ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет5/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
часть  -  узкая  прослойка  интеллигенции.  С  такими  ресурсами  реально  влиять  на  ход  развития  общественно-
политических процессов представляется весьма и весьма сложной задачей. 
 Миф  №  2:  национал  патриотизм  как  движение  и  как  идеология  носит  ярко  выраженный  агрессивный 
характер.  Данное  утверждение  было  частично  верно  для  начала  1990-х  годов,  когда  были  популярными 
национал-патриотические движения "Алаш", "Азат", "Желтоксан" и их лозунги. На сегодняшний момент все без 
исключения, в том числе и лидеры национал-патриотического фронта, осознают, что воинствующий национал-
патриотизм неприемлем. Надо отметить, что казахский национал-патриотизм является объективной реакцией на 
политические события, имевшие место на протяжении всего советского периода. 
 Миф № 3: национал-патриотизм является неуправляемой политической силой. Прежде всего национал-
патриоты по численности являются очень компактной социальной группой, в силу приведенных выше факторов. 
К  тому  же  национал-патриоты  очень  раздроблены,  у  них  много  лидеров,  но  нет  единства.  В  современном 
казахстанском  обществе  доминирует  отрицательное  отношение  к  национализму  как  феномену  в  целом  и  к 
различного  рода  проявлениям  национализма  в  частности.  Такая  реакция  является  абсолютно  нормальной, 
учитывая весь исторический опыт, все  культурное многообразие, общее социально-экономическое положение 
Республики Казахстан. 
 Интерес но  и  кри тич но   высказы ван ие  извес т н ого  писа тел я,  пере вод чика,  п уб ли ц иста  
Герольда  Бельгера,  которое  он  год  назад  озвучил  журналистке  Марине  Хегай  из  г азеты 
«Караван»:  
– Я патриот Казахстана – с семи лет рос в казахском ауле, говорю, пишу по-казахски, перевожу, поэтому для 
меня это близко, кровно. Весь пронизан казахским духом и желаю стране процветания, но я вижу все больше 
недостатков. То ли позитива нет, то ли я настроен слишком скептически… 
– Не из-за отсутствия ли национальной идеи нас болтает из стороны в сторону? 
–  Одно  время  я  отчаянно  искал  национальную  идею.  В  чем  ее  суть?  Чтобы  объединить  народ,  сберечь…Мы 
живем без национальной идеи, смотрим то на американцев, то на россиян, то на китайцев  – не знаем, к кому 
приладиться. Наша беда – это нехватка самостоятельности, уверенности, что называется, «темир казык» (то есть 
стержень) [5: 11] 
 Государство уже по своей природе должно быть национальным, иначе это безликое сборище людей. И 
этого не надо бояться, а, напротив, надо стремиться к этому. В той же Франции, к примеру, помимо коренного 
населения живут арабы, африканцы, азиаты, и т.д., но все они считают себя французами, всех их объединяют 
французский язык, французская культура и литература, французская история, традиции, ценности французского 
народа.  То  же  самое  в  Китае,  Великобритании,  Японии,  словом,  везде.  В  Казахстане  почему-то  до  сих  пор 
присутствует  необоснованная  боязнь  и  нерешительность  в  этом  вопросе.  Хотя,  как  отмечалось,  требования 
времени  растут,  демографические,  социальные,  политические,  экономические  и  прочие  тенденции  налицо. 
Игнорирование этих факторов, либо постоянное откладывание необходимых решений «на потом» приводит к 
тому,  что  люди  сами  начинают  требовать,  сами  добиваются  развития  процесса  национального  строительства 
Казахстана. Речь здесь идет не только о рисках внутреннего характера. Разобщенную массу людей едва ли можно 
считать нацией, либо народом. Для этого лучше подойдет термин «население».  
 Что такое национальная идея? Это совокупность ценностей и мотиваций, которые разделяют все граждане 
и  на  основе  которых  формируют  целостность.  Но  национальная  идея  служит  еще  культурным  иммунитетом 
общества, посредством которого оно становится здоровым. При ослабленном же иммунитете организм заражают 
всевозможные бактерии и микробы. Мы можем это наблюдать на примере многих проблем нашего общества. 
Почему  молодежь  уходит  в  экстремизм,  количество  разводов  и  абортов  зашкаливает,  растет  подростковый 
суицид,  обострились  проблемы  сирот  и  брошенных  родителей,  чего  раньше  в  помине  не  было  в  казахском 
обществе? Налицо падение нравственности, духовная деградация, кризис доверия, когда никто никому не верит. 
С появлением же национальной идеи многие подобные вызовы будут сходить на нет.  

26 
 
 Самим гражданам пора понять, что мы сидим в одной лодке и то, как она будет плыть дальше, зависит от 
общих  усилий.  Распространен  еще  один  миф:  межнациональное  согласие  в  Казахстане  –  данность,  которая 
никуда  не  денется.  Однако  трагические  события  в  Ираке  и  Ливии,  Судане  и  Украине,  которые  сегодня 
разрываются на части, развенчивают его.  
 Жизнь не стоит на месте. Казахстан с каждым годом становится все более казахским. Закона о переходе 
количества в качество еще никто не отменял. Но в данном случае, под «казахским» имеются в виду не только 
этнические  казахи,  но  и  все  граждане  страны,  которые  считают  себя  частью  культурного  и  исторического 
наследия Казахстана. Опыт Америки, где все осознают себя американцами, абсолютно не применим для нас, хотя 
бы, потому что США - страна мигрантов. Отсюда первый вывод - Независимость Казахстана, благополучие его 
народа никому, кроме живущих на этой земле граждан, не нужны. Никто о нас не позаботится, кроме нас самих. 
Следовательно,  и  вопрос  национального  строительства  Казахстана  есть  суверенная  и  исключительная 
прерогатива  нашего  народа,  где  не  должно  быть  места  вмешательству  чужаков.  Следующее.  При  каждом 
удобном  случае  мы  слышим:  Казахстан  –  политэничное  общество.  Но  ведь  из  двухсот  государств  в  мире 
единицы, кто не полиэтничен либо не поликонфессионален. Поэтому надо как зеницу ока беречь национальное 
согласие,  которое  основывается  на  толерантности  казахов,  с  молоком  матерей  кипчачек,  впитавших  идею  о 
Мәңгілік  Ел  –  стране,  в  которой  люди  всегда  помнят  о  том,  что  наша  жизнь  –это  суета  сует,  надо  уметь 
противостоять всем злым ветрам и всегда надеяться на будущее.Наши предки сохранили нашу землю, традиции, 
обычаи, гордое имя- Қазақ, нашу запоминающуюся всем внешность. Какие еще доказательства нужны тому, что 
национальная  идея  всегда  нас  спасала  в  лихие  годы.  Флаг,  поднятый  Кереем  и  Жаныбеком,  гордо  реет  на 
огромных степных пространствах.  
 Любой патриот Казахстана является казахом. Это означает, что казахами, с точки зрения национального 
государства,  не  рождаются,  ими  становятся.  За  прошедшие  25  лет  мир  изменился,  изменился  и  Казахстан. 
Выросло целое поколение тех, кто никогда не стоял на коленях и не познал репрессий. Но эти дети нуждаются в 
сильных  лидерах,  а  вот  перспективы  развития  национал-патриотизма  в  качестве  серьезной  общественно-
политической  силы  в  ближайшем  будущем  представляются  довольно  туманными.Поэтому  нужна  как  воздух, 
убедительня программа внедрения в учебный процесс, в повседневную жизнь, идеи Мәңгілік Ел. 
 
Список использованной литературы: 
1. Нурсултан Назарбаев. Биография. — Астана: Деловой Мир Астана, 2012 г 
2. Эрнест Геллнер. Нации и национализм , М., 2011 г. 
3. Мустафа Чокай-Оглы (Мустафа Шокай) Туркестан под властью Советов: Статьи, воспоминания, Алма-Ата, 
1993 г. 
4.Становление политической элиты Казахстана/ Материалы Центра ссоциальных и политических 
исследований, Астана, 2012 г. 
5. Герольд Бельгер: Мы страшно скудеем умственно / газета «Караван», 15.11. 2016 г. 
 
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» - БОЛАШАҒЫ БІЛІМДІ ҰРПАҚ, САНАЛЫ ЖАСТАР 
 
Баймағамбетова А.А., 
№28 мектептің тарих пәні мұғалімі 
 
Мәңгілік ел болашағы- білімді ұрпақ,саналы жастар!  
Ендігі ұрпақ- Мәңгілік Қазақтың перзенті.  
Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы- Мәңгілік Ел!... 
Н.Ә. Назарбаев 
 
 Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" атты кітабында: "Егер біз мемлекет болғымыз келсе, 
өзіміздің  мемлекетімізді  ұзақ  уақытқа  меңзеп  тұрғымыз  келсе,  онда  халық  руханиятының  бастауларын 
түсінгеніміз жөн. Ал оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр".- деген болатын. Енді міне, "Қазақстан 
жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз-
түркілердің Мәңгілік ел идеясын-Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялап отыр. Елбасының «Қазақстан- 
2050»  Жолдауында  көтерілген  «Мәңгілік  ел»  ұғымының  пәлсапалық-саяси  түп  негіздері  сонау  сақ,  ғұн, 
түркілерден бастау алған. Мысалы, Хасен Қожа Ахмет «моңғол» сөзінің астарын «мәңгі елден» іздейді. Оның 
«Күлтегін  мәтініндегі  «мәңгі  ел»  сөзі  мемлекет  атауынан  гөрі  қағанатты  құрушы  халықтың  идеологиялық 
ұстанымына келіңкірейді. Кезінде айбарлы сақ, ғұн, түркі, Шыңғыс қаған, Алтын орда империялары салтанат 
құрған бүгінгі Қазақстан мемлекетіне «мәңгілік ел» идеясы мирас болып қалды. Осындай «мәңгілік ел» идеясы 
алпауыттардан құтқарып қалды және бұл үзілмеуі тиіс. Себебі «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері 
және  жас  ұрпақтың  жасампаздығы  арасында  сабақтастық  болса  ғана,  біз  «Мәңгілік  ел»  боламыз».-  деп 
Президенттің  Жолдауында  айтылып  отыр.  Даңқты  өткен  тарихымызда  «мәңгілік  ел»  идеясы  көшпелі 
империяларды  әлемдік  өркениетпен  тікелей  жалғайтын  алтын  көпір  болған.  Мәселен,  алып  елдермен  тең 
дәрежеде әріптестікте болу, сауда-саттық жасау, Ұлы Жібек жолын өз уысында ұстау, салт атты әскери өркениет 

27 
 
құру,  адамгершілік  пен  көпшілдікті,  дарқандықты,  ақжүректікті  ту  еткен  елдік  қасиеттер  «мәңгілік  ел» 
қағидаттары болып саналған.  
 Бүгінгі жолындағысын жұтып жатқан жаһандану дәуірінде «Мәңгілік ел» идеясы бағзы түркілік тектік-
болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуінің кепілі. 
Тәуелсіз  ел  атанғаннан  кейін  бұл  идеяны  іске  асырудың  тарихи  мүмкіндігі  туып  отыр.  Демек,  халықаралық 
қауымдастықта  мәмілегерлік,  бейбітсүйгіш  қырымен  танылған  тәуелсіз  Қазақстанның  әлі  де  ешкім  мән  бере 
қоймаған, толық іске қосылмаған әлеуеті бар. 
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толады. Байлығымыз да, бақытымыз да 
болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. 
«Қазақстан – 2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, 
қадірлі халқым! (Нұрсұлтан Назарбаев) 
Елбасы  2014  жылғы  Жолдауында  қазақ  елінің  ұлттық  идеясы  –  Мәңгілік  Ел  ата  -  бабамыздың  сан 
мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем 
қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атануы еді, ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу 
ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. 
Біз бұл арманды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің 
ұлттық  идеясы  қандай  болуы  керек?»  деген  сауалдың  жиі  талқыланатынын  естіп  жүрмін.  Біз  үшін 
болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. 
Тәуелсіздік  арқасында  халқымыз  мәңгілік  мұраттарға  қол  жеткізді,  еліміздің  жүрегі  Елорда
 
тұрғызылды. 
Қазақтың мәңгілік ғұмыры, ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналды. 
Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел! - делінген. 
Сонымен  қатар,  Президентіміз  Мәңгілік  Ел  ұғымын  ұлтымыздың  ұлы  бағдары  «Қазақстан  –  2050» 
стратегиясының түпқазығы етіп алынғандығын алға тартты. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру 
аса  қиын  екенін  баршамызға  мәлімдеді.  Бұл  әлем  кеңістігінде  ғұмыр  кешкен  талай  халықтың  басынан  өткен 
тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан - жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберді. 
Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? 
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана, ол 
- Мәңгілік Ел», - деді Елбасы. 
Мәңгілік  Ел  идеясын,  ұлттық  идеологияның  негізгі  факторы  ретінде  қарай  отырып,  оны  барлық 
қазақстандықтар қолдайтын ортақ, әлеуметтік, этностық, діни бірегейлікті қамтамасыз ететін басты ұстанымға 
айналдыру қазіргі кезеңнің басты міндеті болмақшы. 
Сонымен бірге, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы – бірлік екенін ұмытпағанымыз 
абзал.  Бірлік  –  ол  елдің  рухани  бірлігі,  халықтың  мәдени,  тілдік,  ділдік,  ақпараттық  кеңістікке  деген  бірлігі. 
Қазақстандықтардың  әлеуметтік,  мәдени,  рухани  бірегейлігін  дамыту,  ұлттық  идеологияны  дамытудың  басты 
факторы болуы тиіс. 
Сондықтан  да  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асырудың  тұжырымдамалық  негізін  философиялық 
тұрғыдан талдау қажеттілігі туындайды. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған 
күннен бері жүзеге асырып келеді. Ол қазақ халқының тарихи санасын қалыптастырып, дамытуға бағытталған. 
Осындай бір алғашқы қадамдардың қатарына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы» Заңын 
жатқызуға  болады. Бұл  «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудағы басты нық қадам деп қабылдауымыз керек. 
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  келесі  тұғыры,  негізі  –  Елбасы  үнемі  айтып  келе  жатқан  елдің  ішкі  тұрақтылығы, 
халықтардың өзара достығы мен татулығы, бір - біріне деген сыйластық қарым - қатынасы. Этнос және дінаралық 
келісім мен татулық Қазақстан дамуының басты тұғыры. Тек тату, бірлігі жарасқан ел ғана алға қойған мақсат - 
мұраттарына жете алады. 
«Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыру  белгілі  бір  құндылықтар  жүйесіне  негізделетіні  белгілі.  Сол 
құндылықтардың  ішіндегі ең бастысы  –  қазақ тілін мемлекеттік  тіл ретінде  нығайту,  қазақстандықтардың үш 
тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі. Мемлекет билігінің 
құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен өлшенеді. Мемлекет қай тілде сөйлесе, сол тілдің құдіреті 
қашанда  үстем  болады.  Мемлекеттік  тілде  сөйлеу  қазақ  халқының  ішкі  бірегейлігін  нығайтып,  өркениеттік, 
мәдени  бағытын  арттырады.  Тіл  -  ұлттың  мәдени  коды,  ойлау  және  таным,  дүниеге  қатынасының, 
құндылықтарды бағалай білу жүйесінің коды. Тіл - билік, үлкен саясат. Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының басты 
қолдаушысы.  Ана  тіліңді  құрметтеу  -  ұлттық  намысты  ояту  мен  жаңғыртудың  көзі.  Бұл  жолда  тілдік  және 
ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ел тәуелсіздігін қорғаудың басты ұстанымы болуы тиіс. 
«Мәңгілік Ел»  идеясын  жүзеге  асыратын және  оны  одан әрі дамытатын  -  бүгінгі  жастар. Жастар осы 
ұлттық  идеяны  жүзеге  асыру  үшін  өз  Отанын  сүйетін  ұлтжанды,  патриот  болулары  керек.  Патриотизм  біздің 
қазақстандық  жастар  үшін,  этностарды  біріктіретін  күш  ретінде  мойындалуы  тиіс.  Ел  мәртебесіне,  оның 
асқақтығы мен биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы тек әділеттілік пен өзара ынтымақтастық және сыйластық 
негізінде қол жеткізілуі тиіс. 
«Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыруда  ұлт  зиялыларына  да  жүктелер  міндет  өте  ауыр.  Сол  зиялы 
қауымның бірі - ұстаздар. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, 
танымын  кеңейтетін  де  –  білім.  Ілім  мен  ғылым  -  бұл  қоғамдық  мүдде.  Өркениеттің  өлшемі  де,  мемлекеттің 
келешегі де қашан да қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді. 

28 
 
Жастарымызды білім машығын игеріп, алған білімдерін күнделікті өмірде және «Мәңгілік Ел» идеясын 
жүзеге асыру барысында тиімді пайдалана алуға баулу жолында еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет 
етіп, ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына сүбелі үлес қосып келе жатқанымызға мақтанамыз. 
 
 
МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ-БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМ АЛУЫНДАҒЫ, 
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ, БОС УАҚЫТЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНА 
 
Елеусизова Алия Муханбетовна, 
№6 Хромтау гимназиясы кітапхана меңгерушісі 
 
Білім  беруді  жаңғырту  жағдайында  мектеп  кітапханаларының  қызмет  аясы  кеңеюде.  Ақпараттық-
коммуникациялық  технологиялар  мыңжылдығындағы  ақпарат  тасымалдаушы  технология  жүйесінде  мектеп 
кітапханасы маңызды буын,білім алушылар үшін ақпараттарға қолжетімділік орталығы болып табылады.  
Мектеп  кітапханасы-оқу-тәрбие  процесін  қажетті  құжаттармен  және  ақпараттармен  қамтамасыз  етуге 
міндетті оқу кітапханасы. Мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен 
қатар дамып, білім алушының рухани, зерделі жетілуін, шығармашылық қарым-қатынасының өсуін қамтамасыз 
ету, білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік туғызу, бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай 
жасау ортасы болып табылады. 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  Министрлігінің  «Бастауыш  және  орта  кәсіптік  білім  беру 
ұйымдары кітапханасы туралы» типтік ережесінде: 
«Кітапхана- оқу-тәрбие процесін әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының 
маңызды  құрылымдық  бөлімшесі,  сондай-ақ  білімді,  рухани  және  интеллектуалдық  қатынасты,  мәдениетті 
тарату орталығы болып табылады» (17 тамыз 2000 ж.№827) деп көрсетілген. 
№6 Хромтау гимназиясы кітапханасы өз қызметінде аталған ережені басшылыққа алады. Кітапханада жеке 
тұлғаны  дамытуға  жағдай  жасалынған.  Кітапхананың  материалдық-техникалық  базасы  заман  талабына  сай. 
Абонемент,  20  орындық  оқу  залы,  кітап  сақтау,  оқулық  сақтау  қоймалары  бар.  Интернет  желісіне  қосылған 
компьютерлермен, принтермен жабдықталған. Кітап қоры оқу-тәрбие процесіне сай құрылған. Кітапхана қорын 
толықтырып  тұрған  мерзімді  басылымдар  («Ұлан»,  «Алтын  сандық»,«Қазақстан  патриоты»,  «Ақжелкен», 
«Балдырған», «Айгөлек», «Ертегілер әлемінде»,«Жас ғалым», «Ел ертеңі -kz»т.б.) жас ұрпақтың рухани, мәдени 
құндылықтарынан білім алуына тікелей ықпал жасау мүмкіншілігі жағынан басым тұрған ақпарат құралы болып 
табылады.  
М.Әуезовтың «Абай жолы», «Абай өлеңдері» т.б. қазақ әдебиеті  классиктерінің аудиокітаптары, «Қазақ 
ертегілері» сериясы бойынша шыққан аудиокітаптар, «Сыр сүлейін сұрасаң» ән-күй, жыр-термелер музыкалық 
антологиясы, «Книга памяти Актюбинской области», «Әйтеке бидің ақ жолы», «Мой город на белом холме» т.б. 
деректі фильмдердің жинақталуы медиа қорды жасақтаудың бастамасы. 
Гимназияның  «Ақпараттандыру  арқылы  білім  сапасын  арттыру»  бағдарламасы  аясында,  АИБС  МАRК 
SQL  бағдарламасы  іске  қосылды.  Білім  алушылардың  ақпаратты  іздестіруде  дәстүрлі  каталогтармен  қатар 
электронды каталогты пайдалану арқылы, АИБС МАRК SQL бағдарламасының  «Ідестіру» жұмыс орнындағы 
«Ұлы  Отан  соғысы»,  «Техника»,  «Жануарлар  әлемі»,  «Ұлт-азаттық  қозғалыс»,  «Экология»т.б.  кілт  сөздер 
бойынша өз білімін кеңейтуге қажетті ақпараттарды өздігінен іздеп тауып, пайдалану мүмкіндіктері бар. «Ақын-
жазушылар», «Заңдар», «Жас ғалым», «Қазақ елі», «Салт-дәстүр», «Қоршаған орта» т.б. тақырыптарда деректер 
базасы құрылған. 
Кітапханада  әлемдік  желіге  қосылған  ғаламтор  қызметін  пайдалана  отырып,  алған  ақпаратын  іріктеп, 
талдауда кітапханашының кеңесіне жүгіне алады. 
Кітапхана  –  ақпараттық,  мәдени  -  ағартушылық,  ғылыми-зерттеушілік  мекеме.  «Кітап-көп  ақылдың 
құйылған көлі», «Бар білімнің қайнар көзі-кітапхана» тақырыптарында ақпараттық-жарнамалық стендтер білім 
алушыларға  кітапхана  туралы,жаңа  кітаптар,  кітапханада  өтіп  жатқан  шаралар,  ел  және  әлем  жаңалықтары 
туралы ақпараттандырады. Кітапхананың білім беру функциясын жүзеге асыру барысында оқу процесін қолдау 
мақсатында  «Қазақстан-2050»  (рәміздер,  елбасы,  туған  ел,  өлкетану),  «Мәдени  мұра-мәңгі  мирас»,  «Тілім-
айбыным»  (тіл,  өнер,  салт-дәстүр,  бабалар  аманаты),«Оқулық  айтпаған  сырлар»,  «Қазақ  ғылымының  негізін 
қалағандар», «Өзің оқы, өзгемен бөліс», «Таныс бол, жаңа кітап!», «Ақпараттар құбылнамасы» тақырыптарында 
тұрақты көрмелер ұйымдастырылды.  
Оқу  залы  пәндік  олимпиадалар,  ғылыми  жобалар  мен  түрлі  байқауларға  дайындалудың  жайлы  мекені. 
Дарынды  оқушылардың  ғылыми  ізденістерін  таныстыру  арқылы  білім  алушыларды  кітапханаға  тарту 
мақсатында  «Жас  эрудиттер  бұрышы»  ұйымдастырылды.  Көрмеге  оқушылардың  ғылыми  жобалары,  өзекті 
тақырыптардағы шығармалары т.б. жұмыстары қойылады. 
Мектеп  кітапханасында  оқушылардың  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру  бағытында  оқушыларға 
оқуға  қажеттілікті,  оқу  мәдениетін,  кітапхананы  пайдалану  қаблетін,  кітапхана  -  библиографиялық  бағдарлау 
негіздерін сіңіруді, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жағдайында ақпарат (жинау, өңдеу, тарату, ұсыну) 
пен  тұтынушы  арасын  байланыстыру  (оқушы  және  әлемдік  ақпараттық  кеңістік),  ақпараттық  ресурстарды 
іздестіру  және  бағалай  білуге  жүйелі  оқытуды  мақсат  ететін  кітапханалық  -  библиографиялық  сабақтар 
жүргізіледі.Оқушылардың ақпараттық білім негіздерін қалыптастыруда «Сын тұрғысынан ойлау» педагогикалық 

29 
 
технологиясы  пайдаланылады.  «Кітап-адамзат  жасаған  ұлы  кереметтердің  бірі»  (кітаптың  шығу  тарихы) 
зерттеушілік  конференциясы,«Кітап  және  аудиокітап»  алты  телпек  әдісі,  «Барлық  сұрақтардың  алтын  кілті» 
(анықтамалық әдебиеттермен жұмыс) кубизм әдісі, «Кітапханалық каталогтар-кітап әлемінің компасы» (дәстүрлі 
және электронды каталогтар), «Интернет - өмір шындығы» Венн диаграммасы әдістерімен өткізілді. Сабақтарды 
әңгіме-кеңестер,  практикумдар,  тренингтер,  шығармашылық  сабақтары,  байқау,  турнир,сайыс  сабақтары 
формаларында өткізу өз нәтижиесін беріп, оқушылардың ақпараттық кеңістікте еркін жұмыс жасай алуына жол 
ашады. 
Білім алушылардың кітапханалық-библиографиялық сабақтарға деген қызығушылығы кітапхана жанынан 
«Құбылнама»ақпараттық  клубының  құрылуына  себеп  болды.  «Құбылнама»  ақпараттық  клубы-балалардың 
рухани,интеллектуалдық,  шығармашылық  қарым-қатынасының  жайлы  ортасы.  Клубтың  ұстанымы  Жүсіп 
Баласағұнның  «Әлемге  толса  көкірегің,  ашылар  көзі  сананың»  сөзі.  Клуб  жұмысы  оқушылардың 
қызығушылығына байланысты ұйымдастырылады. Клуб мүшелерінің белсенділігімен жыл сайынға «Бір ел-бір 
кітап» акциясы, Бүкіләлемдік Кітап мерекелері, дәстүрлі М.Мақатаевтың туған күнін атап өту т.б. шаралар өтеді. 
Қызықтыратын  негізгі  тақырып  -рухани-адамгершілік  тәрбиесі.  Клуб  мүшелері  ақпаратты  іздестірп,  талдап, 
өңдеп, ұсынуға бейімделе отырып мектепішілік «Құбылнама» газетін шығаруда. Газеттің «Өз елім» (еліміздегі, 
облыс,  аудан  жаңалықтары),  «Алаш  ардақтылары»,  «Ұша  білген  қанатқа  дүние  кең»  (дарынды  балаларды 
насихаттау),  «Гимназия  жаңалықтары»  (өткен  көпшілік  шаралар,  байқаулар  т.б.),  «Имандылық  тұтқасы» 
(қыздарға,  ер  балаларға  кеңес),  «Ғибратты  әңгімелер»,  «Кітаптар  әлемі»  рубрикалары  бар.  Клуб  «Оқитын 
балалар-ұлтымыздың болашағы» тақырыбында ток-шоу өткізді. «Балалар кітап оқиды ма?» әлеуметтік зерттеуін 
жүргізіп,  гимназия  оқушыларынан,  мұғалімдерден,  қала  тұрғындарынан,  кітап  дүкендеріндегі  сатушылардан 
сауалдар алып бейнематериалдар дайындап ұсынды.  
Кітапты интернет ауыстырады деуге еш негіз жоқ. Ақпараттық технологиялардың жаппай таралуы кітап 
оқу дағдыларына үлкен талаптар қоюы мүмкін. Сауатты оқырман-сауатты көрермен. Ол ақпаратты іздеп, тауып, 
қолындағы ақпаратты шеберлікпен пайдаланып, өз жұмысында қолданатын жаңа құралға айналдыра алады, яғни 
функционалдық сауатты адам.  
Бала тұлғасына бет бұру, ынтымақтастық, тең құқылы серіктестік қарым-қатынас-кітапханада жүргізілетін 
барлық  жұмыс  бағыттарының  нәтижиелілік  кепілі  болып  саналады.  Жеке  тұлғаның  білімділік,  ақпараттық, 
мәдени және демалыс қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет көрсету түрі –кітап көрмелері мен 
көпшілік іс-шаралар. Көрме балалармен жүргізілетін жұмыс бағыттарының ең күрделісі. Көрме бұл тек кітапты 
жарнамалау  емес.Оның  мақсаты-баланы  кітап  оқуға  шақыру,  зияткерлік,  шығармашылық  жұмысқа  тарту. 
Мақсат-көрмені балалардың сөйлете білуі. Қазіргі заман технологияларын пайдалану да өз тиімділігін көрсетеді.  
Бастауыш  буын  оқушыларымен  «Мен  оқығанды  ұнатамын»  топтамасы  бойынша  шыққан  кітаптарға 
арналған «Сенің ғаламшарың. Ол қандай?» атты көрме-сайысы ұйымдастырылды. Көрме бөлімдері: «Сен және 
жер  беті»,  «Сен  және  аспан  әлемі»,  «Теңіз  түбіндегі  ғажайыптар»,  «Көңіл  бөл,қызықты  әлем!».  Көрменің  әр 
бөліміне  балалар  өздерінің  оқыған  кітабына  байланысты  суреттер  салып,  пікір  жазып,  өз  қолдарынан  заттар 
жасап,сұрақтар  дайындап  әкеліп  қойды.  Көрме  қорытындыланып,  жеңімпаздар  марапатталды.  Көрме 
қорытындысы  балалардың  қызығушылығымен  жалғасын  тауып,  «Мен  оқығанды  ұнатамын»  тақырыбындағы 
танымдық  кешке  ұласты.  Кештің  мақсаты  білім  алушыларды  кітап  оқуға  тарту,  танымдық  тақырыптағы 
әдебиеттерді  насихаттау арқылы  түсініктерін жан-жақты кеңейту. Төрт деңгеймен шыққан кітаптар бастауыш 
буын білім алушыларының жас ерекшеліктеріне қарай таңдалып, өздерін қызықтыратын тақырыптағы оқыған 
кітабына призентация жасап, оқуға ұсынды. Кеш барысында психологиялық тренинг,аннимациялы призентация, 
сергіту сәті, өзін реттеу жаттығулары өткізіліп, балалардың қызықты да көңілді демалысы болды. 
Кітапханада  жыл  сайын  республикалық  «Бір  ел-бір  кітап»акцисына  байланысты  дәстүрлі  көпшілік 
шаралар  жүргізіледі.  2016  жылғы  акция  аясында  Дулат  Бабатайұлының  «Өсиетнамасы»  бойынша  «Азаттық 
жырының  ақтаңгері»  тақырыбында  10-11  сынып  оқушылары  арасында  дөңгелек  үстел  ұйымдастырылып, 
оқушылар өз ойларын ортаға салды.  
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ұлттық тәрбие бағытындағы оқырманның  
25 қадамынан тұратын «Сен - қазақсың» кітапханалық жобасы құрылып, жүзеге асырылды. Мақсаты жас 
ұрпақтың  бойына ел жандылық пен ұлтқа деген құрмет қасиетін дарыту. Бала тәрбиелеуші отбасы ортасында 
ұлттық құндылық пен рухтың сақталуын насихаттау, таным көкжиегін кеңейту, мәңгілік ел идеясын жас ұрпақ 
санасына  дарыту.  Жоба  аясында  «Мен  -  қазақпын,  жан  Отан,  бел  балаңмын»  тақырыбындағы  ғылыми-
практикалық  конференция  ұлт-азаттық  көтерілістің  100  жылдығына,  Әлихан  Бөкейханның  туғанына  150  жыл 
толуына  және  Желтоқсан  көтерілісінің  30  жылдығына  арналады.  «Тоқтар  Әубәкіров  –  ұлт  мақтанышы»  (70 
жас)танымдық  бағдарлама  қазақтың  мәртебесін  көкке  көтеріп  жүрген  ,тұңғыш  ғарышкер  ағамыз  Тоқтар 
Оңғарбайұлының өмір тарихына арналды. Барлық жоба аясындағы өткізілген іс-шаралар мәңгілік ел, ұлы дала 
ұрпағын қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған. 
Рухани –танымдық атмосфера, өзара түсіністік, ізгілік, шығармашылық орта, жаңа ақпараттық құралдар, 
жаңа  жағдайдағы  ақпарат  тұтынушысы,  қызығушылық  клубтары  –мектеп  кітапханасының  бүгінгі  келбеті. 
Қазіргі  мектеп  кітапханасы–  ақпаратпен,  кітаппен  жұмыс  жасау,қарым-қатынастық,  демалыстық,оқырманның 
танымдық, шығармашылық даму орталығы.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет