Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қ.С Рымжанов, И.М Тӛленбек, «Адам және жануар физиологиясы» Алматы 2000ж 96 бет
2.
Х.Қ
Сәтбаева,
Ж.Б
Нілдібаева,
Ӛ.А
Ӛтепбергенов,
«Адам
физиологиясы»
Алматы1995ж89бет
3.
Жандар Керімбектің Ермаханы «Тәнтану адам анатомиясы» Алматы 2004ж 43бет
4.
Күзенбаева Амина «Адам анатомиясы» Алматы 2001ж 49б
162
5.
Леонтьева Н.Н., Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. – М.:
Просвещение, 1986.
6.
Обреимова Н.И., Петрухин А.С. Основы анатомии, физиологии и гигиены детей и
подростков. – М.: Академия, 2000.
7.
Сапин М.Р., Брыксина З.Г. Анатомия, физиология детей и подростков. – М.: Академия, 2000.
Аннотация. В данной статье зависит от возраста сердечно-сосудистой системы. Регуляции
деятельности сердца возраста. Относятся к изменению в ритме электрокардиограмме.
Annotation. This article depends on the age of the cardiovascular system. The regulation of heart age.
Refer to the change in the rhythm of the electrocardiogram
ӘОЖ 372.857
С31
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫСЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Сейдыбаева Ә.Қ., Бекназарова Б.О., Кемелбекова Р.Е.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тараз қ.
Қазіргі зайырлы, ғылым мен техника қарыштап дамып келе жатқан қоғамда Елбасымыз
айтқандай, ӛскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру – мұғалімдерге артылатын үлкен
міндет болып отыр. Ол үшін ғылымы мен білімі озық елдердің білім тәжірибесін сәтті қолданудың
артықтығы жоқ. Соның бірі Жaпoния – әлeм eлдepiнiң apacындa бiлiм бepу жүйeci epeкшe дaмығaн
мeмлeкeттердiң бipi. Жaпoнияда сабақтар оқушылардың oйлaнып үйpeнуге, ӛз бeтiмeн шeшiм
қaбылдaуға, пpoблeмaлapды шeшудiң eң тиiмдi жoлдapын iздeуге жәнe тaбуға кӛзделген. Қазіргі
таңда Қазақстан мұғалімдерін мазалайтын да осы сұрақтар: «Оқушылар ӛз ойын еркін, ашық
жеткізе ала ма? Алған білімін күнделікті ӛмірмен байланыстыра отырып, керекті жерінде қолдана
ала ма?». Сондықтан да елімізге мәселені ӛз бетінше шеше алатын, ертеңгі күні үлкен ӛмірге
араласқанда қоғамға пайдасын тигізетін, жұмысында, күнделікті ӛмірде қажетіне жарайтындай
білім дағдысын игерген аса білікті мамандар керек. Ондай адамды қалыптастыру үшін мектеп
мұғалімдері бар мүмкіндігін пайдалануы тиіс деп ойлаймыз. Оқушыларға сыни ойлау арқылы білім
беру мәселелерді шешуге, ӛз бетінше терең білім алуға, тіпті зерттеу арқылы ғылыми жоба жазуға
ынталандырады. Осы орайда біз де Жапонияның білім саласындағы тәжірибесін пайдалануымыз
қажет, оқушыларымызды осындай деңгейге жеткізу үшін сыни ойлауға дағдылаланыратын
сабақтар ӛткізуді жӛн санадық[1].
Сын тұрғысынан ойлану – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып
табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе,
толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтауда
қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да
мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпритация, талдау,
қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді[2].
Сын тұрғысынан ойлау – оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға,
ауызша және жазбаша тілдің барлықтүрлерін меңгеруге және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға
бағдарланған педагогикалық технология.
Сабақ 3 кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту – түйсіну немесе мағынаны ажырату –
ой-толғаныс. Осы кезеңдер оқушыларға оқудың мақсатын ӛздері анықтауға және ақпаратты
белсенді іздеу мен ӛздері нені білгені (үйренгені) жӛнінде ойтолғаныс жасауларын береді.
Сыни ойлау және оқыту мұғалімдер идея мен тәжірибенің әртүрлілігін түсінгенде және
қолданғанда пайда болады. Сыни ойлауға оқыту – жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде орындап,
кейін ұмытып кетіге болмайды. Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі жоқ.
Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттары бар екенін естен шығармау керек. Олар
тӛмендегідей:
163
1. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
3. Оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау.
4. Оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндеріне кепілдік беру.
5. Сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету.
6. Кез келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімдік білдіру.
7. Сыни ойлауды бағалау.
8. Тиімінді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар ӛздеріне деген сенімдерін және ӛз пікірлері
мен идеяларының құндылықтарын түсінуін арттыруға, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға,
басқалардың пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болулары керек
Әр сабақты ӛткізудегі мақсатымыз – сыни ойлау туралы түсінігін кеңейту, оқушыларда
сыни ойлау туралы ойларын қозғау болды. Ӛйткені қазіргі таңда оқушыны сыни ойлауға
дағдыландыру үшін мұғалімнің ӛзі де жоғары деңгейде ойлау дағдыларын қалыптастыруы керек.
Әрбір мұғалім ертең ӛмірден ӛз орнын таба алатын, ӛзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты
ұрпақ тәрбиелегісі келеді және мектеп қабырғасында осы қасиеттерді мейлінше баланың бойына
дарытуға тырысады. Осы тұрғыда сыни ойлау технологиясының берері кӛп. Сондықтан сыни
ойлау дағдысын дамыту үшін сабақ кезеңдеріне әр түрлі тапсырмаларды дайындадық.
Сабақ жоспарын құруда оқушыларға ой қозғау кезеңінде сыни ойлауға дағдаланыратын
суреттер, әр түрлі заттар, видеолар, сұрақтар т.б. арқылы беруге болады. Мысалы, 9 сыныпта
ӛтілген «Қан қызметтері» тақырыбындағы суреттерге қарап оқушылар оларға ортақ сӛзді, ұғымды
табады. Осылайша, ӛтілетін бүгінгі сабақ тақырыбының «қан қызметтері» екенін табу керек. Себебі,
суреттер қанның әр қызметіне сәйкестендіріліп беріледі.
Мұндай тапсырмалар барысында оқушыларымыз таба алмай қиналған жағдайда оларды
талдауға негізделген сұрақтармен жетелеуге болады. Сіз неге олай ойладыңыз? деген сияқты
сұрақтармен бірнеше оқушыдан сұрауға болады, тіптен таба алмағанда видео арқылы ой қозғаған
жӛн. Әр сабақта осылай оқушыларға сыни ойлануына мүмкіндік берсек, сабақтың тақырыбын
анықтауда қиналмайтын болады. Мағынаны тану кезеңінде сыни ойлауға бағытталған әдістерді
қолданғанда ғана, оқушыларда талдау, жинақтау, бағалау бойынша дағды қалыптасады[3].
Сабақ беру барысында топқа бӛлінуде, топ арасында кейбір оқушылардың еленбей және
сабаққа деген белсенділігі тӛмендеу болып жатады,
сондықтан әр түрлі кӛзқарас болатынын
ұғындырып, әрқайсысының ӛзінше ойлауына ықпал етуде Э.Бононың «Алты ойлау қалпағы»
әдісінің тиімділігі зор. 8 сыныппен ӛтілген «
Шылым шегу, алкоголь мен есірткінің адам ұрығының
дамуына әсерінің салдары
» сабағына оқушылардың ӛз кӛзқарастарын анықтауға бағытталған
тапсырмалар дайындадық. Себебі, оқушылар алты түрлі қалпақтың аясында рӛлге беріліп, қызыға
орындауынан, соңында берілген кері байланыс және қорғаған постерлері арқылы сабақтың
ұнағанын, ӛмірде әртүрлі жағдаятта қолдана алатындықтарын дәлелдеп шықты. Бұл әдіс арқылы
оқушыларды алған білімдерін кез келген жағдайда қолдануға мүмкіндік береді.
Тағы да тиімді әдістердің бірі «конструктивті кесте» бұл әдіс арқылы, талдау жасауға, бір-
бірін тексеруге болады. Оны 9 сыныптың «Омыртқалы және омыртқасыздардың бӛліп шығару
жүйесі» тақырыбы сияқты сабаққа қолдануға болады.
Осы тапсырма негізінде оқушылар
«Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу жүйесінің құрылысы» туралы
салыстырмалы кестені толтыру арқылы талдау сұрақтарына назар аударады. Оқушылар екі ағзаны
салыстырып неліктен күрделену болғаны туралы ойлана алады[4].
Кесте 1
Ӛкілдері
Сипаттама
Неліктен
күрделенулер
болды?
Омыртқасыздар
Тікентерілілер
Ӛрмекшілер/
Бунақденелілер
Былқылдақденеліле
р
Құрттар
Омыртқалылар
Балықтар
Қосмекенділер
Бауырымен
164
жорғалаушылар
Құстар
Сүтқоректілер
Биология сабғында құрылымдық тапсырмаларды орындату арқылы Блум тaксoнoмиясы
бойынша сұрақ қойюға болды. Мысал ретінде, тӛменде 12 сыныптың жасуша тарауын аяқтағанда
берілген құрылымдық тапсырманың үлгісі беріліп отыр.
1. Суретте ӛсімдік жасушасының микросуреті ұсынылған.
(а) Тӛменде берілген әріптерге сәйкес құрылымдарды атаңыз.
D............................................................................................................................ ......
F...................................................................................................................... .............
H............................................................................................................................ ......
(b) Ӛсімдік жасушасының қабықшасы жасұнықтан (целлюлоза) тұрады. Жасуша
қабықшасының маңызын сипаттаңыз.
.................................................................................................................................. ...
.....................................................................................................................................(c) жоғарыда
берілген суреттен прокариот жасушаларында болмайтын органоидты анықтаңыз.
...............................................................................................................................................................
...........................................................................................................
Сабақ барысында құрылымдық сұрақтарды орындау әр түрлі тарауларды бітіргенде
қолдануға ӛте тиімді болып табылады және оқушыларды тақырыпты білуге, түсінуге, қолдануға,
талдауға, жинақтауға үйретеді.
Практикалық, тәжірибелік жұмыстарды оқушыларды талдауға, сараптауға үйретудің тиімді
жолдарының бірі графикалық кестелерді қолдану. 7 сынып оқушыларымен «Ӛсімдік
жасушаларында осмос үдерісін зерттеу» картоп кесінділерін әртүрлі концентрациядағы сахароза
ерітіндісіне салып, тәжірибе жасалынды. Сол кезде оқушыларға жасаған тәжірибе қорытындысы
бойынша график тұрғызу ұсынылды. График тӛмендегідей нұсқада құрылды.
Картоп массасы
(гр)
Сахароза ерітіндісі
(моль/л)
165
Оқушыларды тӛменгі сынып болғандықтан сұрақ қою арқылы жетелеуге болады. Сахороза
ерітіндісінің концентрациясы жоғарылағанда картоптың массасының ӛзгеруіне қандай құбылыс
әсер еткенін анықтаңыз деген сұрақтар қойылса, оқушылар графикті қарап отырып сӛйлетуге
тырысады. Неге олай ӛзгергенін сараптайды. Осындай графиктерді құру, оларды биологиялық тілде
талдау оқушыларды жасаған тәжірибесін қай жерде, қалай қолдануына мүмкіндік береді[5].
Сабақты бекіту және қорытындылау кезінде түйіндеме, ӛрмекші торы, кубизм, акроним
әдістерін қолдануда тиімді болып табылады. 9 сыныппен «Генетиканың дамуындағы Мендельдің
зерттеулерінің үлесі» атты тақырыпта оқушылар берілген мәтіннен Г.Мендельдің еңбектерін оқи
отырып түйіндеме әзірлейді. Түйіндеме әдісін әр биология ғылымына үлес қосқан ғалымға және
ӛзіне де жазуға болады. Бұл әдіс арқылы оқушылар түйіндемені қалай жазылатынын, тақырыптағы
берілген барлық еңбектерін жинақтауға, қорытынды жасауға үйренеді.
Сабақ барысында оқушыларды сыни ойлауға жетелейтін әдістерді қолдану нәтижесінде
келесідей ілгерілеушілікке қол жеткізуге болады:
Сaбaқтa тoптық жұмыс тиiмдi және ӛз нәтижесiн беретiнін түсіну;
Еркiндiк aтмoсферaсы бoлғaн жaғдaйдa oқушылaр oйлaрын aшық aйтa aлaды;
Блум тaксoнoмиясымен сaбaқ жoспaрын құру үлкен нәтижеге aлып келетiндігін
мұғалімдер де, оқушылар да сезіне біледі;
Сыни тұрғысынaн oйлaу бaқылaу, талдaу aрқылы дәлелдер жинaстыру, шешiм
қaбылдaп, қорытынды жасау дағдыларын қaлыптaстырaды.
Сондықтан 7- сыныптан бастап әр сабақта мәтінді ӛздігінен оқуға, түсінуге, қолдануға,
талдауға мүмкіндік берсек, оқушы биологиялық тілде сӛйлеуге, сыни ойлауға дағдыланады.
Осындай сыни ойлауға бағытталған сабақтарды үздіксіз ӛткізу нәтижесін тек оқушыларға ғана емес,
мұғалімдерге де берді.
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тізімі:
1. Т.Чичибу.Lesson Study (сабақты зерттеу) бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық. Астана,
2013.-6 б
2. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілгін арттыру курстарының
бағдарламасы. Бірінші (ілгері) деңгей . «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.-52 б
3. Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту әдістемесі – Қарағанды, 2006. 227 – 279 бет.
4. Бұзаубақова К.Ж. Білім берідегі инновациялық технологиялар – Тараз, 2014. 243 – 261 бет
5. Клустер Д. Что такое критическое мышление? – Перемена. – 2001 жыл. - № 4,5 – 21-27,38
бет
Аннотация. Критическое мышление – тот тип мышления, который помогает критически
относится к любым утверждениям, не принимать ничего на веру без доказательств, но быть при
этом открытым новым идеям, методам. Критическое мышление – необходимое условие свободы
выбора, качества прогноза, ответственности за собственные решения. Урок строится по схеме:
―Вызов‖ – ―Осмысление‖ – ―Рефлексия‖ и предполагает широкий набор методических приемов и
стратегий ведения урока.
Annotation. Critical thinking - the kind of thinking that helps critical of any claims, not to take
anything for granted without proof, but at the same time be open to new ideas, methods. Critical thinking -
a prerequisite of freedom of choice, the quality of the forecast, the responsibility for their own decisions.
The lesson is based on the following scheme: "Call" - "Understanding" - "Reflection" and involves a wide
variety of instructional techniques and strategies to conduct the lesson.
ӘОЖ 372.857
С31
166
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІҢ
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Сейдыбаева Ә.Қ., Кемелбекова Р.Е.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – күрделі ойлау әдісі, ол ақпаратты алудан басталып
шешім қабылдаумен аяқталады. Бұл ӛз тұғырнамадаңды жасау жолында ой-пікірлерді кіріктіру
және оларды шығармашылықпен түйсіну.
Сын тұрғысынан ойлау – психология, лингвистика, дидактика т.б. сияқты әлеуметтік-гуманитарлық
пәндердің қазіргі жетістіктеріне негізделген білім беру философиясы.
Сын тұрғысынан ойлау – оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ауызша және
жазбаша тілдің барлықтүрлерін меңгеруге және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағдарланған
педагогикалық технология[1].
Сабақ 3 кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту – түйсіну немесе мағынаны ажырату – ой-
толғаныс. Осы кезеңдер оқушыларға оқудың мақсатын ӛздері анықтауға және ақпаратты белсенді
іздеу мен ӛздері нені білгені (үйренгені) жӛнінде ойтолғаныс жасауларын береді[1].
Биология сабақтарында осы үш кезеңдерде интербелсенді әдістерді қолдану, сабақ құрылымын
тиімді құруға және сабақ сапасын арттыруға кӛмектеседі. Оның келесідей түрлері бар. Оларды кез
келген сабақта қолдануға болмайды. Себебі әр сабақтың ӛз мазсұны мен күрделілік деңгейлер
болады. сондықтан, мен бұл әдістерді белгілі бір категорияларға бӛліп қарастыру қажет деп
ойлаймын. Олар мыналар:
Мәтін мазмұнымен танысуда:
-«Кластер»
-«Категориялы топтастыру»
- «Болжамды оқу»
-«Инсерт»
-«Тірек жазба»
Мәтінді талдау кезінде:
-«Топтық жоба қорғау»
-«Жуан-жіңішке сұрақтар»
-«Ішке-сыртқа»
-«ТИ»
-«Аквариум»
Мәтінді қорытуда:
-«Фишбоун»
-«Егер, онда, ӛйткені»
-«Эссе»
-«Қар үйіндісі», т.б.
Енді осы интербелсенді әдістерді сипаттап, оның артықшылықтарына назар аударайық.
Уақыт шеңбері әдісінің мақсаты: идеялар, тәжірибелер және ойлармен бӛлісу. Ӛз-ӛзіңді және
басқаларды түсіну алға бастыру. Топ сұрақтарын құрастыру.
Ұйымдастыру:
Барлығы орындықта немесе еденде шеңбер құрып отырады. Сӛйлеуші ғана ұстайтын зат бар
(мысалы, доп).
Жаттығудың сипаттамасы
Мұғалім оқушылар сияқты орындықта немесе еденде отырады. Бұл мына ерекше сынып
тапсырмасында мұғалімнің директор емес, делдал екенін білдіреді. Мұғалім уақыт шеңберіндегі
құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты
тапсырмаларды дайындауға жауапты. Егер оқушылар ережелерді үнемі бұза берсе, мұғалім
тапсырманы аяқтауға дайын болуы керек[2].
167
Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек. Бұл
бірініші болып ӛткізілуге тиісті тапсырмалардың бірі. Негізгі үш ережені талқылау керек:
-
Тек біреу ғана сӛйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік
туғызуы керек;
-
Егер сіз бір тақырып аясында сӛйлегіңіз келмесе, «сӛзіңізді» басқаға бере аласыз;
-
Ешқандай қатты ескерту болмауы керек.
Бұл әдісті проблемалық тақырыптарды шешудегі оқушылардың нақты ойлары мен ұсыныстарын
қарастыруда қолдануға болады. Мысалы, экологиялық проблемалар тарауын қорытындылау
барысында.
ТВ шоу әдісінің мақсаты кӛптеген сӛйлеу мен тыңдау,кӛптеген оқушылар (және мұғалімдер!) үшін
жеңіл, кӛру және тыңдау, салыстыру нүктелерінің болуы.
Ұйымдастыру:
-
Сіз қандай шоу кӛрсеткіңіз келетініне байланысты.
Жаттығудың сипаттамасы:
Мұғалім жүргізуші оқушылармен , түрлі кейіпкерлермен сӛйлескендей тақырыпты талқылайды.
Аудитория сұрақтар қояды, талқылауға қатысады, құрдастар бағалайды және т.б. Бұл Ньюзнайт,
Опра, Паркинсон, Монтель және т.б. стилінде болуы мүмкін. Панель отбасылық және т.б. күйіндегі
шоу. Мысалға, оқушыларды топқа бӛліп, олар ӛзара жүргізуші және сұхбат берушілер
кейіпкерлеріне бӛлінеді. Берілген тақырып мазмұнынмен танысқан соң, жүргізуші сұхбат беруші
кейіпкерлерге сұрақ дайындаса, сұхбат берушілер оған жауап беруге дайындалады. Осылайша,
тақырып мазмұнымен барлық оқушылар танысады [3].
«Айналмалы бекеттер» әдісінің мақсаты басқа біреулердің идеяларын құру, тақырыпты ашу
немесе сұраққа жауап іздеу, белсенді және енжар оқушыларды анықтау.
Ұйымдастыру:
-
Қағаз және қалам бар бӛлмеде бекеттер сериясы (немесе топқа түрлі түсті
карандаштарды таратып – кім белгі салғанын қадағалау керек).
Жаттығудың сипаттамасы:
Әр шағын топты бекетте орналастырып , арандататын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға
немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз.Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып, алдағы
топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық
позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса
береді. Мысалға, моногибридті будандастыру тақырыбында түрлі тапсырмалар жиынтығын беріп, 3
топқа тапсырмалар бекетін ұйымдастыруға болады.
“Ыстық орындық” әдісі берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап
беру керек, себебі, орындық ыстық. Мысалы, ӛткен тақырыпқа шолу немесе қайталау мақсатында
оқушыларға сыныптастары немесе мұғалім сұрақтар қояды. Ыстық орындықтағы оқушы оларға
жауап беру арқылы ӛзіне тиісті ұпай жинайды, ал мұғалім оқушының тақырыпты қаншалықты
меңгергенін анықтай алады.
«Автор орындығы” әдісі оқушының ӛзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға
болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, ӛткен сабақты бекітуде тиімді.
«Миға шабуыл» стратегиясы тақырыпқа байланысты идеяларды кӛбірек жазыңыз. Уақыт
аяқталғанда кезектесіп ӛз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды
сызып тастап отырыңыз. Мысалы, экологиялық проблемаларды болдырмау үшін қандай шаралар
қолдану керек немесе ұзақ ӛмір сүру үшін қандай қағидаларды ұстану қажет деген мазмұнда
оқушылар идеяларын білуге болады.
“3 таяқша” әдісі берілген тақырыпқа байланысты :1 сұрақ;1 жауап;1 идея әр топ даярлап,
кӛпшілікке салады.
«Бинго» ойыны әдісінің мақсаты:
-
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ.
-
Семинарға не үшін келдіңіз?
-
Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.
168
«Ӛзіңізді тексеріңіз» әдісінде бұл мәлімет шындық па немесе жалған ба? Деген сұраққа жауап
береді. Ӛтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол
келтірілген мысалдың ӛтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
«Он сұрақ!» әдісінде мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сӛз
жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ия, не жоқ
деп беріледі.
«Серпілген сауал» әдісі тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын
дамытуға қол жеткізу үшін қажет.
Ұйымдастыру:
-
сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы, ―Самат Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?‖, ―Самал, Айгүлдің жауабын барынша
кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?‖, ―Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай
біріктіруге болады?‖
«Құпия зат» әдісінде мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз. Шарты: Бұл не? деп сұрамаңыз.
«Лездеме!» әдісі. Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сӛздерін түсіндіру
үшін сізде бір минут бар. Шарты:
-
Конверттен бір сӛзді бір рет алу,
-
Сӛздің ӛзін атамай түсіндіру;
-
Сӛзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!
«9 - ромб» әдісі. Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі.
Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте
ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін тӛменгі бӛлігіне орналастырады. Әр
қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын
орталықта орналастыра алады. Яғни екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды
элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады. Ромбының нысаны топқа бірқатар
басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
«Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда.
Жаттығудың сипаттамасы:
-
кӛршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз;
-
мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;
-
осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;
-
алқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.
«Биологиялық домино» әдісі. Топта жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін кӛрсету үшін
сӛйлемді кеңейтуіңіз қажет. Тақырыпқа байланысты сӛйлемдердің сӛздерін қиылып беріледі.
Оқуышлардың мақсаты сол қиындылардан сӛйлем құрастыру. Сӛйлемі барынша дұрыс және нақты
команда сыйлық алады!
Қар кесегі (Қар үйіндісі). Қар кесегі берілген оқушылар қолындағы қар кесегін келесі оқушыға
ұсына отырып қара сӛз мазмұнын айтуды бір сӛйлеммен бастады, екінші оқушы алғашқыны
қайталап, ӛзі бір сӛйлеммен жалғады. Осылайша қайталанып, мазмұны қар кесектерінің үйіндісі
арқылы құралды[3].
«Егер –онда – ӛйткені». Мұндағы мақсат –оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды ӛз пікірімен
сабақтастыра алуына, ой қорытуына жағдай жасау. Мысалға, «Егер ақбӛкендер популяциясы
тіршілік ететін ортаны барынша қорғауға алып, заңсыз броканьерлерге қатаң жаза қолданатын
болсақ, онда ақбӛкендердің табиғи ортада таралау аумағын кӛбейтіп, популяция санын арттыра
аламыз. Ӛйткені, олардың экологиялық маңызды топтарды құрауға қатысатын сиреп кеткен
жануарлардың бірі.
«Оқытудың нұсқауы» стратиегиясы мағынаны ажырату кезеңінде қолданады. Бұл стратегия
сыныпта мұғалім жоқ болса да білім алуына кӛмектеседі. Ол үшін мұғалім алдын ала дайындаған
тезистері бар парақтағы тақырыпты басынан аяғына дейін меңгеруін нұсқайды. Тақырыпты жұпта
бір – біріне оқиды, топта талқылайды. Стратегияның құндылығының артуы мұғалімнің терең ойлы
нұсқауларына байланысты болады.
169
«Фишбоун» әдісі. «Фишбоун» әдісімен жұмыстануда оқушылар берілген балық қаңқасына бас
сүйегіне проблеманы , оның туындау себептерін жоғарғы дене сүйектеріне, оны шешу жолдарын
тӛменгі бӛлігіне, ал қорытындыны құйрық жүзбе қанаттарына жазады. Негізгі проблема мен
қорытындыны оқушылар топта бірлесіп анықтады.
“Венн диаграммасы” – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру. Бір-
бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары
жазылады. Ал айқасқан жеріне екеуіне ортақ сипаттар тізіліп жазылады. Салыстыруға арналған
тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты
күрделі ойлау операциясын еңгереді[3].
«Синквейн» әдісі. Мұны бес жолдан тұратын ӛлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде
қолданылады. Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сӛзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде)
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сӛзбен келтіруі (екі сын есім түрінде)
3) Үшінші қатарға үш сӛзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (етістік, кӛсемше)
4) Тӛртінші қатарға тӛрт сӛзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сӛйлем немесе сӛз тіркесі
5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сӛзден тұратын синоним (метафора) жазылады.
“Еркін жазу” әдісі да қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылады. Бұл стратегия бойынша 5
минуттың ішінде оқушылар тоқтамай үйге берілген тапсырма бойынша ойларына келген пікірлерін
жазады. Жұптар бір-біріне оқиды. Тыңдаушылар сұрақ қояды.
«Ирек» әдісі. Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала
мәтінді мағынасына қарай бӛліктерге бӛліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бӛліп, әр
топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, ӛздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп
шығады. Мұндағы басты мақсат - әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында.
«Болжам» әдісі. Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни кӛзқарасын дамыту,
проблемалық мәселе туғызу. Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып қиялдауына еркіндік
бердім. Оқушылар арасынан қиялы жүйрік бала дараланып шығатыны сӛзсіз[4].
«Пікір алысу» стратегиясы. Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір
таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік ӛмірмен
байланыстыру, ӛз кӛзқарасын дамыту, ӛзгені құрметтеуге үйретеді.
ДЖИКСО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда
талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт ӛзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген
жауапкершілігі артады. Бұл стартегияның бірінші мақсаты оқушылардың қызығушылығын ояту
болып табылады. Үйрену процесі – бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудын тұрады.
Екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Ӛйткені үйрену енжарлықтан гӛрі
белсенділікті талап ететін іс-әрекет.
Жоғарыда берілген интербелсенді әдістердің сабақ мазмұнын жақсы игеруге мүмкіндік беретіні
сӛзсіз. Алайда әрбір сабақтың сәтті шығуы сол сабақта алынатын кері байланыстардың мазмұнына
да байланысты. Кері байланысты алудағы негізгі мақсат оқушылардың сабақ барысында қандай
қиындықтармен кездескенін білу, сабақта түсініксіз болған жерлерін анықтау. Кері байланыс
арқылы мұғалім ӛзінің сабағының оқушыллардың кӛзқарасы бойынша қаншалықты сәтті шыққанын
және келесі сабақта қандай тұстарды ескеру қажеттігін анықтай алады. Енді биология сабақтарында
сәтті қолданылаған кері байланыстарға тоқтала кетейік[5].
«Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі түсті ―алма‖ беріледі. Сабақ соңында оны алма
ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің
кӛңіл – күйім кӛтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, кӛңіл – күйім жоқ.
«Бір сӛзбен» әдісі. Оқушылар ӛздеріне берілген 12 сӛздің ішінен, ӛздерінің бүгінгі сабақтағы
жағдайын сипаттайтындай 3 сӛзді таңдап айтады. Мысалға мынындай кілтті сӛздерді ұсынуға
болады: тӛзімсіздік, ашу, қуаныш, немқұрайлылық, қанағаттану, шабыт, зерігу, алаңдау, тыныштық,
сенімділік, сенімсіздік, рахаттану. «Табыс сатысы» әдісіінде кәдімгі сатының суреті беріледі.
Мысалы сатының:
170
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН,
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
«Таңдау» әдісі бойынша сабаққа қатысты бес сипаттама беріледі:
1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім кӛп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
5. Мен сабақтағы ӛз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар ӛздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген
ынтасын білдіретін сӛйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
«Тазалық» ойыны бойынша оқушылардың алдына немесе арнайы постерге осы критерий бойынша
кері байланыс алуға болады:
1. кейс немесе чемодан (суреті) – сабақта алынған құнды әрі қызықты мәліметтер тізімі;
2. еттартқыш (суреті) – сабақта түсініксіз және қайта ӛңдеуді қажет ететін мәліметтер тізімі
3. қоқыс жәшігі (суреті) – сабақта сәтсіз шыққан жерлер.
Жоғарыда келтірілген интербелсенді әдістер мен сабақта алынатын кері байланыстардың биология
сабақтарының сапасын арттыруда сӛзсіз кӛмекші болатынын мен, Тараз қаласындағы ФМБ
Назарбаев Зияткерлік Мектебінде ӛтілген мемлекеттік педагогикалық іс-тәжірибе кезінде ӛтілген
сабақтардың барысында аңғардым. Әрбір сабақ мазмұнына қарай белгілі бір интербелсенді әдісті
қолданып, оқушы тақырыпты қаншалықты түсінгенін кері байланыстарды алу арқылы біліп
отырдым. Сонымен, оқушылардың сабақ мазмұнын игергені, мұғалімнің қаншалықты сабақ
құрылымыны тиімді ұйымдастыра алу шеберлігіне байланысты деген қорытындыға келдім.
Достарыңызбен бөлісу: |