Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстар, олардың өзара байланысы, даму заңдылықтары айқындалады.
Педагогика – «пейдагогис» грек сөзі «пейда» — бала, гогос жетелеймін, «бала жетелеуші» — деген ұғымды білдіреді, тәрбие туралы ғылым.
Көп жылдар бойы ұйымдастырылған тәрбие мен тек балалар қамтылғандықтан, педагогиканы бала тәрбиесі туралы ғылым деп атады.
тәрбиені, білім беруді, оқытуды зерттейтін теориялық және қолданбалы ғылымның жиынтығы.
Жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым.
Адам тәрбиесі туралы ғылым.
Адам дамуының әрбір жас кезеңіне сәйкес оған білім беру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, өмірге даярлау туралы ғылым.
Педагогика тарихы
Педагогика ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы қоғамдық өндірісті сақтап, дамыту, өскелең ұрпақты өмірлік іс тәжірибемен қаруландыру, болашақ өмірге нәтижелі даярлау негізіндегі қоғамның әлеуметтік қажеттілігінен туады. Ол қоғамдық қызмет атқарады.
Педагогика пәні – ғылым танымдық сала ретінде педагогика пәнінің зерттеу саласы – қоғамның ерекше қызметі – тәрбие.
адамның жеке басының даму, қалыптасы мәнін зерттеу негізінде арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс.
Тұлғаның жеке басының дамуы мен тәрбиесі арасындағы заңды байланыстарды зерттеу, оның негізінде тәрбиелеу қызметінің теориялық және әдістемелік негзін құру.
Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тəрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тəрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тəрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан. Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулиетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады. Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді. Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.