142
ӘОЖ 372.857:001
К28
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫН ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ӚТКІЗУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Кемелбекова Р.Е., Достиярова Н.Е.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман
талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда
ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және
пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру
технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын
даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің
қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап
етеді[1].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында
оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен
еңбек нарығының ӛзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан
оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті
қойылған. [1]
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті
құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының
кӛлемі күннен күнге артып, мазмұны ӛзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру
үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс
істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды,
интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту
бағдарламаларына негізделеді[1].
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану
арқылы білім беруді жетілдіруді кӛздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім
алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық,
психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте
түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап
кӛрсетті[2].
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі , айналадағы
дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды кӛздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры » деп аталады.
Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық
– коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша кӛтеру негізгі міндеттерінің біріне
айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : « Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек »- деп
кӛрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту
құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық
электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық
143
технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа
құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып
табылады[2].
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру,
логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны ӛзіндік даму мен
оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға
бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін
оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы
қалыптастыруды кӛздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бӛлігі болып табылатын
интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына;
ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог
мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие
бағытының ақпараттық қоғам бағытымен ӛзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті
құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың кӛмегімен мұғалімнің , оқушының
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісӛзі- inter (бірлесу), act
(әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы
мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын
ұйымдастыратын оқыту барысы[3].
Интерактивті тақта –дегеніміз не?
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс
берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен
қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың
ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады.
Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті
қаламнан тұрады.
Активті қалам – дегеніміз не?
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы
байланысты іске асырушы құрылғы.
ACTIVwandуказкасы
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бӛлігінен
кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол
жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға
проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен"
жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға ӛте қолайлы, онда үлкен
экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың кӛмегімен дисплейде
жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан кӛруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro
(Активпанель) ӛте жеңіл зат, бӛлмеден бӛлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал
проектор болса кескінді үлкейтіп кӛрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу
жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIVslate
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға
қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде
аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен
тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR кӛмегімен қатысушылар ӛз шешімдерін орындарынан
тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен
конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard
кӛмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB
144
порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы
батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote
ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше
берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап
беруге мүмкіндік береді. Пульттың кӛмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де ӛңделіп
конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге ӛте
қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып:
«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе
графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма
түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD
редакторларында экспорт жасауға болады
ACTIVstudio программасы
ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды ӛткізуге және оны сабақ
барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа
ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio
программасының мүмкіндіктері ӛте кӛп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, ӛткізуге,
материалдарға арнайы эффектілер
қосуға, негізгі кезеңдерді кӛрсетуге, кӛрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге
және басқа да кӛптеген мүмкіндіктері бар[4].
Флипчарт
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта
презентацияны құруға және оны кӛрсетуге қажетті құралдардың барлығы кӛрсетіледі. Бірнеше
флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға
немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке кӛшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан
шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
« Активті экран » кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты кӛрсетуге және оны
компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
« Активті экран » бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану
барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында
қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде
жеткізе білу қабілетін, арттырып ӛз ойларын жаңа технология құралдары кӛмегімен жүзеге асыруын
қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға
сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар кӛмегімен оқушылардың
қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады.
Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне
құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім
қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау
тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай
алады[4].
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді
шешуге кӛмектеседі :
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- Алған білімді жүйелеу ;
- Ӛзін - ӛзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу материалдарымен ӛздігінен жұмыс істегенде әдістемелік кӛмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін
ұйымдастыру арқылы, кӛзбен кӛру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен
қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың кӛпшілігі естігенінің 5 % және кӛргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио
– және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін
танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша ӛтуі үшін ӛзінің бағалы уақытын қажетті материалды
іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу
145
бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім – оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді,
ӛңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы
жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді
игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін
компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер ӛмірдің
барлық саласына кеңінен енуде.
Елбасы атап кӛрсеткендей « Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру ӛте – мӛте қажет » - жас ұрпаққа білім
беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың
маңызы зор.
Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны
жан - жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Іс тәжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып,
оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта тӛмендегі іс – шаралардың
қолданудың маңызының зор.
- Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы
жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне
интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану[4].
- Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын ( проблемалық, ұйымдастырушылық іс - әрекетін
компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.
- Проблемалық зерттеу , аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы
классикалық әдістерді жетілдіру.
- Жаңа ақпараттық технология құралдарын ( жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация,
виртуальды орта және мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу
процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.
Сабақ АКТ-ны қолданумен ӛту үшін не істеу керек?
Біріншіден, қҧрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды түрде
автоматтандырылған жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті
тақта.
Екішіден, компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мҧғалім мультимедиялық проектор
ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.
Ҥшіншіден, білім беру ӛнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы қажет.
Тәжірибе кӛрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын баспайды,
керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы
және әрекетті етеді. ЭЕМ-ды математика сабақтарында қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың
түрткісін (мотивациясын) және оқу-танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.
Мұғалім – сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен мультимедиалық
құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде қарастыру керек. Бұл
инструменттің кӛмегі ӛте мәнді.
Сабақтың
параметрі
АКТ-ны қолданатын сабақ
Дәстүрлі сабақ
ақпаратты
беру
оқушылар ақпаратты неғұрлым қаныққан, кӛрнекі
түрде алады
мұғалімнің түсіндіруі,
оқулық бойынша параграфты
ӛз беттерімен оқуы,
кестелерді қолдануы
жұмыс
қарқыны
әр оқушы ӛз қарқынымен жұмыс істейді,
тапсырмалар мен мультимедиялық құралдар білім
алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың сол
уақыттағы білім мен дағды деңгейлерін есепке
мұғалім сыныптағы
оқушылардың кӛпшілігіне
сәйкес келетін жұмыс
146
алады
қарқынын қолданады
оқушымен
кері
байланыс
түсіндіру кезінде, бекіту кезінде іске асады.
ағымдық бақылау
Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі.
Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар,
гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып
жасырулы ақпаратты және объектілерді кӛрсете алады және ӛзгертеді. Сабақтың соңында
қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік
тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен
қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім
алдын – ала дайындаған сабақты оқушының білімін , біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған
тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша
түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады.
Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал –
саймандарды қолдануды кӛрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке
тапсырма береді, оған қалғандардың кӛңіл бӛлу үшін бағыт береді және бақылап отырады[3].
Мұғалім алдыңғы сабақта ӛтілген материалды ашып, ӛткен сабақты қайталай алады. Мұндай
әдістеме сабақта екпінді түрде ӛткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен
оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға
жинақтап, қажет ақпаратты ӛңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын
тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар,
мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы ӛтуін және барлық ақпарат түрлерін
қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, « Активті экран » кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде
жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта « қоғамды ақпараттандыру », « білім беруді ақпараттандыру » деген сӛз
тіркестері біздің сӛздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не ?
Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті
тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам ӛміріне іс - әрекеттің интеллектуалды түрлерінің
жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің ӛзгерісін тездетеді. Бұл процестегі
негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын ӛзгерту болып табылады, ал оны технологиялық
жағынан қамтамасыз ету - ӛндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған
сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл
мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған
әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке
дайындау болып саналады.
Қазіргі заман мұғалімнен тек ӛз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық,
педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық
сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер
меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады[2].
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған
қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында тӛмендегідей міндеттерді шешу
кӛзделіп отыр : компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және
телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу
үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын кӛтеру.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап ӛтуге болады:
1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты
кескінмен салыстыруға болмайды
147
2. Тақта мен бордың кӛмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі
мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады
5. ACTIVwand указкасының кӛмегімен тақтаның жоғарғы бӛлігіне кішкентайларға да қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта кӛрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың ӛнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 . Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. - М.:
Народное образование, 2000.
2. Жуков Г.Н. Основы общей профессиональной педагогики: Учебное пособие. -М.:
Гардарики, 2005.
3. Стинсон К., Зихерт К. Эффективная работа с Microsoft Windows 2000 Professional. СПб.:
Питер, 2001
4. Новые информационные технологии (30 уроков по информатике:учебник;/Е.К.Балафанов,
Б.Бурибаев, А.Б.Даулеткулов. 3-е изд.,испр.и доп.-2004:ИНТ,2004-400с.)
5. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.:Педагогика, 1989 жыл. –
73бет.
Аннотация. Информатизация обучения привлекательна для ученика в том, что снимается
психологическое напряжение школьного общения путем перехода от субъективных отношений
"учитель-ученик‖ к наиболее объективным отношениям "ученик-компьютер-учитель‖, повышается
эффективность ученического труда, увеличивается доля творческих работ, расширяется
возможность в получении дополнительного образования по предмету в стенах школы, а в будущем
осознается целенаправленный выбор вуза, престижной работы.
Annotation. Informatization teaching attractive for the student is that removed the psychological stress of
school communication through the transition from subjective relations "teacher-pupil" the most objective
relationship "student-to-computer-teacher", increases the effectiveness of student labor, the share of
creative works, expanding the opportunity to obtain additional education on the subject in school, and in
the future is recognized purposeful choice of the university, a prestigious job.
Достарыңызбен бөлісу: |