Педагогика



бет26/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Дене дамуының қарқыны үшінші жасқа қарай бәсендейді. Бір жылда орта есеппен 2кг салмақ қосып, бойы 7-8см өседі. Баланың үш жастағы бойы: 93-94см, салмағы 14,2-14,6кг болады. Денесі сымбатты бола бастайды. Сүйектері қатаяды, ағзаның қызметі жетіледі, сондықтанбала төзімді түседі, дегенмен, әлі де болса ауруға шалдыққыш келеді.
Жүйке жүйесінің қызметі жетіле түскендіктен жұмысқа қабілеттілік өседі. Екі жасқа толғаннан кейін сәбилер балалар бақшасының күн тәртібіне, жалпы өмір тәртібіне тез үйренеді.
Қимыл-қозғалыс белсенді түрде жетіле бастайды. Қол мен аяқтың қимыл үйлесімінің дамуы негізінде жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру сияқты түрлері жетіледі.
Сәби қозғалмай ұзақ отыра алмағанымен юірқалыпты қозғалыстан тез шаршайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойындар мен жаттығу түрлері таңдалады: сүйегінің жұмсақтығы мен икемділігі, бұлшық еттерінің әлі жетілмегендігі, тез шаршайтындығы ескеріледі. Балаларға биіктен секіруге, бір қимылды ұзақ қайталауға тыйым салу керек. Мұндай қимылдан тыныш ойынға дер кезінде ауыстырып отыру керек.
Педагог балалардың қимылдарын дамыту үшін жуындыру, киіндіру, тамақтандыру сияқты күн тәртібіндеп сеттерде пайдаланады.Осындай күрделі қимылдарды жиі қайталап икемді ете түседі.
Дене тәрбиесі сабақтарында тұрып, отырып, жатып орындайтын жаттығулар қимылдарды дамытуда маңызды.
Бөлмеде балалардың еркін жүгіруіне, қимылды ойындарды ойнауына орын жеткілікті болуы тиіс. Қимылды дамытуға көмектесетін ойыншықтар: үлкендігі әр түрлі доптар, үш дөңгелекті велосипедтер, әр түрлі қол арбалар мен автомобильдер болуға тиіс.
Үш жастағы балалар дамуындағы басты жопдар мынадай:

  • үлкендердің көмегінсіз іс-әрекеттерді орындауға белсенді бағыт алу, дербестіктің қарапайым нысандары;

  • көркею-әрекеттік ойлауды одан әрі дамыту және айналадағылар туралы тілдік пікірлесудің қарапайым түрлерінің пайда болуы;

  • балалар арасында жасалатын жаңа қатынас нысандарының болуы, жалғыз ойнаудан, қатар ойнаудан бірлесіп ойнайтын ойын қарапайым нысандарына біртіндеп ауысуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет