Педагогика


Ықылас қою Жаңа ұжымға ену



бет103/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Ықылас қою



Жаңа ұжымға ену



Есте сақтау



Қоршаған орта туралы



Қоғамдық жұмысқа дайындық



Өзін бақылау



Адамдар өмірі туралы



Жауапкершілік

Ізгі ниеттілік



Дербестік

Табиғат туралы



Өзара көмек



Ұйымшылдық

Жаңа әлеуметтік жағдай



Ұйымдастыру шеберлігі

Мектепте оқуға психологиялық дайындығының маңыздылығының бірі- адамгершілік- ерік дайындығында. Ынта қоя оқып мақсатты түрде дербестікті, ұйымшылдықты меңгергенде ғана оқу әрекеті жемісті болады. Адамгершілік- ерік дайындығы баланың жаңа- мектеп ұжымына енуіне, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына мүмкіндік беретін: ықыластылық, ізгі ниеттілік, өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты моральдық сапаларды да қамтиды.


Мектепке дейінгі ұйымс баланы мектептегі жаңа іс- әрекетке дайындаумен қатар өзінің құқықтары мен міндеттері бар оқушының жаңа әлеуметтік жағдайына да дайындауы тиіс.
Мектепке даярлық топтағы оқу- тәрбие жұмыстары. Мектептегі оқуға дайындық балалардың мектепке даярлық тобына көшуінен бұрын басталды. Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу- тәрбие жұмысы мектептегі оқуға дайындық қалыптастыруды көздейді. Мектепке даярлық топтың басқа топтардан айырмашылығы- мектепке дейінгі ұйым бағдарламасында көзделген оқу- тәрбие жұмысының барлық міндеттерін орындау аяқталады.
Балалардың күн тәртібін орындауға қойылатын талап мектепке даярлық топта арта түседі. Балалар бақшасына барып жүрген балада күнделікті белгілі бір уақытта белгілі бір әрекет түрлерімен шұғылдану әдеті қалыптасады. Балалар олардың мазмұны мен ерекшеліктерін жақсы біледі, оларды орындауға дайын тұрады.
Тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындауын бақылау, балаларға көмек көрсету, әр баланың алдына қойылған мақсатқа жетуін талап ету- тәрбиешінің басты міндеті. Мектепке даярлық топта балалардың іс- әрекеті мазмұнын күрделендіру оны жүзеге асырудың жоғары тиімділігімен ұштастыру қажет.
Балалардың іс- әрекеттері түрлеріне кететін уақытты дұрыс бөлу,жұмысқа тез кірісіп кететіндей ету, оны лайықты қарқынмен жүргізу, дер кезінде аяқтату балаларды жинақылыққа тәрбиелейді. Бұд жұмыс балалардың бақшаға келген күнінен басталуы тиіс.
Мектепке даярлық топта балалардың тәуелсіздігін қалыптастыру жұмысы жалғастырылады. Тәуелсіздік білімінің, іскерліктің, дағдының болуына, алынған нәтижелерге зейін қоюмен байланысты. Тәуелсіздікті дамыту- мектептегі оқытудың маңызды негізі.
Бірінші сынып оқушысына оқу әрекеті, үйге берілген тапсырмаларды орындау үшін көп уақыт қажет. Оған мектепке жиналуда, сабақ оқуда алғашқы қоғамдық тапсырманы орындауда дербестік қажет. Таңертеңгілік сергіту жаттығуын жасайды, мектепке керекті нәрсені дайындайды. Тәуелсіз жұмыс істеу дағдысы оның сыныпта және үйде тапсырманы орындауына көмектеседі. Бірінші сынып оқушысы өз жұмысын жоспарлай, бақылай біоуге, өз жетістіктерін, кемшіліктерін көре білуге; бір міндетті шешу кезінде үйренгенін басқа міндеттерді шешуде пайдалануға тиіс.
Балалар кейбір тапсырмаларды тәуелсіз орындай алады: құрбылармен кітаптарды жөндеу, серуен кезінде тәрбиеші көмекшісінің ролін атқару, қимылды ойындар өткізу т.б. Тапсырманы дұрыс орындаған баланы мадақтап қойған дұрыс.
Дене тәрбиесі бағдарлаасын орындау балаларда мыналарды қалыптастырады: шынығудың алуан түрлерімен шұғылдану дағдылары, таңертеңгілік сергіту жаттығулары мен дене шынықтыру жаттығуларын орындау, қимыл жетілдіру ынталылық, оларды құрбылармен біргеөткізе білу қасиеттері. Бала денсаулығына, дене дамуына көмектесетін, тірек- қимыл аппаратын дамытатын, ағзаның қызметін жетілдіретін, ағзаның төзімділігін қалыптастыратын қимыл орындау маңызды. Жеткіліксіз қимыл белсенділігі- гиподинамия- дене тәрбиесі міндеттерін ойдағыдай шешуге кедергі жасайды, балалардың ақыл- ой дамуына қолайсыз жағдай туғызады, олардың белсенділігі мен жұмыс қабілетін төмендетеді.
Мектепке даярлық топта ірі бұлшық еттер топтарының қатысуын талап ететін, денеге күш түсіретін шаңғы, коньки, велосипед тебу, шанамен сырғанау, жүзу сияқты дене шынықтыру жаттығуларының спорттық түрлері ерекше орын алады.
Спорттық жаттығулар түрлерін үйрету тәрбиешіден шаңғы, коньки тебудің техникасын, сол қимыл түрлерін үйрету әдістемесін меңгеруді талап етеді.
Бұл топтағы жұмыста қимылды ойындар барысында негізгі қимылдар жетілдіріледі, мінездің жүректілігі, тапқырлық, ұстамдылық секілді қасиеттер жетілді. Қимылды ойындарды ұжым болып ойнайтындықтан қимыл мен іс- әрекеттің үйлесімді болуын, белгілі ережелердің орындалуын талап етеді.
Серуен дене тәрбиесін беруде үлкен орынға ие. Серуенге дайындыққа тәрбиеші балалардың өздерін тартады: балалармен бірге шаңғылардың, конькилердің дайындығын тексереді, кішкене жалаулар, ленталар, қардан құрылыстар тұрғызу үшін күректер дайындайды. Тәрбиеші серуендегі іс- әрекет туралы балалармен әңгімелеседі: немен шұғылдану, қандай ойын ойнау, өздерімен бірге не нәрсе алып шығу, ойынды қалай жақсы ұйымдастыру, т.б. Бұл балаларды алдағы шаруаны ойланып, жоспарларға үйретеді.
Балалар ұйқысы қанық болуы керек, себебі ұйқы жүйке жүйесін шаршаудан ақтайды. Тәрбиеші бірінші сынып балаларының күндіз бір мезгіл ұйықтап алғаны дұрыс екендігі туралы кеңес береді.
Тәрбиелей және дамыта отырып оқыту ұстанымы мектепте оқытудың негізін қалайды. Бұл ұстаным оқу сағаттары арқылы жүзеге асырылады. Оқу сағаттары арқылы балалар оқу міндетін түсінеді, оны орындайды, үлкендердің жоспары мен нұсқауы бойынша әрекет етеді, алған блімі мен іскерлігін жаңа іс- әрекетке пайдаланады, тапсырманы орындау тәсілдерін меңгереді, өзін- өзі бақылайды, бағалайды.
Баланың ақыл- ойын тәрбиелей және дамыта отырып, белгілі күш жұмсау қажеттігін түсіндіреді. Балалардың бойында бірте- бірте тапсырманы саналы түрде орындау, тәрбиешінің түсіндіруіне құлақ асып, мағынасына бойлай білу, мақтау үшін емес, еңбек нәтижесінен қанағат алу үшін жақсы нәтижелерге жетуге ұмтылу қасиеттері пайда болады.
Балалардың мүмкіндіктерін, қабілеттерін тәрбиеші жақсы білуге тиіс:

  • Балалардың біреулері тәрбиешінің айтқандарын жақсы және оңай түсінеді, ал енді біреулері ақырына дейін тыңдамайды;

  • Кейбір балалар тапсырманы орындаудан бұрын оны ойластырып алады, ал енді бір балалар жұмысқа асығыс кірісіп кетеді;

  • Қайсыбір балалар құмартып оқиды, білімге ынталы болады, ал басқа біреулері енжар болады, тек басқалар да оқып жатқан соң амалсыз оқиды, т.б.

Балалардың таным ықыласын басып тастамас үшін талапты тым асырып немесе кемітіп жіберуге болмайды, ол оқу әрекеті элементтерінің қалыптасуына кедергі жасайды. Тәрбиеші балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып бір балаға суретке қарап әңгіме құрастыруға тапсырма берсе, мұндай міндетке шамасы келмейтін екінші бір балаға суреттеу түрінде әңгіме құрастыруды тапсырады.


Тәрбиеші оқу үстінде әр балаға жеке қарауда ақыл- ой міндеттерін, оларды орындау тәсілдерін бірте- бірте күрделендіреді: әңгіме құрастыра алмайтын балаларға педагог оның жоспарын береді, содан соң тапсырманы өзі орындауын ұсынады. Белсенді балалармен жұмыс істеп, момын, аңқау балаларды назардан тыс қалдыру олардың білімінің, іскерлігінің дамуын баяулатады. Бұл балалар 1 сынып бағдарламасын нашар игереді, мектептің оқушыға қоятын талаптарына шамасы келмейді. Белсенді балаларға күштірек ойлауға, әрекеттенуге итермелейтін тапсырмалар беріп отырмаса, педагог олардың дамуын тежейді, соның нәтижесінде олардың оқуға ықыласы жоғалады.
Мектепке даярлық топтағы балалармен жұмыста оқытудың көрнекі әдістері мен тәсілдері көп пайдаланылады: бұрынғы тәжірибені баланың есіне түсіру үшін үлгі нұсқа көрсетеді.
Балалар өздерінің істеген затын салыстыру, тапсырманы дұрыс орындағанын тексеру үшін кейде үлгі нұсқа: ойыншық, сурет, муляж балаларға жұмыстың соңынан беріледі. Бұл оларға өзін- өзі бақылау, тәрбиешіні тыңдай білу және басшылыққа алу, қадағалау, салыстыру, тиісті қорытынды жасау қабілетін қалыптастырады.
Мектепке даярлық топта оқытудың ауызша әдістері: тәрбиеші әңгімесін, алдын ала ойластырылған сұрақтарды қамтитын әңгімелесуді пайдалану маңызды. Педагог ауызша әдістерді таңдап алады, оларды көрнекі, практикалық әдістермен ұштастырады, сөйтіп, білімді саналы түрде меңгеретін етуге назар аударады.
Бұл топта жаттығу ойындары, драма ойындары, қимылды ойындар, жұмбақтар т.б. ойын тәсілдері әлі де маңызды. Дидактикалық ойындарға ерекше орын беріледі.
Дамыта оқыту ұстанымын жүзеге асыру үшін тапсырманың орындалуын басқару, бағалау қажет. Бағалау кезінде суретке, құрастыруға құрылған әңгімеге, оның нәтижесіне, баланың жұмсаған ақыл- ойына, ықыласына, дербестігіне көңіл аударған жөн. Дұрыс баға, дұрыс ойластырылған, әдеппен жасалған талдау баланың өз жетістіктері мен қателіктерін түсінуіне, жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі.
Педагог әуелі талдаудың үлгісін беріп, жоспарын ұсынады да балаларды құрбыларының жауабы мен өз жұмысының нәтижелеріне талдау жасауға үйретеді. Кейде тәрбиеші балаға не білгенін, жұмысты қалай орындағанын айтып беруді ұсынып, баланың өзін- өзі бақылауын қалыптастырады.

Мектепке даярлық топта балаларға адамгершілік және еңбек тәрбиесін беру, олардың құрбыларымен және ересектермен өзара қарым- қатынасын қалыптастыру күрделене түседі. Тәрбиеші балалардың мінез- құлық нормалары мен ережелері туралы түсінігі сүйенеді,жолдасына көмектесуге, біреуді ренжіткен баланы тоқтатуға, жанжалды болдырмауға үйретеді.


Балалардың ұжымдық еңбегін ұйымдастыру күрделене түседі. Тәрбиеші немесе балалар өздері тағайындаған жетекші басшылығымен бірге жұмыс істей алады. Барлық балалар жетекшіліктен өтуге тиіс. Бұл оларды жолдастары үшін, тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезіміне, ұйымшыл болуға, қамқорлық көрсетуге, бірлескен еңбекке тәрбиелейді. Балалар асханада, сабақта, табиғат бұрышында болған кезекшілік бойынша есеп беруге үйретеді. Дұрыс жолға қойылған еңбек тәрбиесі бастауыш сыныптарда оқудың ойдағыдай жүргізілуіне көмектеседі.
Балалардың негізгі іс- әрекеті ойын. Бұл топтағы ойындар тақырыбы кеңейеді, ойын әрекеті күрделендіріледі, ойындағы байланыстар мен қарым- қатынастар дамуына басшылық жетілдіріледі.
Педагог ата-аналарға отбасында бала өмірінің күн тәртібін ұйымдастыруға көмектеседі: мектепке баратын балалардың шамамен білім көлемі қандай болуы керектігімен, 1 сыныптағы оқу әрекетіне қойылатын талаптармен, оның есте сақтағыштығын, ықыласын, талдау, салыстыру, жинақтау, қорытынды жасау қабілетін қалай дамыту керек екенімен танысады.
Балаларға нені оқып беру керектігін ата-аналар білуге тиіс. Тәрбиеші қағазға басылған үстел үсті ойындарын сатып алуға кеңес береді, себебі, олар баланың есте сақтауын, кеңістікті бағдарлауын, сезімін, ойлауын, сөйлеуін дамытуға көмектеседі.
Педагог ата- аналарға баланың мінез- құлқына мектеп коятын талаптарды айтып, ерекше назар аудару керек нәрсені, балалармен әңгімелесу тақырыбын, не оқып беру керектігін түсіндіреді.
Бұл ата- аналарда баланы мектепке даярлау туралы білімдерін қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет