Байланысты: Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика
9.5. ОЙЫН, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ОҚЫТУ Ойын еңбекпен, оқытумен өзара тығыз байланыста, яғни, олардың
арасында ұқсастық пен айырмашылықтың болуы. Еңбек ету үшін күш
жұмсағаны сияқты, ойында да дене күші мен ой күші жұмсалады. Ойын
мен еңбектен айырмашылығы: еңбекте адам қоғамдық өндіріске,
материалдық, мәдени, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы болса,
ойында адамдар еңбегін бейнелей отырып, еңбек үшін қажетті дене күші
мен психикалық күш жұмсауға үйренеді.
Кейде балаларға ойында ойыншық немесе қандай да бір құрал
жасау, қажет болады. Жапсыру, құрастыру әрекеттерінде балалар
тәрбиешісінің басшылығымен ойында пайдаланылатын ойыншықтар,
құралдар жасайды, сөйтіп, еңбекте өз бетінше игерілетін дағдылар
ойынға көшіріледі.
Мектепке дейінгі ұйымдағы әр түрлі топтарда ойын емес еңбектің
өзара байланысы түрліше сипатта болады.
Мектепке дейінгі сәбилер тобында қарапайым еңбек дағдылары,
әсіресе өзіне-өзі қызмет ету, мәдени қарым-қатынас, заттарды күтіп
ұстау дағдылары қуыршақтармен ойында, қимыл дағдылары, кеңістікті
бағдарлау - қимылды ойындарда игеріледі. Ересек балалар өзбетінше
еңбек ете алады, дегенмен ойын мен еңбектің өзара байланысы
сақталады. Мысалы, балалар қол еңбегі үстінде қолдан жасаған
ойыншықтарын ойында шын ықыласымен пайдаланады.
Педагогикада ойын мен оқытудың өзара байланысы кеңінен
пайдаланылады. Балалар бақшасында оқыту енгізілуіне байланысты
ойындардың тақырыбы кеңейіп, мазмұны тереңдей түсті. Балалар заттар
мен құбылыстар туралы, қоршаған өмір туралы оқу үстінде алған
білімдері мен ұғымдарын ойындарда пайдаланады.
Ойын балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін
кеңейту қажеттігін туғызады. Ойын алған білімдерді қайталауға, оларды
ойын әрекеттерінде, ережелерде жүзеге асыруға үйретеді.
Мектепке дейінгі балалалық шақта ойын мен оқыту арасындағы
өзара байланыс өзгереді. Сәби топтарында ойын оқытудың негізгі
нысаны. Ересек, мектепке даярлық топтарда сабақтың ролі артады,
мектепте оқыту балалардың тілегіне айналады. Олар оқушы болуды
Дегенмен ойын олар үшін қызықтығын жоймайды, тек оның
мазмұны, сипаты озгереді.