ӘОЖ 372.857.001
К28
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ТҤРЛЕРІ
Кемелбекова Р.Е., Молдыбекова Ж.С.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған күрделі мәселенің бірі - ӛзімізді қоршаған тіршілік
ортасын биосфераны келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, кӛркейтіп - кӛріктендіріп жеткізу.
Ӛйткені тіршіліктің барлығы сыртқы ортамен байланысты. «Не ексең, соны орасың» демекші
еліміздің болашағы қазіргі жастарға байланысты, біз оларға қандай білім беріп тәрбиелесек, олар да
сондай жеміс береді.
Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс - әрекетіне келешекте шек қоятын, оның
тыныс - тіршілігіне тікелей ат салысатын ғылымның жаңа саласы.
148
Жан - жақты білімді іскер маман даярлауда мектептегі биология пәнінің атқарар рӛлі зор.
Экологиялық білім мен тәрбиелеу мәселелері жалпы білім берудің жеке дара құрам бӛлігі ретінде
оқушыларда айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік, қарым қатынас қалыптастыруы тиіс.
Мектептегі биология сабақтарында оқушылардың ғылыми әдістемелік кӛзқарасын дамытуға кӛп
кӛңіл бӛлінеді. Сонымен қатар жасӛспірімдердің табиғатты қорғау қабілетін, экологиялық білім
алуына назар аударылады. Оқушылардың биология пәнінде экологиялық білімді игеру мұғалімнің
басшылығымен жүзеге асады. Мұғалім сабаққа дайындық барысында оның мақсатын, мазмұнын,
құрылымын жоспарлайды, оқытудың әдістері мен түрлерін қарастырады[1].
Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО)
«Адам мен биосфера» деп аталған бағдарламаны қабылдаудан басталады. Онда алғаш рет
халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама
жасалып, кең экологиялық сипатталған болатын.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты - жеке оқушы бойында табиғатқа деген ізгілік
қатынастарды қалыптастыра отырып, «Адам - Қоғам - Табиғат» арасында толық үйлесімділік
рухында тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру ӛте күрделі процесс. Қоршаған табиғи ортаның ӛзі
мен қоғам үшін мәңгі қажеттілігін сезіндіре отырып оқушының дүниеге деген ізгі кӛзқарасын бірте
- бірте қалыптастыру кӛзделеді.
Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында жаңа ұғымдар мен түсініктер қалыптасты.
Олардың негіздері: «Экологиялық білім», «Экологиялық сауаттылық», «Экологиялық этика»,
«Экологиялық мәдениет», т. б. Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды
түсіну оқушының табиғатқа деген кӛзқарасын қалыптастырып, экология ғылымын меңгеруге жол
ашады және пәнге деген кӛзқарасын қалыптастырып, қызығушылығын арттырады. Бұл мақсаттарды
жүзеге асыруда әрбір сабақ кезінде және сабақтан тыс шараларда кӛрнекі құралдар, диафильмдер,
кеппешӛптер, коллекциялар, бақылаулар пайдаланған жӛн. Сабақта әдебиет, география, саз ӛнері,
кӛркем сурет, зертханалық жұмыс, бақылау және қосымша материалдар қолдану оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттырады[2].
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
• жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
• экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық кӛзқарасын, санасын, табиғатқа
үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның
мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
• ӛмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке тӛселу;
• табиғатты қорғау және ӛзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке
қосу;
• мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;
Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық
және тәжірибелік біліммен қаруландыру.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, ӛйткені ӛндірістік іс-әрекеттің барысында адам
жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мӛлшерін,
минералдық тықайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мӛлшерінің мерзімін технологиялық
талаптарға спйкес есепке алып отырады[2].
Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын
тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану кӛзқарасын қалыптастырады.
Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие. Экологиялық білімнің негізгі кӛздері: химия, физика,
биология, география, астроиомия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын
149
дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана
білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.
Қазіргі жағдайда ӛндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты
ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Ӛндірістік іс-
әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі ӛзгерістер болып жатыр.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының кӛшеттерін ӛсіріп,
кӛгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі кӛмек кӛрсетіп отырады. Олардың
негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: кӛшет материалдарын ӛсіру, ағаштар отырғызу, оларды
күту, ӛрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.
- дәрі ӛсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;
- пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;
- фенологиялық бақылау жүргізу.
3. Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология,
химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды
анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану
ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.
5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер,
дәрістер, баяндамалар, т.б.
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу
пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және ӛндірістік еңбек арқылы іске асырылады[3].
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін ӛздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға,
күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету,
мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық
штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми
мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық
шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.
Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша кӛзқарасын қалыптастырып, әр түрлі
нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып,
адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Окружающая среда и мир на планете. -М.: Наука, 1986.
2. Дотта Л. Планета земля в опасности. - М.: Мир, 1988.
3. Демешев М .Я. Пока не поздно. - М.: Молодая гвардия, 1991.
4. Яншин А.Л., Мелуа А.И. Уроки экологических просчетов. М.:Мысль, 1991.
Аннотация. Экологическое воспитание представляет собой целенаправленное воздействие на
духовное развитие подрастающего поколения, формирование у него определенных ценностных
установок в плане нравственного отношения к окружающей среде. Современное содержание
термина «экология» предельно широко, оно выводится за рамки биологического знания и
рассматривается как вся система отношений человека к себе, к знанию, к другому человеку, к
природе.
Annotation. Environmental education is a purposeful influence on the spiritual development of the younger
generation, the formation of his particular set of values in terms of the moral attitude to the environment.
150
The current content of the "ecology" of the term very broadly, it appears beyond biological knowledge and
is considered as a whole system of man's relationship to himself, to knowledge, to another person, to
nature.
ӘОЖ 591.1
Т 78
ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ МАҚСАТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ГОРМОНДЫҚ
ПРЕПАРАТТАРДЫҢ АҒЗАҒА ӘСЕРІ
Оспанова Г. Туленова Д.О.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ішкі секреция бездері физиологиясы.Адам денесіндегі кӛптеген клеткалар (жалпы саны
100 трилионнан астам ) арнаулы тканьдер , мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі , олардың
ӛзара және сыртқы ортамен ӛте күрделі қарым – қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі
арқылы іске асады.Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз , уақыт және кеңістік
тәртібімен түрлі жолдар мен механизмдер арқылы үнемі кең кӛлемде мәлімет алмасу жүріп
отырады. Бұл мәләметтер гуморальдық жолмен (қан, лимфа, тканьаралық сұйықтық )
жүреді.Оларға кодталған электірлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық
заттар , кӛбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді.
Функциялардың (қызметтердің )
гуморальды реттелуінде маңызды рӛлді ішкі сӛлініс бездері, яғни эндокринді бездер атқарады
.Олар организм ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бӛліп шығарады. Ішкі
секреция бездері жасап шығарған заттар гормон деп атауға ие болды. Эндокриндік бездердің
(гректің endon – ішкі , crineo – бӛлемін немесе шығарамын ) сӛлін шығаратын ӛзегі жоқ , без
клеткалары қан және лимфа капилярларымен ӛте жиі торланған , сондықтан без ӛнімдері
тікелей осы тамырларға ӛтеді.Эндокринді бездердің ӛзегі бар, әрі ол ӛзек белгілі бір ағзаға
ашылып, ӛз ӛнімдерін сол мүшеге шығарады. Жоғарыда айтылып ӛткен ішкі секреция
бездерінен басқа плацентаны (бала жолдасы ) жатқызады. Екі қабат (жүкті ) әйел организімінде
бала жолдасы бір қатар гормондар бӛлім шығарады - эстроген , прогестерон, гонодотропин.
Ішкі секреция бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста
болады. Оның ядроларының (кейбір жүйке клеткаларының) нейросекрециясы бар, яғни
гипофиздің артқы бӛлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бӛлігінің қан тамырларына
тікелей келетін және аденогипофиздің клеткалар қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді
заттар бӛліп шығаратыны анықталған. Бұлардан басқа ішкі секреция бездеріне бір қатар ағзалар
жатады – бүйрек , ішек-қарынның кілегейлі қабығы (энтеринді жүйе), бауыр, себебі олар қанға
организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бір қатар заттар бӛліп шығарады . Атап айтқанда
, ренин ,гастрин, секретин, панкреозимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т.б.
Ішкі сереция бездерінің зеттеу әдістері.
Ішкі секркция бездерінің құызметін зеттеу үшін әр түрлі тәсілдер қолданылды.Олардың
негізгілері мынадай:
1) Эктомия немесе экстри пация – алым тастау.Бұл безді толық немесе бӛлшектеп алып
тастау әдісі.Операцияда белгілі бір безді алып тастағанда, олардың реттейтін қызметтері
бұзылады. Мысалы, қалқан серік бездерін алып тастағанда жүйке ет қозғыштығы жоғарылап ,
қатты жиырылады. Бұл реакция организмде паратгормонның жетіспеушілігімен қандағы кальций
деңгейінің күрт тӛмендеп , клетканың қозғыштығына әсер етуінен пайда болады.
2)Эндокринді бездерден алынған сықпаларды және химиялық жағынан таза гормондар мен
гормондық препараттарды кәдімгі немесе безі алынған жануарларға енгізу.
3)Эндокринді бездерді трансплантациялау, алмастырып тігу. Жануарларда зерттелетін
безді алып тастап, пайда болған ӛзгерістерді бақылау. Одан кейін алып тастаған безді
қанмен қамтамасыздандыра отырып дененің басқа бӛлігіне отырғызады. Егер осыдан
кейін бұзылған функциялар қалпына келсе, бездің ішкі сӛлінісі бар деген сӛз.
4) Парабиоз әдісі – екі жануардың тиісті қан тамырларын жалғастырып, қан айналысын
ортақтастыру, содан кейін біреуінің безін, ия бездерін алып тастап, оның дене қызметіндегі
ӛзгерістерді зерттеу
151
5)Ішкі сӛлініс бездерін эксплантация әдісі арқылы зерттеу. Без немесе оның бір кішкене
бӛлігін денеден тыс қоректік ортаға орналастырып оның тіршілік жағдайын зетрттеу. Бездің
қоректік ортада гормон жасауының саны мен сапасына әртүрлі процестердің әсерін зерттеу.
6)Биологиялық сұйықтардағы (қан, лимфа, несеп т.б) гормондар мен олардың
метаболиттерінің мӛлшерін химиялық иммунологиялық және басқа әдістер арқылы зеттеу.
7) Радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы зерттеу әдістері, нысына гормондар.
8) Флюоресцияланатын қарсы денелер ең дәл дұрыс әдіс. Кейбір гормондардың қай жерде
кӛбірек орналасқанын анықтауға мүмкіншілік береді. Бұл кӛбінесе гистохимиялық зерттеу
әдісімен қоса жүргізіледі.
9)Клинико- анатомиялық әдіс.Ауруханаларда ішкі секреция бездері ӛзгерген адамды
бақылап зерттеу. Ӛлген адамдағы, белгілі бір бездің гипер және гипо- функциялық, патологиялық –
анатомиялық және гистологиялық, сонымен қатар денедегі нысана тканьдерде пайда болатын
ӛзгерістер зерттеледі.
Гормондар.Гормондардың әсер етуінің механизмі мен жолдары.
Жоғарыда аталғандай гормондар дегеніміз – ішкі секреция ӛнімдерін яғни бӛліп шығарған
заттарды, ӛнімдерді айтамыз.Гормон (гормао – қозғаймын, қоздырамын деген сӛз).Гормон деген
атауды ХХ – ғасырда ағылшын физиологтары Старлинг пен Бейлис ұсынған.Гормондар арқылы
түрлі органдар бір – бірімен байланысады.Олар ӛте аз мӛлшерде әсер етеді де энергияның әсерінен
бұзылмайды және ткань түзуге пластикалық материал ретінде қатыспайды. Айтқанымызды
мынадай мәліметтермен дәлелдеуге болады.1 гр инсулин гормоны 125 мың үй қоянының
қанындағы глюкозаны азайта алады; 1 гр адреналин 100 млн кӛл бақа жүрегінің соғуын жақсартады;
1 гр фоликулин 10 млн піштірілген тышқанның күйлеу күйін тудыра алады.
Жалпы гормондар туралы тӛмендегні кестеден кӛруге болады.
Бездер
Гормондар
Гипоталамус
Гипофизотропты гормондар (либерин, статин) Жүйке
гормондары (вазопрессин,окситоцин)
Гипофиз
Самототропин (ӛсу гормоны)
Аденогипофиз
(алдыңғы бӛлімі)
Тиротропин,кортикотропин,лютропин,фоллитропин,
липотропин,
пролактин.
Ортаңғы немесе аралық
бӛлімі
Мелотропиндер (интермедин)
Артқы
бӛлімі
(нейрогипофиз)
Вазопрессин (антидиуретикалық гормон яғни несп бӛлінуін азайтатын
гормон)
Окситоцин (гипоталамуста жасалады)
Қалқанша безі
Тироксин, трийодтиронин, тироокальцитонин (қалқансерік безінің
кальцитонин гормонына ұқсас)
Қалқансерік безі
Паратгормон , кальцитонин
Ұйқы безі аралықтары
Инсулин,гликоген
Бүйрек
үсті
безінің
қабығы
Картикостеридтер,минералокортикоидтер
(альдостерон),
гликокортикоидтер (кортизон) , андрогендер, эстрогендер.
Бүйрек үсті безінің милы
заты
Катехоиаминдер (адреналин, норадреналин)
Аталық ұрық бездері
Андрогендер (тестостерон)
152
Аналық ұрық бездері
Эстрогендер (эстрон,эстрадиол),прогестерон (сары денеде жасалады)
Айырша бездер
Тимозин т.б
Эпифиз
Мелотонин т.б
Диффуздық энтрериндік
жүйелер
Паротин, гастрин, энтерогастрин, секретин, панкреозимин, вазоактивтік
, пептид, боибезин.
Эндокриндік клеткалар
Ренин – ангиотензивтік жүйе
Бауыр және бүйрек
Соматомединдер, эритропоэтиндер
Плацента (бала жолдасы)
жатыр
Эстрогендер,релаксин,прогестерон
Организмде тек гормондар ғана жасайтын органдардан (бездерден)басқа,белгілі бір
органдардың арнайы эндокриндік тканьдері (инкреторлық клеткаларының шоғыры) осы қызметті
атқарса, ондағы клеткалардың келесі тобы эндокриндік емес қызмет атқарады. Мәселен жоғарыда
аталған ұйқы безіндегі Лангергенс аралшықтары инсулин гармонын жасайды, ал басқа
маманданған клеткалар тобы (панкреаттық без) ас қорыту сӛлін жасап шығарады.Келесі бір
органдарда кейбір клеткалар ӛзінің негізгі қызметімен қатар эндокриндік қызметте атқара алады
(мысалы,жүрекшенің миокардиоциттері жиырылғыштық қасиетпен бірге ерекше атриопептид –
натриуретикалық гормон да жасайды).Гормондық реттеу кез – келген басқа реттеу жүйелері сияқты
, арнайы звенолардан құралады.Міне осы звеноларды біріктіріп гормондық реттеу жүйесінің
құрылымдық – функционалдық ұйымдасуы деп қарау керек. Гормондар әсер етуінің түрлері,
жолдары және механизмдері. Гормондардың организмдегі әрекетінің бес түрін ажыратады.Олар:
метаболикалық,
морфогенетикалық,кинетикалық,
корригациялаушы
(түзету
енгізуші),
реактогендік.енді осыларды қысқаша жеке-жеке қарастырайық.
1) «Нысана – тканьдегі» зат алмасу процесінің ӛзгерістерін үш түрлі гормондық әсерлер іске
асырады. Біріншіден,гормондар клетка мен оның органоидтары мембранасының ӛткізгіштігін
ӛзгертеді. Осыдан түрлі молекулалардың,ферменттердің, иондардың жеке метоболиттердің
тасымалдануына керек жағдайлар ӛзгереді, ақырында клеткадағы метоболизмнің барлық түрлері
ӛзгеріске түседі, екіншіден , гормондар клеткадағы ферметтер белсенділігін ӛзгертеді.Бұл олардың
құрылымы мен конфигурациясының ӛзгеруінен, кофакторлармен байланыстың жеңілдеуінен,
фермент молекулаларының ыдырау қарқынының азайып – кӛбеюінен , проферменттер
белсенділігінің кеміп- күшеюінен кӛрінеді.Үшіншіден, гормондар клетка ядросының генетикалық
аппаратына тікелей немесе жанама жолдарымен әсер ету арқылы ферменттер синтезін жандандыра
немесе баса алады.
2)Морфогенетикалық әсер клетканың генетикалық аппаратында және зат алмасуда жүретін
ӛзгерістер нәтижесінде пішін түзілу, жіктелу (дифференцировка), құрылымдық элементтер
ӛсуінен кӛрінеді.
3)Кинетикалық әсер белгілі бір қызметтің, орган әрекетінің іске қосылуынан кӛрінеді.
Мәселен, адреналин бауырдағы гликогеннің ыдырауына , қанға глюкозаның түсуіне себепші,
окцитоцин – жатыр етінің жиырылуын тудырады.
4)Корригациялаушы әсер – қызмет атқарып тұрған органның жұмыс қарқынын кемітуден
немесе ӛсіруден кӛрінеді.Мәселен, адреналин бауырдағы гликогеннің ыдырауын жақсартса,
инсулин оның гликоген жасау қызметін жақсартады.
5)Реактогендік әсер тканінің сол гормонға, басқа гормондарға, нерв импульсін жеткізуші
медиаторларға жауап беру қабілетінің (реактивтік) деңгейін ӛзгертуден кӛрінеді.Мысалы, кальций
реттеуші гормондар нефронның дистальды бӛлімінің вазопрессин әсеріне сезгіштігін тӛмендетеді,
фолликулин прогестеронның жатырдың кілегейлі қабығына әсерін күшейтеді. Адреналиннің әсері
іске асу үшін кортизолдың (глюкокортикоидтың) азғана мӛлшерінің қатысуы керек (пермиссивтік
шешуші фактор – әсері).Гормондардың әсер ету механизмінің баламалы екі жолы бар деп
есептеледі. Бірі – клетка мембранасы арқылы ӛте алмайтын немесе ӛтуі қиын пептидты гормондар
мен катехоиалиндер үші; екіншісі – мембрана арқылы ӛтіп, клетка цитоплазмасындағы
рецепторлармен ӛзара әрекеттесу нәтижесінде ӛз әрекетін іске асатын стероидты гормондар
мен қалқанша без гормондары үшін. Бірінші жағдайда, пептидты, белокты гормондар және
катехоламиндер клетка мембранасының сыртқы бетіндегі спецификалық рецепторлармен гормон
153
рецепторлық кешен түзеді. Қалқанша без.Мойын аймағанда кеңірдектің алдында орналасқан
қалқанша без (glandula thyroidea) – біршама ірі без.Үлкен адамдардың қалқанша безінің салмағы
20-30 гр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) – 1,5-2 гр.Қартайған шақта, басқа да ішкі секреция бездері
секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без тканьі дәнекер тканінің жұқа қабаттарымен
қоршалған кӛлемі 25-500 мкм болатын фоликулалардан тұрады. Олардың эпителийі клеткалары
құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бұлар трииодтиронин (Т 3 ) және тетраиодтиронин (Т 4
) немесе тироксин. Олар белокпен қосылып , иодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат
түзеді.ол зат фолликулада кӛпке дейін сақталады. Қалқансері бездер ( glandula parathyroideae) аса
үлкен емес эпителиалды құрылым, саны 2-6, салмағы 20-50 мг. Әдетте олар қалқанша безінің
артқы жағында, жоғары және тӛмен ұштарында жұптап орналасқан. Бездер ӛте жақсы
тамырланған. Қалқансерік бездерінің саны 4 болады: екі жоғары, 2 тӛменгі. Бұл бездердің ең
кішкентайы. Оның салмағы 0,05 - 0,09 г,ұзындығы 4 - 8 мм , ені 3 - 4 мм, қалыңдығы 1,5 - 3 мм
болады. Пішіні жағынан кішкене домалақ, сопақтау сырты жылтыр болып келеді. Кейде оны
жай кӛзбен қарағанда май бӛліктерімен, қалқанша бездермен немесе бұғақ безінің ұсақталған
бӛліктерімен шатастыруға болады. Жасӛспірімдердің қалқансерік безінің түсі таза реңсіз,
түссіз жылтырақ болады да есейе келе біртіндеп күңгірт тарта бастайды. Бұл бездер екі-
екіден қалқанша артериясының үлкен тамырына жабысып орналасқандықтан, бұлар
жұтқыншақ қалталарының эпителийінен пайда болған.
Айырша безі кӛкірек қуысының жоғарғы бӛлігінде тӛстіктің сабы мен денесі бӛлігінің
артында орналасқан.Ол бір – бірімен борпылдақ дәнекер ұлпасы арқылы қосылған екі бӛліктен
тұрады. Бӛліктердің жоғарғы, енсіздеу ұштары кӛкірек қуысы шегінен асып, тӛстік сабының
жоғарғы шегі үстінен шығыңқырап, кейде қалқанша безге жетеді.Айырша безі тӛмен қарай
кеңейіп, үлкен тамырлар, жүрек пен перикардтың бір бӛлігінің алдында жатады. Бездің кӛлемі
жасқа қарай ӛзгереді.Жаңа туған нәрестеде оның салмағы шамамен 12г болады да, жыныстық
пісіп жетілу басталғанға дейін ӛсіп, 35 – 40 г жетеді,содан кейін (14-15) жас эволюция процесі
басталып, соның салдарынан без салмағы 25 жаста – 25 г, 60 жаста – 15 г, 70 жаста – 6 г дейін
азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |