ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ
Қабдылдина А.Ж.,
Әйтеке би ауданы, М. Жұмабаев атындағы орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат
алар,кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы
тұлғалар аз болмаған. Жетпіс жыл бойы отаршыл саясаттың шеңгеліне маталып келген қазақ халқы да 1986 жылы
тар жол тайғақ кешуден өтті. Бұғып жатқан жанартаулар бір күнде атылды. Сол сияқты 1986 жылғы желтоқсан
оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күні еді. Желтоқсан
жаңғыры көзден де, көңілден де кетер емес. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып,
халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен
ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
1986 жылғы 16 желтоқсан – Үлкен өзгеріс күні. Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
өте қысқа Пленумы өтті. Небәрі 18-ақ минут. Осы қысқа уақыт қазақ халқының намысын жерге таптауға жетіп
артылды.
Жиналғандар дереу Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хатшысы Қазақстанға отыз жылдай
басшылық еткен Дінмұхамед Қонаевты қызметінен алады. Оның орнына саяси бюроның ұсынысы бойынша
жіберілген Ульянов партия ұйымының жетекшісі Колбинді бірауыздан сайлады.
Алматы қаласы. 1986 жылдың 17-желтоқсанында таңғы сағат 8-де Брежнев алаңында жастардың алғашқы
тобы келді. Олардың саны 200-300 шамасында еді. Бара – бара қатарлары көбейді. Алаң қарақұрым адамға лық
толды. Бәрі де қазақ жастары. Олар – студент қыздар мен жігіттер, жас жұмысшылар, оқушылар.
Адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе,
ғасыр, мыңжылдық сынды,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас. Үшінші
мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды
бастапты. Сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы
орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі адамзат болып
жауап беретін кезіміз енді келді», – деп қорқыпты. Қиялшылдар қауымы: «Жаратқанның жердегі,ақ желкенді
кемемен жақсылық жағасына асыққан үмбетін тегіс жарылқайтын заманы енді орнайды. Қой үстіне бозторғай
жұмыртқалайтын заман орнауын талай күтсек, енді сол заманға аяқ бастық», – деп қуаныпты.
Сөйткен жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық келді.Сол ғасырдың қызығын көріп өмір сүріп жатқан біз бір
пендеміз.Сәуегейлер қанша құйқылжытқанмен, әзір бәрі бәз-баяғысынша. Таң орынынан атып тұр. Күн
орынынан батып тұр. Қиямет-қайым болған жоқ.
Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі әлеуметтік алақызбалыққа ұрынып, еліре
аттапты. Енді сол өткеннің бәрі су сепкендей басылды. Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық табалдырығынан
аттап отырған біздерді де қай-қайдағы әулекіліктерге ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша
бергізгей. Алтын уақытымыз тәуелсіз елдің бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейміз.
Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір өзіңе ғана сеніп, көреміс жарықты
көріп, бұйырмыс ырзықты татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болудан басқаның бәрі
күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған да «шүкір» дейміз. Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл
емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де
бар, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз
жіберуге тура келді. Егер біз сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен көз жүгіртіп байқасақ,
ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық
ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп,
найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. «Тар
қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» — деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп
жауға шапқан ержүрек батыр қыздардың Қазақ топырағында болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.Сол аға-
апаларымызды еске алсақ біз олармен мақтанамыз,ерліктеріне сүйсіне қараймыз.
Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың неше бір бұрылысында ел азаттығы үшін
талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы
Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. Ханның басы
қанжығада кете барды…
Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары
жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп,
ұранға айналдырғаны мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда ол есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап,
сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері белгілі. Бізге бүгін қажет жігерліктің,
батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр.
Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих
үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта
білген хан Абылай Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды.
Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық – бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп
жармады.Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың
44
қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп
отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.
Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта, Қазақ қауымының бас көтерген батыр да
ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.
Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірі қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдейді. XIX ғасырдың соңы XX
ғасырдың басын ала бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең
орнаған еді. XX ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысында күшейген Сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйе
қоғамның тарихи заңдылықтарына қайшы келетін эксперименттер жасағанын бірінші кезекте айтар едік. Олар
бүкіл КСРО-ны, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды Бұл эксперименттердің басты бағыттары мынадай болды:
ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және соның негізінде байлар мен ауқатты шаруаларды тап ретінде
жою; аса тез қарқынмен елді индустрияландыру мәдени-рухани салада, демографиялық саясатта, ұлт мәселесінде
жергілікті халықтарды орыстандыру; қоғамдық саяси өмірдің негізгі салаларында тек қана коммунистік
идеологиялық үстемдігін орнату.
Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған
халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді: жаппай отаршылдықтың салдарынан Қазақ халқының
жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім,
таным жойыла бастады; қазақ халқы өз жерінде ұлттық азшылыққа айналды…
Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға
шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын кезінде
ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді.
Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен
болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арман-
ды. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп
бөркін аспанға атты. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан қызыл империя
көсемдері алаш туы астына бірікендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты.
Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы Қазақ оқығандарын түгел қырды. Мұстафа Шоқай шетел
асты… Алашорда партиясына мүше болғандардан жалғыз Мұхтар Әуезов қана аман қалды… Алаш деген сөзді
тарихи санадан өшіру әрекеті басталды. Дүниедегі ең жеккөрінішті сөзге айналдыруға тырысушылардың
«еңбегі» зая кеткен жоқ. Әлі күнге дейін кейбіреулер алаш дегенде селк ете қалады… Қазақтың өз билігі өз
еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя аса қиналған жоқ.
1937-1938 жылдары яғни, бір жылдың ішінде 125 мың Қазақ зиялысы қырылған. Жоғары білімді қазақтың
бетке ұстайтын азаматтарының бар кінәсі — көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-сезімін жақтағандары ғана.
Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз жөн болар еді. Осы
асыл азаматтардың үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары бізге аманат сияқты болып
көрінеді.
Аяулы Отаным — Қазақстан жерін бабаларымыз ерлікпен қорғап бізге қалдырған, кейінгі ұрпағыма
«Асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін, бізге тұтас уланбай, жоғалмай, өртенбей, сынбай-жанбай, ауыр азап,
қиын-қыстау кезеңдерді бастарынан өткізген екен. Халқымыз сол заманнан бері –ақ, елінің елдігін, жерінің
байлығын сақтап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, шешен де білгір азаматтарының бастауымен «Есім
ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап,
«Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғанын көріп отырмыз. Әрбір
адам баласының тіршілік етіп, өзін-өзі асырап отырғаны, ұрпағын қалдырып, дамып жатқаны осы Отанның
арқасында. Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің
игілігіне,кір жуып кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.
1986 жылғы желтоқсанда елде жария етілген қайта құрудың 20-шы айы өтіп жатқан-ды. Құқықтық
мемлекет құрамыз дегенге сеніп, Горбачевтік «сәуір тезистерінің» тың идеяларымен жігерленген Қазақ жастары
орталықтың бұрынғыша өктемдігіне келіспеушілігін білдіруге митингілер, шерулер өткізіп алаңға шықты.
Қылышынан қаны тамып, жарты әлемді билеп тұрған қызыл империя кеңестік коммунистік партия кезеңінде
Қазақ жастарының ұлттық намысын ту етіп, отаршылдыққа қарсы алғаш жойқын бұлқыныс танытуы Мәскеудегі
өктемшіл шовинистердің төбесіне жай түсіргендей әсер етті. Өйткені, уысындағы қол бала іспеттес көптеген ел
бұдан «үлгі-өнеге» алып, ол өрт қаулай түссе, халдерінің мүшкілденетінінен қауіптенді. Оны олар алдын-ала
сезді де, басқыншылық әрекеттерге, фашистік қатыгездік қадамдарға да көз жұма барды. Әділдіктің салтанат
құруын сұраған жалаң қолды бейбіт жандардың тілектеріне құлақ асқысы келмеген озбыр орталық жүйесі
жүректері тітіркенбестен мұздай қаруланған әскермен шеруге шыққандарды аяусыз жаншыды, итке талатты, бас-
көз жоқ ұрып соқты. Кремльден кесепатты бұйрықтың пәрмені солай аласапыран құбылды.
Қазақ жастары Алматыда, Талдықорғанда, Ақмолада, Орталық Қазақстанның бірнеше елді мекендерінде
тоталитарлық билік жүйесіне қарсы көтеріліп, өкіметке саяси талаптар қойды. Желтоқсан көтерілісі сол кездегі
кеңес одағының керегесін шайқалтып, КСРО-дағы ашық демократиялық үрдісінің негізін қалаушы оқиғалардың
бірі болды. Белгілі ән-өлеңінде айтылғандай, «желтоқсан гүлді солдырып, нұрды оңдырып, көңілде мұңды із
қалдырып» қана қойған жоқ, сонымен бірге және ең маңыздысы – халқымыздың ең алдымен жас буынның ұлттық
санасын оятумен, ұлттық намысын көтеруінде болды. Ол еліміздің тәуелсіздік алуының алғы шарттарын
дайындауға қызмет етті. Қатыгездігі мың батпан солақай саясат орын алған соң, жүздеген еркіндік аңсаған ақ
ниетті жас азаматтар алаштың арманын асқақтатып, кеудемсоқтықты көксегендерге ойсырата соққы жасады.
45
Мұндай тегеурінді қарсылықтың болуы тиіс емес деп есептейтін кеудесіне нан піскен КОКП төбе шашы тік
тұрып, «бұл нағыз Қазақ ұлтшылдығы» деп апыл-ғұпыл баға беріп тастады. Олар үшін, әрине, бұл оп-оңай шаруа.
Ал, сонда халық намысын қайда қоймақпыз? Орталық партия комитетіндегілер Қазақ жастарының Республика
алаңына шығуын нашақорлардың, маскүнемдердің әрекеті деп жалпақ жұртқа жария етті. Уақыт өте өздері
ушықтырып, күш қолданғандықтарын бүркемелегісі де келді. Бұл үлкен оқиғаны тентектік әрекетке балауы
көрсоқырлық еді. Көп ұзамай шындықтың бет пердесі ашылды. Оған көзі жеткен кеңес одағының тізгінін ұстаған
серкелер «қазақ ұлтшылдығы» деген КОКП шығарған қаулының, яғни, Қазақ халқына жабылған жаланың күшін
жоюға мәжбүр болғаны белгілі. Жазықсыз, қиянатпен жоғары оқу орындарынан шығарылған, сотталған сан
мыңдаған қыз-жігіттер кейін ресми ақталды. Бірақ, олардың жүректерінде қалған қаяу, сызат-дақ кете қойды ма
екен?! Талайы зардабын шегіп, қасіретін тартты. Қаншама өрімдей жасөспірімдер қанаты қайырылса да намысын
жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ, сырын сыртқа шығармай, шерін тарқата алмай іштен тынды. Заман
райы солай болды. 1991-жылы Қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Шын
бағасын иеленбеген желтоқсан көтерілісін жай оқиға деу қиянат екенін дауыстап айтуға мұршамыз келеді. – деп
ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991- жылы 16-желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды.
Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Әрине, қарапайым ұғымда. Ал, мұны дүниенің жаратылысымен тарих
дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда
ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық.
Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы. Қалың
Қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой.
ПРЕПОДАВАНИЕ УРОКОВ ТЕХНОЛОГИИ В
КОНТЕКСТЕ НАЦИОНАЛЬНОЙ ИДЕИ «МӘҢГІЛІК ЕЛ»
Кулмагамбетова А.Т.,
Школа-гимназия №17 г.Актобе
Сегодня Казахстан — состоявшееся молодое государство, страна с большим геополитическим значением,
чьи достижения, также, как и инициативы признаются мировым сообществом.
Понятие «Культура» - свойственно всему миру. Оно объединяет под своим началом все лучшие
достижения человечества. Глядя, на планету Земля с Космоса не видно территориальных границ… это
перспектива будущей общечеловеческой культуры, которая в основе своей не разделима.
Известный русский историк, писатель Лев Николаевич Гумилев сказал слова, которые как нельзя лучше
подходят к тематике данной конференции: «Нашему обществу, как и человечеству вообще, вовсе не
противопоказано многообразие. Так, каждый народ, большой или малый, раскрывает свой талант, а человечество
через это проявляет себя как единое целое». В Этих словах как нельзя лучше выражена тема моего доклада
««Преподавание уроков технологии в контексте национальной идеи «Мәңгілік Ел»».
Каждая страна имеет неповторимую историю своей культуры. Исторически сложилось так, что Казахстан
стал полиэтнической, поликонфессиональной республикой, где обрели свою вторую Родину многие народы, и
каждый внес и продолжает вносить свой неповторимый вклад в формирование обще-казахстанской культуры,
способствуя сложению её богатства, разнообразия и многогранности.
Предметы искусства, созданные народными мастерами всего мира, являют собой единое культурное
пространство, в котором выражена потребность каждого человека творить. В прошлом творчество естественно и
свободно входило в обиход каждой семьи, украшая, охраняя и пробуждая в людях чувства гармонии и красоты,
способствуя эстетическому и духовному воспитанию.
Народно-прикладное искусство, без преувеличения можно считать одной из значимых составляющих
национальной культуры. Оно как нельзя лучше отражает богатство и многогранность творческого потенциала
своего создателя и не раздельно связано с музыкой, песнями, устно-поэтическим творчеством...
Богатейшее наследие, оставленное нашим народом, стало достоянием музеев, частных коллекций и
семейных реликвий. Сегодня интерес к собственной культуре с каждым годом становится все более актуальным.
Еще несколько десятилетий назад предметы прикладного искусства считались пережитком прошлого.
Преподавание традиций казахского народного декоративно-прикладного искусства на уроках технологии,
вместе с изучением истории, дает тот синтез знаний, который образует фундамент этно-менталитета и
национальной самоидентичности.
Человечество идет в будущее, меняется образ жизни, мышление, потребности, жизнь устанавливает новые
приоритеты, но чем больше мы отдаляемся от наших истоков, тем ценнее и востребованнее они становятся для
нас. Люди не безразличны к своему культурному наследию. Издаются монографии, снимаются фильмы,
защищаются диссертации. Организуются независимые ремесленные центры, ведущие активную деятельность по
развитию и возрождению наиболее востребованных видов казахского народного прикладного искусства.
Проводятся международные конференции, семинары. Министерством культуры разрабатываются различного
рода программы, направленные на возрождение самобытной казахской культуры, выделяются гранты на
изучение и исследование в этой области, поддерживаются также организации, занимающиеся развитием
ремесленничества.
46
Совсем недавно казахстанский режиссер Жанна Исабаева по заказу телеканала «Хабар», сняла
многосерийный документальный фильм о прикладном искусстве казахского народа. Каждая серия раскрывает
один из традиционных видов ремесла – валяние войлока, ткачество, вышивка, обработка дерева, кожи, металла,
изготовление остова юрты. Фильм знакомит зрителя с народными ремеслами через обычаи и обряды, воссоздавая
традиционный уклад жизни народа.
В средних школах вводят предмет « искусство», в котором значительное место отведено изучению
традиций народно-прикладного искусства. Для учителей младших классов и ИЗО проводятся курсы повышения
квалификации, где они практически могут овладеть некоторыми доступными видами творчества для применения
их в учебном процессе на уроках труда и рисования. Введение в образовательный процесс таких дисциплин как
« история народного искусства или «искусство орнамента», наряду с « мировой историей искусств», отводит
им справедливое место в нише современного образования.
Все мы стали свидетелями еще одного исторического события. Президент Республики Казахстан
Нурсултан Абишевич Назарбаев в своем нынешнем Послании народу Казахстана выдвинул национальную идею
построения «Мәңгілік Ел» («Вечная страна») - нашего общеказахстанского дома. Идею, выдвинутую еще в
Стратегии развития Казахстана до 2050 года, в этом Послании Глава государства обозначил, как
государственную задачу, как программу.
Надо понять то, что вопрос построения вечной страны, вечного государства - это вечный вопрос, вопрос,
который мы должны завещать своим потомкам. Здесь невольно вспоминается то, что еще недавно многие из нас
спорили о том, что, дескать, у нас нет своей национальной идеи и национальной идеологии. Теперь мы должны
понять одну истину: эта идея Елбасы становится главной темой нашей национальной идеологии.
Сохранение нашей Независимости, о которой веками мечтали наши предки, укрепление ее - разве не это
национальная идея? Это - главная идеология. Ведь именно об этом постоянно говорит Президент Республики
Казахстан Нурсултан АбишевичНазарбаев!
Учителя технологии так же должны вносить большой вклад в реализацию программы «МәнгілікЕл»,
озвученной Президентом, знакомить подрастающее поколение с Декоративно-прикладным искусством не только
казахского народа, но и народов проживающих на территории Казахстана. Воспитывать чувство патриотизма за
свой народ.
В течении всего учебного года мною проводились мероприятия по реализации задач, поставленных в
Послании Главы государства. А именно: внеклассные мероприятия на тему «Декоративно-прикладное искусство
народов Казахстана». Открытые уроки: «Юрта-своеобразный музей казахского народа». Проходили выставки
творческих работ учащихся на «Неделю языков народов Казахстана», «День Независимости», «День
Президента», «Наурыз», «Неделя искусств народов Казахстана», «Неделя самопознания», «Скажем коррупции-
нет».
Считается что наиболее высокий уровень деятельности достигается человеком в творчестве. Творческая
деятельность поднимает личность со ступени потребителя духовных и материальных ценностей до ступени их
созидателя. Через творчество развивается чувство любви к своей Родине, уважения к ее истории и культуре,
бережного отношения к природе родного края, гордости за достижения современного Казахстана.
Люди, у которых слабо развиты навыки репродуктивной деятельности, могут являться потенциальными
разрушителями культурных традиций общества. При отсутствии целенаправленного педагогического
воздействия на развитие творческих способностей учащихся происходит их угасание. Чтобы не пополнялась
категория разрушителей, необходимо всех детей, независимо от способностей, приобщать к творческой
деятельности. Всё это можно достичь на уроках технологии и во внеклассной работе.
При проведении внеклассных мероприятий считаем продуктивным применять новые технологии
преподавания и активные формы обучения.
Таким образом, все мероприятия организованные для реализации программы «МәңгілікЕл» будут
направлены на формирование человека образованного, обладающего развитыми лидерскими качествами,
готового самостоятельно принимать решения в ситуации выбора, способного к сотрудничеству и
межкультурному взаимодействию, обладающего чувством ответственности за судьбу страны, активно
участвующего в достижении главной цели Стратегии «Казахстанский путь - 2050: единая цель, единые интересы,
единое будущее».
Педагогические усилия должны быть направлены на то, чтобы вырастить человека творческого и
талантливого, любящего родных и близких, свой народ, свою Родину, настоящего гражданина своей страны. Для
достижения эффективности необходимо не только дать знания и умения, способствующие формированию
соответствующих идеалов, принципов и мировоззрения, но и развивать необходимые личностные качества,
духовный и творческий мир детей и учащейся молодежи, чтобы они стали достойными гражданами своей страны.
Наша Независимость и желание стать вечной страной — в наших руках. То, что прошло проверку
временем, и столько сознаний из жизни в жизнь кристаллизовали в нем все самое лучшее, чем наделил их
Создатель. Об это нам постоянно напоминает Елбасы. Поэтому давайте сделаем все возможное, чтобы сохранить
единство народа и трудиться во имя будущего этого народа. В этом - наша задача!
Достарыңызбен бөлісу: |