М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет11/31
Дата12.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#8949
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
тұрған  алып  белдеу  болуы  да  мүмкін  демекпіз. 
Мәшһүр-Жүсіп сонымен бірге жердің жаратылуын 
айтпас бұрын, сегіз жұмақ, жеті тамұқтың қалай 
жаратылғанын  да  тәптіштеп  баяндайды.  Осы 
орайда  көркем  шығармадағы  оқиғалар  орны 
ретінде  жұмақ  пен  тамұқ  алынуы  да  Европа, 
Азия халықтары әдебиетінде ертеден бар екенін 
дәлелдеу үшін, белгілі араб әдебиеті. Зерттеушісі 
Ә.Дербісәлиев  байқауына  иек  артқан  жөн  деп 
санаймыз.  Зерттеуші  онда  Х-ХІ  ғасырлардағы 
араб  шайыры  Абул-Ала  әл  Мағарридің  /973  ж. 
туған/ шығармасына сүйеніп пікір айтады:”Абу-л-
Аланың екінші бір“ Кешірім туралы арнау” атты 
трактаты да жоғарыда сөз болған туындысымен 
сарындас. Ғұламаның бұл еңбегі “әл-Карих” деген 
атпен белгілі болған Али ибн Мансур әл-Халабидің 
арнау хатына жауап ретінде дүниеге келген. Оқиға 
Дантенің “Құдіретті комедиясындағы“ жұмақ пен 
тамұқта өтеді“.[51] 
Біздіңше,  дастандағы  сегіз  жұмақ,  жеті 
тамұқты тек діни аңыз жемісі деп қарамай, онда 
да  әлі  бізге  белгісіз  ғарыштық  ұғымдар  болуы 
мүмкіндігін айтқымыз келеді. Осы орайда әлем 
негізін: су, от, ағаш, металл, жер құрайтыны туралы 
ертедегі Қытай ойшылдарының айтқандары [52] да 
“жердің-әлем бөлшегі“ екенін танудан туған болар 
деп  шамалаймыз.  Тек  Қытай  ойшылдары  емес, 
басқа да халықтардың көне аңыздарында әлем негізі 
дегенде,  от,  ауа,  су,  ағашты  алуда  ұқсастықтар 
болуында да ойланарлық жәйттер көп. Мәселен, 
Индияда б.э. алғашқы ғасырында әлем жаралуында 
мәні  үлкен  тоғыз  түр  аталады.  Алғашқы  бесеу 
ретінде: жер, су, от, ауа және “акаша“ деп аталатын 
ұғым  алынған.  Ал,  одан  кейін:  уақыт,  кеңістік, 
жан, ақыл берілген. Алғашқы бес ұғымды “бәсута“ 
деп алып, оны адамның: иіс, дәм, түс, сезгіштік /
сипат  білу/  және  дыбыс  түрінде  қабылдайтыны 
айтылады. Одан әрі жерге : иіс, дәм, түс, сезгіштік 
тән болса, суға-дәм, түс және сезгіштік, отқа-түс 
пен  сезгіштік,  ауаға-сезгіштік,  ал,  акашаға  тек 
дыбыс тән делінген.[53]
Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлы  “Жер  мен 
көк“дастанында жердің пайда болуын айтпас бұрын 
Құдайдың  алдымен  нұрды,  пердені,  “басқышы, 
тірегі  жоқ  “  ғарышты,  жұмақ,  тамұқты  қалай 
жаратқанын жазады. Осы орайда“ Жер неше күнде 
жаралған?”-деген сауал қойсақ, Мәшһүр-Жүсіпте 
көрсетілген мерзім мен оған дейінгі әдебиттердегі 
уақыт үндес екендігін көреміз. Мәселен, зерттеуші 
А.Қыраубаева  біздің  жыл  санауымыздан  3000 
жылдай  бұрын,  демек  айналасы  5000  жылдай 
бұрын Шумерлердің сына жазуларындағы мына бір 
дерекке назар аудартады:”Лондондағы Британия 
музейінің қызметкері археолог Джордж Смит мына 
жазбаларынан “Энума Элиш“ атты бір поэманы 
оқып шыққан. Сондағы көктің, жердің, дүниенің 
алты  күнде  жаралуы,  адамды  алтыншы  күнде 
жарату, тағы басқалары кейінгі діни кітаптардағы 
“қалыптасқан сюжеттерге” дәл келеді“.[54]
УП ғасырдың орта тұсында жазылған Құран 
Кәримде былай делінген:”Ол сондай Алла көктер 
мен жерді әрі екі арасындағыларды алты күнде 
жаратып, сосын ғарышты меңгерді”.[55]
1353 жылы жазылған Хорезмидің “Мұхаббат-
наме“ дастанында: “Жеті қабат алтындаған зәулім 
айван,// Жаратты алты күнде хақ тағалам,“ [56] - жыр 
жолдары  бар.  Зерттеуші  А.Қыраубаева  аңыздар 
мен көркем шығармаларда дәстүр сабақтасуы орын 
алғанын жазады:”Кейбір діни ұғымдар өте көне 
тайпалардың аңыз-әңгімелерінің негізінде туды. 
Сондай аңыздардың бірінде айтылатын жердің алты 
күнде жаралуы жөніндегі наным-түсінік Библияға, 
Құранға, басқа да діни кітаптарға енді.“Рабғұзи 
қиссаларына“ ол аңыз-әңгіме Құран арқылы келген“ 
[57]. Жердің тым аз уақытта жаратылуы құдайға 
сенбеушілер арасында, ғалымдардың белгілі бір 
тобы еңбектерінде күдік тууына негіз болып келгені 
белгілі. Осы орайда діни кітаптарда айтылған әр күн 
мен біз айтып жүрген күннің яғни оның әр батуы 
мен  шығуы  аралығындағы  “тәулік“  ұғымының 
бір  еместігіне  назар  аударғымыз  келеді.  Уақыт 
ұғымына жер планетасындағы күн мен түн ауысуы, 
тәулік аралығы тұрғысынан қарамай, ғарыштық /
космостық/ мұнарамен де бағдарлау керектігі анық. 
Расында да ғарыш тұғырынан қарағандағы әр күн жер 
бетіндегі неше тәулікке сай келетінін біз білмейміз. 
Демек білмей тұрып “Неге сонша аз уақыт?“-деп 
күдіктенуіміз  орынды  бола  қоймайтын  тәрізді. 
Мәшһүр-Жүсіпте де: “Құдайым жексенбі күн жер 
жаратты“,-деген өлең тармағы бар екенін ескерсек, 
уақыттың тым қысқалығы назар аудартатыны сөзсіз. 
Әйтсе де ақын шығармаларындағы тармақтарға жеке-
жеке шұқшиюмен шектелмей, оны тұтас қарастырып, 
осы дастанға көңіл бөлсек, уақытта әлемдік емес жер 
өлшемі тұрғысынан қарасақ та, қоршаған әлем тәрізді 
жердің жаратылуы да ұзаққа созылғанын көреміз:
Жаратты артық қылып әні нұр да,
Мақтайын жаным құрбан айтқан жерде.

63
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Үш жүз жиырма төрт мың жылдан соң,
Жаратты сонда он екі нұрға перде.
Ақын одан әрі перде жаратылғаннан бастап 
Адам пайда болғанға дейін де көп уақыт өткенін 
тәптіштеп баяндайды:
Құдіреттің пердесінен нұр толыпты,
Он екі мың жыл сонда орнығыпты.
Ғызматта он бір мың жыл мекен қылып,
Міннатта және он мың жыл отырыпты.
Рахматта тоғыз мың жыл қарар етіп,
Сегіз мың жыл сағадат қалыпта өтіп…
Демек  жердің  жексенбі  күні  жаратылуы 
туралы айтқан сөз, оның жаралу процесін емес, 
жаралып біткен күнін межелеуге арналған ба деп 
шамалаймыз.
Тіршілік  көздері  туралы  айтылған  ертедегі 
Қытай, Грек ойшылдары пікірлеріндегі отқа көңіл 
бөлушілікті [58] салмақтаумен қатар, мұсылман 
дініне дейін өмір сүрген зароастралық дүниетанымда 
да отқа табыну орын алғанын ескеру керек. Сондай-
ақ  Көне  Грек  мифологиясында  отты  әкелуші 
Прометейге көңіл бөлінсе, от ұрлаудың басқа да 
халық аңыздарында орын алуы адамдардың ертеден 
отты ерекше бағалауын танытады.
Бұл аңыздардың бәрінде оттың тіршілік үшін 
мәнді, пайдалы жақтары сөз болса, Құран Кәримде 
адамдарды  түрлі  күнәлардан  сақтандыру  үшін 
тозақ оты айтылып отырады.
Мәшһүр-Жүсіп дастанында күнәлі адамдарды 
жазалау үшін оттың тозақта атқарар қызметін бөліп 
көрсету жүзеге асқан:
Таусылып тамұқ оты бітпес дейді,
Жазалы жанып және кетпес дейді.
Тамұқтың тереңдігі сондай алыс,
Мың жылда тастаған тас жетпес дейді…
Алтынды  құнды  зат  ретінде  бағалау  Құран 
Кәримде бірнеше жерде кездесетінін дәйектесек, 
бұл металға көңіл бөлудің де қайнар көзі тым әріде 
екені дәлелденеді: 
1.”Күдіксіз  Алла  иман  келтіріп,  ізгі  іс 
істегендерді астарынан өзендер ағатын бақшаларға 
кіргізеді. Олар онда алтын және інжу білезіктермен 
безенеді“. 
2.“Олар  Ғадын  жаннаттарына  кіреді.  Онда 
алтын  және  інжу  білезіктермен  безенеді  де, 
олардың киімдері жібектен болады”.
3.“Жаннатқа  кіріңдер…  Оларға  алтыннан 
табақтар, кеселер ұсынылады“.
Мәшһүр-Жүсіп  дастанында  да  Алланың 
жаннатты қалай жаратқаны айтыла келе ондағы 
алтын-күмістің  асылдық  пен  әсемдік  белгісі 
ретінде пайдаланылатыны көрсетілген:
Жаннаттың жаратыпты жерін биік,
Бәрінен ол Ғадіні артық сүйіп.
Кірпіштің бірі-алтын, бірі –күміс,
Балшығын Мүсік, Ғамбар қосып құйып.
Есігін алтын қылды, тасын –яқұт,
Топырағы – таза жауһар жайды бар қып.
Ғақықтан рамкасы – бәрі гауһар,
Кіреміз иншалла болса бақыт. 
Мәшһүр-Жүсіп атамыз нұр және су, жер т.б. 
ролін көрсетумен қатар нұрдан болған қанадилден 
/шамнан/ ағаш жаратылғанына көңіл бөлгізеді:
Қанадилдан, жаратылған, нұрдан – ағаш,
Майы бар ол ағаштың нұрға жанас.
Тағы да өзі өз нұрымен өзі жанып,
Мағриб та, Машырық та емес, тұрған ағаш.
Ертедегі египеттіктер нанымында алып алтын 
ағаштың жер өзегі болып көкке дейін созылуын, 
ал  оның  жоғары  бұтақтарында  аспан  құдайы 
Нут  тұратынын  т.б.  еске  алсақ  та,  ағашқа  мән 
беру тарихының көне заманнан басталғанына көз 
жеткіземіз. Құран Кәримде де ағашты ең бір асыл 
ұғымды теңеу үшін пайдалану бар: “Көркем сөз 
/“Алладан  басқа  ешбір  тәңір  жоқ”  деген  сөз…/ 
тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш 
тәрізді”/258 б./ “Ол /ағаш/ Алланың бұйрығынша, 
әр уақыт жемісін береді.”/259 б./ 
“Дала уалаяты газетінде“ жарық көрген түрлі 
аңыздарда  да  ағашқа  ертеден  оң  көзбен  қарау 
белгілері бар. Мәселен, 1892 жылы берілген “Әр түрлі 
ағаштар турасынан“ деген мақалада ертеде ағашқа 
табыну болғаны, ағаш отырғызу, күту-бала өсіру 
тәрізді екені, оның мәні, ағаш отырғызу тәрбие екені 
насихатталады . Ал, 1889 жылы басылған бір аңыз 
әңгімеде Баялыш-жігіт ғашық болғанда, Арша-қыз 
оны менсінбегені, ақырында Баялыш әкесі Сексеуіл 
қайғыдан бүкірейіп, ал, Арша тасқа ғашық болып, 
сонымен бірге тұрып қалғаны баяндалады. 1890 
жылы жарияланған “Шайтанның үйі“ аңызында 
Алла тағаланың шайтанға түзу, қисық, ұзын, қысқа 
ағаштан басқасын ғана кесуге рұқсат бергені, онысы 
тыйым салғаны екені айтылады. Құраннан көп бұрын 
жазылған  Інжілде  /Библияда/  де  ағашты  сақтау 
туралы Алла аян бергені бар, онда құдай атынан 
сөйлеген пайғамбар-Мұсаның /Моисейдің/ адамдарға 
айтқан  нақылы  келтірілген  /бұрмаланбасын  деп 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
64
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
аудармасыз беріп отырмыз-Г.Ж./: “Если долгое время 
будешь держать в осаде /какой –нибудь/ город, чтобы 
завоевать его и взять его, то не порти дерев его от 
которых можно питаться“…
Алланың Адамды топырақтан қалай, қандай 
жағдайда  жаратқаны  туралы  Мәшһүр-Жүсіптің 
не жазғанын талдамас бұрын, бұл аңыздың бастау 
көзі  де  көне  әдебиеттерде  жатқанын  еске  алу 
керек.  Осыдан  5000  жылдай  бұрын  орын  алған 
Шумер аңызында Адамнан кейін екінші жаралған 
Хауа анамыздың Адам қабырғасынан жаралғаны 
туралы  аңызға  ұқсас  дерек  бар  екен.  Зерттеуші 
А.Қыраубаева  байқауына  назар  аударайық: 
“Шумер мифі бойынша Энки құдайдың қабырғасы 
ауырады.  Әйел  құдай  Нинти  оның  ауырған 
қабырғасын  жазады.  Шумер  тілінде  нин-әйел, 
ти-қабырға деген мағынаны білдіреді екен. Сонда 
“қабырғадан шыққан әйел“ деген ұғым туады“.
Құранға дейін жазылған Інжілде /Библияда/ 
Адам жаратылуы туралы былай деп жазылған: “И 
создал Господь Бог человека из праха земного, и 
вдунул в лицо его дыхание жизни, и стал человек 
душою живого. И насадил Господь Бог рай в Едеме 
на  востоке,  и  поместил  там  человека,  которого 
создал“,  ”Господь  создал  человека  из  земли,  и 
опять возвращает его в нее“.
Қ ұ р а н д а   д а   А д а м н ы ң   т о п ы р а қ т а н 
жаратылғаны  қайталанып  ескертілген:”Адамды 
топырақтан жаратып, оған жан салды“ “Расында 
адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап 
құрғағанынан жараттық.”
Зерттеуші  Ақжан  Машанов  Әбу  Насыр  әл-
Фарабидің /Х ғасыр/ осы мәселеге қатысты пікіріне 
көңіл  бөледі:  “Әл-Фараби  осы  формалардың 
бәрін  зерттеп,  олардың  қатынастарын  тапқан… 
Солардың ішіндегі ең негізгісі, ең басты орнықтысы 
Текше /күй/ яғни Қағба. Ол жер тектес заттардың 
бейнесі.  Сол  заттан,  яғни  топырақтан  адам 
жаралған. Алғашқы нұр сол топырақты үнатып, 
соған тоқтаған.“
Мүсылман  елдеріндегі  ақындардың 
қайсысында  болса  да,  Адамның  топырақтан 
жасалғаны діттелгені белгілі. Омар һайям /ХП ғ./:
Саздан жасап мені Алла әріректе,
Білмепті өзіне де барын өкпе.
Өзі берген қауқармен күнә қылсам,
Пейішке жібермеуі әделет пе?
/Аударған-А.Бекбосынов/
Зерттеуші  Ә.  Қоңыратбаев  Омар  һайям 
шығармашылығын  қарастыра  келіп:”…  адам 
баласының топырақтан жаралып, қайта топыраққа 
айналатынын айтады“, –деп тұжырымдайды. 1310 
жылы жазылған “Рабғұзи қиссалары“ кітабында 
Адамның қалай жаралғаны туралы айтылған:“Құдай 
Жебірейілді  үш  түрлі  топырақ  алып  кел  деп 
жұмсайды.  Жер:“Менен  топырақ  алма”,-дейді.
Жебірейіл жердің көңілін қимай, қайтып келеді. 
Құдай Исрафилды жібереді. Ол да алмай қайтып 
келеді.  Ең  соңында  Әзірейілді  жібереді.  Жер 
Әзірейілге де жалынады. Әзірейіл:”Сенің сөзіңнен 
Алланың хүкімі күшті“-дейді де, жерден үш түрлі 
топырақ алады.” 
1903 жылы Қазанда жарияланған “Қисса сұл 
Әнбия“  кітабында  Жердің  бірінші  Жебірейілге, 
екінші  Исрафилге,  үшінші  Михаилге  топырақ 
бермегені, ал төртінші болып келген Әзірейілдің 
Жерді тыңдамай топырақ әкетуі баяндалады.
Жалпы,  әсіресе  Қазан  төңкерісіне  дейін 
Адамның топырақтан жаралуы жиі еске салынды 
десек, соның бір көрінісі: Әбубәкір Кердері /1861-
1905/ ақынның мына бір өлең жолдары: “Әуелі, 
Алла, жараттың,// Топырақтан халық етіп“.
Мәшһүр-Жүсіп дастанында да Алла тағаланың 
Адамды топырақтан жаратпақ болып, Жебірейіл 
періштеге әмір бергені бейнеленген: 
-Топырақтан жаратамын адам,-дейді,
-Жібірейіл, бұйырамын саған!-дейді.
-Бар-дағы мышырық - мыхырып арасынан,
Бір уыс топырақ әкел маған!-дейді.
Осы орайда топырақ алуға келген Жебірейіл 
періште  мен  Жердің  болашақта  пайда  болмақ 
Адамға баға берулері назар аударарлық:
-Құданың білмен сырын тамам,-дейді,
-Жаратар ол топырақтан адам,-дейді.
-Көбейіп адам ұлы жаралған соң,
Бұзықтық қылар олар жаман!-дейді…
-Жебірейіл, олай болса алма менен,
Өзімнен жаралған соң болар денем.
Тағы да салып маған азап қылса,
Болармын шыдай алмай мұнан төмен.
Міне, осы сөздерді оқығаннан кейін, қазіргі 
адамдардың  Жер-Анаға  тартқызған  зобалаңын, 
топырақ эрозиясын, жер беті, су-бәрі ластанып, 
жалпы тіршілікке қатер төнгенін салмақтасақ, бір 
кездегі Жебірейіл мен Жер мазасыздануы негізсіз 
еместігін көреміз. Адамды топырақтан жаратудың 
да  ұзақ  уақытты  қамтығаны  дастанда  нақты 

65
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
көрсетілген:”Жатқызды  қырық  жыл  жерде  дене 
қылып,//Пісірді дене қылып құмға орап“.Осылай 
қырық жыл дайындалған денеге жан кіруі де тым 
ұзаққа, екі жүз жылға, созылады: “Желкесінен екі жүз 
жыл айналып,// Сонда жан қиналумен кетті кіріп“.
Алла тағаланың алдымен: ақыл, иман, ұятты 
қатар  ұсынып,  қайсысын  бірінші  таңдауды 
Адамның өзіне беруі көңіл бөлерлік:
Құдайым Жебірейілге: “Барсын!“-депті,
Ғақыл, иман, ұятты алсын!-депті.
-“Үштің бірі қанға жарар”,-деген мақал,
Адам таңдап біреуін алсын!-депті.
Осы орайда көне Грек мифологиясында Приам 
патша баласы Паристің жеңіс даңқын бермекші 
болған Гера сыйлығына қарамай, әйелдердің ең 
сұлуын уәде еткен Афродитаға алма ұсынғаны, сол 
арқылы көрікті әйелді, жоғары бағалағаны еске 
түседі. Ал, Абайдың “Масғұт“ поэмасында таңдау 
мүмкіндігі берілгенде, Масғұттың ақыл, дәулетті 
алмай, махаббат символы қызыл жемісті қалауы да 
сұлу әйелді махаббатты жоғары бағалаудың көне 
аңыздарда орын алғанын көрсетеді. Демек көне Грек 
аңызында, сондай-ақ Шығыс аңызына негізделген 
Абай  дастанында  жеке  бір  адамның  алдымен 
махаббатқа ойысуы сөз болса, Мәшһүр-Жүсіпте 
ең алғаш жаралған Адам-атаның ақыл, иман, ұят 
ішінен алдымен ақылды қалағаны көрсетілген:
Адам таңдап бәрінен ақылды алған,
Ақыл барған жеріне иман барған.
Сол иманның соңынан ұят еріп,
Үшеуі бір арадан орын алған.
Алла тағаланың Адам атаға кигізген киімінің, 
алғашқы киімнің жібектен болуы да көңіл бөлерлік:
Түзетіп сонда көңілін сүйіндірді,
Тап-таза өңшең жібек киіндірді,
Ұжмаққа періштелер алып келіп,
Әр нәрсенің аттарын біліндірді.
Жібек  киімнің  Құран  Кәримде  де  орын 
алғанына назар аудартқымыз келеді. Онда жібек 
киімнің  жұмаққа  кіргендерге  арналғандығы 
бірнеше жерде айтылады:1.”Күдіксіз Алла иман 
келтіріп,  ізгі  іс  істегендерді  астарынан  өзендер 
ағатын бақшаларға кіргізеді… Ондағы киімдері де 
жібек болады“ /334 б./ 2.”Олар Ғадын жаннаттарына 
кіреді… Олардың онда киімдері жібектен болады“. 
/438 б./ 3.”Шын мәнінде тақуалар аман бір орында 
болады.  Бақшаларда,  бұлақтарда  жұқа  қалың 
жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады“. /498 б./
Біз өткен ғасырлардағы белгілі бір ақындар 
шығармашылығын  сөз  еткенде,  ондағы  ақыл 
айтуларды т.б. бөліп қарастырып, соның бастау 
көзі  қайда  жатқанына  көңіл  бөле  бермейміз. 
Осы  орайда  Мәшһүр-Жүсіп  дастанының  көне 
аңыздарға сүйеніп жазылғанын еске алсақ, ондағы 
Адам-атаның  балаларына  айтқан  ақылы  соңғы 
2-3  ғасырда  көзге  түскен  ойларға  негіз  болу 
мүмкіндігіне ден қоямыз:
Бірі – бұл дүниеге көңіл қойма,
Болдым деп құмар болғанмен де ойла.
Жаннатта тұрамын деп ойланам деп,
Ақырында түсіп кеттім терең ойға!
Екінші, қатындардың алма тілін,
Мен алам деп тәркі қылдым ұжмақ төрін.
Үшінші не іс қылсаң ойла соңын,
Мен ойламай іс соңын көрдім мұңын,
Төртінші, жөнін білмей істі қылма,
Білмей бір іс қылам деп әуре болма.
Бесінші, біреуменен ақылдас бол,
Кеңессем, маған мұндай бала бар ма?
Шығармада  одан  әрі  Адамнан  тараған 
ұрпақтар шежіресі, кімнен кім өрбігені беріледі. 
Бұл тұста тарих ғылымы үшін құнды мәліметтер 
баршылық екеніне көңіл бөлу керек. Шығарма соңы 
Мұхаммед пайғамбар өмірін жеке бөліп бейнелеуге 
арналған. Осы орайда Мәшһүр-Жүсіптің кейінірек 
жазылған “Хаятбақшы“ дастаны мен осы поэманың 
соңғы  бөлімінде  тақырып  ұқсастығы,  үндестігі 
бар  екеніне  назар  аударамыз.  “Жер  мен  көк“ 
қиссасының  соңғы  бөлімі  де,  “Хаятбақшы“  да 
Мұхаммед  пайғамбардың  дүниеге  келуі,  бала 
кезінде көрген қиындықтарын көрсетуге арналған. 
Тек “Хаятбақшыда“ Мұхаммедтің ерекше екенін 
дәлелдеу бірден-бір негізгі арна болса, “Жер мен 
көк“ қиссасында пайғамбар жеке алынбай әлем, 
жер  жаратылуының  заңды  жалғасы,  соның  бір 
мәнді  бөлшегі  ретінде  беріледі.“Хаятбақшы“ 
тәрізді  бұл  шығарманың  соңғы  бөлімінде  де 
пайғамбар шеккен қиындықтар нақты көрсетілген:
Он екі жасқа жетті Мұхамедім,
Болғанда өзі нашар, өзі – жетім.
Беруге бұған қалың малым жоқ деп,
Ойланды Әбутәліп іші ниетін.
К е й і н   ж а з ы л ғ а н   “ Х а я т б а қ ш ы “ 
дастанындағыдай мұнда да Әбутәліптің өтінішімен 
бай әйел Хадишаның жас жігіт Мұхаммедті сауда 
керуеніне қызметке алғаны баяндалады. Дастанда 
Әбутәліп, Мұхаммед, Әбубәкір, Хадиша бейнелері 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
66
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
бірер қырымен ашылған. Шығармадағы орталық 
бейне  Мұхаммедке  келсек,  автор  қаһарманның 
сырт  әрекетін  тамашалап  кетпей,  көбіне  ішкі 
сезімін, психологиясын нақты ашуға ден қойған. 
Мәселен, сауда керуеніне ілесіп, алғашқы сапарға 
шыққан  кездегі  Мұхаммедтің  ішкі  сезімі,  мұңы 
шынайы берілген:
-Жалшылық шын болды ма киген киім,
Балалар үйінде жүр менің теңім.
Қарайды өзге жұрттың ата-анасы,
Артымнан қалар менің қарап кімім?!
Мұхаммедтің  осылай  мұңаюы  автордың 
ауыз  әдебиетіндегі  батырлар  жырындағыдай 
ерекше  кесек  әрекетті,  күштілікті,  ерлікті  емес, 
қарапайым  адамға  /ерекше  емес/  тән  әдеттегі 
сезімді тереңдеп жырлауын танытады. Мұның бәрі 
ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі реализм әдісінің 
кемелдену, толысу жолын айқындай түседі десек, 
болашақ  пайғамбарға  осы  сапардың  өзінде-ақ 
бұлт еріп жүруі қарапайымдылық пен ерекшелік 
астасуын, ерекшеліктің оқшау өмір сүрмей, сол 
қарапайыммен қанаттас өрілуін, демек шындықты 
күрделі қалпында бейнелеу үлгісін көреміз:
Дүние –ай, сондай сенің күнің бар-ды,
Әрқашан ғаріплерге құдай жар-ды.
Басына бір ақ бұлт сая болып,
Жебірейіл өзін түзу жолға салды.
Мәшһүр-Жүсіп  шығармасында  берілген  ақ 
бұлт /одан кейінгі “Хаятбақшы“ дастанында да ақ 
бұлт бар/ ақынның ойдан қосқаны емес, сол кезең 
туралы айтылған әңгімелердің бәрінде кездесетіне, 
демек  тарихи  шындық  деуге  боларлық  көрініс 
екеніне  көңіл  бөлген  жөн.  Мәселен,  Мұхаммед 
өміріне  арналған,  арнайы  тарихи  деректерге 
сүйенген кітапта христиан діні уағызшысы Баһира 
сауда керуені ішіндегі Мұхаммед басына үйірілген 
бұлтты байқайды:”Баһира керуенімен бірге жалғыз 
ғана Мұхаммедке көлеңкесін түсіріп, аспанда бір 
шөкім бұлттың ілесіп келе жатқанын көрген.“ Осы 
орайда  пайғамбар  өміріне  арналып,  1914  жылы 
кітап болып басылған Шәді төре Жәңгірұлының 
“Назым  Сияр  Шәриф  “дастанында:  “Үстіне 
Мұхаммедтің бір ақ бұлт// Жүреді күн тигізбей сая 
етіп,“-делінгенін еске алу орынды.
Мұхаммедтің ерекшелігін танып, жолшыбай 
қонақ  қылушы  Раһыптың  көрегендігі  де  жас 
жігіт  сипатын  ашумен  бірге  қоршаған  ортада 
жаралған адамдар бар екенін әйгілей түседі. Сый 
көрсетуші Мұхаммед ерекшелігін байқаумен бірге 
ол  келешек  қиындықтарды  да  алдын  ала  біліп 
ескертеді:”Егер де сіздер барсаң, Шам шаһарға,//
Осының Жүһүдтерден жасыр,-депті“.
Мұхаммед  ілескен  керуен  бір  шаһарға 
кіргенде,  теміршінің  темірі  өзінен-өзі  балқып 
кетуі  де  жолаушы  жігіт  ерекшелігіне  меңзейді. 
Бұл  жаңалық  сырын  жиналған  ғалымдар  пікірі 
арқылы  білген  патшаның  қуғын  салуы  тұсында 
Әбубәкірдің Мұхаммедті қапқа салып алып қашуы 
да назар аударарлық жәйт. Мұхаммедтің қап ішінде 
жатуы  оның  қарапайым  пендеге  тән  сипатын 
танытады. Батырлар жырында ерекше адамның, 
батырдың,  қашуы,  жасырынуы  мүлде  болмаса, 
мұнда ерекшенің де әдеттегі пендеге тән іс-әрекеті 
шынайы бейнеленген.
Шығармада  одан  әрі  арық  қатпа  түйенің 
Мұхаммед  мінгеннен  кейін  семіз,  жарау  түйеге 
айналуы  да  /Бұл  да  кейін  “Хаятбақшыда“ 
қайталанады  /-қаһарман  ерекшелігін  дамытып 
бейнелеу  үлгісі.  Соншалық  керемет  қолдау, 
қамқорлыққа ие болса да, түнде адаса жаздаған 
кезде  /”Батырлар  жырында”  батыр  адасуы 
ұшыраспайтынын да еске алайық-Г.Ж./ кезіккен 
Жебірейілден  Мұхаммедтің  қорқуы  да  онда 
әдеттегі адамға тән сипат басым екенін дәлелдейді. 
Сөйтіп бұл дастанда орталық бейне Мұхаммедтің 
әрі  қарапайым  пендеге,  әрі  ерекше  қаһарманға 
лайық  сипаттармен  мүсінделіп,  күрделі  тұлғаға 
айналғанын көреміз.
Дастанда  Мұхаммед  жұбайы  Хадиша 
да  өз  ерекшеліктерімен  біршама  танылған. 
Шығармада  Қабыл  деген  байдың  жалғыз  қызы 
Хадишаның  Мұхаммедті  түсінде  көріп:/Бұл  түс 
көру  де  “Хаятбақшыда  “  бар/  “Мұхаммед  туса, 
соған  тиемін“,-деп  шешкені  айтылады.  Бірде 
інісін жұмысқа алуды өтініп Әбутәліп келгенде, 
Хадиша оны бірден жақсы қабылдап, Мұхаммедті 
орналастыратынын,  жас  жігітке  басқадан  екі 
есе  артық  ақы  төлемек  екенін  айтады.  Ішінде 
Мұхаммед бар сауда керуені аттанарда да Хадиша 
қамқорлық танытады:
Жүк қойды өңшең таза қара нарға,
-Жекіріп Мұхаммедке ашуланба!
Қайтқанда сүйіншіге мұны жібер,
Солай!-деп, тапсырады барша жанға.
Сүйінші сұрайтын адамның тап қай күні, қай 
сағатта  келетіні  белгісіздігін,  ол  кезде  телефон, 
телеграмма  жоқтығын  салмақтасақ  ,  Мұхаммед 
оралғанда,  Хадишаның  тысқа  шығып,  күтіп 

67

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет