ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет6/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Білім  жүйесі  кітапханаларына  арналған  кітапхана  ісі  жөніндегі  әдістемелік  құралдар/ҚР  БҒМ  РҒПК; 
ред.А.Ә.Аманова, З.Қ.Қосуақова.-4 бас., толықт.-Алматы, 2012.-52-б. 

30 
 
2.
 
Елеусизова  А.М.  Кітап-жан  азығы:Әдістемелік  құрал.-Ақтөбе,  Облыстық  ғылыми-тәжірибелік 
орталығы, 2014.-50б. 
3.
 
Елеусизова  А.М.Кітапханалық  сабақтар  өткізу  технологиясы:Әдістемелік  құрал.-Ақтөбе  ОКБА 
ҚДИ,2007.-50б. 
4.
 
Елеусизова А.М. Кітапхана-парасат мекені:Әдістемелік құрал.-Ақтөбе, Облыстық ғылыми-тәжірибелік 
орталығы, 2014.-34б. 
5.
 
Раева С.К. Инновация в библиотечном деле.-Открытая школа.-2010, №9,с.58-61 
 
 
АЗАТТЫҚТЫ АҢСАҒАН АЛАШ 
 
Ержанов Б.М., 
Әйтеке би ауданы, М. Жұмабаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі 
 
 Ұранға  «алаш»  деген  атты  аламын»  —  деп  азаттықты  аңсаған,  сол  жолда  аянбай  қызмет  еткен  алаш 
арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш 
қайраткерлерінің  азаттық  идеясын  жалғастырған,  қыршын  кеткен  арыстардың  аманатын  арқалаған  кейінгі 
толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді. 
 Еліміздің  сан  ғасырлық  тарихында  мақтаныш  тұтар,  бүгінгіміз  бен  келешегіміз  үшін  ғибрат 
алар,кеудемізге  қиналғанда  үміт  отын  жағар  оқиғалар  мен  Отан  алдындағы  адал  қызметінен  үлгі  алар  ұлы 
тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының, яғни 
этникалық территориясын қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміздің бастауы – Қазақ хандығының құрылуы мен 
дамуын, өзі отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлап,жау қолына тойтарыс берген хандар мен 
оларға  ел  мен  мемлекет  тұрғысынан  ақыл-кеңес  берген,кемшілікті  айта  білген  ұлы  билер  дәстүрлерін,  ата-
бабаларымыздың елімзге,халқымызға тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып 
этномәдени  үлгілерін  жасау  арқылы  әлемдік  өркениетке  қосқан  алып  үлесін,  батырларымыздың  жер  мен  ел 
тәуелсіздігі  мен  ата-қоныс  тұтастығын  сыртқы,тіпті  қала  берді  ішкі  жаулардан  қорғаған  үлгісін  жатқызуға 
болады.  
Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты 
талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен  Атырау аралығын ата-бабаларымыз ақ  білектің күшімен, ақ  найзаның 
ұшымен қорғап келген. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған 
батырлардың  ерлігі  туралы  дәстүрлі  тарихи  жырлар  Исатай,  Махамбетке  байланысты  мұралар,  Ресей 
патшасының  отарлау  саясатына  қарсы  көтерілген  ұлт-азаттық  қозғалыстың  басты  кейіпкерлері  туралы  жыр-
дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді. 
 Азаттық  -  қазақтың  ежелгі  арманы  еді.  Түлкі  бұлаң  тарихтың  нешеме  бұрылысында  ел  азаттығы  үшін 
талай  тарланның  тақымындағы  тер  кеппеді.  Ат  үстінде  өткен  ғасырлар  көп  болды.  Қазақтың  соңғы  ханы 
Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. Ханның басы 
қанжығада кете барды…  
Ата  дініміз  ислам  болғандықтан,  мұсылмандық  сабырлықпен,  ұстамдылықпен  соғысқан  Кенесары 
жауынгерлері  әуелі  «Алла»  деп,  содан  кейін  «Абылай»,  «Ақжолтай»  деп,  өз  ерлерінің  қадірін  бағалай  біліп, 
ұранға айналдырғаны мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда ол есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап, 
сол  арқылы  сол  кезде  қажет  рухани  күштің  әсерін  сезінгендері  белгілі.  Бізге  бүгін  қажет  жігерліктің, 
батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр.  
 Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих 
үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта 
білген хан Абылай Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. 
Батырларын,  елін  сүйген  ерлерін,  ақын-жырау  өнерпаздарын  достық  –бірлікте  ұстап,  оларды  жүзге  бөліп 
жармады.Жауын  торғайдай  тоздырып,  тарыдай  шашып,  ірімшіктей  іріткен,  қоңқылдаған  Қоқанмен  де,  қалың 
қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп 
отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.  
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. 
«Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры 
сонау  бабалар  ар  –  намысынан  туындап  жатқан  жоқ  па?  Бейбіт  шеруге  шығып,  билік  тарапынан  кінәлі  деп 
саналған  жастарымыздың  бір  бөлігі  қанды  қырғында  көз  жұмса,  аман  қалғандары  өздері  аңсаған  азаттықтың 
қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде 
жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, 
Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе? 
1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда 
Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші 
хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп 
соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды. 
Күллі  әлемді  дүр  сілкінткен  1986  жылғы  Алматыдағы  желтоқсан  оқиғасы  қазақ  топырағына  ұлттық 
санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. 

31 
 
Ғасырлар бойы жүргізілген ұлт – азаттық көтерілісінің заңды жалғасындай болған ең шешуші әрі бүкіл 
орта Азия мен Еуропадағы демократиялық қозғалыстың қолбасшысы ретінде тарихта қалған 1986 жылғы Алматы 
оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке жапқан жала.  
Бірінші  1986  жылдың  18  желтоқсанында  сағат  11 
00
  ден  бастап  Бейбітшілік  Сәтбаев  көшелерінің 
қиылысында  бейбастық  жасады.  Екінші  Савицкийді  өлтірді.  Үшінші  Ведельді  ұрып  жаралады.Төртінші 
«Қазақстан» қонақ үйі алаңында милиция қызметкері А. Алмабековке қол жұмсады. 
Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер 
қауымдастығына  қосылды.  Отанымыз  Қазақстанымыз  туралы  айтарымыз  да  мақтанарымыз  да  көп-ақ!  Ендігі 
жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын 
биіктетіп  байытатын,  абыройын  асырып,  өз  бақытының  иесі  болуына  қол  жеткізіп  отыратын,  білім  мен  білік 
жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, 
қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі 
мен еңбегін хақ тағала баянды еткей! 
1991 жыл еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 
жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай 
аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі 
таңда  Қазақстан  жас  мемлекет  бола  тұра,  көптеген  елдерден  әлдеқайда  алда.  Еліміздің  аяғынан  нық  тұруы, 
ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  және  экономикамыздың  жедел  қарқынмен  дамуы  қазіргі  таңдағы  негізгі 
стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды 
талқылауда  және  шешуде  ықпалды  рөл  атқаратын  ел.  «Қаз  тұрып,  қадам  басқан  тәуелсіздік  сәбилік  тұсауын 
өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып 
секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды 
бүгінде барша әлем танып отыр. 
Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, 
көршілес  мемлекеттермен  шекараны  белгілеп  алу,  Конституциямызды  бекіту  бар  еді.  Ата  Заңымызға  сәйкес 
Қазақстан және  қазақстандықтар ешкімнің  жеріне  көз  салмайды,  бірақ өз  жерінің  бір сантиметрін  де ешкімге 
бермейді.  Мұндай  істердің  орындалуы  —  ерекше  тарихи  жетістік.  Айта  берсек  25  жылда  жеткен  еліміздің 
жетістігі өте көп.  
1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні. Тәуелсіз Қазақстанды әлем 
мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түркия Республикасы таныды. 
 1992  жылдың  соңы  –  тәуелсіз  республиканы  дүние  жүзінің  150  мемлекеті  танып,  106  елмен 
дипломатиялық  қатынас  орнатылды.  Қазіргі  Қазақстан  шет  елдерде  30-дан  астам  дипломатиялық  және 
консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық 
ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. 
РКФСР  Беларусь  және  Украинаның  басшылары  1991жылдың  желтоқсан  айының  басында  Беларусь 
астанасы  Минск  қаласында  бас  қосты.  Бұл  республикалардың  басшылары  жүргізілген  келіссөзден  соң  1922 
жылғы  КСРО  -  ны  құру  туралы  келісім-шарт  күшін  жойғанын  мәлімдеп,  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығын 
(ТМД) құру жөніндегі келісімге қол қойды. 
1991 жылы 21желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша он бір сағат отыз минутта тәуелсіз мемлекеттердің 
басшылары  Қазақстан  Президентінің  Резиденциясына  жиналды.  М.  С.  Горбачев  бұл  жиынға  шақырылған 
жоқ.Сағат 15-ке қарай күні бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталды.  
 Жергілікті уақыт бойынша 17-де он бір республиканың басшылары мәжілістің қорытынды құжаттарына 
қол  қойды  .Осы  уақыттан  бастап  КСРО  іс  жүзінде  өзінің  өмір  сүруін  тоқтатты  және  құрамына  кірген 
республикалар  тең  құқылы  құрылтайшысы  болып  саналатын  Тәуелсіз  Мемлекеттердің  Достастығы  дүниеге 
келді. 
1991жылғы 1желтоқсандағы бүкілхалықтық сайлаудың қорытындысымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 
Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.  
10желтоқсан  күні  жергілікті  уақытпен  15сағатта  Алматыдағы  Республика  сарайында  Президенттің  өз 
қызметіне кірісу салтанаты болып өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті 
ретінде ант берді . Қазақ халқының дәстүріне орай ол ұлттық киім киіп шықты, ақсақалдар оған алдағы уақытта 
табыс тіледі және республикада тыныштық сақтауды аманаттады.  
Иә, көк туымыз асқақ желбіреп, тәуелсіздігіміз салтанат құрғанына 25 жыл. Тарих үшін қас – қағым сәт, 
азаттық  аңсаған  Алаш  баласы  үшін  ғасырдан  да  қымбат  мың  жылға  айырбастамас  25  жыл.  Тәуелсіздік  алып 
келген жетістік- те оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі 
бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздік нәтижесі. 
Біздің  тілегіміз  тәуелсіздігіміздің  туын  көкке  көтерер,  еліміздің  көк  байрағын  желбіретер,  ата  – 
бабаларымыздың асыл мұраттарын асқақтатар бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар жастарымыз өз 
жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге тиіс екендігін естен шығармаса екен дейміз.  
 
 
 
 
 

32 
 
ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ – ТІЛ 
 
Жанғылыш А.З., 
Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы №5 ОМ 
 
 Әрбір жеке тұлғаның болашағы, келешегі мектеп табалдырығында шыңдалады. Егеменді еліміздің ертеңі, 
тәуелсіз  еліміздің  тізгінін  ұстар  азаматтары  қазіргі  таңдағы  мектептегі  оқушылар  екені  сөзсіз  мәлім.  Ұлы 
жазушымыз М.О.Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деп айтқандай, еліміздің 
өркендеп, көркеюіне жетелейтін жол – мектеп.  
Мектепте  игеретін  білім  –  болашағымыздың  қаланған  алғашқы  іргетасы.  «Ел  боламын  десең,  бесігіңді  түзе» 
дегендей,  біздің  қазіргі  тербеткен  бесігіміз  -  мектеп.  Бүгінгі  таңда  еліміздің  ертеңі  үшін  тер  төгетін,  Отанын 
қалытқысыз  сүйетін  ұлтжанды  азаматтарды  тәрбиелеуде  ұстаздың  еңбегі  зор  деп  білемін.  «Ұстаздық  еткен 
жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, осы ардақты атқа лайықты болу үшін талмай еңбек 
етуіміз керек.  
 Менің  мамандығым  –  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімі  болған  соң,  «Ана  тілі  –  халық  болып 
жаралғаннан  бері  жан  дүниесінің  айнасы,  өсіп-өніп,  түрлене  беретін,  мәңгі  құламайтын  бәйтерегі»  деп 
Ж.Аймауытов айтқандай, сабағымда оқушының ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруды алдыма міндет етіп 
қойдым.  Мақсатым  –  қасиетті  қазақ  тіліміз  бен  тұғырлы  Тәуелсіздігімізді,  егеменді  елдігімізді  насихаттау. 
Себебі,  ана  тіл  –  әр  халықтың  өзіндік  ой-санасы  мен  парасатын,  бүкіл  болмыс  тіршілігі  мен  сезім-түйсігін 
ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін күретамыр емес пе?! Ш.Айтматов «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ» дегені, онсыз халық аты 
бар да заты жоқ тобыр секілді дегенді білдіріп тұрғаны сөзсіз.  
Жүсіпбек Аймауытов «Балаға ең қымбат, ең жылы, жақын нәрсе - туған жері, туған жердің құбылыстарын 
білу балаға өте қызық.  
 …  Балаларға  туған  жердің  табиғатын,  туған  елдің  әдет-ғұрпын,  мінезін  үйреніп,  әкімшілік,  әлеумет 
мекемелерімен, олардың қызметтерімен, сауда кәсібімен, қатынасу жолдарымен таныстырып, жергілікті тарихи 
ескерт  кіштердің  қатысын  түсіндіріп,  балаларды  бұрын  білмейтін  жат  нәрсемен,  яғни,  әлеуметтік  ғылыммен 
таныс қыламыз» [1: 301] деген мына бір қағидасында бүгінгі заманауи білім беру талабына сай мәселеге терең 
талдау жасап, нанымды тұжырым айтқан. 
 «Мұғалім  -  мәңгілік  нұрдың  қызметшісі,  ол  барлық  ой  мен  қиял  әрекетіне  ақылдың  дәнін  сеуіп,  нұр 
құятын  тынымсыз,  лаулаған  жалын  иесі  дейді  Я.А.Коменский.  Жоғарыда  айтылғандай  қасиеттер  бойынан 
табылатын ұстаз - нағыз мұғалім. Әр мұғалім - өз сабағының режиссері. Сабақ барысында Мағжан Жұмабаевтың 
«Баланы  дұрыс  тәрбиелеу  үшін  әркімнің  өз  тәжірибесі  жетіспейді.  Басқа  адамдардың  тәжірибесімен  үнемі 
танысып отыру керек» [2: 7] деген сөзін басты назарда ұстап, тәжірибемде жаңа өмір ағымына сай әдіс-тәсілдерді 
қолданудамын. Мұғалім өз сабағы барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өз мақсатына жете алады. 
Мысалы,  «Нағыз адам қандай болу керек?»  деген сұраққа  жауапты  алу үшін американ ғалымы  А.Маслоудың 
идеяларына  жүгінеміз.  А.Маслоу  адам  қажеттіліктерінің  жүйелеу  арқылы  тұлғалардың  қандай  дәрежеде 
болатындығын жеті деңгейде көрсеткен. Осы жеті қабілетті меңгерген тұлға өзін қоғамда биік орынға қойып, 
басқаларға үлгі болады. Ол өзінің бойындағы бар әлеуеттерді пайдаланып өмірде өз орнын табуға тырысады[3]. 
Міне,  болашақ  ұрпағымызды  елдігіміздің  егемендігіне  ие  болатын  азамат  ретінде  тәрбиелеу  –  басты  назарда 
ұстайтын қағидамыз болуы керек. Ол, әрине, мемлекеттік тілді құрметтеуден басталады.  
 Егеменді  ел  болған  Қазақстан  Республикасы  үшін  Тәуелсіздік  пен  тіл  –  егіз  ұғым.  Осындай  қасиетті 
ұғымдарды егіз қозыдай қатар өсіру, бұлардың ұлт тағдырындағы орнын анықтап бергендей, тілсіз тәуелсіздіктің, 
тәуелсіздіксіз тілдің тағдыры ғұмырлы болмақ емес.  
 Тәуелсіз  еліміздің  болашағы  жарқын  болуының  басты  негізі  –  мемлекеттік  тілге  деген  құрмет.  Тіл  - 
ұлттың ұлт болып қалуының ең бірінші шарты.  
 С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді – анам тілін,Бесікте жатқанымда-ақ берген білім» деп ана тілінің 
ана сүтімен бірге еніп, жетілетінін дөп басып айтқанына таңғаласың.  
 Келешекте өркениетті елге айналу үшін әр уақытта қазақ тілінің мәртебесі биік, тұғыры берік болуы керек екені 
баршаға аян.  
 
Әдебиеттер 
1. Ж. Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы .V том, 1999ж. 
2.М.Жұмабаев. «Педагогика» 1993ж. 
3. А.Маслоу. Жеке тұлға психологиясы М., 1982ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 

33 
 
НАЦИОНАЛЬНАЯ ИДЕЯ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» В ФОРМИРОВАНИИ НРАВСТВЕННОСТИ И 
СОЦИАЛЬНОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ У ШКОЛЬНИКОВ 
 
Каленова Зарина Сагингереевна, 
социальный работник, учитель географии СШЛ № 23 г. Актобе 
 
Концептуальные основы воспитания в условиях движения казахстанского общества к Мәңгілік Ел имеют 
свою  миссию  –  принять  молодое  поколение  как  субъект  истории  развития  независимого  Казахстана,  как 
исключительно важный фактор перемен, как носителя новых идей и программ, как социальную ценность особого 
рода, кому суждено реализовать ключевую идею консолидации наших устремлений и усилий Мәңгілік Ел. 
Образование, рассматриваемое государством и обществом как основа сохранения, передачи и умножения 
интеллектуального  потенциала,  нравственного,  физического  и  психического  здоровья  нации,  неотъемлемо  от 
воспитания национального самосознания.  
Позитивные  изменения  в  стране  нашли  свое  отражение  в  системе  воспитательной  деятельности 
организаций  образования.  Идет  процесс  осмысления  политической  и  нравственной  сути  казахстанского 
патриотизма,  гражданственности,  духовности,  формирования  гуманистически  ориентированной,  социально 
активной, гармонически развитой личности. Создаются условия для возрождения интеллектуального, духовного 
и  творческого  потенциала  нации  с  учетом  общеказахстанского  менталитета,  культурных,  национально-
исторических традиций. 
Социологические  исследования показывают, что в сознании  учащейся молодежи  увеличиваются новые 
позитивные  тренды  -  престижность  образования,  экономическая  заинтересованность  в  сохранении  своего 
здоровья; традиционными жизненными ценностями школьников остаются семья, друзья, здоровье, материальное 
благополучие, интересная работа, карьерный рост. 
Вместе с тем, наблюдается противоречие между осознанием необходимости национального воспитания и 
недостаточным уровнем формирования гражданской позиции, чувства патриотизма, национального достоинства 
у детей и молодёжи. 
В  настоящее  время  в  школьной  среде  усиливается  прагматическая  ориентация,  в  ряду  жизненных 
ценностей наиболее значимым становится стремление к материальному достатку. Жизненный успех, достижение 
высокого социального статуса не связываются с умением упорно и результативно трудиться, последовательно 
добиваться поставленных целей.  
Распространение  массовой  потребительской  культуры  сопровождается  утверждением  определенного 
набора ценностей: культа наслаждения, комфорта, достатка и личного эгоизма. 
Школа далеко не в полной мере приобщает своих воспитанников к истокам истории Казахстана, культуре 
родной  страны,  родному  языку,  к  казахской  литературе.  В  школьных  программах  недостаточно  внимания 
уделяется материалам, связанным с локальными особенностями природы, культуры, экономики той местности, 
где  живут  учащиеся.  Само  образование  из  непременной  составляющей  жизнедеятельности  человека 
превращается  в  утилитарно-служебную  функцию  социума,  в  котором  образ  человека  заменяется  образом 
квалифицированного потребителя.  
Социально-экономические  преобразования,  произошедшие  в  Казахстане,  процесс  глобализации 
обострили  ряд  других  проблем:низкий  уровень  этического,  гражданско-патриотического,  культурно-
эстетического  развития  отдельных  категорий  детей,  что  приводит  к  возникновению  в  подросткой  среде 
ксенофобии, к дискриминационному поведению, агрессивности; нередко духовно-нравственные и национальные 
ценности отходят на второй план.  
Во  многих  семьях  и  школах  дети  общаются  не  на  родном  языке,  мало  знакомы  с  культурой  своего 
народа, идет  процесс  обесценивания традиционных семейных ценностей, ответственность  родителей за судьбу 
своих детей и долг детей перед родителями; переориентация детей и учащейся молодёжи на ценности западной 
культуры приводит к падению нравственности и морального здоровья, к духовному обеднению подрастающего 
поколения.  Происходит  пропаганда  жестокости,  приобщение  детей  и  подростков  к  курению,  алкоголю  и 
наркотикам,  насилие,  проституция  среди  школьников;  снижение  роли  трудового  воспитания,  обладающего 
наибольшим  потенциалом  развития  ответственности  школьника,  и  профессионального  самоопределения 
подростков и старшеклассников; неэффективность проводимой работы по формированию культуры здоровья и 
здорового образа жизни; недостаточность воспитательного потенциала семьи и других социальных институтов 
общества; проблемы социального сиротства, суицида, наркомании, участия в деструктивных сектах и т.д.  
Одной из  причин такого положения является  недооценка  воспитания и как социального явления,  и как 
целенаправленного  процесса,  объектом  которого  является  духовное,  нравственное,  патриотическое  развитие 
детей и учащейся молодёжи. Именно воспитание определяется такими категориями, как ценности, отношение, 
поведение, мораль и нравственность.  
Сказываются  также  неразработанность  механизмов  внедрения  новых  подходов  к  реализации 
воспитательных  программ  и  технологий,  недостаточная  подготовленность  педагогических  и  руководящих 
кадров к воспитательной работе в новых условиях. 
Таким образом, сложились объективные предпосылки разработки концептуальных основ воспитания как 
стратегии  действий  для  органов  управления  и  организаций  образования  по  разработке  и  внедрению  в  своем 

34 
 
образовательно-воспитательном  пространстве  системы  воспитательной  работы  в  условиях  обновления 
содержания образования. 
Как подчеркнуто в Послании Главы государства Н.А.Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь 
–  2050: «Единая  цель,  единые  интересы,  единое  будущее»,  за  22  года  суверенного  развития  созданы  главные 
ценности, которые объединяют всех казахстанцев и составляют фундамент будущего нашей страны. В Послании 
перечислены эти ценности:Независимость Казахстана и Астана; национальное единство, мир и согласие в нашем 
обществе; светское  общество  и  высокая  духовность; экономический  рост  на  основе  индустриализации  и 
инноваций; Общество  Всеобщего  Труда; общность  истории,  культуры  и  языка; национальная  безопасность  и 
глобальное участие нашей страны в решении общемировых и региональных проблем. Президент также поставил 
задачу  формироватьактивных,  образованных и  здоровых граждан, дать  новые  импульсы  развитию 
всеказахстанской культуры. Патриотичная, образованная, обладающая здоровьем, ответственная и энергичная, 
успешно  работающая  в  условиях  инновационной  экономики,  владеющая  казахским,  русским  и  английским 
языками, впитавшая ценности и культуру казахстанского народа, толерантная, узнаваемая и уважаемая в мире – 
такой видится казахстанская молодежь 2020 года.  
Концептуальные 
основы 
воспитания 
строятся  
с  
учетом этих 
государство 
образующих, 
общенациональных ценностей, являющихся  идейной основой  Нового Казахстанского Патриотизма. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет