Түпнұсқада келесі атауда жарияланған Reviews of National Policies for Education



Pdf көрінісі
бет22/42
Дата09.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8679
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42

156 - 
МАЗМҰНЫ
бекітілген  заңдар  мен  қағидаларға  қатысу  мен  сақтау  мақсатында  барлық  заңдар  мен 
қағидаларды,  білім  берудің  нормалары  мен  стандарттарын  қамтитын  жинақ  шығаруды
қамтуы  тиіс.  Бұл  жинақ  кең  жұртшылыққа  қолжетімді  және  тегін  таратылуы  тиіс. 
Сондай-ақ,  сарапшылар  қазіргі  білім  беру  қызметкерлерінің  кәсіподағы  саясатты  әзірлеу
мен  жүзеге  асыру  процесіне  мұғалімдерді  тарту  бойынша  қойылған  мақсатты  тиімді
қамтамасыз етпейді деп есептейді. 
Айлық жалақының деңгейі 
Мұғалімдердің  еңбек  ақысының  деңгейі,  еш  күмәнсіз,  мамандықта  білікті
мұғалімдерді  тарту  мен  ұстап  қалудың  негізгі  факторларының  бірі  болып  табылады.  Егер
басқа  мамандықтарда  айлық  жалақы  мен  жеңілдіктер  анағұрлым  тартымды  болса,  жоғары
білікті  мамандардың  өз  мамандығы  ретінде  оқытуды  таңдауы  немесе  мамандықта  ұзақ
мерзімге  қалуы  ықтималдығы  аз  болады  (Борман  және  Доулинг,  2008;  ЭЫДҰ,  2005).
Шын  мәнінде,  АҚШ-та  мамандығын  ауыстырған  мұғалімдердің  арасында  жүргізілген 
сауалнама  нәтижесі,  бұл,  әсіресе,  үш  жылдан  аз  еңбек  өтілді  мұғалімдерге  қатысты
дұрыстығын,  айлық  жалақы  мен  жеңілдіктер  мұғалімдердің  мамандықтан  кетуінің  негізгі
себептерінің  қатарына  кіретінін  жиі  көрсетеді  (Лукенс  және  т.б.,  2004).
Қазақстанда  мұғалімдердің  айлық  жалақысы  оқытушылық  жүктеме  (жүктеме
жүйесі)  жүйесіне  негізделген,  яғни,  мұғалімдерге  сағатпен
9
  өлшенетін  жүктеме  бірлігі 
үшін  төлейді.  Бастауыш  және  орта  білім  беру  жүйесіндегі  мұғалімдердің  стандарты
жүктемесі  40  сағаттық  апта  бойы  18  сағат  оқытуды  құрайды.  Мемлекеттік  білім  беру
стандарты
10
  минималды  жүктемені  анықтамайды,  бірақ  аптасына  максималды  оқу
сағаттарының  санын  27  сағат  немесе  1,5  стандарттық  жүктеме  деңгейінде  барлық  білім
беру  сатылары  бойынша  белгілейді.  Сондай-ақ,  осы  жүйе  аясында  мұғалімдер  негізгі
жүктеме  мен  оқыту  уақытының  аясынан,  дәптерлер  тексеруді  қосқанда  шығатын  басқа  да
педагогикалық және педагогикалық емес қызметтерге үстемақы алады.
Мұғалімдердің 
айлық 
жалақысы 
Қазақстан 
Республикасының 
азаматтық
қызметкерлері  мен  бюджеттік  саланың  қызметкерлеріне  айлық  жалақы  мен  жеңілдіктер 
шкаласын  анықтайтын  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  мен  Қазақстан
Республикасы  Үкіметінің  2007  жылғы  29  желтоқсандағы
11
  №  1400  Қаулысына  (ҚР  ҮК 
№  1400)  сәйкес  белгіленеді.  Олардың  табыстары  айлық  жалақы  мен  қосымша  жұмыс
үшін  үстемақыдан  тұрады,  сонымен  қатар,  арнайы  (материалдық  және  материалдық 
емес) сыйақыны қамти алады.
Айлық  жалақы  білім  деңгейі  мен  атқаратын  лауазымын,  сонымен  қатар,  қызмет
жылдарын  сипаттайтын  коэффициентке  көбейтілген  базалық  лауазымдық  қызметақыдан
тұрады (Кеста 4.12).
156
 - 4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ 
          БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 157
Кесте 4.12 Қазақстан Республикасында азаматтық қызметкерлердің, мемлекеттік бюджет 
есебінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмысшыларының, қазыналық кәсіпорын 
жұмысшыларының жалақылары: табыстар тобы, базалық лауазымдық жалақы және 
көтермелеу коэффициенті
Сыйақы санаттары
Базалық лауазымдық жалақы
Көтермелеу коэффициенті
2000-2009
2010
2011; 2012
Бастапқы 
жалақы
1-ден 20+ 
жылға дейін, 
жарты жылдық 
аралықпен
14
2
3
4
5
G-1
10890
13613
17697
4.29
4.37 to 5.15
G-2
3.99
4.07 to 4.78
G-3
3.72
3.80 to 4.46
Мектеп директорлары (G-4)
3.41
3.54 to 4.08
Директорлардың орынбасарлары 
(G-5)
3.17
3.29 to 3.80
G-6
2.98
3.11 to 3.58
ЖОО, ортадан кейінгі білім 
беру ұйымдарының КББО 
оқытушылары 
(G-7)
2.80
2.91 to 3.35
G-8
2.64
2.74 to 3.16
Жоғары білімді мұғалімдер (G-9)
2.40
2.49 to 2.88
G-10
2.20
2.28 to 2.64
Ортадан кейінгі білімді мұғалімдер 
(G-11)
2.02
2.10 to 2.42
G-12
1.88
1.95 to 2.26
G-13
1.68
1.74 to 2.02
G-14
1.43
1.48 to 1.70
Ескерту:  2011  ж.  мұғалімдердің  және  мектеп  директорларының  үстемақысыз  есептегендегі  айлық 
жалақыларын толық көру үшін Қосымша 5.А1, Кесте 5.А1.5-11 қараңыз.  
Дереккөз:  ҚР  «Білім  туралы»  Заңы,  ҚР  Үкіметінің  2007  ж.  29  желтоқсандағы  №  1400  Қаулысы,  ҚР  Білім  және
ғылым министрінің 2009 ж. 13 шілдедегі № 338 бұйрығы.
Ортадан  кейінгі  білімі  бар  мұғалімдер  (мектепке  дейінгі  мен  бастауыш  білім  беруде
оқыту  үшін  минималды  біліктілік)
12
  G-11  табыс  санатына  сәйкес  табады.  Орта  жалпы
білім  беретін  мектеп  мұғалімдерінің,  кем  дегенде,  жоғары  білімі  болуы  керек.  Олар
айлық  жалақыны  G-9  табыс  санатының  коэффициенттеріне  сәйкес  алады,  ал  ЖОО-ы  мен
ортадан  кейінгі  КББО  мекемелерінің  оқытушылары  G-7  табыс  санатына  жатады.  Мектеп
директорларының  орынбасарлары  G-5  санаты  бойынша,  ал  мектеп  директорлары  G-4 
санаты  бойынша  жіктеледі.  Базалық  лауазымдық  жалақы  Үкіметпен  белгіленеді.  2011
жылы  оны  айына  13  613  теңгеден  17  697  теңгеге  дейін  көтерді.  5.A1  Қосымшасындағы 
5.A1.5 Кестесі барлық 5 санат бойынша толық айлық шкаласын қамтиды.
Үстемақылар  мұғалімдер  мен  басқа  да  педагог  қызметкерлерге  олардың  негізгі 
функцияларына  жатпайтын  қосымша  жұмыстарды  орындағанын,  қиын  жағдайларда 
жұмыс  істегенін,  қосымша  біліктілігін  өтеу  мақсатында  төленеді.  4  Қосымшада  Үкіметтің
№  1400  Қаулысы  ЭЫДҰ  мемлекеттерінде  кейбірі  мұғалімнің  стандартты  міндеттеріне 
жататын,  яғни,  үй  тапсырмасын  тексеру  сияқты  функцияларды  кең  және  өте  нақты 
қамтиды.  Мұғалімдер  (кейбір  жағдайларда  директорлар)  сынып  жетекшілігіне
13
,  үй
тапсырмасын  тексеруіне,  зертхана  басқаруына,  қосымша  міндеттерді  уақытша 
4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУМЕН
   
                            ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
158 - 
МАЗМҰНЫ
орындауына  (мысалы,  екі  пәнді  оқыту),  қиын  жағдайда  жұмыс  істеуіне,  пәнді  тереңдетіп
оқытуына  (бейіндік  білім  беру),  ауылдық  жерлерде  қызмет  еткеніне  және  жоғары
радиациялы
14
 қауіпті аудандарда жұмыс істегеніне үстемақы алады.
Кейбір  үстемақылар  функциялары  мен  жұмыс  жағдайларына  емес,  біліктілігі  немесе 
кәсіби  дағдыларына  байланысты.  Бұл  төлемдер  анағұрлым  жоғары,  сондықтан  кәсіби
дамуды  қалайтын  (және  жасай  алатын)  мұғалімдерге  мықты  ақшалай  ынталандыру
береді.
Мысалы,  ғылыми  дәреже  алу  бір  немесе  екі  минималды  айлық  жалақы  көлемінде 
көтермелеу  береді  (ҚР  ҮК  №  1400).  Бұдан  басқа,  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің» 
желісімен  әзірленген,  кәсіби  дайындықтың  жаңа  буынын  аяқтау  таза  айлық  жалақыдан 
(яғни,  тиісті  қызметтік  санаты  мен  өтілінің  үстемақысын  есептемегендегі  айлық  жалақы) 
30-100%-ға  дейін  көтермелеу  береді.  Соңғысы,  бірақ  маңыздылығы  жағынан  кем  емесі, 
әрбір  бес  жылда  (немесе  жиірек  белгіленген  жағдайларда)
15
,  мұғалімдер  біліктілік 
санатын  (анағұрлым  жоғары)  алу  үшін  аттестаттау
16
  рәсімінен  өте  алады,  егер  оны  алған
жағдайда  анағұрлым  жоғары  еңбек  ақысын  береді  (Кесте  4.13).  5.A1  Қосымшасындағы 
5.A1.6  Кесте  үстемақылар  мен  алушылардың  тиісті  санаттарының  қысқаша  сипаттамасын
 қамтиды.
Кесте 4.13 Біліктілік санаттарына қосымша төлемдер 
Базалық лауазымдық жалақының %-ы 
G-11
G-9
Жоғары санат
90%
100%
Бірінші санат
45%
50%
Екінші санат
30%
30%
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысы. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңына  сәйкес  мұғалімдердің  «табысты 
оқытқаны»  үшін  мемлекеттік  марапаттаулар,  құрметті  атақтар,  сыйлықтар  мен  атаулы
стипендиялар  түрінде  арнайы  көтермелеулер  алуға  құқы  бар  («Білім  туралы»  Заң,  51-
бап).  Табысты  оқыту  мысалдарына  жарыстардағы,  яғни,  олимпиадалардағы  оқушылар 
мен  мұғалімдердің  жеңісі  жатады.  Мұндай  табыстары  үшін  ынталандыру  және  табысты 
оқыту  болып  табылатындығы  туралы  шешім  жеке  негізде  өтеді  және  маңызды  деңгейде 
мектеп  директорының  қарауында  қалады.  Сондай-ақ,  бұл  мектеп  бюджетінде    бөлінген
қаражаттың  бар  болуына  байланысты  (ҚР  ҮК  №  1400).  Мұғалімнің  тек  екі  жетістігі 
толық  берілген  -  «ЖОО-ның  үздік  оқытушысы»  немесе  «үздік  педагог»  лауазымының 
иегерлері  жеткілікті  ауқымды  көлемдегі  бір  реттік  сыйақымен  сүйемелдене  алады.  2012 
жылы  республикалық  бюджеттен  жалпы  білім  беретін  мектептердің  48  педагогына,
сонымен қатар, КББО 16 оқытушысына қаражат бөлінген болатын (ЮНИСЕФ, 2012).
Ендірме 4.4 ЭЫДҰ мемлекеттерінде мұғалімдер үшін қосымша төлемдер
ЭЫДҰ  мемлекеттеріндегі  мектептік  жүйенің  базалық  айлық  жалақысына  қосымша  ретінде 
мұғалімдерге қосымша үстемақылар немесе марапаттаудың басқа да нысандарын ұсынатын сызба 
жиі  қолданылады.  Олар  қаржылай  марапаттау  және/немесе  оқу  сағаттарының  көлемін  қысқарту 
нысанын  алуы  мүмкін.  Бастапқы  жалақымен  бірге,  бұл  төлемдер  тұлғаның  мұғалім  болуы 
немесе осы мамандық бойынша жұмысын жалғастыру шешіміне ықпал етуі мүмкін. Мансаптың 
басындағы қосымша төлемдер жанұялық жәрдемақыларды, белгіленген орындардағы жұмысы үшін 
үстемақыны және  біліктілік деңгейі бар болған жағдайда минималды жалақыдан асатын, анағұрлым 
жоғары бастапқы жалақыны қамти алады. 
Қосымша  үстемақылар  көбіне,  табысты  емес  мектептерде  оқыту,  әсіресе,  өте  кедей
аудандарда  орналасқан  немесе  басым  бөлігі  үшін  оқыту  тілі  ана  тілі  болып  табылмайтын
 
158
 - 4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ 
          БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 159
мектептерде сабақ беру сияқты ерекше міндеттері немесе еңбек жағдайлары үшін тағайындалады. 
Мұндай  мектептерде  педагогтарды  тартумен  қиындықтар  туындайды  және  тәжірибесі  аздау 
мұғалімдерді жалдау ықтималдығы көп болады. Қосымша төлемдер жыл сайын шамамен ЭЫДҰ 
мемлекеттерінің  жартысында  беріледі.  Сондай-ақ,  он  бір  мемлекет,  қағида  бойынша,  педагог 
кадрлардың  жетіспеушілігі  сипатталатын  белгіленген  облыстарда  оқытатын  мұғалімдер  үшін 
жыл сайынғы негізде қосымша төлемдерді ұсынады. Сондай-ақ, мұғалімнің біліктілігі, дайындық 
деңгейі  мен  еңбек  нәтижелері  негізінде  қосымша  төлемдер  таралған.  Анағұрлым  кең  таралған 
үстемақының  түрлері  бастапқы  педагогикалық  біліктілік  және/немесе  минималды  талаптардан 
асатын  сертификаттау  деңгейі  мен  мұғалімдердің  дайындығы  үшін  болып  табылады.  ЭЫДҰ 
мемлекеттерінің  төрттен  үші  осындай  үстемақыларды  жүзеге  асырады,  ал,  ЭЫДҰ  барлық 
мемлекеттерінің 60%-ға жуығы үстемақының екі түрін де ұсынады. ЭЫДҰ-ның жиырма екі мемлекеті 
кәсіптік  даму  курсынан  табысты  өткені  үшін  қосымша  төлемдер  ұсынады.  Осы  мемлекеттердің 
16-да бұл үстемақылар базалық жалақыға қосылады, бірақ Кореяда мұндай үстемақылар жүйесіз 
жүргізіледі. Қызметтерді ынталандыру үшін қосымша үстемақы ұсынатын 19 мемлекеттің үштен 
екісі осы жүйені жүзеге асырады; 13 мемлекет мұғалімдердің айлық жалақысына үстемақыны жыл 
сайынғы қосымша ретінде ұсынады. Еңбектін жақсы нәтижелері үшін ынталандырудың бұл түрін 
ұсынатын 19 мемлекеттің 16-да қосымша төлемдер тағайындау туралы шешім мектеп деңгейінде 
жасалуы мүмкін.
Дереккөз: ЭЫДҰ, 2012a
Үстемақылардың  көптігі  мен  әртүрлілігі  өз  мансабының  ортасында  жүрген
Қазақстанның  мұғалімдері  үшін  сыйақылар  мен  үстемақылардың  жай  пакетін  және 
олардың  нақты  табысын  нақты  анықтауға  мүмкіндік  бермейді.  Бұл  -  жүктеме  жүйесін 
қолданатын  мемлекеттерге  ортақ  проблема,  мұндағы  нақты  табыс  жүктеме  бірлігінің 
санына  және  қосымша  төлемдерге  тәуелді  болады  және  нормативті
41
  жалақыдан  едәуір 
ерекшеленуі  (негізінен  өсім  жағына)  мүмкін.  Осылайша,  нақты  табыс  мұғалімдер 
арасында  (әсіресе,  жас  мұғалімдер  мен  анағұрлым  тәжірибелі  мұғалімдер  арасында), 
жекелей  алғанда,  қалалық  және  ауылдық  мұғалімдердің  арасында,  сондай-ақ,  бірдей 
санатты және бірдей өтілі бар мұғалімдердің арасында да едәуір ерекшеленуі мүмкін
Жуырдағы  (2011)  ЮНИСЕФ  өткізген  Орталық  және  Шығыс  Еуропа  мен  ТМД-да
мұғалімдерді  тарту,  дамыту  және  жалақы  мәселелері  бойынша  аймақтық  зерттеуде 
жүктеме  жүйесі  талқыланады.  Бұл  зерттеуде  Молдова  Республикасында,  мысалы,  жоғары 
педагогикалық  білімді  мансаптың  ортасындағы  мұғалімнің  жалпы  орташа  айлық 
жалақысы  базалық  орташа  жалақыға  қарағанда  1,7  есе  жоғары,  ал  Қырғызстанда  бұл 
көрсеткіштің  2,7  есе  жоғары  екендігі  аталып  өтіледі  (ЮНИСЕФ,  2011).  Қазақстанда 
мансаптың  ортасындағы  орта  мектеп  мұғалімінің  айлық  жалақысы  базалық  жалақыдан, 
егер  ол  аптасына  максималды  орташа  сағат  санын  жүргізсе,  орынды  көлемде  қосымша 
функцияларды,  мысалы,  сынып  жетекшілігі,  дәптер  тексеру,  мектептен  тыс  шараларға 
қатысу және т.б. атқарса, оның өтіліне сәйкес 4 есе асуы мүмкін. 
Нақты  жалақыны  анықтауға  қарағанда  анағұрлым  маңызды  мәселе  мұғалімдердің
еңбек  жағдайы  үшін  жүктеме  жүйесінің  нәтижесі  болып  табылады.  ЮНИСЕФ 
баяндамасында  жүктеме  жүйесі  қолданылатын  мемлекеттерде  мұғалімдер  жалақысының 
төмендігі  мен  төмен  нормативті  жүктеме  мұғалімдердің  толық  емес  жұмыс  күні  жұмыс
істеуінің  себебі  болуы  мүмкін  екендігі  аталып  өтіледі.  Бұл  өз  кезегінде  мұғалімдерге
балама  табыс  көздерін  іздеуге  немесе  қосымша  жүктеме  алуға  (рұқсат  берілген 
максималды  сағат  санына  дейін)  немесе  басқа  өтелетін  қызметті  жүзеге  асыруға  қозғау
салады  (ЮНИСЕФ,  2011).  Қазақстанда  бұл  жүйе  қалалық  мектептердегі  мұғалімдер  үшін 
қолайсыз  болып  табылады,  мұндағы  қызметкерлердің  артылуы  кең  таралған  құбылыс 
болып  табылады.  Ең  алдымен,  бұл  анағұрлым  жоғары  жүктемені  (өйткені,  оны
анағұрлым  тәжірибелі  мұғалімдерге  қалдырады)  алу  мүмкіндігі  жиі  берілмейтін  жас
мұғалімдерге  тиімсіз,  ақыр  аяғында,  мұғалімде  бір  жүктемеден  аз  қалып,  жалпы  алғанда
оның  табысының  төмендеуі  мен  жұмысқа  тартымдылығын  азайтуға  алып  келуі  мүмкін. 
4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУМЕН
   
                            ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 23
қазақ  тілін  негізгі  қарым-қатынас  тілі  ретінде  растау  мақсатында  2008  жылдан  бастап
қазақ  тілінде  білім  беретін  мектептердің  саны  артуда.  Қазақ  тілі  оқыту  тілі  ретінде  өсіп 
отырған  мектеп  сандарында  орыс  тілін  алмастырады.  2011  ж.  жағдай  бойынша,
мемлекеттегі барлық оқушылардың үштен бір бөлігіне жуығы қазақ тілінде білім алған. 
Экономикалық даму көрсеткіштері 
Кеңес  Одағы  кезеңінде  қазақстандық  экономика  ресейлік  экономикамен  тығыз 
байланыста болды. 1991 ж. Кеңес Одағының ыдырауы 1990-шы жж. бойы созылған күшті
экономикалық  құлдырауға  алып  келді.  Халықтың  жан  басына  шаққандағы  ЖІӨ  1990  ж. 
1647  АҚШ  долларынан  2000  ж.  1229  АҚШ  долларына  төмендеген.  2002  жылға  қарай, 
мұнай  шығару  бойынша  жаңа  қызмет  ұлттық  кірістің  артуына,  жалпы  экономикалық 
тиімділіктің  едәуір  артуына  және  жылдам  өсу  тенденциясын  қолдауға  мүмкіндік  берді. 
Қазақстанға  2008-2009  жж.  экономикалық  дағдарыстың  нәтижесінде  үлкен  зиян
келтірілді,  дегенмен,  2011  жылы  мемлекеттің  ЖІӨ  өсуі  7,5%  құрады.  2011  жылғы  жағдай 
бойынша  жан  басына  шаққандағы  ЖІӨ  11  357  АҚШ  долларын  құрады.  Қазақстан 
экономикасы орташадан жоғары кіріс деңгейлі топқа жатады.
Сурет 1.2 Жан басына шаққандағы ЖІӨ және Қазақстандағы 1990 жылдан 2011 жылға дейінгі ЖІӨ 
өсуі 
Дереккөз: Дүниежүзілік даму көрсеткіштері, Дүниежүзілік банк. 
Мемлекетте  2000  жылдан  бастап  жүргізілген  кең  көлемді  жекешелендіруге
қарамастан,  экономика  әлсіз  әртараптандырылған  болып  отыр,  оның  үстіне, 
экономикалық  қызмет  пен  инвестициялар  өндіруші  салаға  шоғырланған.  2009  жылы 
өндіруші  саланың  өнімін  шығару  Қазақстанның  экспорт  көлемінің  65%-н  құрады,
сондай-ақ,  70%  тікелей  шетелдік  инвестициялар  тартылған  (ЭЫДҰ,  2011).  Көптеген 
шикізаттық  емес  секторлар  бүгінгі  күнге  дейін  айтарлықтай  нәтижелі  емес  және  бәсекеге 
толық  қабілетті  емес  болып  отыр.  2008-2009  жылдардағы  дағдарыс,  сондай-ақ,  шикізат 
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 161
демеушілік  сапарлар;  жыл  сайынғы  Бранденбург  жерінің  Күні  мерекесі  кезінде  конкурстық 
жолмен таңдалған мектептердің 50 жобасының жұрт алдындағы тұсаукесері қоғамдық рәсімдері. 
Бұл жобалар оқушылар мен шығармашыл және әлеуметтік белсенді мұғалімдердің бастамаларын 
көрсетуге бағытталған және жеңіске жеткен мектептер жақсы сыйлықтар алады.
Словакия 
Словакияда  Ян  Коменскийдің  туылған  жылдығына  орай  мұғалімдердің  мерекесі  ретінде 
«Мұғалімдер күнін» жыл сайын өткізу білім беру жетістіктерін көрсету мен педагогикалық жұмыс 
үшін жұртшылықтың мойындауын білдірудің әйгілі тәсілі болды.
Швеция
Швецияда  «Attractiv  Skola»  (тартымды  мектеп)  жобасы,  білім  беру  органдарының,  мұғалімдер 
кәсіподағының және мектеп директорлары кәсіби ассоциациясының бірлескен жобасы жергілікті биліктің 
мектеп, ЖОО және бизнес қауымдастықтың арасындағы анағұрлым тығыз байланыс орнатуға ықпал етеді. 
Жергілікті билік органдары мақсаты мектеп бағдарламалары туралы тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін 
арттыру,  мектептер  мен  кәсіпорындар  арасындағы  тәжірибе  алмасу,  мектеп  пен  мұғалім  арасындағы 
байланысты  орнату  үшін  дағдыларды  дамыту,  сонымен  қатар,  жұмыс  орны  ретінде  мектептердің 
тартымдылығын арттыру болып табылатын жобаға қатысуға өтінім береді.
Дереккөз: ЭЫДҰ сарапшылар тобы
Мектептердің әкімшілігін жақсарту үшін тиісті саясат 
Мектептерді басқарудың үдемелі маңызы
Мектептердің  басшылары  тұрақты  білім  беру  ортасында  қызмет  етпейді.
Мемлекеттер  есеп  берушілік  пен  сапа  стандарттарын  сақтауды  арттырудың  орнына  оқу
орнының  дербестігін  ұсынуды  жиі  қамтитын,  білім  беру  сапасы  мен  теңдігін  жақсартуға
ұмтылуда.  ЭЫДҰ  мемлекеттерінде  оқу  орны  басшыларының  ролі  мен  жауапкершілігі
осы  өзгерістерге  сәйкес  кеңеюде  және  белсендірілуде  (ЭЫДҰ/  Траст  арнайы  мектептері 
мен  академиялары,  2008).  Әлемдегі  анағұрлым  тиімді  білім  беру  жүйелерінің  көбі
«басқару  мен  бақылау»  бюрократиялық  ортасынан  мектеп  басшылығы  қорларын  қалай
басқаруды,  олардың  адамдарының  қалай  жұмыс  істейтіндігін,  жұмыстың  қалай 
ұйымдастырылатынын  және  орындалатынын  әлдеқайда  көп  бақылайтын  мектептік 
жүйеге  өтті  (ЭЫДҰ,  2010a).  Мектеп  директорлары  мен  мұғалімдер  осылайша,  қорларды 
бөлуді  қарайтын  құқықты  иемденеді,  оларды  жақсы  тәжірибе  мен  білімді  алмастыратын 
қауымдастық  құруға,  олардың  жұмыс  сапасын  арттыру  ісінде  бір-бірін  қолдау  үшін  ортақ 
ізденістерін ынталандырады.
Қазақстанда  да  ұқсас  өзгерістер  болып  отыр.  Мемлекет  басшылығы  2050  жылға 
қарай  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  отыз  мемлекеттің  қатарына  ену  мақсатын 
қойды.  Білім  беру  мен  оқыту  осы  мақсатқа  жету  үшін  шешуші  маңызы  бар  стратегияның 
бір  саласы  болып  табылады,  ал  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011
-  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  (ББДМБ)  осы  саланы  жаңарту  мен 
жабдықтауға  бағытталған  реформалардың  айбарлы  тізімін  бекітеді  (танысу  үшін  1
Тарауды  қараңыз).  Мемлекеттік  бастамалардың  басым  бөлігі  мектептерге  бағытталған 
және  көбіне,  оқыту  әдістері  көзқарасы  тұрғысынан  қызмет  етудің  дәстүрлі  түрі,  ал,  кейбір
жағдайларда,  тіпті,  институционалдық  құрылым
18
  деп  есептеуге  болатын  өзгерістерді 
тұспалдайды.
Бұл  міндет  уақытты,  сонымен  қатар,  өзгерістерді  жақсы  және  тұрақты  басқаруды
талап  етеді.  Өзгерістердің  тиімділігі  тек  мектептердің  жаңа  саясатқа  сәйкестігіне  ғана
емес,  бірақ  өз  қызметтерін  жақсарту  үшін  ынталандыруға  (және  бағыттамаға)  әсер  ететін
білім  беру  мекемелерімен  байланысты  болады  (Элмор,  2008).  Институционалдық  әсер  ету
мектептік  басқарудың  қабілеттерімен  және  сапасымен  жиі  байланысатын  түрлі 
факторлардың  ықпалында  бола  алады.  Сондай-ақ,  ЭЫДҰ  мемлекеттеріндегі  олардың 
әріптестері 
сияқты 
Қазақстан 
Республикасындағы 
мектеп 
директорлары 
өз
4 ТАРАУ. МЕКТЕПТЕРДІ БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУМЕН
   
                            ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ САЯСАТ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
162 - 
МАЗМҰНЫ
мектептеріндегі  өзгерістердің  басшылары  бола  алады  (болуы  керек),  осылайша,  олардың 
білім  беру  жүйесін  табысты  реформалауы  үшін  жоғары  дәрежелі  маңызы  болады. 
Өзгерістерді  жүзеге  асыру  ертерек  болса,  жақсы  мектеп  директорлары  соғұрлым
маңызды рол ойнай алады (ЭЫДҰ/ Траст арнайы мектептері мен академиялары, 2008).
Ендірме 4.6 Мектептерді жақсарту мен шындығы
«Көптеген мектептердегі стандарты мәдениет - бұл шашыраңқы сипат алған тәжірибе, мектептердің 
ұйымдастыру құрылымы осы шашыраңқылықты күшейтуде, жалпы міндеттерді ұжымдық орындау үшін 
мүмкіндіктерді минимумға түсіретін, сондықтан жұмыстағы тәжірибені жақсартуға қандай да бір сыртқы 
білімді немесе дағдыларды қолдану үшін мектептерге базалық ұйымдастырушылық әлеуеті жетіспейтін 
мәдениет. Бұл мектептер көптеген сансыз арнайы жағдайлармен көптеген сансыз мәнмәтіндерде: - тілдік 
топтар, түрлі табыс деңгейлі топтар, жергілікті тұрғындардың ұйымшылдығы мен ұтқырлығы және т.б. 
қолданылады. Ішкі есеп берушілік деңгейін арттыру бағытындағы мектептерді дамыту шаралары бойынша  
олардың табысы сол мәнмәтіндегі нақты проблемаларды анықтау мен әсер ету мүмкіндігіне барлығынан 
көп тәуелді болады. Әдетте, бұл ішкі процесстер мен құрылымдарды дамытуға бағытталған жұмыстың 
нәтижесінде болады, өз кезегінде, оқушыларды оқыту мен оқу тәжірибесі бойынша жалпы қабылданған 
нормалар мен болжамдарды дамыту үшін қолдануға болады. Мектептерде қағидалар жинақтарын сақтаудан 
жақсарту жүргізілмейді; олар белгілі мәнмәтінде белгіленген оқушылар контингентімен табысқа апаратын 
тәжірибені қолданудан туындайды. Осылайша, жақсартудың тұрақтылығы тәжірибедегі диагностикалық 
әлеуеттің дамуына және икемділік нормаларының дамуына байланысты. Басшылар (мектеп) мұндай ортада 
олар көп немесе аз тұрақты оқытуға қатысатын және осы білімдерін басқа ұйымдарда көрсететін дәрежеде 
табысқа жетеді».
Дереккөз: Элмор (2008: 47 бет) есеп береушілікті немесе жақсартуларды арттыруда қажеттілікті сезінетін 
мектептердегі (американдық) оның байқаулары туралы. 
Қазақстан  Республикасында  реформаларды  жүзеге  асыру  үшін  мектеп
басшылығының  маңыздылығын  сол  реформаның  мақсаттарымен  дәлелдейді.  Реформа 
мақсатының  тек  біреуі  «Білім  берудегі  басқаруды  жетілдіру»  корпоративтік  басқару
принциптері  арқылы  тікелей  мектеп  басшылығына  бағытталған.  Дегенмен,  кем  дегенде,
орта  білім  беруге  қатысты  ББДМБ-ның  тағы  жаңа  11  мақсатының  пайда  болуы,  ең 
алдымен,  реформаларға  (4.14  Кесте)  және  қызығушы  тараптар  мен  мемлекеттік 
органдардың  болжамдарына  әсер  етеді.  Директорлардың  ролі  мен  лауазымдық  міндеттері 
үшін  жан  басына  шаққандағы  қаржыландыру  бойынша  реформалардың  нәтижесі  5
Тарауда  талқыланатын  болады,  сондай-ақ,  олардың  қаржылар  мен  қойылған  тиімділік 
мақсаттарына  қол  жеткізу  бойынша  дайын  еместігімен  байланысты  қауіптенуі  аталады.
Мұндай  тәуекелдер  4.14  Кестеде  аталып  өтілген,  реформалау  мақсаттары  басқаларға  да
қатысты  болуы  мүмкін:  көптеген  мектептердің  мәртебесінің  (және  сондықтан 
ұйымдастырушылық  құрылымының  өзгеруімен)  өзгеруімен  сүйемелденетін  12  жылдық
оқытуға  көшу;  жоспарланған  жақсарту  мен  шағын  жинақталған  мектептер  желісін 
рационализациялау  мектептерді  жаппау  үшін  біріктіру  мен  мектептердің  маңыздылығын 
арттыруға  алып  келуі  мүмкін;  КББО  оқу  орындарын  жаңарту  мен  беделін  арттыруға 
бағытталған  шаралар  табыстарды  алуда  жекеменшік  сектор  мен  дербестікті  күшейтудің 
мықты әсер етуіне алып келуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет