Педагогика


Ойындар мен балалардың жеке әрекетін ұйымдастыру



бет25/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Ойындар мен балалардың жеке әрекетін ұйымдастыру екі жастағы балаларда алуан түрлі;

  • Заттармен және құрылыс материалдарымен жасалатын әрекеттер;

  • мазмұнды ойыншықтармен жасалатын қимылдар;

  • бақылаулар;

  • ойындар.

Балаларға мыналардың көмегі зор:

  • заттармен жасалатын іс-әрекетті дамыту үшін – кішкене мұнаралар, бөшкелер, сыналар, құмға арналған қалыпшалар, орташа құрылыс материалдары;

  • қимыл-қозғалыстарын дамыту үшін – түрлі көлемдегі доптар, машиналар, қол арбалар, сырғығыштар, ойын құралдарынан басқышты төбешік, ұзындығы мен ені түрліше тақтайлар, бөренелер;

  • безендіру үшін- қиық орамалдар, алжапқыштар;

  • қуыршақтарды орау үшін мата қиындылары.

Топ бөлмесіне іс-әрекет түрлері бойынша ойыншықтар түрліше
орналастырылады.
Балаларды
тәртіпке үйрету мақсатында
ойыншықтарды белгілі бір орында сақтау керек, ол оларды
ұйымшылдыққа, дербестікке тәрбиелейді, ойнау үшін қажетті заттарды
ездері табады. Ойыншықтарды топтастырып орналастырған дұрыс:
- қуышақпен қатар көрпені қою;
ыдыстарды шағын үстелдің үстіне орналастыру;
- қол арбаға қуыршақты немесе басқа бейнелі ойыншықтарды
отырғызу, т. б. Бұл ойын кезінде бірнеше заттарды пайдалануға
көмектеседі, ойынды күрлендіре түседі.
Балалардың ойын әрекеті күрделене береді: жылдың басында тек
педагог көрсеткен ойыншықтармен іс-әрекеттер жасайды. Бала бірте-
бірте іс-әрекеттерді бір ойыншықтарданші ойыншықтарға
ауыстыруға үйренеді, еліктеу арқылы өмірде өзі байқаған іс-әрекеттерді
ойынға енгізе бастайды.
Балалардың іс-әрекеттерінен мазмұнды ойын элементтері екінші жылдың аяғында байқалады бір-бірімен қарым қатынас жасай отырып, ересектер жасайтын ірекеттерді қайталайды – тамақтандырады, емдейді, шашын тарайды, сабын орнына кірпіш пайдаланады.
Балалардың арасында өзара қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Олардың бір-біріне жағымды қатынастар жасауы үшін жанжалдардың тууын болдырмаған жөн. Балалардың тілі нашар дамығандықтан
жанжалдар жиі пайда болады, себебі олар өз тілегін түсіндіре алмайды, басқа баланың қолындағы ойыншық үнемі әдемі көрініп, алғысы келеді.
Эмоциялық қатынас бәрінен бұрын пайда болады. Бұл жаста балалар бір-біріне қарап езу тартады, педагогпен бірге жасырынбак. қуаласпақ ойындарын ынтамен ойнайды. Сәбилердің жағымды қатынастарына сүйене отырып, олардың бойында құрбы-құрдастарымен қатар, басқа балаларға кедергі жасамай, өз ойынымен шұғылдануды қалыптастыру керек.
Бұл жаста бала «болмайды», «болады» сөздердің мәнін жақсы түсінуге тырысады. Баланың талап-тілегін орындау мүмкін болмаған жағдайда оның назарын басқа затқа аударған жөн.

3.4. ӨМІРДІҢ ҮШІНШІ ЖЫЛЫ


Күн тәртібі. Үш жасқа қарай балалар 6 - 6,5 сағат бойы ояу жүре алады. Күндіз балалар бір рет, шамамен 2-2,5 сағат ұйықтайды. Серуен уақыты ұзарады, себебі балалар тәуелсіз бола бастайды. Күннің бірінші жартысындағы серуен - 2 сағатқа, күннің екінші жартысындагы - 1,5 сағатқа созылады. Балалармен 3-4 жаттыгудан туратын, ұзақтығы 4-5 минут жаттығулары тәулік бойы болатын топтарда түнгі кейін, ал топтарда таңертенгілік тамақ алдында өткізіледі.


Күн тәртібіндегі сәттер біртіндеп орындалады. Балалардың күтіп қалмауын қадағалау керек: ас үйден топқа ас әкелінген сәтте педагог әр баланың атын атап, қолы бос үш-төрт балаға барып қолдарын жууды ұсынады. Тәрбиешінің көмекшісі оларды бақылап тұрады. Қолдарын жуып сәбилер үстел басына отырып, тамақтанады, жуынуға басқа балалар шақырылады. Тамақтанып болған бала алғыс айтып, орындықтарын жылжытып қояды да, ойнауға кетеді.
Балалармен жұмыста үш жаска қарай жаттанды сөздерді қолданудан
сақтану керек "Не деу керек еді?" деп сұраудың орнына «Алғыс айта ғой» немесе «Рахмет дей ғой» деу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет