Түпнұсқада келесі атауда жарияланған Reviews of National Policies for Education


-  МАЗМҰНЫ Ендірме 3.1: Англияның критерийлері негізінде нәтижелілікті бағалау



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата09.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8679
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42

102 - 
МАЗМҰНЫ
Ендірме 3.1: Англияның критерийлері негізінде нәтижелілікті бағалау
Англияда  оқушылардың  дайындық  деңгейі  мектепте  білім  алудың  барлық  кезеңі  бойында 
бағаланады.  Барлық  кезеңдерде  анықталған  критерийлерді  қолдану  бағалау  жүйесіне  төрт 
мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді: оқушылардың білім алу тиімділігін және мұғалімдердің 
оқытушылық  қызметін  оңтайландыру;  өздерінің  жұмыс  нәтижелері  үшін  жекелеген  мектептерді 
жауапкершілікке тарту; ата-аналарға балаларының білім алуы туралы ақпаратты ұсыну; және жыл 
сайынғы негізде ұлттық стандарттар туралы нақты ақпаратты ұсыну. Нәтижелелікті бағалау жүйесі 
қорытынды  бағалауды  (оқушының  білім  деңгейін  анықтау  үшін  анықталған  уақыт  мерзімінде 
өткізілетін бағалау) және қалыптасушы бағалауды (оқушылардың білім алуы барысында бақылау 
мақсатында сынып мұғалімдерімен жүргізілетін ағымдық бағалау) қамтиды.
Нәтижелелікті қорытынды бағалау 
Критерийлерге  негізделген  бағалау  әр  оқу  кезеңінің  соңында  оқушылардың  жасына 
байланысты  түрлі  әдістермен  жүргізіледі.  Бұл  бағалау  санаты  жалпы  ұлттық  стандартталған 
рәсімдерге  негізделген.  Бағалау  нәтижелері  мектептерде  қолданылады,  ата-аналарға  ұсынылады, 
білім  беру  саласындағы  ұлттық  саясатты  қалыптастыру  мақсатында  жинақталады  және  кейбір 
жағдайларда жарияланады.
«Early Years Foundation Stage» (мектеп жасына дейінгі балалар үшін базалық британдық ерте 
оқыту бағдарламасы) бағдарламасының соңында балалар 5 жасқа келгенде олардың мұғалімдері 
ерте  оқытудың  белгіленген  мақсаттарымен  салыстырып,  оқушылардың  жетістіктерін  бағалау 
үшін сыныптағы күнделікті іс-әрекеті мен оқиғаларды тұрақты байқауды, ерте даму жүйесіндегі 
оқытудың базалық бейінінде әр балаға қатысты өзінің бағасын жазуды қолданады. Бейінде бала 
қол жеткізді ме жоқ па, әлде үш негізгі оқыту саласы (коммуникативті қарым-қатынас дағдылары мен 
тіл; дене дамуының жағдауы; тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалды даму) мәнмәтінінде күтілген 
деңгейден асты ма, сонымен қатар, оқытудың төрт нақты саласының мәнмәтінінде (сауаттылық; 
математика;  әлемді  түсіну;  мәнерлі  өнер  және  дизайн)  көрсетіледі.  Сондай-ақ,  бейін  оқытудың 
үш  сипаттамасын  бала  қалайша  көрсететіндігін  (ойындар  мен  оқыту;  белсенді  оқыту;  туындату 
және  сыни  ойлау)  суреттейді.  Бірдей  критерийлерді  әр  мұғалімдердің  қолдануын  қамтамасыз 
ету мақсатында біркелкі нұсқама негізінде жұмыс жүргізіледі, оның үстіне, бірқатар нәтижелілік 
бағасын жүргізу барысында модераторлық (байқау негізінде тіркелген дәлелді базаның рейтингіне 
сәйкес растау мақсатындағы тәуелсіз тексеру) жүзеге асырылады.
Жалпыға ортақ бағдарламаларды оқытатын бірінші жылы оқылым үшін қажетті базалық тілдік 
дағдылардың бар екендігін анықтау мақсатында балалар 6-ға жуық жас шамасында акустикалық 
скрининг-тестілеу
4
 тапсырады. Мақсаты балалар шын мәнінде «акустикалық мағынаны ашуды» 
тиісті  деңгейде  меңгергендігіне  көз  жеткізуге  және  қосымша  көмекті  қажет  ететін  балаларды 
анықтауға  түйінделеді.  Акустикалық  скрининг-тестілеу  -  бұл  40  сөзден  тұратын,  бала  ресми 
емес жағдайда өзінің мұғалімінің қатысуында дауыстап оқитын тізім (барлық мектептерге Білім 
департаментімен  бөлінеді).  Нәтижелері  қойылған  стандарттарға  сәйкес  емес  балалар  келесі 
жылы  тестті  қайта  тапсырады.  Нәтижелері  ата-аналарына  хабарланады,  бірақ  жалпыға  ортақ 
жарияланбайды.
Балалардың жасы 7 жасты шамалаған 2-ші оқу жылының соңында 1 негізгі кезеңді («Key Stage 
1 assessment») аяқтаған соң білімді бағалау жүргізіледі. Жалпыға ортақ білім беру бағдарламасы 
аясында  бекітілген/стандартты  міндеттерді  басқару  мен  оқылым,  жазылым  және  математика 
бойынша жалпы ұлттық тесттер жай білім беру мен оқыту процесі аясында оқушылардың барлығына 
дерлік  қатысты  мұғалімдермен  жүзеге  асырылады.  Мұғалімдер  оқу  процесінде  алынатын  басқа 
дәлелді базамен қатар, есептер мен тесттерді, әр оқушыға жалпыға ортақ оқыту бағдарламасына 
қатысты  осы  деңгейдегі  өз  білімінің  бағасын  растау  мақсатында  қолданады.  Бағалау  нәтижелері 
мұғалімдер тарапынан әр баланың ата-анасының назарына жеткізіледі, сонымен қатар, аймақтық 
және жалпы ұлттық деректер базасына жинақталады, бірақ, жұрт алдында жарияланбайды. Білім 
берудегі  қиын  қажеттілікті  аса  сезінетін  оқушылар  білімді  бағалау  рәсімін  басқа  тәсілмен  өтеді. 
Жақында әзірленген «P scales» деп аталатын арнайы бағалау жүйесі осы санаттағы оқушылар үшін 
үлгерім жолындағы кішігірім қадамдарды өлшеу мен бекітуді қамтамасыз етеді.
6-шы  оқу  жылының  соңында  балалар  шамамен  11  жаста  болғанда,  сонымен  қатар, 
бастауыш  мектепте  оқудың  соңғы  жылы  бойында  2  негізгі  кезеңді  («Key  Stage  2  assessment»)
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 103
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
аяқтаған соң білімді бағалау жүргізіледі. Барлық оқушылар (жоғарыда аталып өткендей, арнайы білім 
беру  қажеттілікті  оқушылардан  басқа)  оқығанды  түсінуге;  дұрыс  жазу,  пунктуация  және  грамматика 
(2013 ж. бастап) және математика бойынша жалпы ұлттық тест тапсырады. Тест нәтижелерін бағалауды 
тәуелсіз  сарапшылар  жүзеге  асырады.  Бұрын  қолданылған  жазбаша  тест  оқытушылық  бағалауға 
ауыстырылды.  Тесттер  мен  оқытушылық  бағалаудың  нәтижелері  әр  баланың  ата-анасының  назарына 
жеткізіледі,  сонымен  қатар,  аймақтық  және  жалпы  ұлттық  деректер  базасына  жинақталады.  Оның 
үстіне, бұл нәтижелер жұрт алдында жариялауға ие болады, әр мектеп шегінде ұсынылып, жалпы ұлттық 
үлгерім мен білім деңгейі кестесінде жарияланып (Білім департаментімен жарияланатын), осылайша, 
түрлі мектептердің нәтижелілігін салыстыра қамтамасыз етеді. Әр мектептің мәнмәтінінде кестелерде 
мектептің  мәнмәтіні,  оқушылардың  мінездемелері,  жалпыға  ортақ  оқыту  бағдарламасына  сәйкес  қол 
жеткізілген деңгейі, оқушылардың қандай саны күтілген оқу стандартына қол жеткізді немесе асып түсті, 
1 негізгі кезеңнің аяқталуы бойынша бағалау жүргізілгеннен кейін оқушылардың үлгерімі қаншалықты 
жақсарғаны, сонымен қатар, әр мектептің тарапынан нәтижелі үлесі көрсетілген.
3 негізгі кезең («Key Stage 3 assessment») аяқталғаннан кейін білімді бағалау оқушылар шамамен 
14 жасқа келгенде жүргізіледі. Осы кезең аясында білімді бағалау тек педагогикалық бағалау негізінде 
жүзеге  асырылады,  бірақ  мұғалімдер  жалпы  ұлттық  «қосымша  тесттерді»  өз  пайымдауларын  растау 
мақсатында  қолдана  алады.  Мұғалімдер  өз  бағаларын  жалпыға  ортақ  оқыту  бағдарламасына  сәйкес 
оқушылардың білім деңгейі мен дағдыларының сипатына, ұзақ уақыт бойы нақты оқушының оқудағы 
ерекшеліктерін  өз  білімін  қолданып,  негіздеуі  керек.  Бұл  осы  оқушыға  қандай  деңгейдің  анағұрлым 
жақын келетін сипаттауын, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану ғылымдары мен заманауи шет 
тілдері бойынша жете бағалаумен, әр оқылған пән бойынша қол жеткізілген деңгейге жалпы бағалау 
беруін анықтау үшін қажет. Оқытушылық бағалаудың нәтижелері әр баланың ата-анасының назарына 
жеткізіледі,  сондай-ақ,  аймақтық  және  жалпы  ұлттық  деректер  базасына  жинақталады,  бірақ,  жұрт 
алдында жарияланбайды.
Критерийлерге  негізделген  қорытынды  бағалау,  сондай-ақ,  оқушылар  шамамен  16-ға  толғанда, 
сонымен қатар, 18 жаста «GCSE» және «A level» («А» деңгейі) сияқты танылған ұлттық емтихандар 
аясында алынған нәтижелер негізінде сәйкесінше жүргізіледі. Жарияланатын жалпы ұлттық үлгерім және 
білім деңгейі кестесі осы екі кезеңдегі әр мектептің шегінде нәтижелілігін көрсетеді. GCSE және балама 
емтихан бойынша мектептер мен колледждердің нәтижелерімен кестелер 11 жастағы 2 негізгі кезеңде 
бағалау жүргізілгеннен кейін нәтижелелік және тиімділік деңгейінің жақсарғанын көрсетеді. Мектептер 
мен колледждердің  нәтижелерімен кестелер A level немесе балама емтихан бойынша оқушылар 16 жаста 
GCSEтапсырғаннан кейін нәтижелелік және тиімділік деңгейінің жақсарғанын көрсетеді.
Қалыптастыратын баға
Егер қысқаша анықтама беретін болсақ, қалыптастыратын баға - бұл алдағы әрекеттерді анықтау 
мақсатында оқушы мен мұғалімге белгілі материал қаншалықты жақсы оқылғандығы туралы ақпарат 
ұсыну үшін бағаны қолдану. Англияда мұғалімдермен қалыптастырушы баға кеңінен, сондай-ақ, «игеру 
бағасы»  сияқты  танылған,  білімнің  қорытынды  бағаларының  арасында  жалпы  ұлттық  стандарттарға 
қол  жеткізу  жолында  оқушылардың  жасынан  күтілген  деңгейде  болуын  бағалау  мақсаты  сияқты 
жеке  оқу  мақсаттарымен  салыстырғанда,  оқушылардың  үлгерімін  тексеру  мақсатында  қолданылады. 
Мұғалімдердің қалыптасырушы бағалары негізделуі тиіс, оқытудың жалпыға ортақ бағдарламаларының 
деңгейіне сәйкес (14 жасқа дейінгі оқушылар үшін) білім мен дағдыларды жалпы және нақты сипаттайтын, 
сонымен қатар, оқушылар тапсыруы тиіс (14 жастан жоғары оқушылар үшін) GCSE», «A level» және 
оларға балама емтихандардың оқу жоспарларынан критерийлер таба алады.
Жалпыға ортақ оқыту бағдарламаларының деңгейлері іштей деңгейлерден тұрады, оның үстіне, 
іштей деңгейлерді балл көлеміне ауыстыру үшін жүйе дайындалды. Білімді қалыптастырушы бағалау 
нәтижелері 14 жасқа дейінгі балалар үшін іштей деңгейлер немесе балл саны ретінде, тоқсан бойы немесе 
жыл бойы жекелеген пәндерді оқу аясында оқушылардың ілгерілегендігі көрсетілуі мүмкін. Бұл үшін 
іштей деңгейлер мен баллдар мұғалімдермен және мектептермен, білім беру саласындағы басшылармен 
аймақтық  және  ұлттық  деңгейде  орташа  көрсеткішті  өз  оқушыларының  білім  деңгейін  салыстыру 
мақсатында, оқушыларға және олардың ата-аналарына қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін ұсыну, 
сонымен қатар, жекелеген оқушылармен үлгерімді талқылау үшін қолданылуы мүмкін.
Дереккөз: Англияның білім беру Департаментінің сайтында бар ақпараттар негізінде авторлармен әзірленді: 
http://www.education.gov.uk/schools/teachingandlearning/assessment. 

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
104 - 
МАЗМҰНЫ
2  Тарауда  берілген  ұсынымдарға  сәйкес  12-ші  сыныпта  оқытуды  ендіру
жоспарланғандықтан,  орта  мектептің  төменгі  және  жоғары  сыныптарындағы  оқу
бағдарламаларын  және  мектептік  білім  беру  жүйесінің  тиісті  өзгерістерін  мерзімінде 
талдап  және  қайта  қарау  керек.  Қажетті  білім  көлеміне  қатысты  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламаларында  қамтылатын,  оқушылар  меңгеруге  тиіс  анықтамалар  барлық 
жағдайда  «табыс  индикаторларымен»  бірге  жүруі  керек,  осылайша  мұғалімдер
оқушының  білімді  меңгеру  фактісі  туралы  білетін  болады.  Осылайша,  білімнің  бағалау 
критерийі  12  жылдық  мектептік  білім  беру  жүйесінде  әр  сынып  бойынша  оқытылатын 
барлық  пәндерден  әзірленген  жаңа  оқу  бағдарламалары  мен  жоспарларының  ажырағысыз 
бөлігі  болып  табылуы  керек;  оның  үстіне,  жаңа  оқу  бағдарламалары  мен  жоспарларын
сипаттайтын  құжаттар,  әлде  қосымша  ретінде  әр  кезеңде  қолдануға  қажетті  білімді 
бағалау  критерийі  болуын  қамтуы  тиіс;  оның  үстіне,  критерийлерге  негізделген  бағалау
жүйесі  12  жылдық  оқу  жоспарларымен  және  бағдарламаларымен  бір  мезгілде  енгізілуі
керек.
Қазіргі  таңда  тек  кейбір  оқытушылар,  НЗМ  мектептерінің  мұғалімдерін  қоспағанда, 
критерийлерге  негізделген  бағалау  жүйесін  тиімді  қолдану  үшін  қажетті  дайындықтан
өтті.  Барлық  орта  мектептерде  12  жылдық  мектептік  оқыту  моделін  толық  ендіргенге
дейін  бағалау  жүйесін  қолдану  бойынша  мұғалімдерді  оқытуды  қамтамасыз  ету  өте 
маңызды,  сондықтан  мұғалімдерді  оқыту  процесін  тезірек  бастау  керек.  НЗМ-нің 
критерийлерге  негізделген  бағалау  жүйесі  ұсынымдарға  сәйкес  оқу  жоспарлары  мен
бағдарламалары қайта қарастырылғанға дейін қолданылады.
2  Тарауда,  сондай-ақ,  сілтемелерді,  жекелей  алғанда,  жаңа  ұлттық  оқу
бағдарламаларын  сипаттайтын  құжаттарға  қосу  ұсынылады,  үкіметтің  нұсқамасына
сәйкес  анағұрлым  жоғары  деңгейлі  ойлау  дағдыларын  мұғалімдердің  оқытуы  және 
оқушылардың  қабылдауы  қажет.  Осы  дағдыларға  қатысты  табысты  бағалау  критерийін 
анықтау қажет. 
ЭЫДҰ  жақында  жариялаған  «Мектепте  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін 
дамыту»  жұмыс  құжатында  (Лукас  және  т.б.,  2012)  3.1  Суретте  көрсетілгендей, 
оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерінің  деңгейін  бағалау  үшін  құралдардың 
түптұлғасы  ұсынылады.  Бұл  құрал  5  бағыт  бойынша  шығармашалық  ойлау
ерекшеліктерін  сипаттайды:  білімқұмар;  қайсар;  шығармашыл;  бірлескен;  тәртіпті  (әр
бағыт,  оның  ішінде,  3  бейімделген).  Ағылшын  мектептерінде  жүргізілген  екі  зерттеудің 
нәтижелері  көрсеткендей,  аталған  құралды  қолдану  мұғалімдердің  өз  оқушыларының 
шығармашылық  дағдыларын  дамытуда  анағұрлым  нақты,  әрі  сенімді  болуына,  ал 
оқушылар  шығармашылық  ойлаудың  не  екенін  жақсы  түсінуіне,  сонымен  қатар,  білім 
алудағы олардың ілгерілеуін растауды бекіте алуына алып келді.
 
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 105
Сурет 3.1 Мектептерде оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің деңгейін 
бағалау үшін құралдардың түптұлғасы
Дереккөз: Лукас және т.б., 2012 
Тәуелсіз бағалау
2009  ж.  PISA  тестілеуі  нәтижесі  бойынша  орта  есеппен,  ЭЫДҰ  мемлекеттерінде
стандарттар  негізінде  білімді  тәуелсіз  бағалауды  жүзеге  асыратын  мектептік  білім
берудің  осы  жүйесі  аясында  оқитын  оқушылар  білімді  бағалаудың  бұл  жүйесін 
қолданбаған,  мектептік  білім  беру  жүйесінде  оқитын  оқушыларға  қарағанда  16  балл 
жоғары  алды.  Бұл  мектептік  білім  беру  жүйесінің  көбінде  білімді  тәуелсіз  бағалаудың 
оқушылар  үшін  нақты  нәтижелері  бар.  Мысалы,  ол  оқушылар  келесі  кезеңге  немесе  оқу
жылына  өте  алады  ма,  ЖОО-на  түсе  алады  ма  немесе  өз  таңдауы  бойынша  мансабын
бастай  алады  ма  осыны  айқындайды.  Егер  емтиханның  «алдында»  көбі  тұрса,  онда 
оқушылар келесі сыныпқа өту немесе жақсы баға алу үшін қажетті білім мен дағды алуға
анағұрлым  ынталандырылған  болады.  Сондықтан  білім  беру  жүйесінің  оқушыларды 
ынталандыру  жағдайында  болуы  үшін  мемлекетте  талап  етілген  білім  мен  дағдыны
игеру,  мектептік  білім  беру  аясында  оқушыларды  ілгерілету  шаралары  бойынша 
тапсырылатын  ұқсас  тәуелсіз  емтиханның  немесе  бірнеше  емтихандардың  көмегімен  осы
санаттағы  білім  мен  дағдыларды  тестілеуді  жүзеге  асыру  өте  тиімді  әдіс  болып  табылады.
Стандартталған  сырттай  тестілеу  жүйесі  бірдей  критерийлер  бойынша  тестілеуден  өтетін
әр  оқушының  білімін  бағалауды  қамтамасыз  етеді,  әсіресе,  егер  олар  бағалаудың  жалпы
сызбасын қолдануға болатын жағдайда, тәуелсіз бағалау жатады.
9-шы сыныпқа дейінгі оқушылардың білімін тәуелсіз бағалау
2011  ж.  дейін  Қазақстанда  білім  саласындағы  органдармен  4-ші  сыныпта  (1  пән)
және  9-шы  сыныпта  (3  пән)  оқу  процесінің  тиімділігін  бағалау  Мемлекеттік  аралық 
бақылаумен  жүзеге  асырылды.  Бағалау  тиімділігін  бақылау  2012  ж.  тек  9-шы  сынып 
оқушыларына  таралатын  Оқу  жетістіктерін  сырттай  бағалау  (ОЖСБ)  енгізілуіне 
байланысты тоқтатылды.
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
106 - 
МАЗМҰНЫ
2012  ж.  үкімет  көрсетілген  жылғы  (ҚРСА,  2012)  жағдай  бойынша  5-ші  сыныптың
жалпы  оқушылар  контингентінің  0,6%-н  құрайтын,  5-ші  сыныптың  2  761  оқушысы 
қамтылған  математика  және  жаратылыстану  ғылымдары  саласындағы  оқушылардың  оқу
нәтижесіне,  сонымен  қатар,  96  мектепте  көрсетілген  жылғы  (ҚРСА,  2012)  жағдай
бойынша  9-шы  сыныптың  жалпы  оқушылар  контингентінің  0,5%-н  құрайтын  9-шы
сыныптың  2  521  оқушысына,  сонымен  қатар,  мектеп  директорлары  мен  мұғалімдерге 
бағалау  немесе  мониторингтік  зерттеу  жүргізді.  Нәтижелері  туралы  баяндамада  аталып 
өткендей,  «оқушылардың  білім  сапасына  және  білім  беру  тиімділігін  арттырудың  мүмкін 
жолдарына  әсер  ететін  факторларға  қатысты  зерттеу  аясында  негізгі  назар  аударылды», 
оның  үстіне  баяндама  «әлемдік  тәжірибенің  анағұрлым  тиімді  көзқарастарының  негізінде
әзірленді».  Баяндаманың  негізгі  бағытталуы  мектептің  нәтижелелігі  мен  оқушылардың
үлгерімін  бағалауға  түйінделген  жоқ,  ал  көп  деңгейде  маман-тәжірибешілер  үшін  оқыту
сапасын  арттыруға  мүмкіндік  берді.  Баяндамада  аталып  өткендей,  бұл  «төменде
сипатталғандай,  жеке  міндеттерді  әзірлеу  мақсатында  мысал  ретінде  оқушылардың
шешуі  мен  мұғалімдердің  қолдануы  үшін  логикалық  есептерді  қамтиды».
Оқытудың сапасы мен өзектілігі
ҰБТ  алдында  жүзеге  асырылатын,  мектептердің  нәтижелілігін  және  оқушылардың 
үлгерімін  тәуелсіз  бағалайтын  жалғыз  жүйе  9-сынып  оқушыларының  (9  сынып,  қағида 
бойынша,  Қазақстанда  өткізілетін,  PISA  нәтижелілігін  баяғалау  аясында  анағұрлым  көп
деңгейде  тартылған)
5
  Оқу  жетістіктерін  сырттай  бағалау  (ОЖСБ)  болып  табылады.
ОЖСБ  бағалау  жүйесі  алғаш  рет  2012  жылы  енгізілді.  Оның  мақсаттары  білім  беру 
қызметінің  сапасын  бағалауға  (мектепте  мұғалімдермен  жүргізілетін  бағалаудан
тәуелсіз),  білім  беру  процесінің  тиімділігін  және  базалық  орта  білімнің  оқу
бағдарламасын  оқушылар  қаншалықты  жақсы  оқитындығын  анықтауға  түйінделеді.  2012
ж.  жағдай  бойынша  бағалау  жүргізу  аясында  қамтылу  653  мектептен  37  799  оқушыны 
құрады,  оның  үстіне  оларды  іріктеу  әр  облыстан  10%  мектептердің  қамтылуына 
негізделген:  әр  облыстағы  мектептер  саны  Астана  қ.  8-ден  Оңтүстік  Қазақстан
облысында  77-ге  дейін  ауытқиды.  Төрт  пәнге  (тіл,  Қазақстан  тарихы,  математика  және 
химия)  бағалау  жүргізіліп,  бұл  пәндер  мұғалімдердің  тарапынан  «жаттандылыққа»  (тест 
тапсыру  үшін  арнайы  қарқынды  дайындықты)  жол  бермеу  мақсатында  тестілеудің 
тікелей  алдында  хабарланды.  Бағалау  аясында  қамтылған  оқушылар  үшін  бағалау
шешуші  сипатта  жүргізілмеді,  яғни,  алдағы  мансабы  үшін  салдары  жоқ.  Үкімет  2012  ж. 
нәтижелерді  9-шы  сынып  оқушыларының  оқу  жетістіктерін  сырттай  бағалау
нәтижелерін талдау туралы есебінде жариялады (ҚР БҒМ, 2012a).
Сарапшылар  тобы  білім  берудің  әр  кезеңінің  соңында  өткізілетін  стандартталған
ұлттық  тестілеу  жүйесінің  бар  болуының  талай  басымдықтарын  атап  өтті.  Қазақстан 
мәнмәтінінде  бұл  бастауыш  мектепті  (қазіргі  таңда  4-ші  сынып)  аяқтауда  және  толық
емес  орта  білім  беруді  (қазіргі  таңда  9-шы  сынып,  ал  болашақта  10-шы  сынып)
аяқтағанда    жүргізіледі.  Қазіргі  таңда  жүйенің  бұл  кезеңі  аясында  басқа  стандартталған 
тесттер  болмағандықтан  бұл  өте  өзекті.  Нәтижелерге  жұртшылықтың  сенім  деңгейі,  егер 
оқушылар  тестілеу  сұрақтарын  алдын-ала  білмесе,  егер  олар  қарастырылатын 
мектептердің  мұғалімдерінен  басқа  мұғалімдермен  бағаланатын  болса  артады. 
Критерийлер  негізінде  мұғалімдермен  сыныптың  нәтижелілігін  бағалау  нәтижелерімен 
қатар,  бастауыш  мектепте  аяқтауда  тапсырылатын  тестілеу  артта  қалушы  және  әлеуетті 
артта  қалушы  оқушыларды  ерте  анықтауда  өте  маңызды  роль  ойнауы  мүмкін.  9-шы 
сыныптың  соңында  осы  санаттағы  оқушыларға  қатысты  үлгерімді  қалпына  келтіру  өте 
кеш болады.
Стандартталған  тестілеу  жүйесі  енгізілген  кейбір  мемлекеттер  мұны  ең  алдымен  осы 
жүйеде  не  болып  жатқандығын  білім  саласындағы  ұлттық  және  аймақтық  басшыларға 
3 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 15
Мұғалімдер мен мектеп басшылығы
Қазақстанда  мұғалім  мамандығы  төмен  мәртебе  мен  беделден  қиындық  көруде.
ЭЫДҰ  көптеген  мемлекеттерінде  мектеп  мұғалімдері  толық  бағаланбау  сезімдерін,
сондай-ақ,  педагогикалық  қызметтің  имиджі  мен  мәртебесіне  қатысты  ұқсас
алаңдаушылықтың  бар  екендігін  айтуда  (ЭЫДҰ,  2005).  Оның  үстіне,  Қазақстандағы
мектеп  мұғалімдері  жалақыларының  салыстырмалы  деңгейі  төмен  болып  табылады, 
сонымен  қатар,  жалақыны  төлеу  сызбасы,  ең  алдымен,  өзінің  педагогикалық  қызметін 
(яғни,  кәсіптік  тәжірибенің  алғашқы  жылдары  бар)  жаңадан  бастаған  мұғалімдерге
қатысты    қолайсыз  сипатта  берілген.  Мектептер  арасында  мұғалімдердің  тең
бөлінбеуі,  сондай-ақ,  анағұрлым  жоғары  білікті  мұғалімдердің  аз  деңгейде  қолайсыз
мектептерде  қызмет  етуі  мүмкін,  көп  деңгейде  қосымша  мектеп  қорлары  мен  қолдау 
қамтамасыз  етілген  дарынды  балаларға  арналған  мектептерде  кәсіптік  қызметін
жүзеге асыруы мүмкін екендігі байқалады. 
Бұл  сұрақтарды  шешу  Білім  беруді  дамытудың  2011  -  2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасының  (ББДМБ)  негізгі  басымдықтарының  бірі  болып  табылады,
оның  үстіне,  бүгінгі  таңда  бұл  бағыттағы  реформаларды  жүзеге  асыру  жұмыстары
жүргізілуде.  2009  жылдан  бастап  мектеп  мұғалімдерінің  жалақы  деңгейі  көтерілуде,
сондай-ақ,  жоғары  білім  деңгейінде  педагогикалық  біліктілік  алуға  күшті  қаржылық 
ынталандыруды  енгізу  жүзеге  асырылды,  осылайша,  ББДМБ-да  аталған  мақсатқа
жетудің  амбициозды  бағыттары  айқындалған.  Дегенмен,  бұл  тек  бастамасы  ғана,  ал
мақсатқа  табысты  жетудің  орнықсыз  екендігі  көрінеді.  Реформаның  табыстылығы 
мемлекеттік  органдар  табысты  жетуге  ынталандырған  білім  беру  жүйесіндегі
мұғалімдердің  жаңа  мүмкіндіктерден  пайда  табуы  мен  кәсіптік  шеберліктің  жаңа
тұжырымдамасын  бекіту  деңгейіне  байланысты  болады.  Қазақстанда  барлық  толық
кәсіптік  стандарттарды  байланыстыратын,  әр  түрлі  деңгейде  түрлі  пәндерді  оқыту
тиімділігін  ұсынып,  жалпы  ұғымды  айқындайтын,  педагогикалық  білім  беру
бағдарламасының  аттестациясы  стандарттарымен  қатар,  сондай-ақ,  біліктілікті 
арттырудың  жоспарлы  шеңберін  әзірлеудің  тұтастық  жүйесі  енгізілмегені  мәселенің
басқа жағы болып табылады.
  Басқа  жағынан  алғанда,  мектеп  директорларын  қолдауға  бағытталған  саяси 
шаралар 
білім 
беру 
реформаларының 
жүргізілуіне 
байланысты 
мектеп 
директорларының  жауапкершілік  деңгейінің  артуынан  күтілетініне  қарамастан,
маңызды  деңгейде  алғанда  шектеулі  сипатта  болады.  Кәсіби  функцияларды  орындау 
үшін  анағұрлым  білікті  кадрларды  жинақтауға,  мектептің  әкімшілік  персоналының
әлеуетін  арттыру  үшін  қажетті  инвестиция  көлемімен  қамтамасыз  етуге,  сонымен
қатар,  тиісті  деңгейде  кәсіби  даму  мен  өсуді  марапаттауға  бағытталған  саясатты 
жүзеге асыру орынды іске асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет