Педагогика


Мерекеге әзірлік және оны өткізу



бет99/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

10.3. Мерекеге әзірлік және оны өткізу
Мектепке дейінгі ұйымда дайындық жасау және оны өткізу жауапкершілігі бүкіл ұжымға жүктеледі. Музыкалық жетекші тәрбиешімен бірлесе отырып, мерекелік бағдарлама құрастырады, онда мектепке дейінгі ұйым бағдарламасының талаптары ескеріледі, ол педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Педагогикалық кеңесте жұмыстың әрбір бөлігіне залды безендіруге, костюмдер әзірлеуге, атрибуттар жасауға т.б. жауапты адамдар, мерекені жүргізуге тағайындалады. Мерекенің ойдағыдай өтуі жүргізушіге көп байланысты. Жүргізуші жоғарғы мәдениетті, тапқыр, көңілді, балаларды және олардың ерекшеліктерін жақсы білетін, өзін еркін және жайдары ұстайтын педагог болуға тиіс.
Мерекені ата-аналар арасында педагогикалық насихат талқыланады, балалардың алған әсерін мерекеден кейінгі күндері жетілдіре түсу жұмыстары белгіленеді. Өткізілген ертеңгілік туралы балалармен әңгіме жүргізіліп, балалардың алған әсері анықталады. Ата- аналарға арналған қалқанға балалардың жауаптарын іліп қойған дұрыс. Топтағы және залдағы мерекелік безендіруді ертеңгіліктен кейін бірнеше күн сақтап, содан соң балаларды қатыстырып жинап қою керек.
Сабақтарда мерекелік материалдар қайталанып, шығармашылық ойындар үшін балаларға кішкене жалаулар, бөріктер, орамалдар т.б. беріледі. Бейнелеу сабақтарында балалар «Біздің мереке» деген тақырыпта сурет салады, саздан жапсырады, сөйтіп мереке әсерін тағы да бастап өткізеді.


10.4. Сауық кештерінің түрлері
Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелік жұмыстың қызықты түрінің бірі сауық кештерін өткізу. Сауық кештері әр 10 күнде бір рет күннің екінші жартысында өткізіледі. Балалар мен ересектердің қатысуына қарай үш түрге бөлінеді:

  1. Ересектердің балалар үшін дайындаған сауық кешетрі.

  2. Балалардың өз күштерімен дайындаған сауық кештері.

  3. Ересектер мен балалар қатысатын аралас сауық кештер.

Ұйымдастыру нысанына қарай сауық кештері бірнеше типке бөлінеді:

  • Ойын- сауық түріндегі кештер.

  • Концерттер мен тақырыптық кештер.

  • Балалардың күшімен өткізілетін кештер.

  • Спорттық сауықтар.

Тәрбиешінің шығармашылығымен ұйымдастырылған сауық кештерінің түрлі нұсқалары өз ерекшелігімен маңызды.
Балаларға таныс ертегілерден қойылым жасау, әңгімелер, өлеңдер оқу, ән шырқау ойын- сауық түріндегі кештер мазмұнына енгізіледі. Ересек топ балалары өз күшімен қуыршақ қойылымын дайындай алады. Қуыршақ қойылымында шымылдықтың тасасында болатындықтан сахнаға шығуға ұялатын жасқаншақ балалардың өзі де ықыласпен қатысады. Мұндай қойылымдарға қатысуда оларда батылдық, өз күшіне сенім пайда болады, балалармен жақсы араласады.



Сауық кештері



Түрлері

Типтері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет