Педагогика



бет78/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

9.4. ойынның рөлі
Ақылмен, дұрыс ұйымдастырылған ойын - балалар үшін нағыз
өмір.
Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру - оларды
тәрбиелеу болып табылады.
Адамдардың белгілі қылықтарын, жеке ерекшеліктері мен өзара
қарым-қатынастарын ойында бейнелегенмен баланың өзінің жеке басының қасиеті мен сапасы анықталмайды: ойында кішіпейілділік пен қамқорлық көрсететін рольді ойнап тұрған бала өмірде өзімшіл және дөрекі болуы мүмкін. Сондықтан ойында педагогикалық басшылықтың тиімді болуы маңызды.
Дұрыс таңдалған ойын да маңызды. Тәрбиеші күнделікті басшылық
жасай отырып, әр баланы зерттейді, балалар бірлестіктерін, қалыптаса бастаған ойын ұжымдарын ашады.
Тәрбиеші сәбилер әлі ойнай білмейтіндіктен ойынды ұйымдастыру
жүріп, оларды ойнауға үйретеді. Толық меңгерілген ойын балаларда тәжірибе жинақталған соң олардың өз бетінше әрекетіне айналады.
Тәрбиеші ойынды ұйымдастыра отырып балалардың ортақ мүддесіне бағыттайды, дамытады, балалар ұжымын топтастыруға күш салады. А. С. Макаренко балалар өмірін ұйымдастырудағы ойын ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істеп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бізге күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен
осыны талап етемін».
Педагог балалар ойындарына қатысушы бола отырып, ойынның мазмұнын, ережесін, өзінің ойындағы ролін пайдаланып, ойынның барысына бағыт береді, олардың өзара қарым-қатынасын реттеп отырады.
Ойынның күн тәртібіндегі уақыты қатаң сақталуға тиіс, ойынды балалармен жүргізілген жұмыстың басқа бір нысанымен ауыстыруға болмайды.
Таңертең сабақ пен тамақ арасындағы 8-10 минутта балалар
әдетте басталған ойынды жалғастырады немесе ойыншықтармен, стол
үстіндегі ойындармен ойнайды.
Қысқа 8-10 минутқа көзделген сабақ аралығындағы ойындар ересек
балалардың демалуы үшін қажет, бірақ ол ойындар тым көп қимылды
талап етпеуге, ақыл-ойға айтарлықтай салмақ түсірменге тиіс.
Ойынға ең ұзақ (1 сағаттан - 1 сағат 20 минутқа дейін) уақыт
серуен кезінде бөлінеді. Серуенді дұрыс ұйымдастыру, қызықты
ойындардың болуы балалардың ауада болуын пайдалы етеді. Серуен
кезінде балалар ауладағы арнаулы ғимараттарда, кемелер, автобустар
сияқты құрылыстарда ойнайды, құрылыс материалдарын зембілдер,
күректер, доптар, секіргіштер, шеңберлер, т. б. пайдаланады.
Күннің екінші жартысында ұйқыдан кейін және бесін тамақтан соң
ойын үшін уақыт бөлінеді. Ойын таңдау жыл мезгілдеріне, балалардың
жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты. мезгілінің салқын
күндерінде топ бөлмесінде, ал көктем мен жазда таза ауада мазмұнды-
рольді ойындар ұйымдастырылады немесе балалар ойыншықтармен,

құрылыс материалдарымен, үстел үстіндегі ойындармен ойнайды. Ермек


элементтері бар ойындар да сол кезде пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет