Резюме
В данной статье рассматриваются психологические основы интеллектуального развития детей школьного возрас-
та с нарушениями слуха.
Summary
In this article psychological basics of intellectual development of children of school age with a hearing disorder are
covered.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ,
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖҤЙЕСІНДЕ
КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ
С.Кунай – аға оқытушы, Бастапқы әскери дайындық мамандығы,
Е.Е. Оспанқҧлов – Дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс магистранты
Болашақ маманды сауықтыру, дене шынықтыру жүйесінде кәсіби дайындау жӛнінде айтқанда,
алдымен сол сауықтыру, сауаттылық туралы ғылыми түсініктерді зерттеуден бастайық.
Дене тәрбиесімен жаттығу кезіндегі бақылау мәселелерін ХХ ғасырдың басында-ақ В.В. Гориневский
мен П.Ф. Лесгафт қойды. Педагогикалық бақылау жүйесін іс жүзіне ұйымдастырудың алғашқы амалы
И.П. Клужинскийдің атымен байланысты, ол 1925 жылдың ӛзінде спорттық ойындарда мамандандырыл-
ған спортшылармен тәрбие жұмысы мәселелерімен айналысты. Бұдан әрі бұл проблема бірқатар зерттеу-
шілердің еңбектерінде әзірленуде.
Бүгінгі таңда педагогикалық бақылаудың кешенді жүйелерін құру үшін алғышарттар бар. Олардың
элементтері, бір жағынан, жарыс (спортымен шұғылданатындар емес) қызметінің тиімділігін бағалау
әдістері, ал екінші жағынан, жаттығу жүктемелері мен дене бітімі мен денсаулықтың жекелеген фактор-
ларының деңгейін объективті бақылауға мүмкіндік беретін арнайы іріктеліп алынған тесттер болып
табылады. Педагогикалық бақылаудың теориялық және практикалық мәселелері қазіргі кезде дене
шынықтыру-сауықтыру жаттығуларын оңтайлы бағдарламалауға байланысты қаралады.
Осы проблеманың іргелі зерттеу нәтижелеріне жүргізілген талдау денсаулықтың ғылыми негізделген
тұжырымдамасының, оның дәл анықтамасының жоқтығы туралы мәселені анықтайды. Денсаулыққа
және оны айқындайтын факторларға арналған кӛзқарастардың қаншалықты әр түрлі екендігін кӛрсететін
бірнеше анықтамаларды бар.
Денсаулық – бұл барынша тұрақсыз кӛрсеткіш. Ол экзогенді (сыртқы) және эндогенді (ішкі) факторлар
арқылы үнемі ӛзгеріп тұратын – биологиялық құбылыс болып табылады.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Халық денсаулығы» атты Мемлекеттік бағдарламасында халықтың
денсаулығын нығайту – бірінші кезектегі шаралардың бірі екендігін атап ӛткен. «Халықтың денсаулығы
дегеніміз – ел қауіпсіздігінің ӛркендеуі мен ӛркениеттің басты ӛлшемі» деген бағдарламада Қазақстан
азаматтарының саулығына әсер ететін барлық жағдаяттар жан-жақты мұқият ескеріліп тұжырымдалған.
Бағдарламаның басты мақсаты – халықтың денсаулығын нығайту, демографиялық ахуалды жақсарту.
Бағдарламаға ӛзегі болған басты мәселе Бүкіл Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ХХІ ғасырда
баршаның саулығын сақтау үшін деген басты принципке үйлесіп жатыр [1].
ХХІ ғасырдағы қоғам жалаң адамдар тобынан емес, отандастарымыздың, болашақ ұрпақтарымыз-
дың денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен ӛздігі-
нен білім алудағы шығармашылық қабілеті ерекше, қоғам болашағын ойлайтын, салауатты тұлғалар-
дан тұруға тиіс.
Осы заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдай, ӛмір сүру деңгейінің тӛмендеуі, экологиялық дағда-
рыс Қазақстан Республикасы халықтарының денсаулығына әсерін тигізуде. Әсіресе, ӛскелең ұрпақтың
денсаулығының нашарлау себебі, рухани құндылығының құнсыздануы, санитарлық-гигиеналық мәдени-
еттің тӛмендігі, денсаулық туралы білімнің жеткіліксіздігі, ӛз денсаулығына жауапкершіліктің болмауы,
салауатты ӛмір салтын қалыптастырудың мақсат-міндеттерін жете түсінбеуден болып отыр. Бұл тек
Қазақстан Республикасын ғана ойландырып отырған мәселе емес. Сондықтан, әлем ғалымдары адам
денсаулығына әсер ететін маңызды биологиялық, әлеуметтік факторға кӛңіл бӛліп, қоғамды сауықтыру-
дың тиімді жолдарын зерттеумен айналысуда.
АҚШ-тың «Халық денсаулығы» ұлттық бағдарламасында қоғамдық денсаулық мәртебесін жақсарту-
дың мынадай үш амалы кӛзделген:
- денінің суалығын қамтамасыз ету;
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж.
109
- денсаулықты сақтау;
- аурудың алдын алу.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының алты халықаралық орталықтарының бірі Қазақстанда
орналасқан. 1978 жылы «Алматы декларациясы» қабылданып, ғасырдағы Денсаулық сақтаудың ұлы
хартиясы» деген мәртебеге ие болған (Хартия – дүниежүзілік мәні бар халықаралық құжат).
1986 жылы адам денсаулығының эвалюциялық қызметін алғаш сипаттаған И.И. Брехман «Валеоло-
гия – наука о здоровье» деген еңбегін жазды [2]. И.И. Брехман денсаулық туралы валеологияның, педаго-
гика және медицина ілімінің дені сау адамды қалыптастырудың негізін қалаушысы. Ғылымға енгізген
валеология терминінен кейін, 1995 жылы Қазақстан Республикалық Денсаулық орталығы тарапынан
«Қайткенде денің сау болады?», «Валеология» деген халықтық медицина және гигиена бағытына ұмтыл-
ған бағдарла-малар дүниеге келді.
Л.З. Тель «Валеология человека – философия жизни» деген еңбегінде (валеология – valеo – «дені сау»,
logos – «ілім, ғылым» деген сӛзі) валеологияның негізгі міндеті мен мақсаты – денсаулық деп, әрбір жеке
адамның денсаулығы қоғаммен тығыз байланысты екенін айтады. Оның дәлелдеуі бойынша валеология
ғылымы басқа ғылымдар сияқты ӛз бастауын тарихи тереңнен алады [3].
В.П. Казначеев – адам экологиясы жүйесінің авторы, экономикадағы денсаулықтың маңызын белгіле-
ген. «Основы общей валеологии» еңбегінде валеология – аксиологиялық бағыт, денсаулықтың болаша-
ғын қамтамасыз етуге, бағытталған ғылым деп сипаттама береді [4].
Алғашқы қауымдық кезден-ақ адам қозғалысы ӛз ортасын әр түрлі салт-дәстүрлермен, белгілі ритуал-
дармен қамтамасыз еткен. Бұл ӛзінше валеологияның бір түрі болып саналдады. Мұндай іс-әрекеттер
инфекциялық ауруларға қарсы тұруға және күш жинауға елеулі әсерін тигізіп отырған. Ерте заманғы
валеология – мистика, (жұмбақ, түсінбеушілік, религиялық) діни салт-дәстүрмен байланысты болғанын
байқауға болады. Ал дененің сымбаттылығы, саулығы, сұлулығын сақтау жӛнінен Ежелгі Грецияда
гимнастика, дене шынықтыру, сулы процедура әдістері кеңінен тараған. Дененің сымбатты, сұңғақ та
сұлу денсаулықтың мәнісін британдықтар мен голландықтар, германдықтар мен скандинавтар, скифтер
және т.б. жақсы түсінген.
Ежелгі кездің ӛзінде-ақ адам шымырлық пен адамгершілік жетістіктеріне баса назар аударған. Ежелгі
грек армандары мифтік, аңыздық кейіпкерлерге теңеумен орындалған. Мысалы, Антей, Атлас, Персей,
Атланит, Геракл, Прометей ӛздерінің мықты күштері, батырлығы, тӛзімділігі, шымырлығы, ширақтығы
т.б. игі қасиеттері арқылы ӛзгелердің арманына айналған.
Валеологиялық идеялардың біздің эрамызға дейінгі II-V ғасырларда Ежелгі Римде валеотугенария
құлдардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігіне жауап беруден пайда болған.
Осы уақытта Грецияда шынығу, дене жаттығулары және салауатты ӛмір салтының маңызының негізі
қаланған.
Гиппократ (4-5 г. б.э.д.) сыртқы факторлардың маңызын және конституциясын белгілеп, валеология-
лық идеялардың пайда болуын болжаған. Жалпы ғылымда Гиппократ – валеология ғылымының атасы
болып есептеледі.
Бұл жерде Авиценаның (Ибн Сина 981-1037 ж.) орны ерекше. Ол адамның физиологиялық жағдайын
бірінші болып 6 градацияға бӛлген:
- шегіне дейін дені сау;
- дене сау, бірақ шегіне дейін емес;
- дене сау емес, бірақ ауру емес;
- дене қалыпты жағдайда, бірақ тез қабылдағыш;
- дене жеңіл аурумен ауырады;
- дене шегіне жеткен ауру.
Алғашқы дәрігерлердің бірі VI-VII ғасырда ӛмір сүрген Кротондық Алклимон Пифогормен тығыз
байланыста болып, адам ағзасының қалыптасуы мен қызметін Пифогор ілімімен байланыстырып түсін-
дірген. Ол «адамға әрдайым кері күш әсер етіп тұрады», – деді. Аклимон адам миының психикасын, кӛру
жүйесін, мүшенің сезу жүйелерін бірінші болып ашқан.
Ӛз дәуіріне сай дамыған мәдениеті, тӛл жазуы, тәлім-тәрбиесі, білім-білігі болған бабаларымыз сонау
V-VIII ғасырдың ӛзінде мәңгі ӛлмес құнды мұраларды ұрпақ қамы үшін қалдырған. Кӛне түркі жазуымен
тасқа қашалып жазылған ескерткіш Орхан-Енесей жазулары ғылымда, қазіргі адамзат мәдениетінің
дамуында елеулі орын алатыны айқын. Ондағы Ержүрек қолбасшы Күлтегеннің, білікті мемлекет қайрат-
керлері Тоныкӛктің құлпытасына қашалған жазулардағы кӛптеген кӛркем бейнелер, қанатты сӛздер,
ұтқыр тіркестер қазақ тілінде күні бүгінге дейін қолданылады.
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г.
110
Сол ғасырдың ӛзінде мәдениеттің экономиканың, әлеуметтік жағдайдың, ұрпақ саулығының жақса-
руына, имандылығына қам жеген ұлылар болған. Қазақ жерінен шыққан мәшһур Аристотельден кейінгі
екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің, одан кейін Шығыста кеңінен танымал болған астроном әрі
математик Аббас Жауһари, филолог Ысқақ әл-Фараби, географ Жанақ әл-Қимақи еңбектері отандық
білім мен мәдениеттің шыңы және ұрпақ қамы, оның ӛресі мен болашағына арналған, құнды мұра.
Тауасарұлы Қазыбек бектің «Түп-тұқианнан ӛзіме шейін» атты еңбегі ұлттық психологиядан ұрпақ
салауаттылығына арналған [5].
Дегенмен, XV ғасырда жазылып, араға бес ғасыр салып, барып қолымызға жеткен қазақ халқының
ұлттық мәдениетіндегі елеулі құбылыс, асыл еңбек, қасиетті қазына – халық даналығының айғағы
Ӛтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянының» орны ерекше.
XV ғасырда ӛмір сүрген ғұлама, шипагер, жаһанкер, тарихшы, этнограф, философ, ақын, астроном,
биолог, химик, биолог, психолог, географ, ұстаз, этика, моральдың асқан білгірі Ӛтейбойдақ
Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянынан» имандылық негізінде салауатты ӛмір салтын қалыптастыру-
ға қатынасты мол қазына алуға болады.
Онда «Жетіге тиіспеу, қырық бірге жұғыспау, он екіден айрылмау» – дейтін ӛнеге ӛсиеттер бар. Оны
адам баласы орындауға тиісті шартты принциптер екенін ескеруіміз қажет.
Ағылшын ғалымы шешекке қарсы вакцинаны 1796 жылы анықтаса, ал Ӛтейбойдақ одан 350 жыл
бұрын тапқан.
Шешек аурумен қара халықты тарыдай қырып салған жылы күндіз-түні демалыссыз тәжірбие жасаған
шипагер, шешек суын (вакцинаны) былай дайындаған; баланың шешек іріңін алып, тананың шап терісін
тіліп, қан шыққан соң жағады. Ол жер бір жұмадан соң жұдырықтай болып томпаяды. Томпақты жарып,
қамсек қурай қуысымен бүйрек қабына құйып, күн тимейтін салқын жерге қойып, ағашты қаламдай
үшкірлеп, шешек болған баланың білегіне жағып, жаққан жерді инемен сызып қойып отырған.
Әз Жәнібек қазаққа жеті атасына дейін қыз алысуға тыйым салған жарлығы да Ӛтейбойдақ ақылымен
жарияланған. «Тӛрт атадан аспаған рулар арасынан қыз алысқандардың қаны азғанды кӛзім кӛрді.
Сондықтан, жеті атадан әрі қыз алыспақ шарт. Отыз-қырық атадан қыз алысса, ұрпағы зейінді, ӛнерпаз,
аңғарлы, денсаулығы мықты болмақ», – дейді ғұлама. Бұл жерде генетикалық кӛрегендік талдау, қоғам-
ның, ұлтының болашағына, ұрпақтың саулығына баса назар аударған.
«Медицина ғылымының атасы» біздің дәуірімізге дейінгі – 460-370 жылдар аралығында ӛмір сүрген
ежелгі грек халқының ұлы дәрігері, Ибн Сина ӛзінің дәрігерлік ғылыми «Ережесінен» ӛскелең ұрпақ үшін
салауатты ӛмір салты тәрбиесінде ерекше маңызы бар мағлұматтарды алуға болады. Ол денсаулықты
сақтаудың және нығайтудың, валеологиялық кодекстің талаптарын шығарды. Ибн Сина тамақтану,
ұйқының, оқудың және еңбек режимін яғни, ережелерін міндетті түрде сақтауды бұйырады. Оның пікірі
бойынша, санитарлық-гигиеналық ережені білмеу – еңбек барысында ағзаға зиян келтіреді дейді.
Сондықтан, Ибн Сина адамдардың барлық жас кезеңдеріне санитарлық-гигиеналық тәрбиені ұсынады.
Осы аспектілердің кӛбі балаларға тікелей арналады.
Ибн Сина денсаулықты сақтаудың негізгі себептері денсаулыққа әсер ететін тепе-тендікті сақтайтын
қажетті негізгі факторларды, шамалас себептерді анықтайды. Ондай себептерге дәрігердің негізгі үлкен
және тұрақты айналысатын жұмыстары;
- болмыстың тепе-тендігі (дене құрылысының үйлесімді тұрақталуы);
- қоректі таңдау (тамақтану режимі);
- денені, ағзаны шлактан тазарту (яғни денедегі шлактан және зиянды метоболиттерден тазарту);
- дене құрылысын дұрыс сақтау (дене органдарының ӛзара тепе-теңдігін сақтау);
- мұрын арқылы тыныс алуды жақсарту;
- киімге бейімделу (яғни киімнің тазалығы);
- дене және рухани қозғалыстың тепе-теңдігі (шаршау, салғырттық пен сергектілікке байланысты);
Ибн Синаның денсаулықты сақтаудағы басты міндеті, жоғарыда аталған принциптерді ерте кезден
ұстауды ұсынады.
Ибн Сина балалардың және ересектердің денсаулығын сақтау үшін сусын мен қоректік заттарға аса
кӛңіл аударуға кеңес береді. Ол үшін міндетті түрде жас ерекшелікті ескере отырып, жеке тамақтану,
онымен қоса еңбектің түрлері, жынысы, денсаулық жағдайы, жыл мезгілдері т.б. себептер ескерілуі қажет
дейді. Гигиеналық тамақтану режимі және диета сақталуы есептелуі керек. Гигиеналық ереженің сақталу-
ына келесі жағдайлар жататыны белгілі, қандай ӛнімдер кӛбірек пайдалану керек және неге, тамақты
қабылдау мезеттегі сезімі, тамақтанудың аяғы, алкогольдік сусындарға қатысы. Осындай ережелерді
ескере отырып, қымысты барлық жас кезеңдерде тамақтанудың мӛлшерін, гигиена, денсаулық сақтаудың
жолдарын қадағалауға кеңес береді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж.
111
1.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Қазақстан Республикасы халықтарын сауықтыру бағдарламасы. –
Алматы: Білім, 1997 – Б. 256.
2.
Брехман И.И. Философско-методологические аспекты проблемы здоровья человека // Вопросы философии,
1982 - №2 – С. 48-53.
3.
Тель Л.З. Валеология человека – философия жизни. В 3-х том. Академия, Валеологии, РК Астана,
1999. – С. 49-53.
4.
Казначеев В.П. Очерки теории и практики экологии человека. – М., Наука, 1983 – 260 с.
5.
Тауасарұлы Қазыбек бек. Түп-тұқианнан ӛзіме шейін. – Алматы: Жалын, 1993 – 416 б.
Тҥйін
Педагогикалық жоғарғы оқу орындарындағы, болашақ мамандардың дене шынықтыру жүйесінде кәсіби дайын-
даудың ғылыми зерттелу деңгейі.
Резюме
Уровень научных исследовательских работ в системе физической культуры профессиональной подготовки
будущих специалистов вышых педагогических учебных заведениях.
Summary
The level of scientific research work in the system of physical culture training future professionals vyshyh teacher training
institutions.
БЕЙНЕЛЕНЕТІН ЗАТТАРДЫҢ БЕРІЛУ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Б.Б. Жаканбаева – оқытушы, арнайы педагогика кафедрасы, Абай атындағы ҰПУ
Сурет салуда маңызды орынды қабылдау алады. Ол суреттің сапасына әсерін тигізеді. Мақсатқа
бағытталған қабылдау заттардың және обьективті құбылыстардың суреттегі толық бейнеленуінің қажетті
алғы шарты болып табылады.
Балалардың қабылдауы ойлауы және сӛйлеумен үздіксіз байланысты екендігі арнайы зерттеулермен
нақтыланған.
Қабылдау бейнелеу процесіне кіреді және оның компоненттерімен белгілі бір ӛзара байланыста жүзеге
асады. Оны, яғни қабылдауды кӛптеген интеллектуальды /жеке/ операциялардың құрылуының пункті деп
қарастыру қажет. Әйтпесе, сурет салу барысында балаларда арнайы тапсырмалар пайда болады. Ондай
тапсырмалардың бірі – заттардың формасын анықтау. Сонымен қатар заттардың басқа да белгілерін,
кӛлемін, құрылысын, түсін анықтауда қабылдау арқылы жүзеге асады.
Қабылдау қорытындысы арқылы обьект туралы толық әрі анық мәлімет қалыптасады. Қабылдаудың
сапасы жоғары болған сайын елестету де анық бай болады.
Сол немесе басқа затты елестету заттардың ӛзімен салыстырғанда айырмашылықтарымен ерекшелене-
ді. Бұл мынандай жағдаймен түсіндіріледі:
1-ден, елестету қабылданған заттардың барлық сапасын сақтамайды, тек жеке жақтарын сақтайды.
2-ден, қабылдаудың кӛмегімен алынған елестету қозғалыссыз қалмайды, үнемі ӛзгеріп, жаңарып
отырады [1].
Елестетуді жалпылау процесі ең алдымен заттың күнделікті негізгі белгілері жүзеге асады, ал қосалқы
белгілері бірте бірте жоғалып кетеді. Н.П. Сакулин «Қабылдау арқылы алынған факт тек қана есте сақта-
лып қана қоймай, жалпыланады» деп ӛз еңбегінде кӛрсеткен.
Н.П. Сакулин елестету жайлы жасаған қорытындысы кӛмекші мектепте сурет сабағында түзету-
тәрбиелеу жұмысының құрылуы үшін маңызды болып табылады [2].
Психология және балалардың шығармашылығы жайлы әдебиеттерде бала сурет құралы арқылы сол
немесе басқа зат жайлы ӛзінің елестетуін қандай деңгейде бере алатындығы туралы сұрақ туындады.
В.М. Бехтерев баланың елестету сапасын оның салған суретіне қарап айтуға болмайтынын айтты.
Елестетудің жеткіліксіздігі – қабылдаудың жеткіліксіздігі болып табылады.
Психологтарының зерттеуімен ақыл-ойы кем оқушылардың қабылдауы қалыпты балалармен салыс-
тырғанда едәуір бұзылғандығы анықталған. Оған қабылдаудың баяулығы, қорытындылаудың әлсіздігі,
заттардың және олардың кеңістіктегі қатынасын білмеуі жатады. Суретті және ӛмірдегі заттардың бейне-
сін қабылдауда жеткіліксіз болады. Бақылаудың баяу дамуы – кӛмекші мектеп оқушыларына тән қасиет.
Ақыл-ойы кем оқушылардың сурет салуы дамымаған. Мысалы, дәстүрлі суреттер: үй, ағаш, адам
салуда графикалық қателер болады.
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г.
112
Примитивті схемалық суреттерде заттардың формасы жалпы бейнеленеді де, деталдар бейнеленбейді.
Олар ереже бойынша кӛлемі мен түс жағынан айырылған, ал түрі жағынан таныс геометриялық фигураға
жақындайды.
Суреттің контурын сызу ақыл-ойы кем балаларға заттың графикалық бейнесін берудің негізгі тәсілі
болып табылады. Балалардың кӛру анализінің әлсіздігі салдарынан обьект суретінің контурын сыза
алмайды. Соның нәтижесінде графикалық қателіктерге әкеліп соғады.
Суреттің статикасы – сюжеттік суреттерде анық кӛрінеді, адам және жануарлар суреттері – негізгі
бейне болып табылады. Кӛмекші мектептің оқушылары салған тірі обьектілер ереже бойынша қандай да
бір динамикадан айырылған. Мысалы, адамдардың футбол немесе хоккей ойнап жатқан суретін олар бір
қатарға бірдей қылып салады. Жануарларды да солай салады.
Суреттердің стереотиптілігі – кезінде меңгерілген сурет салу тәсілі келесі бір суретті салғанда қайтала-
нады. Ешқандай ӛзгеріссіз сақталады. Бұл оқушылардың таным процесстерінің енжар екенін кӛрсетеді.
Ақыл-ойы кем оқушылардың тануының енжарлығы – табиғи сурет салғанда анық байқалады.
Суреттің элементтерінің сандық жағы жиі бұзылады, осы жағдайда оқушыларға обьектінің бірнеше
бӛліктерден тұратындығын, бейненің әр бӛлігінің бейне бӛлігімен сәйкестігін (шарлы моншақтар, құрас-
тырмалы пирамидалар, мұнаралы кубиктер, бұтақтың жапырақтары және т.б.) мұқият қарау талап етіледі.
Кӛмекші мектептің бастауыш сынып оқушылары сурет салу кезінде бейнеге назар аудармайтындығы,
тіпті оны алып тастағанын да байқамайтынындығы ақиқат болып табылады.
Түр мен заттың құрылымының кӛп немесе аз ғана дұрыс берілуі баланың ақыл ой дамуының аса
жоғары деңгейін куәландырады. Алайда кей жағдайларда шын заттың суретте терең, ӛзіне тән құрылымы
болады. Мысалы: суреттің жаратылысында құрылыс материалынан құрылған кубиктер, кӛптеген
элементтер жиі анық емес бейнеленеді, сонымен бірге құрылымы түрдің сыртқы бӛлігі болуы мүмкін,
яғни натураны білдірмейді.
Осы уақытта ақыл ойы кем оқушылар үшін қателік бейненің кейбір элементтерінің мағынасының
себебін түсінбейтіндігі анық кӛрсетілген.
Кӛмекші мектеп оқушылары бейненің обьектісін жиі қараған кезде, обьектінің аз ғана элементін ӛзінің
назарына бекітеді. Осындай сызып кӛрсетілген бӛлік балалардың суретінің бейнесі болып табылады.
Сурет салу кезінде бейненің кейбір бӛлігін ерекше үлкейтіп сипаттау жиі болады. Мысалы: суреттегі
балғаның сабына қарағанда, қолданыстағы балғаның сабы жіңішке болады.
Ақыл ойы кем балалардың суретінде шын мәнінде бейнеде жоқ бӛліктер жиі айқындалады. Бұл
балаларға таныс затты жақсылап таныстыруға байланысты болады.
Жиі сурет салуда құрылыстық, құрылымдық элементтерді қолдануда балалар терезенің суретін салса,
кейбіреулері бағананың суретін салады. Оқушылардың жемістерді (алма, алмұрт) салған суреттерінде
кейбір толықтыруларды қажет етеді (бұтағын, жапырағын салу).
Кӛптеген балалар салатын сурет пен шын обьектінің арасынан үйлесімсіздік таба алмайды. Әсіресе
бұл тірі заттың суретін салғанда нақты кӛрінеді. Кӛптеген кіші жастағы балалардың суреттеріндегі
адамның саусақтары нақтылыққа сәйкес келмейді. Жануарлар екі аяқпен, ал құстар ұш, тӛрт немесе
оданда кӛп аяқпен бейнеленеді.
Кіші сыныпта оқитын балалардың суретінің ортасында кейбір қисынсыз бейнелер кездеседі, мысалы:
автобустың дӛңгелегінің, терезесінің кӛп болуы, сағатта тек сегіз санның ғана бейнеленуі, кеменің ӛзіне
тән құрылымының болмауы және т.б.
Сурет салудың мақсаты осы немесе басқа да түрдің маңызды мағыналарын дұрыс қабылдау, диффе-
ренциялау икемдеу болып табылады. Кӛмекші мектептің бірінші сынып оқушылары гоеметриялық
фигураларды нашар таниды, ал оларды топ-топқа бӛлуде қателік жібереді. Сонымен, фигураларды
іріктеуде квадраттың үлгісіне бірінші сынып оқушылары квадраттан басқа тікбұрыш пен үшбұрышты, ал
тікбұрыштың үлгісіне квадрат пен үшбұрышты және әр түрдегі фигураларды қосады.
Оқушыларға заттардың түрі, геометриялық фигуралардың қайсысына ұқсайтынын анықтауға арналған
тапсырмалар берген кезде қателіктер арта түседі (тәрелке – шеңбер, альбом – тікбұрыш, орамал – квадрат
және т.б.).
Кӛмекші мектептің кіші сынып оқушылары маңызды геометриялық фигуралардың үлгісін кӛшіруде
қиналады. Оқушылар абсолютті кӛпшілікте шеңбердің суретін нақты сала алмайды. Оның бейнесінің
байланысы әр түрлі сипатта, бірақ бар болғаны қиғаштық немесе соңында қисық сызықтардың сәйке
келмеуі болады. Кіші жастағы балалардың суретінде шеңбер тігінен қатты созылған, ережеге сай емес
түрде болады.
Кӛрсетілген қателіктер баланың қолының ұсақ моторикасының дамуы тӛменгі деңгейде және жұмыс
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж.
113
қозғалысын кӛріп бақылай алмайтындығын кӛрсетеді. Сонымен қатар оқушылар геометриялық фигура-
ларды кӛшіруде ғана емес, қиын емес бейненің түрлерін кӛшіруде де үлкен қателіктер жібереді. (саңырау-
құлақ, жапырақ және т.б.). Тіпті ең жай суреттің ӛзін кӛптеген оқушылар барлық жағынан шамамен
қайтадан ӛңдейді.
Терең дебиль тобындағы балалардың бейнеленген іс-әрекетті ұғыну мүмкіндігі ӛте шектелген.
Тапсырманы имбециль балаларға шешу ӛте қиын. 8-10 жастағы ақыл ойы терең зақымдалған балалар
(имбециль), тіпті ең жеңіл, қарапайым үлгіні де кӛшіре алмайды. Осы айтылған қажеттіліктерді сурет
сабағында жүргізілетін түзету-тәрбиелеу жұмыстарында ескеру қажет [3].
1.
Грошенков И.А. Изобразительная деятельность в специальной школе. Учеб. пособие. – М.: «Академия», 2002.
2.
Сакулина Н.П. Рисование в дошкольном детстве. – М., 1965.
3.
Грошенков И.А. О степени готовности учащихся вспомогательной школы к изобразительной деятель-
ности. – М., 1970.
Достарыңызбен бөлісу: |