М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет9/31
Дата12.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#8949
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Баян тауының батысында 1757ж. Абылай әскерін 
талқандаған-мыс деп айтыла бередi / 13/.
Араб,  парсы,  түркi  сөздерiнiң  тiлдiк 
құрылымын  жетiк  меңгерген  Мәшһүр  Жүсiп 
Көпейұлының  төте  жазуда  қазақ  сөздерiн  араб 
графикасы  заңдылығына  емес,  қазақша  айтылу 
ретiне қарай жазылуы керек (транслитерациялау) 
деп  есептеген:  “Қазақ  арабша  “таифа”  дегендi 
“таипы” дейдi, “ғани” дегендi “кәнi” дейдi (олжаға 
кәнi  болдым).  Ал  арабша  “ғани”  бай  деген  сөз. 
“Дағуа”  дегендi  “дау”  дейдi.  Арабша  “саяд”-аң 
аулау деген сөз. Қазақ “саятшы” дейдi. Арабша 
“фаһим” дегендi қазақ байымдау дейдi, “лахазза” 
дегендi “iлездiң арасында” дейдi. Парсыша “пәнде” 
дегендi  қазақ  “бенде”,  “фидея”  дегендi  “жаним 
пида” дейдi.
Егер 
 (ғлме) деген сөздi жазғанда, ғайнның 
үстiне үтiр салмасақ, қазақ ғұлама я ғалама деп 
оқырын бiлмей, оқып келе жатқан сөзiнiң ретiн 
бұзып  алады.  Еғарда 
(ғұлама)  деп  жазсақ, 
бөгетi жоқ, түсiне қалады” / 14/.
М ә ш һ ү р   Ж ү с i п   К ө п е й ұ л ы н ы ң   б ұ л 
пiкiрiн  ғалымдар:  В.П.Юдин,  А.Б.Халидов, 
М.Х.Абусеитова,  Р.Сыздықова,  Т.К.Бейсенбиев, 
М.Қойгелдиев, А.И.Исин зерттеулерi де қуаттай 
түседi / 15/.
Топографиялық,  әрі  топонимикалық,  әрі 
географиялық мағлұматтарды тарихи таныммен 
салыстырып, Нұх топан суы туралы айтқан Мәшһүр 
дәлелдерi,  пайымдаулары  назар  аударарлық: 
“Естiген  құлақтың  жазығы  жоқ.  Құрттай  бала 
күнiмiзде  жарапазан  айтатұғын  шалдар  айтып 
жүрушi едi:
- Нұх пайғамбар тақтайдан кеме салған,
Ол кеменiң тақтайын тышқан тескен,-деп.
Бұл-естiген сөз. Құлақ естiгендi көз көрмек. 
Бұл  күнде  көзiмiз  көрген  бiр  нәрсенi  ойға 
алып  жүрсек,  топан  су  тасып,  дүние  жүзiн 
қаптағандығы айдан жарық, күннен анық көрiнiп 
тұр…  Жарапазаншы  шал  айтты  деп  топан  суы 
болғандығына  нанып  тұрғаным  жоқ.  Өз  көзiм 
көрген нәрседен нанғандығымды бiлдiрiп айтып 
тұрмын.  Сол  топан  судың  болғандығын  тау 
бiткеннен 40 кез асқандығын жер айтып тұр. Су 
айтып тұр. Тау-тас айтып тұр” / 16/.
Шежiрешi ретiнде Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы 
қазақ  халқының  генеологиялық  кестесін  ежелгi 
заманнан,  Уыз  хан  (Оғыз  хан)  кезiнен  бастап, 
дәлірек  айтқанда,  Уыз  ханның  Vш  оқ  атанған 
ұрпағы  қазақ  елiнiң  үш  жүздiк  құрылымымен 
сабақтастырады: “Күн, Ай, Жұлдызына таласпай-
ақ қоялық. Vш оқты бiзге қимай ма? Бiз неге әлi 
күнге  шейiн  үш  жүз  атанып,  үш  алаш  атанып 
жүрмiз?!”  /17/  Ғалымның  бұл  пiкiрi  ғылыми 
топшылауларға  жақын.  Себебі  Х.Әдiлгереев 
мақаласында келтiрiлген Хғ. Макдисидiң “Алтын 
тоғай”  зерттеуі  бойынша,  оғыздар  үш  ордаға: 
Ұлы Орда, Орта Орда, Кiшi Ордаларға бөлiнген 
екен./ 18/
Оның үстiне деректанушы ретiнде Әбiлғазы 
Баһадүр  шежіресіндегі  деректердi  халықтың 
әдет-ғұрпымен,  салт-дәстүрiмен  т.с.с.  өзінің 
тарихи  тiлінде  байланыстырған.  Шежірешінің 
ғылыми  топшылаулары  өзiндiк  ерекшелiгiмен 
назар  аудартады:  “Бұл  шежiреден  бiздiң  алып 
отырған сыбағамыз–Уыз хан балаларына өз пайым-
парасатын,  көзiне  көрiнген  нәрсенiң  толымды-
жарамдысын  ат  қылып  қоя  берiптi:  Күн,  Ай, 
Жұлдыз, Тау, Теңiз деп. Сол аттарды күнi бүгiнге 
шейiн бiздiң қазақта айдың басында туған баланың 
атын Айбас қояды, таң ата туған баланың атын 
Таңатар қояды. Көл басында туса, Көлбай қояды. 
Тауда  туса  Таубай,  жайлауда  туса  Жайлаубай, 
қыстауда туса Қыстаубай, күзекте туса Күзекбай, 
Күзеубай.  Есiлде  туса  Есiлбай,  Нұрада  туса 
Нұрабай. Уыз ханнан ұстап қалған үлгi-өнеге–осы.
Екiншi өрнек үлгiсi–киiз үй. Бiр нәрсенi бiреу 
iздеп таба алмай келсе: “Осы уыз үйлi пәленнен 
таба алмағаның ба?”–дейдi.
Vшiншi өрнек үлгiсi–топырлатып жылқы сою, 
қой сою, қара сабаға қымыз толтыру.
Төртiншi  өрнек  үлгiсi–тоғыз-тоғыздан  сый, 
сыйлық,  сияпат.  Өлген  өлiгiне  мал  шығарса 
да  тоғыздан.  Байлар  өлсе  жаназаға  барып 
келушiлерден: “Неше тоғыз шығарыпты?”–деседi.
Арғы атамыз Ер Түрiк, екiншi буын атамыз–
Мұғол, Маңғұлыскейге барып қосыламыз.
Vшiншi буын атамыз–Уыз хан. Ай мен Күн, 
Жұлдызына таласпай-ақ қоялық. Vш оқты бiзге 
қимай ма?! Бiз неге бұл күнге шейiн үш жүз атанып, 
үш алаш атанып жүрмiз?!” / 19/.
Бұған қоса, Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы деректердi 
мәлiмдеп қана қоймай, оқиғаның болған уақытын, 
себебiн ашып көрсетуге ұмтылады. Мысалы, ол 
ХIII-ХVII ғғ. тарихи даталарды ескiше жыл санау 
(һижра) есебiмен берiп, ал ХVIII-ХIХ ғғ. оқиғаларды 
жаңа жыл санау (Григориан) бойынша берген: “Қазақ 
жұртының аузында: “Қасым ханның қасқа жолы”,–

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
52
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
деп атанып қалды. Тоғыз жүз отызда Сарайшықта 
(офат)  болды  /  20/.  1738-де  Әбiлхайыр  хан  бас 
болып, Адайдан басқа Кiшi жүз орысқа бағынады. 
1750-де Абылай хан мен өр Жәнiбек орысбен сауда 
араластыру үшiн Тройскiден базар аштырған. 1755-
шi жылда Құлыкесiнiң баласы Сүгiрәлi жасаққа 
келген қазаққа бiр өткелдiң аузында 100 ат ұстатып 
берiп Сүгiрәлi мырза атанған/21/’’.
Тарихтанушы  ғалымның  мүшел  қайыру 
әдiсiн  қолданып,  тарихи  оқиғаның  қай  жылы 
болғанын  анықтауы  ерекше  көңіл  бөлерлік. 
М.Ж.Көпеев  1837-1838ж.  оқиғаларға  қатысқан 
Байғозының ұлдарының мәлiметтерiне (Нұрсиет 
Байғозыұлының  сол  жылы  туғанын)  сүйенiп, 
Кенесары Қасымов көтерiлiсi ит жылы (1837ж.–ит 
жылы) басталды деген қорытындыға келеді /22/. 
Хан Кенесары көтерiлiсiнiң аяқ кезі туралы « Қазақ 
түбі» екi мезгiлдi қатар жазып кеткен: бiрi–1846 
жыл / 23/, екiншiсi–1847 жыл / 24/.
Хан  Кенесарының  Қамауға  (Қамалға) 
келгендiгi  туралы,  Ұлы  жүз  халқының 
iшкi  саяси  жағдайы  туралы  Мәшһүр  Жүсiп 
Көпеев  мәліметтердi  келтiре  отырып,  өз  ой-
пiкiрiн,көзқарасын  қоса  айтады:  “Iле  деген 
өзеннiң Балқашқа құйған жерiн Қамау деп атайды. 
Қараталдың,  Iленiң,  Шудың  алабын,  Алатау 
төңiрегi  Найман  мен  Vйсiн  жайлайды.  Албан, 
Суан, Дулат, Жалайыр, Шапырашты деген рулары 
Кенесары Ұлытау, Кiшi таудан ауып барғанда, сол 
Қамауға барған. Шапыраштыдан басқа Ұлы жүзде, 
Найман да Кенесарыны мойындай қоймаған. Ұлы 
жүз бұрыннан Қоқанға қарап атқамiнерлерi, еркегi 
жыл сайын сарттан шапан киiп тұратын. Найман, 
Темiрсу,  Жемiнен,  Алматы,  Аягөздегi  орысқа 
бағынып, терi шекпен киiп тұратұғын” /25/. 
Ендi  бiр  қолжазбасында  ғалым  қазақ 
хандарының билеу институтына, тек шежіресіне 
жеке  тоқталып  өтеді.  Қалмақ  қоңтажыларымен 
салыстыра  келе,  Мәшһүр  Жүсiп  Көпеев  қазақ 
тарихындағы  орталықтандырылған,  бiрiккен 
абсолюттi  билеу  жүйесiнің  жоқтығын  сынап 
жазады:  “1778  –  жылдар  Абылай  ханның  Орта 
жүзге хан болған шамасы. 1821-жылдар Уәлi хан 
өлiп, асы берiлген шамасы. Қалмақтарға да әртүрлi 
ат қойылса керек. Мұның ханы Қалдан Шерiн – 
Батыр  баласы.  Қара  қалмақтың  ханы  қоңтажы, 
орыс историясында “хан тайшы” делiнедi. Он сан 
оймауыт,  тоғыз  сан  торғауыт  –  бұлардың  ханы 
кәрi  Аюке  Тапсыради  деседi.  Қоңтажы,  Аюке 
бiрақ кiсiнiң аты болмайды. Шүршiт хан Ежен хан 
атағандай болғандарына айтыла берсе керек.
Қазақта мұндай үзiлмей бiрiнен соң бiрi болып 
тұратұғын  хандық  жоқ.  Анда-санда  қолдарына 
хандық тиiп қалады да, ұзамай быт-шыт болады” / 26/. 
Деректердi жiктеушi,топтастырушы ретiнде 
бергi  ХVIII-ХIХ  ғғ.  тұлғаларды  сараптауға 
келгенде  Мәшһүр  Жүсiп  Көпейұлы  олардың 
кiмдердiң  замандасы  болғандығына  назар 
аудартып,  жiктейдi.  Жәнiбектердi  сараптау 
барысында ғалым Шақшақ Жәнiбектiң қалмақтың 
қоңтажысы  Қалдан  Шерiнмен  замандас  екенiн, 
ал керей Жәнiбектiң олардан сәл кейiн көзге түсе 
бастағанын ашып көрсетедi /27/. Мәшһүр Жүсiп 
Көпейұлы  кейбір  аңыз-әңгімелердегі  көмескі 
мәліметтердегі тарихи тұлғаның аты өзгергенде 
(“Алаша хан” т.б.) халық жадында сақталынған 
есімін ғана мәлiмдеп, қай кезде өмiр сүргенiн өзi де 
анықтай алмағанын да жазып кеткен: “Қазақтың өз 
сыбағасына арналып хан болғандар: Қасқа жолды 
Қасым хан, ескi жолды Есiм хан, “Күлтөбеде күнде 
кеңес” атанған әз Тәуке хан, олардан соң 48 жыл 
хан болып билеген Абылай хан.
Қазақта хан болып, заң-закон жасап, халық 
қатарына қосқандар осы айтылған хандар. Алды-
арты жоқ Алаша хан деген бiр хан билеген. Қазақ 
үш  жүзге  бөлiнiп.  Ұлы  жүз  Vйсiн,  Орта  жүз 
Арғын, Кiшi жүз Алшын атанғаны: Алаш деп ұран 
шақырысып,  “Алаш  алаш  болғанда,  Алаша  хан 
болғанда, үйiмiз ағаш болғанда, ұранымыз Алаш 
болғанда деп айтатын заман болған” / 28/.
Сонымен  қатар  М.Ж.Көпеев  кейбiр  аңыз-
әңгiмелердiң  шығу  тегін,  себебiн  ашуға  да 
ұмтылған.  Қазақ-қырғыз  қарым-қатынасының  
ХIХ  ғ.  бiрiншi  ширегiндегі  шиеленiсуiнiң  түп 
төркінін,  яғни  алғышартын  Абылай  ханның 
қырғыздарға жасаған жорығынан басталатындығы 
туралы өз ой-пікірін ұсынады. /29/ Ал Сыпатай 
батырдың  қырғыздармен  достасуына  Ұлы  жүз 
руларының қырғыздармен көршiлес, аралас болу 
әсер  еткен  деп  қарастырады:  “Қырғыз  таптары 
Шапырашты, Vйсiнмен аралас отырған: Сарбағыс, 
Солты, Бұғы. Сарбағыстан Әтiке Жырыққа алты 
ұлы алты ас берген. Сол алтауының бiрi–Қарабек, 
мұнан  Жантай,  мұнан  Шабдан’’  /  30/.Сонымен 
бірге Ә.Исақовтың зерттеуiнде /31/ де Сыпатайдың 
ағасы  Андас  батырдың,  Қанай  мен  Жаңғараш 
манаптардың Қарабалта деген жерде жерленгенi 
туралы деректер бар.

53
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
М.Ж.  Көпеев  шежiресiнiң  және  жалпы 
Шығыс  шежiре  үлгiлерiнiң  ортақ  жаңсақ 
кетушілігі де кездеседі. Мысалы, қолжазбалардың 
шашыраңқы  орналасуы,  кейбiр  оқиғалардың 
қолжазбаларда  өзгерiссiз  қайталануы  т.с.с. 
Ғалым  қолжазбасындағы  тарихи  мәлiметтердiң 
байланыстылығын,  хронологиялық  реттілігін 
аңғару  қиын.  Мысалы,  қазақ  халқының  шығу 
тегiн  әртүрлi  вариантармен  жазады.  Қазақ 
аңыздарындағы  түркiлiк  кезеңдi  (Мәшһүрдiң 
Әбiлғазы  шежiресi)  Ел  хан  есiмiнен  бастап 
баяндайды. Бұл нұсқаларда қазақтың шығу тегiн 
Аныс  (Әнес,  Ан),  Ақкөсе,  Мәлiк  сахабалардан 
бастап тарату себебiне тоқталған. Мәшһүр Жүсiп 
Көпейұлы  «  Қазақ  түбінде»  Ш.  Құдайбердіұлы 
шежiресiндегі /32/ “қазақты арабтардан тудыратын” 
үлгiнің күмәнді жақтарын ашып көрсетеді.
М.  Ж.  Көпеев  “Бұл  қазақ  қай  уақытта  үш 
жүз атанған” еңбегінде Алаша хан замандастары 
ретiнде Қондыкер, Құбаң, Қотан, Қоғам, Майқы 
есiмдерi  айтылады  /33/.  Оның  мәлiметтерi  де 
/34/,  Ә.Х.Марғұлан  зерттеуi  /  35/  де  Қондыкер 
атауын  оғыз  этнонимiмен  байланыстырады: 
“Қазақ эпосында оларды “Көндiгер Құбаң жұрты”, 
“Ноғайлы”, “Қаят”, “Қыпшақ” деп түрлi атаумен 
атайды.  Бұл  жердегі  “Көндiгер,  Құбаң  жұрты” 
дегенi–орта ғасырлардағы Күншығыс әдебиетiне 
әйгiлi  ‘’оғыз’’  бен  “қыпшақ’’  жұрты.  “Кубан” 
Еуропа әдебиетiнде жиi кездесетiн “Куман” елiнiң 
осы күнге дейiн сақталып келген бiр есiмi болуы 
әбден ықтимал, екiншi сөзбен айтқанда қыпшақтың 
бiр руының аты да болуы мүмкін”. / 36/ Егер IХ-
ХII  ғғ.  тарихты  Мәшһүр  шежiресi  этнонимдер 
атауларын  кiсi  есiмдерiмен  байланыстырып 
көрсетсе, « Қазақ түбі» ХIII-ХIV ғғ. және ХV-ХVII 
ғғ.  оқиғаларды  Шыңғыс  әулетi  шежiре  үлгiлерi 
(Әбiлғазы мәлiметтерi) арқылы баяндайды. / 37/
Қазақ хандарының Сырдария қалалары үшiн 
ХV  ғ.  а.  мен  ХVI  ғ.  б.  шайбанилармен  күрес 
жүргiзгенi белгiлi/ 38/. Осы бiр саяси күрес тарихын 
айғақтайтын мәлiметтер « Қазақ түбі» де бар. ХVI 
ғ.  дәуiрi  тудырған  мотив  қазақ  ру-тайпаларын 
“қожалардан”  шығарып  таратады.  Мәшһүр 
Жүсiптiң “Қазақ шежiресiнде” / 39/ Жанарыстың 
(Орта  жүз)  6  баласына  (Қарақожа–“арғын”, 
Аққожа–“найман”,  Ақтамбердiқожа–“қыпшақ” 
т.с.с.), Арғын тоқалынан тараған 5 ұлына (Ақсопы–
“қанжығалы”,  Қарасопы–“қарауыл”,  Сарысопы 
т.т.)  “қожа”,“  сопы  ”  есiмдерi  қатар  айтылады. 
ХVI ғ. б. қазақ қоғамында дiн өкiлдерiнiң ықпалы 
зор  болғандығы  3.Жандарбек  зерттеуiнде  сөз 
болып,  Байшора,  Жаншора,  Қарашора,  Аққожа, 
Қыдырқожа (Кiшi жүз Алшында) атаулар тарихы 
қожалардың  жүздердiң  пiрлерi  болғандығымен 
сабақтастырылған / 40/.
« Қазақ түбі « шежiресiнiң “ноғайлы” үлгiсi 
де бар. Мұнда да қазақ халқы тарихы Ормамбет 
есiмiне  байланысты  аңыз-әңгiмелер  арқылы 
берiлген. М.Тынышпаев зерттеуiнде Ормамбет би 
өлген соң (1600 ж. шамасында) ноғайлардың өзара 
бытырап кеткенiн айғақтайды / 41/. Ендi бiр шежiре 
сөзiнде Мәшһүр-Жүсiп қазақтың Келiмбеттерден 
бастап  тарататұғын  нұсқалар  барлығын,  бiрақ 
үлгiлер  тарихын  ешкiм  түсiндiре  алмағанын 
айтады:  “Бiреу  Болат  қожа  дейдi,  бiреу  Ақжол 
дейдi. Екеуi бiр кiсiге аталған ат деседi. Ақарыс, 
Жанарыс,  Бекарыс,  үш  жүздiң  атасының  аты 
деседi. Бiреулер Ақсақ Келiмбет, Қара Келiмбет, 
Сары Келiмбет, Науан, Шодан деген аталары бар 
десiп жүрдi. Бiрақ олардың ар жағы кiм, бер жағы 
кiм екенiн бiлiп сөйлеушi жоқ болды ’’ / 42/. Ал 
В.З.Галиев  кiтабында  /43/  бұл  Келiмбеттердiң 
Ноғай ұлыстарын басқарған Ормамбет, Тiнмамбет 
балалары  екендiгiн  айтып,  шежiрелердегi 
“Келiмбет”  варианттарын  ХVI-ХVII  ғғ.  қазақ-
ноғай  байланыстары  тарихы  деп  түсiндiредi  . 
Белгiлi  шығыстанушы  ғалым  М.Қ.Әбусеитова 
монографиясында ноғайлардың ХVI ғ. Сарыарқаны 
қоныстанғаны жоққа шығарылмайды / 44/.
Бұл  шежiре  нұсқасы  тарихына  Ә.Марғұлан 
да  пiкiр  бiлдiрген:  “Қырда  ерте  кезде  салынған 
тас  үйлер  туралы  Мәшһүр-Жүсiп  Көпеевтiң 
жазғандары  тарихи  жағынан  өте  бағалы.  Ол 
кiсiнiң  айтуынша  ноғайлы-қазақ  халқының 
әскер  басы  жiгiттерi  айдалада  жүргенде,  тас 
қорған  үй  жасайтын  болған.  Шiдертi  өзенiнiң 
аяғында  тұратын,  “Ақжар-Сасай”–сол  ноғайлы 
қыпшақтардың  хандарының  орда  қылып,  тақ 
орнатқан жерi. Есiл, Нұраның арасындағы үлкен 
айдын  “Тоғанастың  тоқсан  екi  көлi”–ноғайлы-
қазақтардың жойқын егiн салған жерлерi. “Қызыл-
мола”,  “Сұлу-там”,  “Сырлы-там”,  “Хан-сүйегi” 
солардың  жәдiгерлерi”  дейдi  (Мәшһүр-Жүсiп. 
Сары-Арқа. 1907, 2-4б.)” / 45/. 
Бергi ХVIII ғ. а. оқиғаларды (Абылай ханның 
қырғыздарға  қарсы  жорықтары)  айғақтайтын 
шежiре сөзi де арғын тайпасы қарамағындағы “жаңа 
қырғыз” тармағының пайда болу тарихын қозғайды: 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
54
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
“Жаңа  қырғыз  деп  сөйленедi,  қырғыз  ханының 
Абылай ханға ақ үйлiге берген бiр тайпа елi” / 46/.
Деректердi құрастырушы ғалым ретiнде Мәшһүр-
Жүсiп жинақтаған барлық тарихи материалдарды 
өзiнiң « Қазақ түбі « атты жинағына кiргiзген. Бiрақ 
қолжазба кiтап мазмұнына кiргiзбестен бұрын бұл 
деректер сұрыпталған, толықтырылған, кезеңдерге 
бөлiнiп,  тақырыптары  қойылып  жинақталған, 
соңында өзара байланыстырып берiлген. Мұның өзi 
Мәшһүр-Жүсiптiң деректанушы ретiнде ғылыми 
көзқарас негiзiнде зерттеу жұмысын жүргiзгендiгiн 
айқындайды. 
« Қазақ түбі « нұсқаларының ғылыми маңызын 
көтерген  бiр  құнды  өзгешелiгi–әр  «  Қазақ  түбі 
« үлгiсiнде тарихтың әртүрлi баяндалуы, кейбiр 
нұсқа мәтiндердiң мазмұны келесi « Қазақ түбі « 
варианттарында қайталанбауы. Мәшһүрдiң « Қазақ 
түбі « тақырыбында жазылған шығармаларының 
мазмұны әртүрлi:
Бiрiншi үлгiсiнде Адам Ата Нұх заманынан 
Уыз ханға дейiнгi кезең / 47/, Мұхаммед пайғамбар 
және Аныс, Ақкөсе сахабалар дәуiрi / 48/, 92 баулы 
Қыпшақ,  32  баулы  Өзбек,  “үш  жүз”  атанулары 
(“Алаша хан” әңгiмесi) туралы шежiре сөздерi / 
49/; Әбiлғазы шежiресi негiзiнде Әз Жәнiбектен 
бастап әз Тәукеге дейiнгi қазақ хандары тарихын 
баяндауы  /  50/;  Ақтабан  шұбырынды  оқиғасы 
туралы тарихи аңыз-әңгiмелер / 51/ жинақталған.
« Қазақ түбі « екiншi нұсқасында В.В.Радловтың 
“Қазақ түбi” аңызындағы Шыңғыс хан (Шынқыз) 
шығу  тегi  жөнiндегi  аңыз-әңгiме  нұсқасы  /  52/; 
Абылай хан және оның заманы хақындағы ауыз 
әдебиетi үлгiлерi (аңыздар, жырлар, дастандар) / 
53/; Нысанбай жыраудың “Кенесары-Наурызбай” 
дастаны берiледi.
Vшiншiсiнде Әбiлғазы шежiресiндегi: Адам 
Ата, Оғыз (Уыз) хан әңгiмесi /54/; Шыңғыс хан 
(Темучин) шығу тегi; Шыңғыс ханнан Есiм ханға 
дейiнгi хандар тiзбегi қысқартылған нұсқасы / 55/; 
Абылай хан және Абылайдан кейiнгi замандағы 
ұрпақтары / 56/ сөз болады.
Төртiншi вариантында үш жүз (“Алаша хан” 
әңгiмесi) шығу төркiнi туралы әңгiме нұсқасын 
/  57/;  Жәнiбектен  әз  Тәукеге  дейiнгi  хандар 
шежiресiн (Мәшһүрдiң хандар тiзбегiнiң бiр үлгiсi) 
/ 58/; Ақтабан шұбырынды аңызын / 59/, Еңсегей 
бойлы ер Есiм хан ертегiсiн / 60/ әңгiмелейдi.
Бесiншi  нұсқасына  Адам  Ата,  Уыз  хан 
шежiресi (Әбiлғазы нұсқасы) / 61/; В.В.Радловтың 
Шыңғыс  хан  шығу  тегi  туралы  әңгiмесi  /  62/; 
Қ.Халидтың Алтын Орда тарихы және әз Жәнiбек 
тегi туралы баяндаулары / 63/; Мәшһүр-Жүсiптiң 
Жәнiбектен әз Тәукеге дейiнгi шежiре варианты / 
64/; Ақтабан шұбырынды туралы тарихи сөздерi 
топтамасы / 65/ кiрген.
Мәшһүр  Жүсiп  Көпеев  жазбаларының 
тарихты  әртүрлi  вариантта  әңгiмелеуi  «  Қазақ 
түбі» еңбектерiнiң ғылыми маңызын көтергенiмен, 
қолжазба  мәтiндерiнiң  шашыраңқы  сипатта 
орналасуы тарих тұтастығын, кезеңдердiң өзара 
байланыстылығын  түсiнуге  керi  әсер  етедi.
Ғалым  тарих  туралы  мол  дерек  көздерiн  ашып 
көрсеткенiмен  тарихи  оқиғаларды  тануға, 
жүйелеуге,  қорытуға,  түйiндеуге  келгенде 
“самарқаулық” танытады. Әрине бұған Мәшһүр-
Жүсiп дүниетанымының өзегi болған шығыстық 
бiлiм ықпалы, дiни орта әсерi негiз болған.
“Қазақ түбi” материалдары бойынша жасалған 
шолу Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлының деректанушы, 
тарихтанушы,  шежiрешi-этнолог,  өлкетанушы, 
жер  тарихын  зерттеушi  ғалым  болғандығына 
назар аудартады. Зерттеуде атап-атап көрсетiлген 
ғалымның  тарихи  көзқарастары,  ғылыми  еңбегi 
Отан тарихы ғылымы дамуына мол үлес қосады 
деп санаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Көпеев М.Ж. Таңдамалы. / Құрастырған С.Дәуiтов. – Алматы: Ғылым, 1990. – Т.1. – Б.258-259.
2 ОҒКҚҚ, Көпеев М.Ж. қолжазбасы, №1177 папка. - Б.258(301). ; Көпеев М.Ж. Қазақ шежiресi. / 
Даярлаған С.Дәуiтов. -Алматы: Жалын, 1993. - Б.9.
3 ОҒКҚҚ, №1177 папка. - Б.99(146).
4 ОҒКҚҚ, №1173 папка. - Б.406.
5 ОҒКҚҚ, №1177 папка. - Б.221(264).
6 Сонда. Б.264-279. 

55
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
7 Көпеев М.Ж. Кенесары-Наурызбай хақындағы әңгiмелер. / Дайын. О.Исмаилов. // Жұлдыз. - 1992. 
- №4. - Б.197-198. ; Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХIХ ғасырдың 20-40 жылдарында. -Б.52-53.
8 ҚПЖӘМ, Мәшһүр-Жүсiп қолжазбасы, 2 топтама. - Б.356-357.
9 Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - Б.152. ; Тiлеке Ж. Шежiре: Ертiс-Баянауыл өңiрi. - Б.90-91. ; 
Қаныш елi (фото-кiтап). / Құрастырушылар О.В. Таланова, М. Сәрсеке. -Алматы: Жiбек жолы, 1999. – 336 с.
10 Айтбаева Р. Тарих айту дәстүрiнiң дамуы хақында. // Қазақ тарихы. - 1994. – №3. - Б.44. ; Тiлеке 
Ж. Шежiре: Ертiс-Баянауыл өңiрi. - Б.62.
11 Құдайбердi Ш. Түрiк, қырғыз - қазақ һәм хандар шежiресi. -Б.70.
12 Бұл туралы 2 бөлiмнiң 2 тарауында (екiншi кезеңiнде) айтылған. Қараңыз: ОҒКҚҚ, №1176 папка. 
- Б.108(152;55-111(105).; Сонда. №1174 папка. - Б.256(299)-261(304;154).
13 Марғұлан Ә.Х. Олжабай батыр. //Жұлдыз. - 1984. - №2. -Б.171.; Цинская империя и казахские 
ханства: вторая половина XVIII-первая треть ХIХ в. /Сост. Хафизова К.Ш., Моисеев В.А. - Ч.1. - С.110.
14 Бекхожин Қ. “Дала уалаятi” және мәдениет мәселелерi. //Қазақ тiлi мен әдебиетi. - 1958. - №10. 
- Б.55-65.
15 Юдин В.П. Центральная Азия в XIV-XVIII веках глазами востоковеда. /Составители Баранова Ю.Г., 
Абусеитова М.Х. -Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 388 с. /42-43/.; Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная 
Азия в XVI-XVII вв.: история, политика, дипломатия. – С.67-70. ; Халидов А.Б. Арабские рукописи и 
арабская рукописная традиция. -Москва: Наука, 1985. –312 с. /95,156-157/. ; Сыздықова Р., Қойгелдиев М. 
Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. -Алматы: Қазақ университетi, 1991. – 272 б. /110-
112/. ; “Әдiл сұлтан” эпикалық жыры. /Зерттеу, қолжазба факсимилиесi, транслитерациясы, транскрипциясы, 
түсiнiктемелерi, баспаға дайындау - Исин А.И. - Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 148 б. /17-18/ ; Бейсенбиев 
Т.К. “Тар,их-и Шахрухи” как исторический источник. - Алматы: Наука, 1987. - 200 с. (32).
16 Көпеев М.Ж. Наурыз. // Парасат. - 1990. - №3. - Б.12-13.
17 ОҒКҚҚ, №1177 папка. - Б.235(278). ; ҚПЖӘМ, Жолмұрат Жүсiпұлы көшiрмесi, 2 топтама. - Б.3.
18 Әдiлгереев Х. Қазақ халқының қуралуы тарихынан. // Социалистiк Қазақстан. - 1941. - №115.  
- 18 мамыр. - Б.3.
19 ОҒКҚҚ, №1177 папка. - Б.235(278).
20 ОҒКҚҚ, №1177 папка. - Б.244(287). ; ҚПЖӘМ, Жолмұрат көшiрмесi, 2 топтама, 13 тiзiм. - Б.8.
21 Сонда. №1178 папка. - Б.171(304).
22 Сонда. №149 папка. - Б.188-189.
23 ОҒКҚҚ, №1170 “б” папка. - Б.845(241).; Сонда. №1178 папка. - Б.20(34). 
24 Сонда. №1176 папка, №1 бума. - Б.84.; Сонда. №657 папка, №9 дәптер. - Б.1-7.; ҚПЖӘМ, 
Жолмұрат көшiрмесi, 4 топтама, 64 “ә” тiзiм.
25 ҚПЖӘМ, Жолмұрат көшiрмесi, 4 топтама, 65 “ә”тiзiм. - Б.2. ; Сонда. N1177 папка. - Б.240(193;120). 
26 ҚПЖӘМ, Фазыл көшiрмесi, 5 том, 6 тiзiм. - Б.22.
27 ОҒКҚҚ, №1178 папка. - Б.88,176(313).
28 ҚПЖӘМ, Фазыл көшiрмесi, 5 топтама, 6 тiзiм. - Б.22.
29 Абылай хан. / Құрастырған С.Дәуiтов. - Т.1. - Б.239. ; ҚПЖӘМ, Жолмұрат көшiрмесi, 4 топтама, 
54 “в” тiзiм. - Б.1-2. ; ОҒКҚҚ, №829 папка, №1 дәптер. - Б.6. ; Сонда. №1177 папка. -Б.248(201). 
30 ОҒКҚҚ, №1176 папка. - №1 бума. - Б.87(93).
31 Исақов Ә. Сыпатай туралы сөз. //Қазақ батырлары.-1991.-15.08.- 7.-Б.5.
32 Құдайбердiұлы Ш. Түрiк, қырғыз-қазақ һәм хандар шежiресi.-Б.80(70).
33 Көпеев М.Ж. Таңдамалы. / Дайындаған С.Дәуiтов. - Т.2. - Б.60.
34 Көпеев М.Ж. Атасының аты бiлiнбей өз аты шыққан ерлер. /Даярлаған Н.Жүсiпов. // Ақ Орда. 
– 1993. – №2. - Б.79-80.
35 Марғұлан Ә.Х. Ежелгi жыр, аңыздар. - Б.353.
36 Қазақ ССР тарихы (көне заманның бүгiнге дейiн). Бес томдық. - Алматы: Ғылым, 1983. - Т.2. - Б.58.
37 Торма И. Мажарстандағы Қотан батыр. // Қазақ әдебиетi. -1995. - 31 қаңтар. - №3-4. - Б.15. ; 
Голден П.Р. Құман-қыпшақтардың тайпалары мен рулары. // Ана тiлi. - 1998. - №12. 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
56
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
38 Абусеитова М.Х. К истории казахской государственностий XVI-XVII вв. // Государство и общество 
в странах постсоветского Востока: история, современность, перспективы: Материалы международной 
конференций.  -  С.24.;  Ее  же.  Казахстан  и  Центральная  Азия  в  XV-XVII  вв.  :  история,  политика, 
дипломатия. - С.123.
39 Көпеев М.Ж. Қазақ шежiресi. - Б.14-15.
40 Жандарбек З. Қазақ жүздерiнiң пайда болуы жөнiндегi жаңа деректер. // Государство и общество 
в странах постсовственного Востока: история, современность, перспективы: Материалы международной 
конференций. - С.57-58.
41 Тынышпаев М. Великие бедствия. - С.36-38.
42 Көпеев М.Ж. Таңдамалы. / Құрастырған С.Дәуiтов. - Алматы: Ғылым, 1992. - Т.2. - Б.63.
43 Галиев В.З. Хан Джангир и Орбулакская битва. - С.31-32.
44 Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XVI-XVII вв - С.105.
45 Марғұлан Ә.Х. Ежелгi жыр, аңыздар. - Б.45.
46 ОҒКҚҚ, №1178 папка. - Б.141(304).
47 ОҒКҚҚ, №1176 папка, №1бума. - Б.100(94;51)-107(101).
48 Сонда. Б.108(102;55)-111(105).
49 Сонда. Б.114(108;34)-120(114;61).
50 Сонда. Б.344(430;170)-345(431;171).
51 Сонда. Б.345(431)-346(432;172).
52 Көпеев М.Ж. Таңдамалы. / Құрастырған С.Дәуiтов. - Алматы: Ғылым, 1992. - Т.2. - Б.91-96.; 
ОҒКҚҚ, №1170 “а” папка. -Б.111(60)-124(67).
53 ОҒКҚҚ, №1170 “а” папка. - Б.124(67)-127(68).
54 ОҒКҚҚ, №1173 папка. - Б.394-406.
55 Сонда. Б.406-408.
56 Сонда. Б.408.
57 ОҒКҚҚ, №1645 папка. - Б.76(250)-83.
58 Сонда. Б.83-85.
59 Сонда. Б.85-87.
60 Сонда. Б.108-112,146-148.
61 ОҒКҚҚ, №1177 папка. - Б.221(264;147)-235(278;141).
62 Сонда. Б.236(279)-244(287).
63 Сонда. Б.244(287).
64 Сонда. Б.244(287)-248(291).
65 Сонда. Б.247(290;147)-248(291). 

57

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет