М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Пайдасыз бос орынға жүрмеймін тек,
Көрінген бір жерім жоқ ешкімге жек.
Мастанып артқандықтан тәкаппарлық,
Жүре алмай бара жатыр мынау есек.
Көріп отырғанымыздай, «бір есекке ылғи
жалған» арту, сөзбе-сөз ұғынсақ, мүмкін емес.
Себебі «жалған» - көзбен байқап, қолмен көтеруге
келмейтін дерексіз ұғым. Ал, сол дерексізді бір
есекке жүк ретінде артудың өзі оны заттандыру, бір
жануар көтеруіне лайық салмақ мөлшерін межелеу
белгісі. Сондай-ақ екінші бір есектегі жүктің,
күншілдіктің, белгілі бір көлемге ие болғаны сондай,
ол «жібек, кендір арқанмен буып тартқан» күйінде
өрнектелген. Сонымен қатар келесі бір жүктің,
заттанған тәкаппарлықтың, ауырлығы соншалық,
оны артқан есек «жүре алмай бара» жатады.
Мұның бәрі қазақ даласын жайлаған: жалғандық,
күншілдік, зорлық, тәкаппарлық, ашкөздіктің т.т.
қаншалық екенін айқын көріп, өлшерлік қалыпқа,
заттандыруға, көшіру арқылы белгілі бір салмақ,
көлемділік дарытатын әсерлі бейнелеу үлгілері.
Қорыта айтқанда, адамдарда жиі кездесетін
ағаттықтарды сол қалпында алмай, бәрін оқшау орта,
ерекше әрекет, шартты сюжет көмегімен бейнелеу
ақынның суреттеу құралдарының байлығын
танытады. Ақын осы оқыс оқиға, шартты әрекетті
пайдалана отырып, не бір өткір сынды да шартты
бейне, шайтан, атынан айтқызады:
Шаршарсың базар барсаң басың қатып,
Сөйлеп тұр өз білгенін әркім шатып.
Жұрт билейтін ұлықтар таласумен,
Алады зорлығымды пұлға сатып.
Неге болыс болады малын сатып?
Қашан болып шыққанша жанталасып.
Текке тиын біреуге кім береді,
Зорлықпенен алмаса үкімі асып.
Қарсы келсе бетіне басын шайнар,
Құнсыз-пұлсыз кедейдің соры қайнар.
Өзі апарып ұлыққа тығар малын,
Ішпес, жемес, шық бермес Шығайбайлар.
Шынында да ел билеушілердің тізгінге ие
болуы біраз ретте таза жолмен емес, қайта зорлық,
парақорлық арқылы іске асатыны белгілі. Оның
үстіне солай қызмет ету тек Мәшһүр-Жүсіп өмір
сүрген ортада емес, кейін де етек алуы мүмкіндігін
сараптасақ, ақынның тек бір кезең емес, бар
заманда орын алуы ықтимал, демек жиі қайталанып
отыратын кеселдерді шебер жинақтап мысқылдай
білгенін көреміз.
Басқа да олқылықтар тәрізді тәкаппарлықты
да ақын жай сынап өтумен шектелмейді, оны да
биігіне жеткізе, жіліктеп ашады:
Біреуі ұн, біреу пұттап май алады,
Біреу қой, біреу тайынша, тай алады.
Тәкаппарлық «жүгімді» қалтасы мол,
«Жетілген» надандыққа бай алады.
Томпитып қалтасына жүрген сыймай ,
Беруге ешбір жанға көзі қимай.
Алған соң тәкаппарлық сатып менен,
Дүрдиер өз үйіне өзі сыймай.
Бай біткен болғандықтан қарабауыр,
Арқасы ер салмастан болар жауыр.
Не айтып, не қойғанын білмес өзі,
Тырнадай өзін өзі көріп ауыр.
Әсіресе біреудің ұн, біреудің «пұттап май»,
немесе қой, тайынша, тай алғанын келтіргесін барып,
тәкаппарлықты «қалтасы мол» «надандыққа»
«жетілген» бай иемденуі әсерлі. Одан әрі сол бай
қалтасының көлемді («томпитып») екендігі, оны
ешбір жанға беруге қимай жүретіні, «өз үйіне өзі
сыймай» дүрдиюі- бәрі лирика жанры аясында
тәкаппар адам бейнесін біршама кең ашуға септігін
тигізген.
Әдетте шайтан теріс іске итермелеуші,
ал, періште оң жолға үгіттеуші символдық
бейне ретінде алынатынын бағамдасақ, сөйткен
арбаушымен адамдардың қатар тұруының өзі
қоғамдық ортадағы азып- тозу деңгейін көзге
ұрады. Сондықтан да шайтан:
Көтерме өтірікпен менен алған,
Бар күшін сап олар да сөйлер жалған.
Кім болса бұл заманда сол әкетер,
Қор болып қашан өтірік жерде қалған?!
- десе, бұл адамдар арасындағы жалғандықтың
қаншама биікке көтерілгенін бөтеннің, яғни
пенделерге ежелден жаны ашымайтын әзәзілдің
сөзімен дәлелдеу үлгісі. Бұл жолдардың әсерлі
естілу себебі жанашыр емес, теріс көзқарастығының
өзінің өтірік өрлеуінің куәсі болуы, шындықты
мойындауы деп білеміз.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы аз сөзге көп
мағына сыйғызу үшін, белгілі бір дерексіз
ұғымды заттандыруға, немесе заттандыра отырып
жандандыруға жиі барады:
Ағайын егіз туған: ұрлық, зорлық,
Зорлығы- ағасында, ініде-ұрлық.
Бірі қойса, бірі де қояр еді,
Тауып тұр қоймағаннан тегіс қорлық.
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
46
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Зорлығын қоймай өзі, жаппай мінін,
Ініге қойғыза алмас аға тілін.
Қасқырдай өз күшігін талаған жан
Түзетіп тыныш ұстайды қалай елін?!
(«Сарырқаның кімдікі екендігі»- 1907 ж.
кітабынан. 68 б.)
«Ұрлық», «зорлық» көзбен барлап, қолмен
сипауға келмейтін дерексіз ұғымдар екені белгілі.
Ал, осы екі ұғымның бірін екіншісі тудыратынын
әспеттеу үшін, екеуін де жан иесі, ағайынды адам
ретінде алу нәтижесінде ақын қоғамды жайлаған
кесапаттың өзара байланысты екенін ұтымды
өрнектеген. Көрініске, суретке ұлттық өрнек
(национальный колорит) тұрғысынан келсек,
інісіне сөзін өткізе алмаудың өзі қазақ ұғымында
соншалық ерсі, оғаш қылық. Ал, осы ағаның ініге
игі үлгі көрсете алмауына, қасқырдың өз күшігін
талауымен салыстыру қосылғанда (біз келтірген
үзіндідегі жетінші жолда), ел билеушінің келіссіз
әрекеті айқындала түскен. Бұл әсерліліктің бастау
көзі дерексіз ұғымның («ұрлық», «зорлық»)
заттану, жандануында жатқанын дәйектесек, тағы
да ақынның суреттеу құралдарының сан алуан
екеніне көз жеткіземіз.
«Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлеген
сөзі» өлеңінде мынандай бір жолдар бар: «Өзіме
көрінемін өзім мінді // Кісендеп бекітпедім неге
тілді?» (73 б.) Сөзбе-сөз ұғынсақ, «тіл» сөзі дерексіз
емес, оны көруге де, ұстауға да болады. Әйтсе де
мәселе жеке тілді бекіту емес, ішке сыр сақтауда,
демек адамның жалпы өзін тежеуінде екенін
зерделесек, тілді жай ұстамай, темір кісенмен
бұғаулаудың адам тәніне айрықша қатты бату
мүмкіндігі аян. Ендеше сөз иесіне қысым жасаушы
күштердің қаншалық өктем екенін бейнелеуде осы
бір шартты қолданылған «кісендеп» сөзінің алар
орны ерекше. Бұл шығармадағы мына тармақтар
да назар аударарлық:
Былғарының орнына көн мен сірі,
Теріс қарасар ұнатпай бірін-бірі.
«Ал», «бер» деген сөз еді екі ағайын,
«Ал» өліп, «бер» деген сөз қалды тірі.
Екі сөз: бірі айтылды, бірі қалды,
Уақ ақша таусылды, ірі қалды.
«Бар» деген сөз аты өшіп, тып-типыл боп,
Бұл күнде «жоқ» деген сөз тірі қалды (76 б.).
Жалпы жылы киім, не етік т.б. әзірлеу үшін
жұмсақ былғарының неғұрлым қолайлы екенін,
ал, қатып қалған көн, сіріден сапалы бұйым
шықпайтынын ескерсек, бұл екеуін салыстыру
барысында бастапқының қажеттігін, кейінгінің
жайсыздығын оңай бағамдаймыз. Осы көзге
көрінер екі ұғымның бір-біріне қарама-қарсы
екенін ажырату- соған сүйене өрілген «ал», «бер»
ұғымдарының кереғарлығын сезінуді негіздеген.
Деректі зат алшақтығына сүйеніп, дерексіз
ұғым қарама-қарсылығын әзірлегеннен кейін,
дерексіздің бірі «ал» өліп, «бер» тірі қалуы- ерекше
әсерлі. Бұл мүшкілдікті дерексіз «бар» ұғымының
заттанғаны соншалық, «аты өшіп, тып-типыл боп»
өшкені, ал дерексіз «жоқ» ұғымының заттанып,
жан иесіне айналғаны сондай,- тірі қалуы одан әрі
жоталанта түскен.
Ақынның «Қалмады ойлай-ойлай басымда ми»
өлеңінде де осы іспеттес дерексізді заттандырудың
ұтымды үлгісі көрінеді: «Абыройым төгілмесін
деп ойласаң, // Ұяттан қолшатыр ғып ал басыңа»
(92 б.) . Дерексіз ұғым ұятты қолмен ұстарлық
қолшатырға айналдыру нәтижесінде ақын адамға
қорғаныш боларлық қасиетке мойын бұрғыза
білген. Қолшатырды елестетіп, оның күннен,
жауыннан қорғарлық мәнін дәйектегесін барып,
біз ұяттың ізгі ниетті адам үшін ерекше роль
атқаратынын зерделей аламыз. Ақын дерексізді
заттандыру тәсілін қолданғанда, тұрмыста жиі
пайдаланылатын бұйымдарды алады: «Бұзылған
замананың уақытысында // Шын сөзің өтірікке
болмайды астар» (97 б.). Киімнің, не көрпенің
ең қымбат, асыл жағы бергі беті, өңірі екені, ал,
астарға неғұрлым арзан материал қолданылатыны
мәлім. Демек адамдар үшін зиянды өтірік-өңірге,
неғұрлым бағалы материалға айналса да, адамдар
үшін керек шын сөздің соған астарлыққа да, яғни
бағасы төмен екінші қатардағы материал болуға да
жарамай қалуы ой саларлық. Сөйтіп дерексіз «шын
сөз» бен «өтірік» ұғымдарының заттанып, бірінің
өңір болуға жарап,ал, екіншісінің астар дәрежесіне
де жетпей қалуы көмегімен ақиқаттың қаншалық
қадірі кеткені жарқырап ашылған.
Ақын өз ойын шынайы нақыштау үшін,
табиғаттағы көріністер мен оған шартты түрде
болсын ұқсас делінген адамдар өмірін салыстыра,
жарыстыра алу, яғни психологиялық егіздеу
тәсілін де жиі енгізген:
Бұлақ деп судың көзін ешкім ашпас,
Екпіндеп өзі тасып шашылмаса.
Ерлерге жай жатумен қайрат кірмес,
Ғалыдай орда жатып ашынбаса (45 б).
47
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Үзіндідегі «тасып шашылмаса» сөздері
демеуімен отау тіккен екпін күші, мәні одан кейін
күрескер ерлерге де сондай қасиет керек екенін
салыстыра шегендеуге қызмет етіп тұр. Яғни
табиғаттағы айқындық адамдар бойындағы көзге
көрінбейтін қайратқа да белгілі бір заттылық,
тегеуріндік шарпуын дарытқан. Сол іспетті
жарыстыру үлгісі:
Сеңгір-сеңгір таулар бар, бұлағы жоқ,
Қопалы көл-жекен мен құрағы жоқ.
Өңшең үрген қарынға душар болдық,
Зарлап тұрсаң, еститін құлағы жоқ (79 б.).
Алдымен қанша зәулім болса да, бұлағы жоқ
тауларды, ізінше жекен мен құрағы жоқ көлді
көру мұнарасымен саралап барып, «зарлап тұрсаң,
еститін құлағы жоқ» «өңшең үрген» қарын сияқты
адамдардың пайдасы жоқтығы, бейшаралығы
айқындала түседі.
Сондай-ақ:
Ақ марал жайылмайды қабанменен,
Бірге ұшпас бұлбұл-қарға, тағанменен.
Түлкі мен шер, мысық пен тышқан бір боп,
Барады әуре-сарсаң заманменен (84 б.)
- жолдарында да психологиялық егіздеу,
табиғаттағы бұлтартпас сәйкессіздікті паш етуден
кейінгі адамдар қарама-қарсылығын жайып салу
іске асқан. Атап айтқанда, маралдың-қабанмен,
бұлбұлдың-қарғамен, түлкінің-арыстанмен (шер-
парсыша арыстан дегені), мысықтың тышқанмен
бірге жүруі, бірдей күй кешуі қандай орынсыз
болса, лирикалық қаһарманда да сондай мүшкіл
хал бар екені, жақсы мен жаман адамдар ара жігі
ажыратылмай жатқаны т.б. сыналады.
Ақын дәстүрлі символдық белгілерді
жарыстыра пайдалануға сүйеніп, өз ойын өрістетіп,
тұлғалантып жеткізе біледі:
Ай орынын аспандағы бұлт алып,
Орнында дүр гауһардың су тас қалып.
Құр тікен қызыл гүлсіз қолға түсіп,
Ауызға қант орнына зәһәр салып (100 б.).
Мұнда да айды- бұлтпен, дүр гауһарды- су
таспен, қызыл гүлді- тікенмен, қантты зәһәрмен
ауыстыру келіссіздігін, яғни көзге бадырайып
көрінген, дәлелденіп біткен айқын ұғымдарды
алға тарта алған ақын оң ниеттің орындалмай, не
бір қымбаттың арзанмен теңестірілуі терістігін
таныта білген.
Мәшһүр-Жүсіп шеберлігі, бейнелеу тәсілдері
дегенде, ол мәнерлеген сөз кестелерінің алдымен
ұлттық бояумен көмкерілгенін, көп детальдің
ұлттық өрнекке сай сұрыпталғанын дәлелдеу қажет:
«Өнерге өзіңді өзің ерте баулы,// Жастықтың бір
күн көшіп кетер ауылы») (93 б.). Бұл деталь, жастық
ауылының бір күн көшіп кетуін бейнелеу өрнегі,
негізгі тіршілігі малмен, көшумен байланысты қазақ
ұғымына неғұрлым жақын түсінікті болумен де
мәнді. Ауыл көшуімен, басқа жерге ауысуымен,
яғни шұғыл алыстауымен салыстыру нәтижесінде
жастық шақтың да тез өтуі мүмкіндігі ұтымды
кестеленген. Сол тәрізді: «Бұл жалғанның жүзінде
көңілің өспей, // Көрінгеннің жұртында қалдың
көшпей»,- тармақтарында басқалар аттанғанда ере
алмай қалуды сипаттау да малы барлар ғана көше
алатынын бағамдап өскен қазақ үшін аса аянышты
халді жайып салады.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 1907 жылғы
«Хал-ахуал» кітабында шығыс поэзиясында кең
әспеттелген махаббат, бақыт символы бұлбұл
мен гүл жарасымдығын қызықтап, бұлбұлдың
түнімен қызыл гүлдің ашылуын тосуын, арман
етуін жырлағаны белгілі. Ақын сонымен бірге
орыс поэзиясы дәстүріне де иек артып отырған.
Мәселен, И.А.Крыловтың «Ала қойлар» мысалында
патша арыстан әмірімен қойды баққансып жүріп
жоқ қылған қасқыр (бұл мысалды Абай да,
А.Байтүрсынов та тәржімалаған) әрекетін Мәшһүр-
Жүсіп ұтымды пайдаланған:
Оңдырмас мынау қойшы бізді бағып,
Сіңбей тұр ішкен тамақ бойға жағып.
Тұрғызып омақаны әрбір жерге,
Жер-суды ап кетті ғой қазық қағып (34 б.).
Бұл арада қазақ халқын бағушы губернатор,
не патша деп есептесек, аталған тұспал белгінің
өрбітілуін сәл кейінірек жырлаған ақындардан да
кездестіреміз:
Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан:
... Қой бағып қасқыр қашан опа қылған,...
(М.Дулатовтың 1916 жылы «Қазақ» газетінде
басылған «Алашқа» өлеңінен).
Ай ұшамын аспанға
Жер жағдайды жақпайды...
Ащы, қатты дауыстан
Қарағай, терек жығылар.
Қожайынсыған арыстан
Сескенер, тасқа тығылар.
(І.Жансүгіровтің 1923 жылғы «Ызалы қиял»
өлеңінен).
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
48
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Салыстыра сараптасақ, И.А.Крыловта ала
қойларды алдымен арыстан қырмақ болады,
бірақ тікелей жоюға үндеген аю ұсынысы
кейін жаман атқа қалдыратын болғандықтан,
қабылданбай, құртуды іске асырып, «жазықты»
болу қасқыр үлесіне қалады. М.Дулатов осыны
ескеріп: «Қой бағып қасқыр қашан опа қылған»,-
десе, І.Жансүгіров қасқырды емес, арыстанды
бөліп алғандай, өзі Айға ұшқанда, ақырған
дауысынан қарағай, терек жығылатынын, сол
сәтте «қожайынсыған» арыстанның, демек
қызыл коммунист ел билеушісінің де сескенуі
мүмкіндігін әйгілейді. Назар аударарлық жәйт:
И.А.Крыловта арыстан мен қасқыр және оның қой
бағып қарық қылмауы тікелей өзара байланыста
берілген. Мәшһүр-Жүсіпте бағып жарытпайтын
қойшы бөліп алынса, М.Дулатовта қасқырдың
ешқашан қой қорғап опа қылмайтыны еске
салынып, екі ақында да, отарлаушы ел билеушілер
қастандығынан қазақ халқын сақтандыру жүзеге
асқан. Ал, І.Жансүгіров қасқыр мен ала қойларды
мүлде сөз қылмай, тек бәрінің төбесінен қараушы
арыстанның өзін де сескендірер күш бар екенін
қатаң ескерткен. Сөйтіп орыс ақыны И.А.Крылов
мысалындағы символдық бейнелерді қазақ
ақындары: Мәшһүр-Жүсіп, Міржақып, Ілияс -
әрқайсысы өзінше өрістетіп пайдаланған. Мұның
бәрі ақын шығармашылығын жеке алмай, әлемдік
поэзия дәстүрімен тығыз бірлікте қарастыру
керектігін дәлелдейді.
49
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Мәшһүр-Жүсiп ел тарихын шежiре түрiнде
сипаттайды. Тарихи тақырыпты қамтитын
шығармалары « Қазақ түбі» атауымен басталып
отырады. Мәшһүрдiң тарихты баяндаудағы енді
бiр өзгешелiгi жер, жүз, ру, тайпа, жеке адам
(тұлға)және халықтар тарихын бiртұтас жүйеде
қарастырады. Мәселен, 1907 ж. кiтабындағы
автордың арғы аталары туралы баяндалған
мәлiметтерде бiр әулет өкiлдерiнiң тарихын жер
тарихымен қатар қарастырған: “Мен өзiм, атым
Жүсiп, 49 жаста отырмын. Әкем аты Көпей,
жылы барыс едi. 73 жасында, барыс жылы өлiп,
Баянауылға қойылды. Оның әкесi Сермұхаммед 70-
тен асып өлiп, Қызылтауға қойылған. Оның әкесi
Ақжiгiт 49 жасында өлiп, Көкшетау бауырында
Шортанқарағай, Қыздыңқарасуы деген жерге
қойылды. Оның әкесi Бесiм қартайып өлiп,
Ұлытауда бес саланың өре басына қойылды.
Бұрынғы заманда Ұлытаудың терiскей жағына
ататұғын сайларды “Бесiмнiң бес саласы” деушi
едi. Тiрi күнiнде өзiнiң қоныс қылған жерi болғаны
үшiн…”/ 1/.
Мәшһүр-Жүсiптiң ғалым ретiнде ғылыми
көзқарасының қалыптасуына оның Шығыс
өркениетiн жетiк меңгеруi және озық ойлы Еуропа
мәдениетiмен таныс болуы негiз болуы әбден
ықтимал. Оның ғылыми мұрасын қазiргi ғылым
салалары тұрғысынан қарастырсақ, онда әрi
тарих, әрі шежiре, әрі этнология, әрі жер тарихы,
әрi әдебиет, әрі фольклортану, әрі әдебиеттану,
әрі тiл тарихы, әрi философия; әрi этнография
мағлұматтары шоғырланғанын байқаймыз.
Керiсiнше, кейбiр қолжазба мәтіндері таза бiр салаға
ғана (медицина N1175, теология N1173, В.В.Радлов
кiтабы N1170 “а” т.б.) арналып жазылған.
Мәшһүр-Жүсiп жазбалары арасынан
ғалымның жалпы қазақ тарихына, шежiре
сөздерiне берген ғылыми көзқарасы да кезігедi:
“Бiздiң бұл қазақта тасқа таңба басқандай анық
шежiре жоқ. “Оқуға сенген ұмытшақ” деп оқуды
керек қылмаған. “Жазуға сенген жаңылшақ”
деп жазуды керек қылмаған. Оқу мен жазудың
жоқтығынан жазылған шежiре болмаған. Естiгенiн
ұмытпайтұғын, құлағының тесiгi бар, ұқпа құлақ
жандар болған. Сондай жандардың айтуыменен
кеудесi хат, естiгенi, көргенi жад болған қариялар
кейiнгiге ауыздан ауыз алып айтумен үлгi-өсиет
қалдырған” / 2/.
Дерек жинастырушы ретiнде Мәшһүр-
Жүсiптiң жүргiзген жұмыс көлемiнiң кең
ауқымдылығы, оның ат үстiнде ел арасынан
аз уақыт ішінде мол материал жинап үлгергені
таң қаларлық. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы тарихи
шығармаларына дерек берушiлер арасынан оның
замандастарын: Мейрам Жанайдарұлын, Сыздық
Кенесарыұлын, Ахмет Кенесарыұлын, Саққұлақ
шешен, Бердалы қожа, Майлы Жәдiгер, Ысмайыл
қария, Бөртiней Байғозыұлы, Садуақас Мұсаұлы
Шорманов т.т. тiкелей оқиға куәгерлерi, не
куәгердiң ұрпақтары да бар. Сондай-ақ аталған
шежiрешiлердiң өзара ақпарат алмасу тарихына
мысал ретiнде М.Ж.Көпеевтiң жас кезiнде Әбiлғазы
шежiресi нұсқасын Байдалының Мұстафасы
қолжазбасына көшiрiп бергенiн айтумызға болады:
“Осы сөз Үргенiште 23 жыл хан болып тұрған Араб
хан баласы Әбiлғазы хан шежiресiнен алынған
сөз болса керек. Жас күнiмде өзiм жазып алған
сөз Байдалының Мұстафасына жазып берген
шежiреңiзде бар екен деп Ғиса баласы Мақұл
1928-ншi жылда, Баянауылда өзiме көрсеттi” / 3/.
Ұлы ғалымның тарихтанушылық көзқарасын
танытатын тағы бiр қыры–«Қазақ түбі» еңбегiндегі
ресми деректер, зерттеулермен қатар ауызша
мәлiметтердiң берiлуi. Шыңғыс хан және оның
шығу тегi туралы жинағандарында Мәшһүр
Жүсiп Көпейұлы “Қазақ түбi” аңызында Әбiлғазы
шежiресi мен В.В. Радловтан құнды мәлiметтер
келтiрген: “Алтынбел ханның Алмалы Көрiктi
деген қызынан туған әкесi иоқ(жоқ), сағымнан
пайда болған Шыңғыс хан пайғамбар тарихтан
ӘОЖ 951 (574)
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ ДЕРЕКТАНУШЫЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ
Е.Қ. ЖҮСІПОВ
т.ғ.к., доцент, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ.
ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
50
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
беш иоз илик тоқызда (559) доңыз жылында Мұғол
иортында Вком Илдоқ тиген ирде дүниеге келдi.
Бiр қолы иұмық… қан ұстап туып едi” / 4/.
Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы мәлiметтерді
қалай естiсе солай өзгертпей жазып алып отырған,
кейiнгi « Қазақ түбі» нұсқаларында да сол деректi
дәл солай өзгертусiз келтiрiп отырған. Яғни
мағлұматтың түпнұсқалық негiзi сақталынып,
ешбiр бұрмалаушылыққа түспегендiктен тарихи
маңызыдылығы артады. Әрбір мәтiннiң басында,
не ортасында, не болмаса соңында сол деректiң
түпкi иесiнiң, мәлiметтi ауызша жеткiзушiнiң есiмi
аталуы, оның ата-тегi өмiрбаяны туралы мәлiметтер
берiлуi, Мәшһүр Жүсiп Көпейұлының деректанушы
ғалым екендігін дәлелдейді. Тiптi аңыз-әңгiменi
қайда, қашан, қандай жағдайда, кiмнен, қалай
естiгенiн мәлiмдеуi сол деректің шынайлылығына,
бұрмаланбағанына күмән келтiртпейдi.
Мысалы, « Қазақ түбі» N1177 топтамасында
ең алдымен Әбiлғазы Баһадүр өмiрбаянымен
таныстырып / 5/, артынан шежiресiнен үзiндiлер
беріп, В.В.Радлов жазбаларынан алынғандығын
хабарлай отырып / 6/, соңынан Радловтың “Қазақ
түбi” әңгiмесiн ұсынады.
Дерек жинастырушы ретiнде деректер
ұсынуда Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы бергi VIII-
ХIХ ғғ. тарихи оқиғаларын баяндауда да жер-су
атауларына көбiрек сүйенедi.Мысалы, Кенесары
топтамасында Кенесарының соңғы шайқастары
туралы айтпастан бұрын қырғыз тайпаларының
географиялық картасы (орналасуы, өзен-таулары,
асулары, жер бедерi), соғыс барысы туралы
деректердi байланыстырып берiп отырады / 7/.
Сонымен қатар М.Ж.Көпеев шежiре
үзiндiлерiнiң бiрiнде әз Тәуке ханның моласының
Қараөткелде салынғаны, кейіннен бүлiнгенi туралы
да деректер бар / 8/.
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» (1907 ж.)
кiтабында Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы Сарыарқаны
қоныстанған елдер тарихын жер -су атауларымен
байланыстырып баяндайды. Оның мәлiметтерi
бойынша, кезінде Сарыарқаны Мық, Шермiш
жұрттары иеленген,содан ноғайлы тұсында “Хан
сүйегi”, “Ақжар-Сасай”, “Тоғанастың тоқсан
екi көлi”, “Сұлу там», «Қызыл мола” т.т. жер-су
атаулары пайда болған.
Баспа бетiнде басылып шыққан Мәшһүр
Жүсiп Көпейұлының “Қазақ шежiресi” атты
туындысында (құрастырушысы: С. Дәуітұлы,
Алматы, Жалын, 1993) өзi тек Баянауыл аймағының
тарихы, мекендеген ру-тайпалар тарихы: тұлғалар,
батырлар, билер, ақындар т.б. тарихы, жер-су
атаулары тарихы жинақталып, байланыстырылып
берілген. Шежiренi Баянауыл аймағы тарихы
туралы мол дерек көзiн ұсынған бiрден-бiр ғылыми
зерттеу деп тануымызға болады. Бұған қазiргi кезде
атақты жерлес ғалымдарымыз, ақындарымыз т.б.
туралы жарияланып жатқан естелiк кiтап, шежiре
авторларының Мәшһүр шежiресiне көбiрек сүйенуi
айғақ бола алады /9/.
Мәшһүр Жүсiп Көпейұлының « Қазақ
түбі» нұсқалары мазмұны, жазылу ретi,
жүйеленуi жағынан өз замандастары Қ.Халид,
Ш.Құдайбердiұлы зерттеулерiнен өзгешеленедi.
Пайдаланған дерек көздерiнiң басым үлесiн есепке
алсақ, Қ.Халид Шығыс, Ш.Құдайбердiұлы батыс
мағлұматтарына көбiрек сүйенген. Ал Мәшһүр
Жүсiп Көпейұлы ең алдымен, негізінен, халықтық
төл мәлiметтерге иек артады. М.Ж.Көпеев өзi
келтiрiп отырған ауызша деректерді таза тарихи
шындық ретiнде қабылдамайды, тек тарихи
материал ретiнде ұсынады. Ал замандасы Шәкәрiм
Құдайбардіұлы өз шежiресiнде ауызша деректердiң
ақ-қарасын салыстырып қарамай, шынайы тарихи
негiзiн сараптамай шындық ретiнде зерделеуi
бiрқатар жаңсақтыққа жол берген.
М.Ж.Көпеев шежiресi мазмұны екi сипатқа
ие болған: әрi ата тек тiзбегi, әрi жылнамалық
сипатқа ие болатындығы баспасөз беттерiнде аз
айтылмайды / 10/.
Дерек зерттеушi ретiнде Мәшһүр Жүсiп
Көпейұлы өзi жинастырған, ел арасында кездескен
мәлiметтерге талдау жүргiзiп, салыстырып
шынайылығын зерделеп отырған. Мысалы,
Аныстан бастайтын қазақтың шығу тегі
туралы жазылған бір нұсқасында, Шәкәрiм
Құдайбердіұлының осы бiр вариантын сынаған.
Жер атауына (Домбы Ата) сүйенiп, бұл шежiренiң
тарихилығын, шындығын (Тарихымызда Аныс
кезеңiн VII-VIIIғ. Ислам дiнi таралған уақыт деп
қарастыруымызға болады) өзінше дәлелдейді./ 12/.
Сонымен бірге « Қазақ түбі» жазбаларындағы
“Олжабай батыр” топтамасы бір әңгiмесiнде
“Шүршiтқырған” шайқасы, Баянауылдағы
“Шүршiтқырған” жер атауы туралы да тың
деректер беріледі. Ал қытай құжаттарында,
жинақтарында Дардана мен Хадаха (қытай
генералдары) әскерi ылғи “жеңiстерге” жетiп, тiптi
|