үш саладан тұрады. 1. Мифо-логиялық - бұл бөлiм
мифтiк, космогониялық аңыздар мен зороастризм дiнiнiң қасиеттi кiтабы ''Авестадағы'' кейбiр
деректердi қамтиды. 2. Ерлiк, батырлық бөлiмiнде Систан батырлары мен Рүстемнiң қаүармандық
iстерi арнайы жырланады. 3. Тарихи бөлiмiнде Дари, Ескендiр т. б. тарихи адамдар сөз етiледi.
Осы саланың бəрiнде иран, туран халқының басынан кешкен төрт мың жолдық тарихи оқиғалары
тұтастай шығарма желiсiне сiңiрiлген. Дастанда елу патшаның өмiр тарихы суреттелгендiктен
Фирдауси шығармасының атын ''Шаүнама'' деп атаған. Шаүнаманың көлемi 110 мың өлең
жолдан тұрады. Мұны ақын 35 жыл бойы жазған. Шығарманың көлемi орасан зор болсада, ол
бастан аяқ он бiр буынды мутакариб өлшемiмен жазылған.
''Шаүнама'' Еуропаға XVIII ғасырда тарап зерттеле бастады. 1829 жылы Калькутта
қаласында ағылшын оқымыстысы Т. Мокан 17 түрлi қолжазба нұсқаға сүйенiп, ''Шаүнаманы''
төрт том етiп бастырды. 1838-78 жылдар аралығында Француз ғалымы Ж. Молб Парижде 30 түрлi
қолжазбаға сүйенiп жарыққа шығарды. 1877-84 жылдары немiс ғалымы И. А. Вуллерс
жариялады. XIX ғасырда ''Шаүнаманың'' бiр бөлiмiн ''Рүстем-Зорабаты'' орыс ақыны В. А.
Жуковский немiс тiлiнен орыс тiлiне аударып бастырды. Фирдаусидiң мың жылдық мерей тойына
байланысты ''Шаүнама, ХIII-XIV ғасырдағы қолжазбаның негiзiмен салыстырылып, 1960-71
жылдар аралығында 9 том болып жарияланды. ''Шаүнаманың'' өлеңмен, қарасөзбен жазылған
нұсқалары Орта Азия мен қазақ елi арасына көп тараған. Қазақ əдебиетiнiң классигi Абайдан
бастап, кейiнгi буын ақындардың (Ораз Молда, Майлықожа, Шəдi Төре, Тұрмағанбет т. б.)
шығарма-ларында шығыстық сюжеттердiң ену дəстүрi молынан кездеседi. Ораз Молда, 1856-70 ж.
''Шаүнаманың'' көлемдi үш аудармасын жасады. ''Шаүнаманы'' қазақ тiлiне аударуда Тұрмағамбет
Iзтiлеуов зор еңбек сiңiрдi. Оның аудармасы үш бөлiмнен: (''Жамшид-нама'', ''Рүстем-Дастаны'',
''Дарап-нама'') жəне 40 мың өлең жолынан тұрады. Осылардың iшiнен ''Рүстем-дастан'' ғана алғаш
рет 1961 жылы жарық көрдi.
7. Низами Гəнжауи тағылымы - тəрбие тəлiмi
Азербайжан ақыны əрi ойшылы Низами Гəнжауи 1141 жылдар шамасында туған.
Еңбектерiн парсы тiлiнде жазған. өз заманы үшiн едəуiр бiлiм алды. Жас кезiнде лирикалық
өлеңдер жазып көрдi. 1173 жылы Аппақ атты қыпшақ қызына үйленiп, көп өлеңдерiн соған
арнаған. Низами Гəнжауидың негiзгi шығармасы ''Хомсе'' (Бес кiтап''). Оған ''Құния қазына'' (1173-
80), ''Лəйлi мен Мəжну'' (1188), ''Жетi ару'' (1197), жəне ''Ескендiрнама'' (1203) атты бес дастаны
кiредi. Лирикалық өлеңдер жинағының (динаванның) жекеленген бөлiмдерi 6 қасида, 116 ғазел, 20
рубай сақталған. Низами дастандары композициялық құрылысы, сюжет тартымдылығы көркем
тiлi, биiк гумманистiк идеясымен ерекшеленедi. ''Құпия қазына'' - дидактикалық-философиялық
поэма. Ақын онда өкiмет басшыларын əдiл болуға, қармағындағы халқына қамқорлық жасауға
шақырады. Поэма дiни сарында жазылғанымен негiзiнен гуманистiк мақсатты көздейдi. ''Хұсрау
мен Шырын'' поэмасында Хұсрау Шаүхтың Шырын сұлуға деген махаббаты суреттелген.
Шығармада басты кейiпкер ретiнде Шаүх емес, əйел бейнесi алынған. Автор Шырынды ғажайып
қасиет иесi етiп көрсетедi. Поэмада ерлiк пен адамгершiлiк үлгiсi ретiнде Фаррүад суреттелген,
''Лəйлi-Мəжнүн'' поэмасы екi араб аңызының сюжетi негiзiнде жазылған. ''Жетi ару'', Баүрам Гоур
шаү жөнiндегi аңызға негiзделген. Поэма Баүрам Гурдiң жеңiл мiнездi Шаүзададан бiртiндеп
ақылды да əдiл патшаға айналуы, жолсыздық пен зұлымдыққа қарсы күресi суреттеледi. Автор
халықтың ауыр тұрмысын, қайғылы халiн көрсетумен бiрге сарай маңындағылардың қорқаулығы
мен зұлымдығын əшкерлейдi. Соңғы поэма ''Ескендiрнама'' деп аталады. Автор бұл поэмасын өз
творчествосының қортын-дысы - деп санайды. Низами Гəнжу творчествосы кейiнгi дəуiрлерде,
шығыстың көптеген ақын-жазушыларына елеулi əсер еттi. 13 ғасырдан бастап Низами
поэмаларына елiктеп жазылған ондаған шығарма пайда болды. Мысалы, оған Əмiр Хұсрау
Дехлеун, Ə. Науаи, Ə. Жəми Каши тағы басқалардың дастандарын жатқызуға болады. Низами
шығармалары қазақ елiне көптен мəлiм. Оның дастандары ерте кездiң өзiнде-ақ қазақ арасына
ауызша жəне жазбаша түрiнде кеңiнен таралған. Низами Гəнжауи негiзiнде Абай ''Ескендiр'' атты
поэма жазып, ұлы ақынның идеяларын одан əрi дамыта түстi. Совет өкiметi жылдарында Низами
творчествосы Қазақстанға кеңiнен тарады. Оның ''Лəйлi-Мəжнүн'' дастаны қазақ елiнде бiрнеше
кiтап болып басылды. Ақын шығармасы жөнiнде қазақ ғалымдары М. Əуезов, Е. Исмайлов, А.
Нұрқатов т. б. мақалалар жазды.
Низамидың тəрбие тағылымдарында - халықтық тəрбиенiң əсерлi құралы ретiнде
халықтың ауыз əдебиетi мен өз халқының тарихына, жазба əдебиетi мен ана тiлi негiзгi оқу пəнi
болуға тиiс дедi. Ол өз шығармаларында поэма мен дастандарында - тəрбиенiң негiзi жалпы
адамгершiлiк деп есептедi. Адамгершiлiк - ақыл мен еңбек-тiң, оның iшiнде еңбек тəрбиесiнiң
жемiсi мен нəтижесi деп уағыздады. Жастар махаббатын жырлау арқылы адамгершiлiк,
эстетикалық тəрбиенiң негiзiн салды.
Ғұлама Низами - адамды жетiлдiрудегi тəрбиенiң рөлiне ерекше мəн бердi. Олар ең
алдымен өз кездерiндегi ресми педагогикада - айнала ортадағы өзiндiк болып жатқан
ағартушылық, тəрбие мен оқу процесiнiң көрiнiс-терiндегi орын алып келген баланың дами отыра,
жетiле алатын мүмкiндiктерiне сенбестiк туғызатын көзқарас-тарға қарсы шықты.
Орыстың ұлы ойшылы, сыншы, революцияшыл-демократ, революцияшы-демократиялық
педагогиканың негiзiн салушы В. Т. Белинский - өзiнiң 1829 жылы жазған ''Ойлау'' атты тəрбие
жөнiндегi шығармаларында: ''Тəрбие-нiң əсерiмен адам Сократтай терең ойлы, iзгi жан, Фирдауси
мен Низамидей тəрбиенiң тегiн терең түсiнген - ғұлама, тəрбиенiң күшiмен ''Лəйлi мен Мəжнүн''
мен ''Шаүнамадай'' ұлы шығарма туғызған iрi тұлғалар туады - деп көрсеткен болатын. Сондай-ақ
Белинский бұл ғұламалардың тəрбие тағылымдарын талдай келiп, өмiр тағдыры осы тəрбиеге
тəуелдi, тəрбие адамның бiрiншi мұраты деп, оның рөлiн шетiнен асыра бағалады. Мысалы,
Низамидiң лирикалық шығармалары ғасыр бiткен сайын, дəуiр өзгерген сайын жаңарып, үлгi
ретiнде қабылданып келген, кейiнгi ғасыр-ларда туған лирикалық поэмалар мен дастандар,
''Қызжiбек пен Төлеген'', ''Қозы мен Баян'' осы ''Лəйлi мен Мəжнүн'' негiзiнде жазылған. Бұл
шығарма ''Лəйлi мен Мəжнүн'' бүкiл Орта Азия мен Қазақстанның Кавказ халықтарының төл
туындысына айналып келген.
Низамидың қай шығармасын алсаңыз дене еңбегi, оның iшiнде еңбек тəрбиесi адамнан
ажырамайтын, адамның күнделiктi тiршiлiгiнiң негiзгi борышы делiнедi. Бүгiнгi педагогикалық еңбек
тəрбиесi туралы ой-жүйесi бостандықты, əйел теңдiгiн, езгiден құтылу, жеке адам-ның қол
өнершiлдiгi, кəсiпкерлiгi, ауыл шаруашылық еңбегiнiң салалары, əр түрлi мамандықты меңгерудiң
қажеттiлiгi жатыр делiнген. Олардың түсiнiгiнше мамандық - жақсы тұрмыс, молайыр өмiр сүрудiң
өзiнiң бостан-дығын да қорғай алады.
Низамидiң ''Лəйлi мен Мəжнүндегi'' жеке адамдар-дың бас бостандығы, əсiресе əйел
теңдiгiмен оның бостандығы, жастардың арасындағы арақатынастық пен махаббат тақырыбы -
бүгiнгi адамгершiлiк, ақыл-ой, еңбек пен еңбек тəрбисiнiң бастауы - негiзгi сiлемi.
Низамидың тағылымдары, өзi өмiр сүрген ортадағы ой-пiкiрiн, бүгiнгi тұрғыдан талдасақ,
оның шығарма-ларындағы бiлiм мен тəрбиенiң бүкiл жүйесiнiң өзегiндегi принцип-тəрбие мен
бiлiмнiң халықтығы болуға тиiс. Халыққа деген сүйiспеншiлiк, бұл сүйiспеншiлiктi сол халықтың
бағыттылығы жолындағы күреспен ажырамас-тай байланыстыру - ғұламалардың артына
қалдырған негiзгi педагогикалық идеясы едi. Олар бұл үшiн өз халқы-ның өмiрiнен алшақ кетпей
алдыңғы қатарлы мəдени қазынаны халық бұқарасының рухани өмiрiнен азық етудi, сол жолда
өмiр бойы адал қызмет етудi қатты талап еттi. Низами тағылымдарын сұрыптайтын болсақ: өз
жерiмiз-ден, өз айналамыздан дəуiрiмiздiң алдымызға қойған сұрақтарын сұрыптап алып, сол
сұрақтарға қанағат-танарлық толық жауап беру бiздiң басты мiндетiмiз - деген тұжырым жасауға
болады.
Фирдауси мен Низами мұраларын ғасырдан ғасырға дейiн жалғастырып, бiздiң дəуiрiмiзге -
дейiн алып келген Жүсiп Баласағұн, Ахмед Яссауи, Əлiшер Науай, Омар Хаям, əл Бозажани, əл
Бируни, əт Туси, Мақтымқұлы, əбу Бəкiр əн Наршаү т. б. болды.
Қазақ жерiне таратқан, тұңғыш таныстырған Абай мен Абай мұрасын зерттеушiлер болды.
Мұхтар Əуезов 1926 жылы жазған ''Қаракөз'' пьесасын - ''Лəйлi Мəжнүн'' негiзiнде жазған. Демек,
Фирдауси мен Низами туынды-ларының ауқымы кең - бұлар Кавказ бен Азиядан басталып бүкiл
Қиыр Шығыс елдерiн қамтыған мол мұра.
8. Мұхаммед Хайдар Дулати тəрбие жəне еңбек тəрбиесi туралы
(1499-1551)
Белгiлi тарихшы, əдебиетшi, Моғолстан мен Орта Азияға тарихы жөнiндегi аса құнды
түпнұсқа болып саналатын - ''Тарихи Рашидидiң'', ''Джаханнама'' дастанының авторы.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың балалық шағы Темiр əулетi мемлекеттерiнiң күйреуi,
Моғолстанның ыдырауы жəне қазақ хандығының өркендеу дəуiрiмен тұтас келедi. Сұлтан Махмуд
хан мен Мұхаммед Шайбани ханның феодалдық соғыстары кезiнде, туыстары, оны Кабулдағы
Бабырға жiбередi. Бабырдың айтуы бойынша Мұхаммед Хайдар Дулати жан-жақты бiлiмдi адам
болған. Сол кездегi саяси оқиғалар мен қайраткерлердi, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия,
Моғолстанның өткен тарихын, əсiресе халықтың дəстүрiн, оқу-ағарту мəселелерiн, тəрбие
тағылымдарын жақсы бiлген. Тəрбиенi ''Бабырнама'' негiзiнде құрды, ең бастысы тарихын, сол
дəуiрдегi əрбiр халықтың ұлт-дəстүрiн, қоғамдық-құрылысты, тарихи - тəжiрбиенi, саяси-ақуалды,
ұлттық тəрбиенi -халықтық педагогика /ол кездегi ата-бабалық тəрбие деп түсiнген/ негiзiнде
жүргiзудi уағыздаған.
1541-1546 жылдары Кашмирде ''Тарихи Рашидидi'' жазды. Ол бұл еңбегiнде
қазақтардың /өз тайпасы Дулат-тардың/ өткенi жайлы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен əңгi-мелер,
алғашқы қоғамдағы еңбек процесiнiң құрыл-ғандығы, феодалдық қоғамдағы таптық тəрбиенiң
пайда болуы, Моғолдардың аңызы, туралы жырлар, Моғол хандарының əлеуметтiк-тəрбиелiк
үстемдiгiмен хандардың оқу, тəрбие iсiндегi дара ерекшелiктерi, олардың еңбек бөлiнiсi, дəуiрдiң
тəрбиелiк ерекшелiктерi қарастырылды. Əсiресе, еңбек, еңбек ету, еңбек тəрбиесi туралы бұрынғы
тəжiрбиелер мен соңғы деректердiң тарихи жəне тəрбиелiк мəнi келтiрiлдi/, еңбек парсы тiлiнде
жазылған/. Автор өзiнен бұрынғы белгiлi ғалымдар - Жувейнидiң, Жамал Қаршидiң, Рашид ад-
дидiң, Ходдолла Казвинидiң, Шарафаддин Əли Иоздидiң, Абдуразақ Самарханидiң т/б. тарихи
шығармаларын пайдаланды. Олардың əрқайсысының өмiр сүрген дəуiрiнде еңбек ету, еңбек
тəрбиесiнiң қойылысына, еңбектiң қоғамдағы орнына талдау жасаған. ''Тарихи Рашиди де'' қазақ
хандығының құрылғаны жəне одан кейiнгi Жетiсу мен Дештi қыпшақ-тағы оқиғалар, тарихи
тəжiрибе мен тəрбие тағылымдары, сол кездегi педагогикалық ой-пiкiрлердiң пайда болуы мен
дамуы талданып жазылады. Сондай-ақ, еңбекте Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар,
сыртқы жауға қарсы қазақтар мен қырғыздардың, өзбектермен достастық одағының қалыптасуы
мұндағы саяси оқиға-лар, жеке адам санасының қалыптасуындағы тəрбиенiң атқаратын ролi
жайлы көптеген мағлұматтар келтiрiледi.
Мұхаммед Хайдар ''Тарихи Рашидиде'' еңбек пен еңбек тəрбиесiн жеке адамды
қалыптастырумен ұштас-тыра қарастырды ол өзiнiң дəлелдеулерiнде - жеке адамды
қалыптастыру еңбек пен еңбек тəрбиесiнiң нəтижесi дей келiп, ''Жеке адам болу дегенiмiз - өзiн
азаматтың адамы ретiнде сезiну, сан ғасырлар бойы халық тəжiрибесi туғызған рухани
мəдениеттiң мəңгiлiк игiлiктерiн бойына дарытып, осы игiлiктердi еңбекке, əлеуметтiк мəндi
қызметке, қоғам-дық өмiрге, адамдар қатынасына, күнделiктi тұрмысқа енгiзу - дейдi. Хайдар -
тəрбие адамды ақылдылыққа, адамгершiлiкке үйретедi, адамгершiлiк пен ақыл-ой тəрбиесiнiң
алғашқы ұғымдарын енгiздi. Сондай-ақ ол өз еңбегiнде ''Жеке адам болмыстың жаңа формасы
жөнiндегi өз халқының жасампаз iстерiн, бұхараның творчествосына белсендi жəне саналы түрде
қатысатын, қоғамға пайдалы болуға деген iшкi қажеттiлiктi сезiнетiн адамды айтамыз'' деген
тұжырым жасады. Хайдар Дулатидың осы пiкiр-лерiне орай Шығыс тарихының докторы,
Ленинградтық ғалым - академик Бартольд Василий Владимирович өзiнiң ''Хайдар мырза'' - деген
еңбегiнде былай деп көрсеттi. ''Хайдар Дулати əл-Фарабидан кейiнгi еңбек пен еңбек тəрбиесiнiң
негiзiн салды, қоғамдағы еңбек пен еңбек тəрбиесi аса құнды да пайдалы категориялар, Хайдар
əрбiр жеке адамның еңбек тəрбиесi арқылы биiкке көтерiлуi тиiс екенiн дəлелдеп бердi.
9. Қадырғали Жалайридiң еңбек пен тəрбие
тағылымдары (1530-1605)
Орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы Қадыр-ғали Жалаири ана тiлiмен қатар араб,
парсы тiлдерiн жете игерiп, Шығыстың классикалық озат əдебиетi мен мəдениетiн терең бiлген.
Ол Орта Азияның атақты ғалымдарымен теңдес бiлiмдар адамның бiрi. ''Мен дүние жүзiндегi неше
түрлi мемлекеттердi аралаған, əдiл үкiм, нақыл сөзге қанық көптеген кiтаптар оқыған адаммын''-
деп жазды ол ''Жылнамалар жинағында''. Бұл шежiре кiтапта ол қазақ жерi, оның қалалары т.б.
сол кездегi адамдар туралы аса құнды тарихи деректер қалдырды. Ол əсiресе, сол кездегi қазiргi
Жетiсу жерiн мекендеген адамдардың қант қызылшасының өнiмiн арттырып, бұл өңiрдi түгел
баққан адамдар болған, бұлар нағыз еңбек адамдары деген мəлiметтер келтiрген. Бұл таза
еңбектiң жемiсi деген. Ол қол еңбегiн пайдалы еңбек жəне халықтық еңбек деп екiге бөлген. өзi
өмiр сүрген дəуiрде қазақ хандарының алдына үлкен талаптар қойған. Хандар халық қамын жесiн.
Халықтың тек мал бағумен бiрге отырықшылықпен айналысып, егiн егiп, астық өсiрiп жер кəсiбiмен
айналысуын уағыздаған. Халықтың бiрлесiп еңбек етуiн жақтаған. Ол өзiнiң шежiре кiтабында жер
атауларын анықтаған. Еңбектiң түрлерiн белгiлеген.
Шежiре кiтабында /термин ретiнде/ əрбiр руға байланысты еңбектiң түрлерiн келтiрген. Ол
еңбек атау-лары, халықтың салт дəстүрiн көрсеткен. Олар: адал еңбек, пайдалы еңбек, халықтық
еңбек, көпшiлiк еңбек, бiрлестiк еңбек т.б. Ол жастардың халықтық еңбекпен айналысуын мақұл
көрдi. Ол туралы өлең жолдарын арнады.
Халқыңның қамын жесең, таза еңбек ет,
Дəстүрдi ұста, көксеген мұратқа жет.
Болашаққа апарар бiрақ жол бар,
Бiлiм, еңбек, тəрбие - ол парасат.
Автор ''Жылнама'' атты еңбегiнде Шығыс елдерiне, оның шаүарларына шолу жасап, қазақ
сахарасын мекен-деген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы найман, қоңырат т.б. түркi ру-тайпаларын
тарихын анықтап берiп, осы халықтардың дамуындағы тəрбиенiң жəне еңбектiң ролiн жоғары
бағалады. Жастарды əке-шешелерi үшiн еңбек етуге шақырды, отбасы иесi жастар - деген
тұжырым жасады.
Ол үлкендердiң кiшiлерге, жастарға беретiн тəрбие-сiн ''үлкендер ұлағаттылығы'' - деп
атады. Жастарға тəрбиенiң мəнiн түсiндiрдi. Оны ақындық жырға қосты:
Жалындаған ұл өссiн,
Тəрбиелi қыз өссiн.
Екеуi де өсiп дамысын,
Қалыптассын жаңғырсын,
Бермесiн жауға намысын.
Қадырғалидың жастарға арналған осы бiр ғұлама-лық, ақындық шумағы оны ғалымның
бүгiгi жастарға берген батасы, ұстаздық үлгiсi, артына қалдырған тəрбие-лiк нақылы деуге болады.
Бұл бүгiнгi жастарды жаңа адам етiп қалыптастырудың үлгiсi, мұнда адамдық намысқа,
жауынгерлiкке тəрбиелейтiн, патриоттық тəрбиенiң негiзi бар деуге болады.
Ол өзiнiң ''Жами-ат-тауарих'' атты еңбегiнде еңбектiң тəрбиелiк мəнiне зор баға беруi өте
құнды айтыл-ған пiкiр едi. Ол еңбек адамгершiлiкке үйретедi, балалар-дың жеке басының дамуын,
оның денесiнiң жетiлуiн жақсартады. өз түсiнiгi бойынша Қадырғали еңбек тек жастарды емес,
үлкен адамдарды жақсы тұрмыс құруға, тiршiлiк етуге, материалдық байлыққа жеткiзедi дедi.
Қадырғалидың үйретуi бойынша, адамның жетiлiп қалыптасуы қоғамдық жағдайлардың
ықпалымен, қоғам-дағы еңбек бөлiнiсiмен, жеке еңбек пен еңбек тəрбиесiн уағыздаушылардың
ықпалымен, тəрбие жəне еңбек тəрбиесi арқылы жəне адам табиғатында туысынан - дүниеге
келумен бiрге болатын қасиеттер арқылы қалып-тасады. Осының iшiнде адамның қалыптасуында
еңбек пен еңбек тəрбиесi шешушi рөл атқарады. Демек, Қадырғали ғалым филосооф ретiнде
адамның жетiлуiне, оның дүниеге келумен бiрге болатын, қажеттi кейбiр адамгершiлiк, еңбек
салаларын, тəрбие салаларын, оны адамның сапалық қасиеттерiмен, тəрбиенiң күшiнен болады -
деп мойындады.
10. Əлiшер Науаидың тəрбие тағылымдары
(1441-1501)
Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткерi. Əлiшер Науаи 15
жасында түркi жəне парсы тiлдерiнде бiрдей жазатын белгiлi ақын болды. Ғиратта, Мешхедте,
Самарқанда оқып, логика, фило-софия, математика пəндерiнен мағлұмат алды. өзiнен бұрынғы
Фирдауси, Низами, Дехлауи, Хорезми, Саиф сарал, замандастары Атаи, Саккакл, Лутфи, Жəми
твор-чествосымен танысты. Оның ағартушылық көзқарас-тарының дамуы Фирдауси мен Низами
еңбектерiмен танысқан соң пайда бола бастады. 1472 жылдан бастап өз қаржысына мектеп
салдырып, 1476 жылдан бастап творчестволық жұмыспен айналысқан. ''Жақсылардың таңдануы'',
''Гауүарлар шоғыры'', ''Құстар тiлi'', ''Көңiлдерiң сүйгенi'' атты əдеби-теориялық шығармаларында
тəрбие тағылымдары жан-жақты сөз болады. Ал, дидактикалық тұрғыда жазылған ''Ғажайып
мəжiлiстер'', ''Ажал патша-ларының тарихы'' атты еңбектерiнде ағартушылық көзқарастары
айқындалған. Ол философиялық көзқарас-тарын, ағартушылық, педагогикалық көзқарастарымен
ұштастырып, өз халқын отырықшылыққа шақырады, отырықшы халықтың оқу-ағарту iсi
дамитынын, мəдениеттi елге айналатынын тұжырымдаған. Ол тəрбие мəселелерiн өзiнiң ''Бес
қайрат'' - адам, оның ақыл-ой қабiлеттерi мен тəрбиесi туралы'' деген кiтабында жазды.
Педагогикалық көзқарасын, философиялық көзқараспен ұштастыра отырып, ол барлық адамдар
бiрдей тең рухани қабiлеттiлiктен туады, бiздi, жеке тұлғаны, жеке адамды адам ететiн тек қана
тəрбие дедi. Тəрбие өз кезегiнде еңбектен туындап еңбек тəрбиесiнiң негiзiн салады деп ғылыми
тұжырым жасады. Науаи өзi өмiр сүрген заман-дағы еңбек пен еңбек тəрбиесiнiң адам төзгiсiз
ретсiз-дiгiн əшкерелей отырып, барлық азаматтарға бiрдей болатын таза еңбектiң болуын, бiрдей
болатын тəрбиенiң, бiр тектi мiндет мақсатын құру қажеттiгiн айтты. Мұндай тəрбие мен еңбек
дедi Науаи бүгiнгi қоғамды дұрыс жолға салады, оны жағдайлы етедi, бүкiл халықтың, көпшiлiк
азаматтардың тұрмысын жақсартады. Ол тəрбие-нiң халықтығын жақтады. Тəрбиенiң тең
праволығын көкседi. Əлiшер Науаи - ''Тəрбие арқылы ғана азаматтар, барша халық өздерiнiң жеке
басы мен ұлттық қамқор-лығын ұштастыра бiлетiн патриоттарды тəрбиелейдi'' - дедi.
Əлiшер Науаи XV ғасырда жасаған 400 шайырдың творчествосынан мəлiмет беретiн
''ғажайып мəжiлiс-тер'' атты кiтабын жазды. Бұл еңбегiнде бұл жазушылар мен ақындардың
қоғамдық, əлеуметтiк-экономикалық жəне ағартушылық, тəрбиелiк озық ойлы, көзқарастары мен
ой-пiкiрлерi, нақты суреттелген, кейiнгi ұрпаққа өсиет, тағылым ретiнде қалдырған. Оның бұл ой-
пiкiрлерi, тəрбиелiк тағылымдары, бүкiл шығармалары XV ғасыр-дың өзiнде Мауаранахр мен
Хорасанда ғана емес, Иран, Азербайжан, Шығыс Түркiстан,Үндiстан, Мысыр, түркi елдерiн,
кейiннен Еуропа мен Америка елдерiне кеңiнен тараған. Ақын творчествосы, еңбектiң қоғамдық
пайдалы-лығы, тəрбие туралы ой-пiкiрлерi Шығыс танушы ғалым-дарды, ағартушы педагогтардың
творчествосынан кең көрiнiс тапты
өзi жасаған тəрбиенiң халықтық теориясына сүйене отырып, Науаи тəрбиенiң мақсаты мен
мiндетiн азаматтарды саналы адамгершiлiк рухта тəрбиелеу деп белгiледi. Бала тəрбиесiнде, тiптi
жеке адам тəрбиесiнде - жалпы адамға деген сүйiспеншiлiк бала тəрбиесiнде ұштасып жатуы
қажет дедi. Науаи - тəрбие жеке адам-дардың қоғамдық орнын анықтайды деп тұжырым жасады.
Оның еңбектерiнде еңбек тəрбиесi адамның еңбек үстiнде қалыптасуын, айнала қоғамдық жағдай-
лардың ықпалымен жəне адамның табиғатында туысынан дүниеге келумен болатын қасиеттер
арқылы қамтамасыз етедi. Ол еңбектiң қоғамдық маңызын анықтады. Жеке адам өзi өмiр сүрген
ортада немесе белгiлi бiр қоғамда еңбек даярлығынан өтсе, еңбек оның дене жағынан жетiлуiн
қамтамасыз етедi. Ол адам еңбек арқылы өзiнiң тыныс-тiршiлiгiн, өмiрiн қамтамасыз етедi, - дедi.
өзбек жазушысы М. Айбектiң ''Науаи романының қазақша аудармасына /1950/ алғы сөз жазған''
Мұхтар Əуезов ''Науаидың ғұламалығы жеке адамға деген мейiрбандығы, адамды қоғамдық
деңгейге дейiн көтерудегi еңбек пен еңбек тəрбиесiн, тəрбиенiң адамгершiлiк, ақыл-ой, саяси
бағдарламасын қоғам өмiрiмен байланыстыра бiлуi'' деген болатын. Сондай-ақ, М. Əуезов ''роман
образдары еңбек адамдары, сол орта ғасырда Науаи өз елiн еңбек етуге, отырықшылыққа егiн
егуге, бау-бақшада жұмыс iстеуге үйреткен, өзi қолма-қол жұмыс iстеген, өзiне сая-бақ құрып
алған. Жұртын соған шақырған. Адам өмiрi еңбекке негiзделуi қажет деген Науаидың үлкен өсиетi
деген едi''.
Науаидың дəлелдеуiнше еңбек - қоғамдық дамудың жемiсi. Ол қоғам өмiрiндегi, адам
өмiрiндегi өзгерiстерге байланысты дамиды. Еңбек тəрбиесi еңбектен туындайды, - деп үлкен
көрегендiк жасады. Науаи Орта ғасырдағы тəрбие iлiмiнiң негiзiн салушылардың бiрi. өйткенi,
оның тəрбие тағылымдары тəрбиенiң барлық түрiн қамтиды. Ал, еңбек тəрбиесi туралы
тұжырымдары XIX ғасырға дейiнгi ең озық пiкiр. Еңбек өмiрдiң құралы деуi соның айғағы. Жас
бүлдiршiндердi еңбекке шақырады. ''Бақтағы бала'' деген өлеңiнде:
Көбелектi қуалап,
Бақта жүр бала секiрiп,
Зиянкестi түгел жояды,
Қалдырған дақты өшiрiп.
Жүзiмдерiн саялап,
Гүлдерге су құяды.
Бүлдiршiннiң бұл да еңбегi,
Баққа деген миуалы.
Аралары бақтағы,
Гүл шырынын жияды - дейдi, ұлы ақын.
Демек, ол бала тəрбиесiнiң бастауы еңбек деген тұжырым жасады.
11. Омар Хайямның ағартушылық ой-пiкiрлерi
(1040-1123)
Омар Хайям - тəжiк жəне парсы халықтарының Орта ғасырларда өмiр сүрген ұлы ғалымы,
көреген ойшылы, дарынды ақыны. Сол кездегi, оның ғылыми зерттеулерi математика мен
астрономияны жаңа сатыға көтердi. Философиялық еңбектерi кейiнгi ұрпақтардың ой өрiсiн
кеңейттi. Ал, өлеңдерi поэзияның жаңа түрiн қалыптастырды.
Омар Хайям 1040 жыл шамасында (кейбiр деректер бойынша 1048 жылы) туған. Жергiлiктi
медреседе оқып бiлiм алған. Оның негiзгi ұстазы Нишаүурдың белгiлi ғалымы Насыреддин Шайх
Мұхаммед Мансур дарынды Хайям өз бетiмен де оқып бiлiм алады. Ғалымның жiгiттiк шағы
Балх қаласында өткен, ол онда математика, физика, астрономия, философия, дiн негiздерi,
тарих iлiмдерiмен шұғылданған, араб тiлiн еркiн меңгерiп шыққан. Одан кейiн Самарқанд,
Мерв, Исфаған, Рей тағы басқа қалаларда тұрып қызмет iстеген.
Математик ғалым Мыңбай Ысқақовтың дəлелдеу-лерi мен зерттеулерiне қарағанда Хайям
ұлкен мате-матик болған. Халық астрономиясының негiзiн салған. Оның математикадан жазған
басты-басты екi еңбегi сақталған, оның бiрi - Алгебра мен Əлмүнəбəлс есеп-терiнiң
дəлелдемелерi туралы. Екiншiсi-Евклид кiтабын-дағы қиын тарауларға түсiндiрмелер.
Алдыңғысында алгебра, соңғысында геометрия мəселелерi баяндалады - дейдi Мыңбай Ысқақов.
''Қатынастарды құру жəне оларды зерттеу'' туралы кiтабында шамалардың рационал жəне
ирроционал қатынастарына сандық өрнек табу жөнiндегi əл-Фараби идеясын дамытып, сан
ұғымын оң нақты сан ұғымына дейiн кеңейту қажеттiлiгiн дəлелдедi. Омар Хайям еңбек-терiндегi
жаңалықтарды Насреддин Туси т. б математик-тер қолдап дамытты. Алтын мен Күмiстен тұратын
заттар-дың мөлшерiн анықтау тəсiлi туралы трактатында Архимед шешкен физикалық есептердi
жетiлдiрдi. Омар Хайям музыка теориясымен де шұғылданды.
Омар Хайям Аристотель мен Ибн Синаның фило-софиялық көзқарасын ұстады.
Жаратушыны мойын-дағанымен, өмiр-тiршiлiк құбылыстарының өзара байла-нысатын өз дəуiрi
үшiн материалистiк тұрғыда түсiн-дiредi. Ол философиялық көзқарастарын мына төменгi
еңбектерiнде тұжырымдады: ''Болмыс жəне Борыш туралы трактат'', ''Үш сауалға жауап'',
''Жалпыға ортақ ғылымның пəнi жөнiнде'' т. б. философиялық шығармалары мəлiм.
Омар Хайям əлемге əйгiлi төрт тағандардың (Рубайдың) авторы ол ''өмiр мен өлiм'',
''Жақсы мен жаман'', '' Жастық пен кəрiлiк'', ''Қанағат пен озбырлық'', ''Махаббат пен зұлымдық'',
''Құштарлық пен тақуалық'', парқын төрт жолдан тұратын бiр шумақ өлеңге сиғызды. Оның төрт
тағандары - адам өмiрiнiң əр қырын, кезеңдерiн қамтитын тапқыр да өткiр адамгершiлiк пiкiрлерге
құрылған өрнектi өлең шумақтары мұнда ақынның өмiр-тiршiлiк құбылыстарына қоғамдық-
əлеуметтiк қатынастарға көз-қарасы айқын көрiнедi. Ол жеке бастың азаттығын жырлады,
дүниедегi əдiлетсiздiкке қарсылық бiлдiрдi, адамды теңдiкке, бостандыққа шақырады. Ақын өлең-
дерiнде шарапатты дəрiптеу, сауық-сайран, махаббатты қызықтыру едəуiр орын алады.
Омар Хайям өмiр сүрген дəуiрде айнала ортаны, халықты, оның ұлы адамдарын өз
өлеңдерiнде жəне рубай-ларында жырға қосып мадақтады. Адамның ұлылығы тəрбие мен бiлiмге
байланысты - деген ой түйдi. Еңбек, еңбек тəрбиесi, бiлiм, жалпы тəрбие адамды ұлы етедi дедi.
Оны былай жырлады.
''Еңбек, бiлiм, тəрбие
Басын қоссаң мəндi де
Үшеуiн бiрдей меңгерсең
Жiбермес Сенi-өлiмге!
Үшеуiнiң мəңгiлiк категория, тəрбиенiң еңбек, адамгер-шiлiк, еңбек тəрбиесiнiң бiрлiкте жүзеге
асырылуын уағыздап тұрғандай. Ол өзi өмiр сүрген дəуiрде өмiрдегi байлық пен молшылық тек
еңбек арқылы келедi жəне қалыптасады. Ол еркiндiктi аңсап, тəрбиедегi демокра-тиялық бағытты
- еркiн тəрбиенi жақтады. Еркiн тəрбие еңбек тəрбиесiнiң жемiсi - дедi Омар Хайям. Оның өлең-
дерiн, бүгiнгi педагогикалық тұрғыдан қарасақ адам-ды жан-жақты жетiлдiру сарыны басым. Аз
сөзбен көп мағына беру, бiр шумақ өлең арқылы тəрбиенi, бiрнеше түрiн бiр адам бойына енгiзу
идеясы көрiнiп тұрады. Мұнысы бейнелеп салыстыру арқылы адамдық, адамгер-шiлiк,
ақылдылық, парасаттылық, мейiрбандық эле-менттерi ұштасып жатады. Бұларды молайтып,
толық-тырып, жеке адам бойына, тəрбиенiң əсiресе еңбек, адамгер-шiлiк, ақыл-ой, дене,
патриоттық тəрбиенi батыл енгiзудi ұсынды. Ол философиялық көзқарастарында тəрбиенi, еңбек
тəрбиесiн, тұлғаның адамгершiлiк сапаларын қалып-тастыратын тағылымы артық туынды деген.
Омар Хайямның төрт тағандарын зерттеушiлер əр түрлi түсiндiредi. Бiреулер мистикалық-
софылық десе, басқалары атеистiк сарында ұғады. Дұрысы ол да емес, бұл да емес-деп Омар
Хайямның өзi айтқандай, қазiргi оқушы оның өлеңдерiндегi өмiрге құштарлықты, ақиқат-қа
талпынысты, тiршiлiктiң мəнiн парықтауын, енжарлық пен екi жүздiлiктi ажуалауын ұнатады.
Омар Хайям өлеңдерi қалыптасқан композицияның құрылымы бар, лирикалық шығарма. Оның
стилi күрделi емес. Аз сөзбен көп мағына беру пернелеп, бейнелеп айту арқылы автор өз ойын
еркiн жеткiзедi. Оның тiлi қарапайым да, жаттық. Омар Хайям рубайларының түркi тiлдерiне
аударылған кейбiр шумақтары қазақ оқушыларына iлгерiден таныс болатын. Ақын Қуандық
Шаңғытбаев қазақ тiлiне аударған 325 рубай 1965 жылы жеке кiтап болып шықты. Ол екiншi рет
''Шығыс Жұлдыздары '' 1973 жинағына басылды.
Омар Хайям тұнғыш календарь жасаған ғалым. Календарьдың көптеген түрлерi бар,
олардың əрқайсының дəлдiгi əр түрлi. Тарихты халық жасайтындықтан, кален-дарьды жасаушыда
халық болып табылады. Ғұламалар Фараби, Хорезми, Бируни, Ұлықбектiң тағы басқалардың
календарь жөнiндегi еңбектерi уақыт есебiн жүргiзудi бiр-талай тəртiпке келтiрген. Календарьды
түзеушiлердiң бiрi Омар Хайям.
Парсы аңызы бойынша, адам бұдан сегiз мыңдай жыл бұрын, фервердик айының бiрi күнi
жаралған. Ол кезде күн жазғытұрғы күн мен түннiң нүктесiнде болған. Осы аңызға сүйенiп, парсы
Фервердиннiң бiрiн жыл басы етiп есептейдi де, оны жаңа жыл күнi наурыз деп атайды (Нау-жаңа,
Руз-күн деген). Қазақтың наурыз сөзi осыдан шыққан. Күн мен түннiң күзгi теңелуiн парсылар -
''Меүрен'' деген. Бұдан Қазақтың ''Мейрам'' сөзi жасалған. Наурыз бен ''Мейрам'' парсылардың
негiзгi мейрамдары болған. Парсы ақындары ''Ай мен Күн'' - аспанның екi көзi деп жырлаған.
Омар Хайямның каленьдары - дүние жүзi халық-тарында болған календарьдың ең
жақсысы. Ол 1079 жылғы 15 наурыздан (Хиджра бойынша - 471 жылғы 10 рамазаннан) бастап
қолданыла бастады. Сол күнi Мəлiк Шаү жобаны декретпен бекiткен болатын.
Хайям календарының екi ерекшелiгi бар. Бiрi - оның аса дəлдiгi, екiншiсi күн қозғалысына
негiзделуi. Омар Хайям мұрасы математик, астроном, философ, педагог-ұстаз ретiнде ұрпақтан
ұрпаққа жалғаса бередi жəне ол əрдайым жаңарып толықтырылып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |