Педагогика


Балалар тіршілігін ұйымдастыруда



бет20/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   119
Балалар тіршілігін ұйымдастыруда күн тәртібі маңызы шарт. Жас және жеке ерекшеліктеріне қарай күн тәртібі іс-әрекет түрлерінің кезектесуін көздейді: сергу, тамақтану, ұйықтау.
Баланың өсу кезеңіне қарай тамақтану ұйқыдан кейін, ал сергу тамақтанудан кейін болу қажет. Ұйқысы қанған баланың тәбеті де
жақсы болады, бала сирек жүреді, бұл баланың жақсы өсуіне көмектеседі.
Бала өмірінің алғашқы жылы жеке қызмет көрсетуді және үйретуді керек ететіндіктен топқа жас кезеңдері әр түрлі балалар қабылданады, бірі ұйықағанда екіншісі сергиді. Бұл әр балаға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Балалар мекемесіндк сергуге арналған бөлме және ұйықауға арналған дәліз болуға тиіс. Бұл жастағы балалар серуенге шықпайтыындықтан олардың ұйқысы ашық ауада ұйымдастырылады. Балалардың бір бөлігі ұйықап жатқанда екінші бөлігі оларға кедергі жасамауы үшін және күн тәртібін сақтау үшін дәліз пайдаланылады.
Күн тәртібі жүйелі түрде орындалып отырса 2-3 айда сәби оған дағдыланады, тамаққа тәбеті ашылып, жайдары сергейді, қатты ұйықтайды.
Сәбилерге тамақ оянуына қарай беріледі.
Тақтануды қалыптастыру мақсатында баланы шамасы келетін белесенді іс-әрекетке үйретеді. 3,5-4 айдан бастап оның қолын кішкене шыныға тигізеді, оны ұстатады, 7-8 айда кішкене нанның үзіндісін жеуге, 10 айда ыдысты қолмен ұстауға, бір жаста ыдыстан өздігімен тамақ ішуді үйретеді. Тамақтану үстінде педагог тамақтың атын атайды, баладан нанды тістеуді, аузын ашуді және т.б. сұрайды.
7-8 айға дейін баланы ересек адам тамақтандырады. Отыратын балалар екі-екіден жылжымалы күрсісі бар үстел басында тамақтанады.
Ұйқыға жатқызу және ұйқыдан тұрғызу балаларға жеке-дара қарауды талап етеді. Тез шаршайтын балалар бірінші, бірден ұйықтап кете қоймайтындар содан кейін жатқызылады. Бір мезгілде оянып барлық балаға қызмет көрсетудің қиын болмауы үшін күндізгі ұйқыға 20-30 уақыт бөліп, асықпай жатқызу керек. Балалар тамақтану кезінде көп күтіп қалмауы үшін ұйқыдан бірте-бірте тұрғызылады.
Күні бойғы әрекеттер балалармен қарым қатынас жасауды, оның қимылдарын дамытуды, сөз түсінуді және белсенді сөйлеуді қалыптастыру үшін пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет