Педагогика



бет40/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

Серуенге дайындық. Серуен мазмұны (13-сызба) алды ала жоспарланады. Бұл балалардың серуенге бар ынтасымен шығуы үшін тиімді.
Төрбиеші қажетті жағдай жасай отырып, балаларды киіндіру көп уақыт алмайтындай, бір-бірін ұзақ тосып қалмайтындай өтіп ұйымдастырады. Топтың шешінетін бөлмесінде әр баланың жеке шағын шкафтары жане оның отыруына, киінуіне, бір-біріне кедергі жасамауына қолайлы болуы үшін орындықтар қойылуы қажет.

Сәбилердің киінуіне тәрбиешінің көмекшісі көмектеседі, бірақ олардың шамасы келгенше өздері киінуіне мүмкіндік береді.


Балалар тез түсініп-шешінуге дағдыланған кезде тәрбиеші оларға тек жекелеген жағдайларда ғана (түймесін салу мойнын орау т.б.) көмектеседі. Балаларды бір-біріне кемен беруде, көрсеткен көмек үшін алғыс айтуға тәрбиелейді. Киіну және шешіну дағдысы тезірек қалыптасу үшін, балаларға үйде де кебірек беруі керек.
Тәрбиеші балалардың көпшілігі киініп болған соң, олармен бірге аулаға шығады да, қалған балаларды тәрбиешілердің көмекшісі қадағалайды, содан кейін оларды тәрбиешіге ертіп барады. Балалар серуен кезінде өздеріне қажет болатын заттар мен ойыншықтарды алып шығады.
Серуендегі балалар іс-әрекеті. Жыл мезгілдеріне, ауа райына алдынгы өткен оқу сағаттарына, жас ерекшеліктеріне қарай серуендегі балалар іс-әрекетінің мазмұны жоспарланады.
Серуенде негізгі қимылдар дамытатын, оқу сағаттарындағы ақыл-ойға түскен салмақтан арылтатын, моральдық қызметтер қалыптастыратын қимылды ойындар басты орын алады. Балалардың ақыл-ойына салмақ түсіретін және ұзақ отыратын сабақтан кейін серуен қимылды ойыннан басталады. Ал музыкалық немесе дене шынықтыру сабағынан кейін шықса серуенді бақылаудан бастаған жан, қимылды ойын серуеннің ортасына немесе аяқталуына жарты сағат қалғанда өткізіледі.
Жыл мезгіліне, ауа райына, байланысты ойындар таңдалады. Жылдың салқын мезгілінде серуенді жүгіруге, лақтыруға, секіруге байланысты ойындардан бастайды. Олар балаларды көңілді етеді, қимылды көп қажет ететін қызықты ойындар балалардың суыққа төзімді болуына ықпалын тигізеді. Коктем мен күздің дымқыл жаңбырлы күндерінде үлкен орынды қажет етпейтін аз қимылды ойындар ұйымдастырылады.
Серуен шеңберге лақтыру, дәлдеу, заттармен ойнайтын ойындар, спорттың волейбол, баскетбол, үстел теннисі футбол, ойналады.
Алдын ала құрастырылған жоспар бойынша серуенде табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірді бақылау ұйымдастырылады. Бақылау
бүкіл бір топпен, шағын топтармен, жеке балалармен жүргізіледі. Тәрбиеші бақылаулар арқылы балаларды табиғаттағы, қоғамдық құбылыстардағы ерекшеліктерге көңіл бөлуге тәрбиелейді: бұлттың пішініне, түсіне қарап балаларға белгілі бейнелермен салыстыруды ұсынады. Балалар бақшасы жұмыс істеп үлкендердің. құрылысшылардың еңбегін бақылауды ұйымдастырады.
Тәрбиеші балалардың бос отырмауын, көңілсіз болмауын, тоңып қалмауын немесе қызынып кетпеуін қадағалайды, Көп жүгіретін балаларды сабырлы ойындарға тартады.
Серуеннің сағат бұрын тәрбиеші балаларды байсалды ойындарға ауыстырады Балалар ойыниықтарды, жабдықтарды жинастырады. Бақша кірерде аяқтарын сүртеді. Балалар шешініп, заттарын буктеп, шкафтарға салып қояды. Үй ішінде киетін киімін киіп барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет