Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата12.03.2017
өлшемі3,2 Mb.
#8810
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30

 
 
 
Гипофиз  немесе ми  қосалқысы. Негізгі  ми  бӛлімінің  астында,  аралық  мидың  жиегіне  
таман,  сына  сүйектегі  түрік ері шұңқырында  түйінденіп  орналасады. Оның  салмағы 0,3 – 0,7 г, 
ұзындығы 8 – 10 мм,  ені  12 – 15 мм, қалыңдығы 5 – 10 мм.Жалғыз мүше. Гипофиз  алдыңғы, артқы  
және    ортаңғы   бӛліктерден    тұрады. Гипофиздің    әрбір    бӛлігінің  шығу    тегі    және    қызметі    де  
әртүрлі. Гипофиздің  алдыңғы  бӛлігі – аденогипофиз,  ортаңғысы – меланогипофиз, артқы бӛлігі – 
нейрогипофиз  деп    аталады.  Бұлардың    құрылысы  жағынан,    қызметі  жағынан  да  әр  түрлі  
болғандықтан  бұларды бӛлек без  деуге  болар  еді.  Эпифиз     немесе  томпақ  без  де  аралық  ми 
томпағының    үстінде   мидың    ақ    затының    астында,    қарынша    қабырғасының      артқы    жағына  
орналасады. Эпифизді  жұмсақ  милы  қабықша  қаптайды,  оған   кӛптеген  тамырлар  таралады. 
Эпифиздің  ұзындығы – 1-2 см, ені – 5-8 мм,  қалыңдығы – 4-5 мм,  салмағы – 0,25 г.     Аралық  ми 
тӛмпегінен   пайда  болатын  без. Бала  7 жасқа  келгенде  толық жетіледі  де  кейін  жасушалары  
бұзылады. Эпифиздің  қызметі  жете тексерілмеген. Алайда  эпифиз  бұзылғанда  жасӛспірімдердің  
мерзімінен бұрын  дамып  жетілетіні байқалады. Сондықтан  эпифиз жыныс  мүшелерінің дамуына  
және  қалқанша бездң  қызметіне  кедергі  жасайтын  гормондар  бӛлуі  мүмкін. Сүтқоректілерде  
эпифиз  ортаңғы  мидың дорзальдық бӛлімінде  тӛрт тӛбеліктің  жоғарғы  тӛмпешіктері  арасындағы  
ойыста  орналасқан.  Бүйрекүсті    бездері    бүйректердің    жоғары    жағында  орналасқан.   Олардың  
салмақтары  6 – 12 г. Әрқайсысы қыртысты  және  милы қабаттан  тұрады. Қыртысты  қабат  без  
салмағының    4/5,  милы  қабаты    1/5    бӛлігін    алып    жатыр.Милы    және    қыртысты    қабаттардың  
шығу    тегі,    құрылысы     және    қызметі    жағынан    әртүрлі    олардың      қанмен    қамтамасыздануы 
ерекше. 
Парагангмиілер адреналды  немесе  хромаффинді,  жүйенің  бос  қалдықтары  және  
қосымша    симпатикалық    нерв    жүйесімен    ӛте    жақын    кӛршілес,    симпатикалық  түйін  
тораптарынан    медиальды    немесе  дорсальды    орналасады.  Бүйрекбездің    ми    қабаты    сияқты  
оларда      хромаффинді    клеткалар    болады.    Парагангмиілерге    мына    түзілістерді    жатқызады: 
corpora  paraorlica    (құрсақ  қалқасының  бүйірлерінде,  оның    бифуркациясынан  жоғары),  glomus 
carotinum (a,  caroticis communis бӛліну  бұрыштарында ),    glomus cocygeum  ( a, sacralis  mediana  
ұшында). 
 
 
 
 
Ұйқы ( қарынасты )  безі  аралас  ( қос )  сӛлініс   безге  жатады. Ол әрі ішкі, әрі  сыртқы  
сӛлініс  қызмет  атқарады.  Сыртқы сӛлініс  қызметіне  ас  қорыту сӛлін  ӛндіру қызметі  жатады.  
Ішкі  сӛлініс    қызметін    Лангерганс    аралшықтары    атқарады.    Лангерганс    аралщықтары    ұйқы  
безінің   негізінен  « үш »  жағында  және  аздап  басқа  бӛлімдерінде  орналасқан ерекше ткань.  

154 
 
Аралшық    клеткалардың    тканьдерінде    ӛзектері  болмайды.    Ең    алғаш    аралшық    клеткаларды  
морфологиялық  жеке  құрылым  ретінде  1863ж  Лангерганс  аралшықтарында  2 түрлі  клеткалар  
бар  £  және  β  ( түйірлі  клетка ).  
Жыныс  бездері – гонадалар (грекше   gone - пайда болу, aden 
– без)   аралас  секреция  бездері  болып  есептеледі.  Олардың   сыртқы  секрециялық  қызметі  – 
жыныс    клеткаларын      (гаметоциттерді)      жасау    және    шығару.    Еркек    организіміндегі    ұрық  
жолында    сперматозоидтар,  ал  ұрғашы  организімдегі  аналық  безде   аналық  клеткалары  пісіп  
жетіледі.  Демек ,  жыныс   бездерінің  негізгі  қызметтерінің  бірі   -  кӛбею  немесе  репродуктивті  
қызмет.Сонымен  қатар  бұдан  кем  түспейтін  эндокринді  қызмет  атқарады.  Зат  алмасу,  кӛбею  
жыныс  белгілерін  ажыратуынан 
( диференциясынан )  бастап;  ұрықтың  пайда  болып  , дамып,  тууына  дейінгі  кӛптеген  
процестерді  реттейтін  жыныс  гормондарын  шығарады.   
 
 
 
 
 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
 Қ.С Рымжанов, И.М Тӛленбек 
2.
 
«Адам  және жануарфизиологиясы»  Алматы 2000ж 96 бет 
3.
 
Х.Қ Сәтбаева, Ж.Б Нілдібаева, Ӛ.А Ӛтепбергенов 
4.
 
«Адам физиологиясы» Алматы1995ж89бет 
5.
 
ЖандарКерімбектіңЕрмаханы «Тәнтануадаманатомиясы»Алматы 2004ж 43бет 
6.
 
Күзенбаева Амина «Адам анатомиясы» Алматы 2001ж 49б 
 
 
 
Аннотация.  В  этой  статье  рассматривается  важность      г
ормонов  и  фармакологических  целей  . 
Объясняет виды гормонов и их влияние на организм. 
 
Annotation. 
This article discusses the importance of hormones and pharmacological  purposes . It explains 
the types of hormones and their effect on the body . 
 
 
 
ӘОЖ  316,4 
 
МЕКТЕПТЕ ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ДАМЫТУДА ШЫҒАРЫЛАТЫН ЕСЕПТЕР ТҤРЛЕРІ 
 
Сабыралиева Ж.Ы., Сәбитова А.А. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз қ. 
 
 
 Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев «Болашақта  еңбек  етіп,  ӛмір  сүретіндер-бүгінгі  мектеп 
оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға 
жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек ӛз пәнінің терең білгір болу 
емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік 
және ақпараттық  сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны 
құмар  шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  оқу  мен  тәрбие  ісіне  еніп  оқытудың  жаңа  технологиясын 
шебер  меңгерген  жан  болғанда  ғана  білігі  мен  білімі  жоғары  жетекші  тұлға  ретінде  ұлағатты 
саналады. 
Орыс  ғалымы  В.А.Сухомлинский  «Мектептің  басты  міндеті  -  әрбір  адамның  дарындылығын 
ашу,  оны  толыққанды  шығырмашылық,  еңбек  жолына  бағдарлау.  Әрбір  оқушының  қайталанбас 
дарынын дәл басып табу, аша түсу, қастерлеу, бұл - тұлғаны адамзат қадір - қасиетінің ӛркендеуінің 
жоғарғы  деңгейіне  дейін  кӛтеру  деген  сӛз»,  -  деп  атап  кӛрсеткен  болатын.  Яғни,  дарынды 
оқушының  шығармашылығын  дамытудың  бір  түрі  -  ол  оқушының  ойлау  қабілетін  арттыру. 
Жаратылыстану  пәндерін  оқытуда  есептер  шығарту  және  жаттығулар  орындату  ойлау  қабілетін 
дамытудың алғышарттарының бірі болып саналады.   
Химиялық  теориялық  білімді  ӛмірмен  тығыз  байланыстыра  отырып,  жаттығулар  орындау 
және есептер шығарудың алған білімді тиянақты бекітуге, проблемалық жағдайларда оқушыларды 
шығармашылықпен шешім қабылдауына және жүйелі  ойлауына маңызы зор. Оқушыларға есептер 
шығарту, жаттығулар орындату олардың білімдерін тексеру үшін ғана емес, сонымен қатар олардың 
ӛздігінен  ізденістер  жасауына  дағдыларын  қалыптастыру  үшін  де  қажет  болып  табылады. 

155 
 
Оқушылар  есептер  шығару  кезінде  әдебиеттермен  жұмыс  істеп,  ӛздеріне  қажетті  білім  ақпаратын 
алып,  ізденіс жасау қабілеттері артады.  Есептерді шығару кезеңінде олардың білімі,зердесі, ойлау 
қабілеті дамумен қатар, химиялық түсініктер мен ұғымдарды тереңірек түсіну мүмкіндіктері пайда 
болады.  Химиялық  білімі  жан-жақты  дамыған  оқушы  болашақта  жеке  тұлға  ретінде  химия 
мамандығын  еркін  таңдай  алады.    Бұл  мақалада  әдістемелік  кӛмек  ретінде  күрделілігі  әр  түрлі 
химиялық есептер мазмұны және олардың шығарылу жолдары келтірілген.  
 
1-есеп. Индия жағажайындағы минералдар құрамын зерттеу 
Индияның  Керала  штатындағы  жағажай  құмының  құрамының  кӛп  мӛлшерін  алатын 
монацит минералы торийге ӛте бай.Монациттің жалпы үлгісінде шамамен 9% ThО және  0,35%U
3
O
2
 
болады. 
232
Th  және 
238
U-ның  радиоактивті  ыдырауынан  түзілетін  қорғасының 
208
  Pb  және 
206
Pb  
изотоптары  тұрақты  ӛнім  болып  табылады.Монацит  құрамына  кіретін  қорғасынның  табиғаты 
радиогенді  болып  келеді.  Радиоактивті  заттардың  ӛздерінің  атомдық  құрылысы  мен  қасиетіне 
байланысты ыдырау кезеңдері болады. 
231
Th және 
233
U-ның жартылай ыдырау кезеңі 1,41•10
10
 және 
4,47•10

жылға тең. Масс-спектрометриялық әдіспен ӛлшегенде монацит үлгісіндегі 
208
 Pb мен 
232
Th 
атомдарының изотоптарының қатынасы 0,104-ке тең. Минералдар түзілу уақытынан бастап 
208
 Pb , 
206
Pb, 
231
Th  және   
238
U  атомдары  монацит  үлгісінен  ыдырап  шықпаған  деп  есептеп,  тӛмендегі 
тапсырмаларды орындау керек: 
1.1.Монацит үлгісінің түзілгеніне неше жыл болғанын есептеу (түзілу кезеңінен бастап) 
1.2.Монацит үлгісіндегі  
206
Pb /
238
 U изотоп атомдарының ара қатынасын есептеу; 
1.3. Торий-232- ядролық энергетикада маңызды зат.Жылулық нейтрондармен сәулелену кезінде 
торийдің әрбәр атомы бір-бір нейтроннан жұтады,одан кейін түзілген изотоп кезекпен β
—  
 ыдырау 
кезінде 
233
U-ке айналады.
 232
Th-нің 
233
U-ға айналу кезеңіне қатысатын ядролық реакциялардың 
теңдеуін жазу керек. 
233
U –ның ядролық бӛлінуі кезінде радиоактивті ӛнімдердің күрделі қоспасы  түзіледі.Олардың бірі  - 
101
 Mo келесі схемаға сәйкес радиоактивті ыдырауға тӛзімді: 
 Mot 
1/2  =14,6 мин.         
 Tct 
1/2  =14,3 мин   
 Ru    (тұрақты)  
 
1.4.Бастапқы уақытта 
101
 Mo-нің жаңа даярланған радиохимиялық таза үлгісі 
101
 Mo-нің 50000 
атомынан тұрады. 
Шешуі: 
1.1.Егер, N
0
- торий -232 атомының шығым саны, N-қазіргі уақыттағы саны,онда (N

– N )атомдағы 
қорғасын -208 түзіледі. 
     N = N
0
exp(-0,693 t/t
1/2
)     (N

– N )/ N=0,104 
exp (0,693t /1,41•10
10
)=1,104 
t=2,01•10
9
жыл 
1.2.Демек, 
206 
Pb/
238
U=exp (-0,693t /t 
1/2
) -1=exp (0,693•2,01•10 
9
/ 4,47 •10
9
 )-1= 0,366 
1.3.(n,γ)β

β
-   
232
Th 
233
Th 
               233
Pa
 
233
U
 

156 
 
1.4.N( 
101
 Mo) =N
0

101
 Mo)/2 =25000 ( жартылай ыдырау кезеңі уақытқа тең); 
N( 
101
 Tc) =N( 
101
 Mo) •
(
 – e 
) 
N( 
101
 Ru) =N
0
(
101
 Mo) - N
0
(
101
 Mo) - N( 
101
 Tc) = 7800 
2-есеп.  Ni-Cd  мӛрі  басылған  батареялар  радиотелефондарда,ұялы  телефондарда,видеокамераларда 
және портативті компьютерлерде және тағы басқа портативті құралдарда кеңінен қолданылады.Бұл 
батареялар  ұзақ  уақыт  бойы  тӛмен  және  жоғары  температурада  тұрақты  болуымен 
ерекшеленеді.Батареялар қайтадан 2000  рет зарядталауына болады. Никель-кадмийдің қуат кӛздері 
екі жарым ұяшықтардан тұрады: 
    Cd(OH)
2(TB)
 +2e
-
→ Cd
(TB) 
+2OH
-
E
1
0
 = - 0,809 B 
2NiO(OH)
 (TB)
+2H
2
O+2e
-
→2Ni(OH)
2(TB)
+2OH
-
E
2
0
 = -0,490 B
 
   Мұндағы,E
1
0
және E
2
0
 25
0
С –ы стандартты потенциал болып табылады. 
1.Катодта және анодта қандай реакция жүргені белгісіз.Нернст реакция теңдеуі жазу керек. 
2.Батареяның ӛздігінен тоқ күші азайған кезіндегі жалпы реакция теңдеуі жазу керек. 
3. 25
0
С-ы ЭҚК-дегі E тізбегі есептелінді. 
4.700 мА•сағ. номиналды қуаты бар ұялы телефондарға арналған никель-кадмий батареяларындағы 
кадмийдің массасы есептелінді. 
Шешуі: 
1.Катодта жүретін реакция теңдеуі: 
Cd
(Қ) 
+2OH

→ Cd(OH)
2(Қ)
 +2e
-     
E
1
0
 = - 0,809 B 
E
1
= E
1
0
-  1n
 
Анодта жүретін реакция теңдеуі: 
2NiO(OH)
 (TB)
+2H
2
O+2e
-
→2Ni(OH)
2(TB)
+2OH
-
E
2
0
 = -0,490 B
 
E
2
= E
2
0
-  1n
 
2.Батареядағы тоқ күші азайған кезіндегі  жалпы реакция теңдеуі құрастыру керек: 
Cd
(TB)  
+2NiO(OH)
 (TB)
 +2H
2
O→2Ni(OH)
2(TB)
+ Cd(OH)
2(TB)  
3. ЭҚК (электр қозғаушы күші) тізбегі тең: 
E= E
1
 - E
2
 = E
1
0
- E
2

=0.809+0.490=1.299 B  
4.Батареяның сыйымдылығы мынаған тең: 
Q=700 мА•сағ. =0.7 A•3600 с=2520.0 Кл. 
Кадмийдің  массасын  табу  үшін,ең  алдымен  зат  мӛлшерін  табу  қажет,сондықтан,Фарадей  заңына 
сүйене отырып мына формуланы ескерсек: 

157 
 
ν = =
=0.013 моль-ге тең болды, яғни,кадмийдің массасын m= ν•Mr   
формула арқылы табылды.Демек, кадмийдің массасы: 
m(Cd) = 0.013•112.4=1.47 г (Cd) 
Химияның  және  физиканың  классикалық  заңдарын  пайдалана  отырып,  әр  түрлі  ӛндіріс 
саласындағы  ӛндірілетін  тауарларға  жұмсалатын  шикізат  мӛлшерін,  ток  шығымын,  жұмысшы 
күшін,  экономикалық  тиімділігін  есептеп  табуға  болады.  Жоғарыда  келтірілген  есептердің  бірі- 
минерал  құрамы,  оның  радиоактивтілік  қасиетіжайында  болса,  екіншісі  техника  саласындағы 
есептің  бір  түрі.  Осы  сияқты,  әр түрлі  есеп  түрлерін  химия  сабақтарында  келтірудің  ерекшелігі  - 
оқушы химиялық ұғымдар мен түсініктердің нақты қолданылу орындарын түсінеді, танымы артады, 
қызығушылық пайда болады.  Химияда оқу материалын толық және терең меңгерумен қатар алған 
білімін  ӛз  бетімен  қолдануға  машықтану  үшін  есептер  шығарудың  маңызы  зор.  Есеп  шығару 
кезінде  оқушылардың  дүниетанымын  дамытуға  себеп  болатын,  оның  ішінде  табиғаттың  бір 
тұтастығын кӛрсететін пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. 
Есептің  мазмұнының  жан-жақты  болуыоқушыларды  химия  ғылымының  сан-салалаы 
құпияларын ашуға жетелейді; жергілікті  пайдалы қазбалардың құрамын анықтауға, оларды тиімді 
пайдалануға қажетті мағлұматтарды ӛз беттерінше іздестіріп жинақтауға, ғылыми-жобалық зерттеу 
жұмыстарын орындауға   бейімделеді.  
 
Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі: 
1.В.В Еремин,Е.В. Ларионов,И.А. Седов,А.Ю.Соловьев Задачи Международных химических 
олимпиад.-Москва:Экзамен-2004. 
2.№1-2015В. Н. Доронкин, А.Г. Бережная, Т. В. Сажнева, В.А. Февралева "Химия" сборник 
олимпиадных задач. Легион, 2011. 
3.Суворов А., В., Никольский, А. Б. Вопросы и задачи по общей химии-СПб: Химиздат,2001. 
4.Врублевский А. И. Задачи по химии с примерами решений. - Минск: Юнипресс, 2005. 
 
 
АннотацияОрганизация и  исследования пути решения задач  и проведения анализа
 
AnnotationOrganization and study ways to solve the problem analysis. 
 
 
 
ӘОЖ 591.1 
С 21 
 
ЖҤРЕК-ТАМЫР ЖҤЙЕСІНІҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН 
ЗЕРТТЕУ 
 
Сапарбаева Б.М., Оспанова Г. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Адам   жүрегі  –  қуысты  бұлшықетті  мүше.  Тұтас  вертикаль  перде  арқылы  ол  екі  жарты 
бӛлікке бӛлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта ӛтетін екінші  перде жүректі тӛрт қуысқа бӛледі: 
жоғарғы  қуыстар-  жүрекшелер,  тӛменгі-  қарыншалар.  Жаңа  туған  нәрестенің  жүрегінің  массасы 
орта  есеппен  20  г-  ға  тең.  Ересек  адамның  жүрегінің  массасы     0,425—0,570  кг.  Ересек  адамның 
жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, кӛлденең қимасының ӛлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 
5-8  см.  Жүректің  массасы мен  ӛлшемдері  кейбір  ауруларда  (жүрек ақауы)  және  ұзақ  уақыт  ауыр 
дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда ӛзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан 
тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы. 
       Ішкі  қабат  эндотелийлі  (қан  және  лимфа  тамырларын  ішінен  астарлайтын  жалпақ 
жасушалар  қабаты)  қабықшадан (эндокард) тұрады,  ол  жүректің  ішкі  бетін  астарлап  жатады. 
Ортаңғы  қабат (миокард) кӛлденең-  жолақты  бұлшықеттен  тұрады.  Жүрекшелер  бұлшықеттері 
қарынша  бұлшықеттерінен  дәнекер  ұлпалар  (тіндер)  пердесімен  бӛлінген,  осы  тіндер  тығыз 

158 
 
фиброзды  талшықтардан  құралады  -  фиброзды  сақина.  Жүрекшелердің  бұлшықетті  қабаты 
қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бӛлігінің 
жасайтын  қызметтерінің  ерекшелігіне  байланысты.  Жүректің  сыртқы  беті  сірі  қабықпен 
(эпикард) қапталған, ол  жүрек маңы қапшығының (сӛмкенің)-  перикардтың,  ішкі жапырағы болып 
табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен кӛктамырлары орналасқан, олар 
жүрек  тіндерін  қанмен  қамтамасыз  етеді,  және  жүректі  невртендіретін  (иннервация)  жүйке 
 жасушаларының, жүйке талшықтарының кӛп шоғыры орналасқан [1]. 
Перикард  (  жүректің  қабы)  жүректі  қапшық  сияқты  қоршап  тұрады  және  оның  еркін 
қозғалуын  қамтамасыз  етеді.  Ол  қанмен  толатын  жүректің  созылуын  шектейді  және  жүрек 
қантамырлары үшін тірек болып табылады.Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атривентрикулярлы 
және айшық. 
Атривентрикулярлы  клапандар  жүрекшелер  мен  сәйкес  қарыншалар  аралығында 
орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал ӛкпе  ӛзегін (ствол) оң 
қарыншадан 
бӛліп 
тұрады. 
Жүрек 
қызметінің 
екі 
фазасын 
бӛліп 
кӛрсетуге 
болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі  фазасының ұзақтығы 
жүректің  жиырылу  жиілігіне  байланысты.  Жүректің  жиі  жиырылуы  кезінде  әр  фазаның  қызметі 
тӛмендейді,  әсіресе  диастоланың.  Жүрекшелердің  диастоласы  кезінде  атривентрикулярлы 
клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін  қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, 
қарыншаларды да толтырады[1]. 
 Жүрекшелердің  систоласы  кезінде  қарыншалар  толығымен  қанмен  толады.  Осы  кезде 
қанның қуыс және ӛкпе кӛктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында 
олардағы  қысым  аорта  мен  ӛкпе  ӛзегіндегі  қысымдардан  үлкен  болады.  Бұл   айшықты 
клапандардың  ашылуына  себепші  болады,  ал  қан  қарыншалардан  сәйкес  тамырларға  ағады. 
Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет тӛмендеп,  ол қанның қарыншаларға қарай 
кері ағуына жағдай жасайды. Сӛйтіп жүрек клапандарының ашылып – жабылуы жүрек қуысындағы 
қысымдардың  ӛзгеруімен  байланысты.  Жүрек  жұмысының  кӛрсеткіштеріне жүректің  систолалық 
және минуттық кӛлемі  жатады. Жүректің систолалық немесе соққы кӛлемі дегеніміз - әр жиырылу 
кезінде  сәйкес  тамырларға  жүректің  ығыстырып  шығаратын   қанының  мӛлшері.  Систолалық 
кӛлемнің  шамасы  жүректің  ӛлшеміне,  миокард  күйіне  және  ағзаға  байланысты.  Салыстырмалы 
тыныштықтағы ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық кӛлемі шамамен  70—80 мл- ді 
құрайды.  Сӛйтіп  қарыншалар  жиырылуы  кезінде  артериялық  жүйеге  қанның  120—160  мл  кӛлемі 
келіп түседі.  
Жүректің  минуттық  кӛлемі  дегеніміз  –  жүректің  ӛкпе  ӛзегі  мен  аортаға  1  минутта 
ығыстырып  шығаратын  қанының  мӛлшері.  Орташа  минуттық  кӛлем  3-  5  л  құрайды.  Жүректің 
систолалық  және  минуттық  кӛлемі  қанайналымның  барлық  аппаратының  қызметін  сипаттайды. 
Жүрек  қызметінің  сыртқы  кӛріністерінің  (жоғарғы  ұшының  соққысы,  жүрек  тондары)  берілген 
мәліметтері  бойынша  дәрігер  жүрек  жұмысы туралы  жорамалдай  алады. Осы  берілгендерге  жеке 
тоқталайық: 
1.  Жоғарғы  ұшының  соққысы.  Қарыншалар  систоласы  кезінде  жүрек  солдан  оңға  қарай 
бұрылып,  айналмалы  қозғалыс  жасайды.  Жүректің  ұшы  (басы)  кӛтеріліп,  бесінші  қабырғааралық 
аймақта  кеудені  (қысады)    басады.  Систола  кезінде  жүрек  ӛте  тығыз  болады,  сол  себепті  жүрек 
ұшының қабырғааралық  аралықты қысуын кӛруге болады (кӛтерілуі, быртыю). Жүректің жоғарғы 
ұшының соққысын анықтауға болады, сӛйтіп оның шекарасы мен күшін анықтауға болады. 
2.  Жүрек  тондары  жұмыс  жасап  тұрған  жүректе  пайда  болатын  дыбыстық  құбылыстар. 
Тонның екі түрі бар: систолалық және диастолалық.  Систолалық тон. Осы тонның  пайда болуына 
негізінен  атриовентрикулярлы  клапандар  қатысады.  Қарыншалардың  систоласы  кезінде 
атриовентрикулярлы  клапандар  жабылып,  олардың  жармалары  (створкалары) мен  оған  бекітілген 
сіңір  жіпшелерінің  тербелісі  І-  ші  тонды  береді.  Сонымен  қатар  І-  ші  тонның  пайда  болуына 
қарыншалар бұлшықетінің жиырылуы кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстар да қатысады. 
Ӛзінің дыбыстық ерекшеліктері бойынша І – тон-  созыңқы және тӛмен[2]. 
Диастолалық тон қарыншалардың  диастоласының басында протодиастолалық фаза кезінде, 
айшық  клапандардың  жабылуы  кезінде  пайда  болады.  Осы  кезде  қақпақшалар  жармаларының 
тербелісі дыбыстық құбылыстардың кӛзі болып табылады. Дыбыстық сипаттамалары бойынша ІІ- 
ші тон қысқа және жоғары. Жүректің жұмысын онда пайда болатын электрлік құбылыстар бойынша 
да  жорамалдауға  болады.  Оларды  жүректің биопотенциалдары  деп  атайды  және  олар 
электрокардиографтың  кӛмегімен  алынады.  Алынған  биопотенциалдар  электрокардиограмма  деп 
аталады.  

159 
 
Жүректің жиырылуы оның бұлшықетінде периодты түрде пайда болатын қозу үрдістерінің 
салдарынан  болады. Жүректегі қозу онда жүріп жатқан  үрдістердің әсерінен периодты түрде пайда 
болады. Осы құбылыс автоматия деген атқа ие болды. Миофибрилдары аз, эмбрионды бұлшықетті 
тінге  ұқсас  және  саркоплазмаға  бай  айрықша  (атипті)  бұлшықетті  тіннен  тұратын  миокардтың 
белгілі бір бӛліктері автоматияға қабілетті[2]. 
Жүрек  пен  қан  тарайтын  тамырлардың  ауруынан  жиі  ӛліп  кетеді,  сондықтан  осындай 
сырқаттарды күтуде ерекше ролі  ӛте зор әрі жауапты. Жүректен шыққан қан қимылының әсерінен 
тамыр қабырғаларында болатын түрткі сияқты тербеліс тамырдың соғуы деп аталады. Жүректің сол 
жақ  қарыншасымен  ортаға  ырғақты  лақтырылған  қан  айналымы  арнасы  ішінде  тербеліс  жасап, 
артериялар  қабырғаларьш  эластикалық  кеңейтіп,  орнына  келтіреді.  Тамыр  соғудың  белгісі  оның 
жиілігімен, ырғағымен, кернеп, толуымен анықталады. Қалыпты тамыр соғуы жиілігі минутына 60-
тан 80-ге дейін ӛзгеріп  отырады, бірақ жасына, жынысына, дене температурасына және қоршаған 
ортаға байланысты, сондай-ақ дене күшіне қарай кӛп түрленіп отырады. Ана құрсағында дамуы мен 
ӛмірінің  алғашқы  жылдарында  тамыр  неғұрлым  жиі  соғады.  25-тен  60  жасқа  дейін  тамыр  соғу 
тұрақты. Әйелдердің тамырларының соғуы еркектерге қарағанда жиі.  
Неғұрлым  кӛп  күш  жұмсайтын  қарқынды  жұмыс  кезінде  тамырдың  соғуы  да  жиі  болады. 
Тамыр соғу артериялары үстінде орналасқан және тікелей сол тамырды басып табуға (пальпация) 
болатын  жерлерде  зерттеледі.  Тамыр  соғудың  жалпы  іздейтін  жері  –  кәрі  жілік  артериясы. 
Тамырдың  соғуын  самай,  сондай-ақ  ұйқы  және  ұршық  артериялары-нан  табуға  болады.  Оны 
анықтаудың негізгі тәсілі – сипау, әдетте білектің алақан жағындағы I саусақтың негізін (кәрі жілік 
артериясын) сипап табады. Бұлшық ет пен сіңір сипауға кедергі келтірмеуі үшін сырқат қо-лы еркін 
жатуы  тиіс.  Кәрі  жілік  артериясының  соғуын  міндетті  түрде  екі  қолдан  да  анықтап,  тек 
айырмашылық болмаған жағдайда ғана оны бір қолды ұстап анықтайды. Сырқаттың саусақтарын оң 
қолымен білезік буыны тұсынан еркін ұстайды. Мұнда I саусақты шынтақ жағында, ал II, III және 
IV — кәрі жілік, тікелей кәрі жі-лік артериясына қаратады. Саусақтың астында тамыр-дың жұмсақ 
та шымыр соғуы сезілее, ол қалыпты бол-ғаны. Сынаушының IV саусағы сырқаттың V саусағына 
қарсы тұруы тиіс. Тамыры соғып түрған артерияны үш саусақпен сипап тауып, оны орташа күшпен 
кәрі жілік-тің  ішкі жағынан басып қысады. Артерияны қатты қысу-ға болмайды, себебі қысымнаи 
тамырдың  соғу  толқыны  жоғалып  кетуі  мүмкін.  Егер  кәрі  жілік  артериясының  соғуы  қалай  да 
табылмаса, онда самай немесе ұйқы артериясының соғуын анықтайды[3].  
Тамырдың жиі соғуы – тахикардия деп, сирек соғуы – брадикардия деп аталады. Тахикардия 
кезінде  де,  брадикардия  кезінде  де түрліше  асқынулар  болмауы  үшін  сырқатты мұқият  қадағалау 
қажет. Тамырдың соғуын санау 30 секундтан кем болмауы тиіс бұдан алынғаи санды 2-ге кӛбейтеді. 
Тамырдың ретсіз соғуы кезінде 1 минут бойы санайды. Тамырдың соғу толқындары шетіне дейін 
жетпейтін,  жүректін сол жақ қарыншасының кейбір жиырылулары ӛте баяу жағдай-да тамыр соғу 
тапшылығы  (шеткі  тамыр  соғу  мен  жүректің  жиырылуы  арасындағы  алшақтық)  пайда  болады. 
Мүнда тамырдың соғуын екі адам санауы қажет: біріншісі кәрі жілік артериясыньщ соғуын, екін-
шісі жүректің жиырылу санын. Егер тамырдың соғуы бірінен кейін бірдей уақыт аралығында болса, 
тамырдын  соғуы  дұрыс  немесе  тамырдың  соғу    ырғағы    дейміз.  Керісінше  жағдайда  тамырдың 
соғуы  дұр  емес,  тамыр соғуының  ретсіз  құбылысы  байқалады.  Дені  сау  адамдардың  дем  алғанда 
тамырыньщ  соғуы  жиілеп    дем  шығарғанда  сиреу  сияқты – дем алу  аритмиясы  жиі  кездеседі,  ол 
кезде нервінің тонусының ӛз-геруіне байланысты; бұл балалық және жасӛспірімдік шақта неғұрлым 
жиі болады. Аритмияның түрлері электрокардиография әдісімен неғұрльм дәл анықталады [3]. 
Жаңа  туған  балалардың  жүрегі  жоғары  орналасқан,  омыртқа  деңгейінде  IV  және  VIII 
аралығында. Ӛмірінің 1 – ші жылының соңына қарай жүрек орналасуы кӛлденеңнен қисық бағытқа 
ауысады.  2-3  жасқа  келгенде  жүрек тұрақталып,  жүрек  ұшы алға,  тӛмен  және  солға бағытталған. 
Жүректің оң контуры жоғарғы қуыс венасынан,  оң жақ жүрекше және тӛменгі қуысты венасынан 
құралған.  Оң  қарынша  оны  құрамайды.  Жүректің  сол  контуры  негізінен  оң  жақ  қарыншадан 
құралады.  Эмбрионалды  күйде  бала  жүрегі  3-ші  жұмадан  бастап  дамиды. Жүрек  соғысы  22-23 
күннен  бастап  байқалады. 6-шы  жұмадан  кейін  бастап  эмбрион  жүрегі  ырғақты  жұмыс  істей 
бастайды. Жиілігі 110/мин. 8-ші жұмада ең жоғарғы жиілікті  жүрек соғуы байқалады – 175/мин.  9 
айдағы  жүрек  соғу  жиілігі  –  130  рет.  Туғаннан  кейін  20  –  30  күн  ішінде  жүрек  массасы  оң  жақ 
қарынша есебінен кішірейе бастайды. 6 айдан соң сол жақ қарынша тӛмен және артқа бұрылады. 2 
жасқа  дейін  балаларда  ӛткізгіш  жүйе  жиырылғыш  талшықтар  дифференцировкасы  жалғасады. 
Миокард салмағы артады [3].  
2 жастан бастап жүрек ӛсуі баяулайды. 2  жастан 6 жасқа дейін магистральдық артериялар 
қалыптасады,  жүректің  ӛткіз-гіш  жүйесі  мен  жүйке  аппараты  дамиды.  Жүрек  ырғағы,  яғни  1 

160 
 
минуттағы жиырылу саны негізінен жылжымалы (адасқан) және симпатикалық жүйкелердің (нерв) 
функционалдық  күйіне  байланысты  болады.  Симпатикалық  жүйкелердің  қозуы  кезінде  жүректің 
жиырылу  жиілігі  артады.  Осы  құбылыс тахикардия деп  аталады.  Жылжымалы  жүйкелердің  қозуы 
кезінде  жүректің  жиырылу  жиілігі  тӛмендейді  –  брадикардия.  Жүрек  ырғағына   ми  қыртысының 
күйі  әсер  етеді:  тежелу  артқанда,  жүрек  ырғағы  баяулайды,  қозу  үрдісі  күшейгенде,  қуаттанады. 
Жүрек ырғағы гуморальды әсердің ықпалынан да ӛзгеруі мүмкін, әсіресе жүрекке келетін  қанның 
температурасының  ӛзгеруі  кезінде.  Тәжірибелерден  оң  жақ  жүрекшелер  бӛлігін  (жетекші 
түйіншегін  жайылдырмау-  татарпау-  локализация)  жылумен  жергілікті  тітіркендіргенде,  жүрек 
ырғағының  жиілегені,  осы  бӛлікті  керісінше  суытқанда-  қарама-  қарсы  эффектінің  болатындығы 
анықталған.    Жүректің  басқа  бӛліктерін  жылумен  не  суықпен  жергілікті  тітіркендіру  жүректің 
жиырылу  жиілігіне  әсер  етпейді.  Бірақ  ол  жүректің  ӛткізгіштік  жүйесімен  қозудың  таралу 
жылдамдығын ӛзгертуі мүмкін  және жүрек жиырылуының күшіне әсер етуі мүмкін. Сау адамның 
жүрегінің  жиылыру  жиілігі  жас  мӛлшеріне  байланысты  болады.  Осы  мәліметтер  1-  кестеде 
кӛрсетілген [3]. 
 
Жасы,жылдар 
1 минуттағы жүректің жиырылу саны 
Жаңа туған нәресте 
120—140 
5 жасқа дейін 
130 
5—10 
88 
10—15 
78 
15—60 
68—72 
 
 
 
Бала  ӛскен  сайын   систолалық  максимальды  артериальды  қысымы  жоғарылайды,  ал 
диастолалық    минимальды қысымы бір   қалыпта  дерлік  болып,  систолалық  қысымның  1/2  —  2/3 
бӛлігін   құрайды.  Артериальды  қысым  жоғары  қарқынмен  баланың  алғашқы  2-3  жасында, 
препубертат және пубертат кезеңдерінде ӛседі. Қысымның жоғарылауы артериальды тамырлардың 
тонусының  жоғарылауына,  баланың  жалпы  дене  дамуына  тікелей  байланысты.  Сонымен  қатар 
жасӛспірімдерде қысымның ӛзгеруіне эндокринді жүйесінің, әсіресе бүйрек үсті бездерінің жетілуі 
себеп болып табылады. Жас ӛскен сайын қанның соқпалы кӛлемі және минуттық кӛлемі ұлғаяды. 
Бір  жастың  ішінде  қанның  соқпалы  кӛлемі  4  есе,  7  жаста  –  10  есе,  15  жаста –  24  есе  артады. Ал 
минуттық кӛлемнің ӛсу қарқыны жүрек жиырылуының сиреуі салдарынан біршама тӛмен болады. 
Ұлдарда  оның  ӛсімі  4  пен  11  жаста,  қыз балаларда –  5  және  14  жаста байқалады. Балаларда  қан 
ағынының жылдамдығы — ересектерден жоғары болады. Ӛскен сайын тамыр арнасының ұзаруынан 
және  жүрек  жиырылуының  азаюынан  жылдамдығы  баяулайды.  Сонымен  баланың  ӛсу  мен  даму 
процесі кезінде жүрек – қан тамыр жүйесінде елеуілі ӛзгерістер жүреді. Қан айналысының реттелуі, 
жүрек  мүмкіншіліктерінің  артуы,  қызметінің  жетілуі  баланың  дене  тәрбиесінің  арқасында  жүзеге 
асырылады. 
Жүректің жиырылуы оның бұлшықетінде периодты түрде пайда болатын қозу үрдістерінің 
салдарынан болады. Жүректегі қозу онда жүріп жатқан үрдістердің әсерінен периодты түрде пайда 
болады. Осы құбылыс автоматия деген атқа ие болды. Миофибрилдары аз, эмбрионды бұлшықетті 
тінге  ұқсас  және  саркоплазмаға  бай  айрықша  (атипті)  бұлшықетті  тіннен  тұратын  миокардтың 
белгілі бір бӛліктері автоматияға қабілетті [4]. 
Айрықша  бұлшықет  жүректе  жүрекшелер  қабырғасында  қуысты  кӛктамырдың  аузының 
тұсында  орналасқан   синусты  жүрекшелі  (синоатриалды)  түйіншектен  (жүректің  ырғағын 
басқарушы)  және  оң  жақ  жүрекшенің  тӛменгі  үштен  бір  бӛлігі  мен  қарыншааралық  пердеде 
орналасқан  жүрекше  қарыншалар  атриовенкулярлық  түйіннің  тӛменгі  жағында  орналасқан, 
қарыншааралық  пердеге  қарай  жақындаған  жерде  Гис  шоғыры  басталады.  Гис  шоғыры 
қарыншааралық  перденің  жоғары  жағында  орналасады.  Одан  екі  оң  және  сол  аяқшалар  шығады. 
Бұл  аяқшалар  қарыншааралық  перденің  ішкі  бетін  кӛмкерген  эндокардтың  астымен  тӛмен  қарай 
түседі  де,  жүрек  ұшындағы  қалың  етке  жетеді.  Одан  әрі  ілініп  қарыншалардың  сыртқы 

161 
 
қабырғасының  ішкі бетімен бойлап жоғары қарай кӛтеріледі,жолшыбай осы арадағы еттерге, оның 
ішінде  емізікше  еттерге  бұтақ  тәрізденіп  жайылады  да,  жеке  Пуркинье  талшықтарына  айналады. 
Пуркинье  талшықтары  жүректің  негізі  миоциттеріне  жақындап  онымен  ӛзара  түйіседі.  Сонымен 
жүректің ӛткізгіш жүйесі синоатриалдық түйіннен басталып жеке Пуркинье талшықтарымен бітеді. 
Жүректің  ӛткізгіш  жүйесі  құрамындағы  бӛліктердің  қайсысына  болмасын  ӛздігінен  қозатын 
автоматиялық қасиеті тән болады. Бірақ олар бірдей емес, жүрек автоматиясында айырмашылық – 
градиент болады [4].  
1883  жылы  ағылшын  ғалымы  В.Гаскелл  жүректің  ӛткізгіш  жүйесіндегі  бӛлімдер 
синоатриалдық  түйіннен  алыстаған  сайын  олардың  автоматиялық  дәрежесі  тӛмендейді  деген 
тұжырымға  келді  (автоматия  градиенті  заңы).  Бұл  заң  бойынша  атриовентрикулярлық  түйін 
автоматиясы синоатриалдық түйін автоматиясынан тӛмен, Гис шоғырының автоматиясы бұдан де 
тӛмен,  Гис  аяқшаларының  автоматиясы  Гис  шоғыры  автоматиясынан  тӛмен,  ал  Пуркинье 
талшықтарының  автоматиясы бұдан да тӛмен.  Бұлардың автоматиялық  дәрежесі  ӛздігінен  туатын 
қозу  санына  байланысты.    Патология  кезінде  жүректің  жүрекшелері  немесе  қарыншаларының 
бұлшықеттерінің  ӛзіндік  бір  күйін  бақылауға  болады.  Ол  жүректің  дірілдеуі  (қалтырауы)  және 
жыпылықтауы  деп  аталады  (фибрилляция).  Осы  кезде  жүрекшелердің  не  қарыншалардың 
бұлшықетті талшықтарының ӛте жиі және асинхронды жиырылулары орындалады- минутына 400-
ге дейін (дірілдеу, қалтырауы кезінде) және 600-ге дейін (жыпылықтауы кезінде). Фибрилляцияның 
басты айрықша  белгісі  жүректің  берілген  бӛлігінің  жеке  бұлшықетті  талшықтарының  біруақытта 
жиырылмауы. Осындай жиырулар  кезінде жүрекшелер немесе қарыншалар бұлшықеттері қанның 
ығыстырылуын  жүргізе   алмайды.  Адамда  қарыншалар   фибрилляциясы  егер  оны  тоқтату  үшін 
шаралар  жылдам  қабылданбаса,  ӛлімге  әкеліп  соғады.  Оны  тоқтатудың  аса  тиімді  тәсілі  электр 
тогының  күшті  соққысымен  әсер  ету  (бірнеше  киловольт  кернеулі),  ол  қарыншаның  бұлшықетті 
талшықтарының қозуын тудырады, одан соң олардың синхронды жиырылуы қалпына келеді [5]. 
ЭКГ  және  ВЭКГ  миокардтың  әрекет  потенциалының  бағыты  мен  шамасының  ӛзгерісін 
кескіндейді, бірақ жүректің ығыстырушы қызметінің ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік бермейді. 
Миокард  жасушаларының   мембранасының  әрекет  потенциалы  миокард  жасушаларының 
жиырылуын  жүргізуші  механизм  ғана  болып  табылады,  ол  миофибрилдердің  қысқаруымен 
аяқталатын  жасуша  ішіндегі  үрдістердің  белгілі  бір  тізбектілігін  жүзеге  асырады.  Тізбектелген 
үрдістердің осы топтамасы қозу мен жиырылудың түйіндесуі деп аталады. 
Үшканалды 
автоматты 
режимде 
жұмыс 
істейтін 
ЭКЗТ-12-03 
«Альтон» 
электрокардиографының  техникалық  мәліметтері:  Электрокардиограф  кернеуі  110-  220  Вт-қа 
дейінгі,  жиілігі  50  Гц  айнымалы  токпен;  ішкі  қоректендіру  кӛзінен-  12,6  В  аккумулятордан 
қоректенеді. Электрокардиосигналдардың ену кернеуінің диапазоны 0,03 - 10 мВ шамасындай. 2 Гц 
жиілікте кернеуді ӛлшеудің салыстырмалы қателігі 0,1- 0,5 мВ диапазонында 10%- тен артық емес; 
ал 0,5- тен жоғары- 5 мВ-қа дейінгі диапазонда- 5%- тен артық емес. 
Үшканалды автоматты режимде жұмыс істейтін ЭКЗТ-12-03 «Альтон» электрокардиографы- 
әртүрлі  жағдайларда  электрокардиограмманы  оперативті  алуға  мүмкіндік  беретін  портативті 
электрокардиограф.  Электрокардиограф  құрылысының  жасалуы  пациент  пен  жұмыс  істейтін 
персоналдың  сенімді  электроқауіпсіздігін  қамтамасыз  етеді.  Электрокардиограф  негізгі  блоктан, 
пациентінің  кабелі  бар  шығу  блогынан  және  қоректендіру  блогынан  тұрады.  Негізгі  блокта 
орналасқан: 
-микропроцессорлы блок; 
-электрокардиографтың жұмыс істеу режимдерін басқару элементтері; 
- сигналдар мен  жұмыс режимдерінің индикаторлары; 
-термобаспа қондырғысы. 
Электрокардиограмманы  талдай  отырып,  жүректің  минутына  қанша  рет  және  қандай 
ырғақпен  соққанын  анықтауға  болады.  Электрокардиограмманы  пайдалана  отырып,  жүрек 
ауруларын нақты анықтауға болады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет