пелликула гүзеді, ол эпителий жасушаларының мембраналарымен
әрекеттеседі. Пелликула тоскауылдық және қорғаныштық қызмет атқарады,
кілегейлі қабаттарды кеуіп кетуден сақтайды, өткізгіштігін реттейді.
Гистатин - күрамында көп мөлшерде гистидин бар белок. Ол гидроксианатит
кристаллдарының
өсуін тежейді, микробқа карсы, вирусқа қарсы және
саңырауқұлаққа
қарсы әсер көрсетеді, тістің кейін пайда болған
пелликуласының түзілуіне қатысады.
Сілекей цистатиндері. Бұл белоктар тістің кейін пайда болған пелликуласын
қалыптастырады, цистеиндік протеиназалардың
ингибиторы болғандықтан
сілекей белоктарын протеолизден қорғайды. Бұдан басқа микробка қарсы әсер
көрсетіп, минерализация үрдістерін реттейді. Пролинге бай сілекей
белоктары. Бұл белоктар тіс эмаліндегі кальций мен бейорганикалық
фосфаттардың мөлшерінің тұрақтылығын
сақтайды және минералдардың
артық мөлшерде тұнбаға шөгуін тежейді. Сонымен қатар тістегі микробты
колониялардың калыптасуына қатысады. Ауыз куысының кілегейлі қабығын
таниндердің және басқа да заттардың әсерінен қорғайды.
Паротин - пептидтік гормон, құлақ маңы бездерінде түзіледі (м.м.100 кда).
Паротин тіс дентинінің пролиферациясы мен кальцификациясын күшейтеді.
Паротин кандағы
кальций деңгейін төмендетеді, жасанды жолмен
синтезделген альфа-паротин пародонтозды емдеуге қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: