Байланысты: Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика
9.6. ОЙЫНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ Балалар ойындары (32-сызба) өздерінің мазмұнына, өзіндік
ерекшеліктеріне, балалар өміріндегі, тәрбиесі мен оқуындағы рөліне
қарай ажыратылады.
Мектепке дейінгі ұйымдағы балалар ойындары үлкен екі топқа
бөлінеді:
- шығармашылық ойындар;
- ережелі ойындар.
Шығармашылық ойындарға мазмұнды-рольді, драмалық және
құрылыс ойындары, ережелі ойындарға дидактикалық, қимыл, ермек
ойындары жатады.
Балалар үшін ересектер белгілеп берген ережесі бар ойындар да
пайдаланылады. Ережелі ойындар бағдарламалық мазмұнға,
дидактикалық себептерге, мақсат қойып үйретуге негізделген. Ойын
тәжірибесін игеріп, ұйымдастыру қабілеті дамыған соң балалар бұл
ойындарды да өздері жүргізеді.
9.7. МАЗМҰНДЫ - РОЛЬДІ ОЙЫНДАР
Мазмұнды-рольді ойындар ерекшеліктері. Балалардың
ынтасынан, өздерінің бастамасымен ойналатын ойындар - мазмұнды-
рольді ойындар. Балаларға ең сүйікті, ең қажетті ойындар да -
мазмұнды-рольді ойындар. Ойын кезінде үй салғасы келе ме, тамақ
пісіргісі келе ме, оны балалардың өздері белгілейді. Бала жоспар жасайды, соны жүзеге асырудың құралын таңдап алады: орындықтар поезд орнына, шкафтың тәменгі сөрелері үй орнына пайдаланылады, шындықты бала қиялы толықтырады. Бұл жерде жоспар құрудың өзі маңызды.
Мектеп жасына дейінгі балалар мазмұнды-рольді ойынды өздері жасайтындықтан оның ерекшелігі де сонда. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Ересектер қызметінің шын құралдарын алмастырушы алуан түрлі ойын құралдарын пайдаланатын, ойын арқылы балалар өзіне ересектердің ролін алатын, ересектердің қызметі мен олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта жасайтын іс-әрекет мектепке дейінгі балалардың мазмұнды-рольді ойыны деп айтқан психолог Д. Б. Эльконин.
Ойында бала өзіне алған рольдің бейнесіне түгелдей енеді, ойынның шындығына сенеді, ойын барысында шынымен қуанады немесе ренжиді. Бала ойын арқылы өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекеттерге деген құштарлығын бейнелейді.
Психолог А.В.Запоржец: "Ертегі сияқты, ойын да баланы
бейнелейтін адамдардың ойы мен сезіміне терең бойлауға үйретеді,
күнделікті әсер шеңберінен адамның алға ұмтылыстары мен
қаһармандық істерінің кең әлеміне шығарады» - дейді.
Балалар ойынында қиялдың рөлі зор. Ол балаларға қоршаған өмір
құбылыстарын қайталап жасауға және бейнелеуге көмектеседі. Қиялдау
арқылы ойындағы бейнеленетін кейіпкерлер, шын, кәдімгі нәрсені ойдан
шығарылған нәрсемен ұштастыру мүмкіндігі туады, мұның өзі балалар
ойынын қызықты етеді.
Ойында Отанға деген сүйіспеншілік, басқа халықтарға деген құрмет
бейнеленеді. Ойын кездеріне балалар Қазақстан Республикасының
астанасына, басқа да үлкен қалаларына, ескерткіштерге, мәдени
орындарға саяхат жасайды. 1 мамыр мерекесі ойынында олар
қонақтарды қуана қарсы алады, өздері де украиндар, грузиндер,
эстондар жөне басқа ұлт өкілдері т. б. болады.
Балалар ойындарының негізгі тақырыптарының бірі - ересектер
еңбегі. Олар адамдардың жақсы өмір сүруі үшін үйлер салады, көлік
құралдарын жасайды; ауылдарда жануарларды күтеді, құс өсіреді,
емдейді, оқытады, ұшады және жүзеді, киімдер тігеді, ыдыстар мен
ойыншықтар жасайды. Ойындарда адамдар еңбегіне деген құрмет
бейнеленеді. Егін, бау-бақша өсіру, ауыл шаруашылық жұмысының
аяқталуына байланысты мерекелер, еңбек адамдарын марапаттау
балалар ойындарының мазмұнына енеді.
Балалар ойындарында адамдар арасындағы қарым-қатынастар да
көрінеді. Балалар қатігездік, адамның намысын қорлау дегенді білмейді.
Бұны олардың әділдікті қалпына келтіру, жолдасын, ұжымның мүддесін
қорғау талабымен, ойынға кедергі жасайтын нәрсені жойғысы келген
ниетінен байқаймыз.
Балалардың мазмұнды-рольді ойындарында ең қиын істеріің өзі сәтті аяқталып отырады: капитандар корабльдерді теңіз …ауылы мен бұрқасыннан аман алып өтеді, шекарашылар шекара бұзушыларды ұстайды, дәрігер ауруларды емдеп жазады.
Ойындағы бейнелеу құралдары. Ойындағы бейнелеу құралдары - рөлі мен ойын әректтері. Сипаты жағынан бұлар еліктеу, шындықты көрсету болып келеді, "Емхана" ойынын ойнағанда балалар дәрігерлер мен емделушілердің әрекеттеріне еліктеп, соларды бейнелейді.
Ойыншықтардың балалар ойынының дамуына ықпалы үлкен, олар бейнелеудің қосалқы және қажетті құралдары болып табылады. Шын заттар: киімдер, сөмкелер, қол шатырлар, ыдыстар, шартты белгілер, ойын жағдайын күшейтетін суреттер, фотосуреттер болса, балалар құбылыстарды толығырақ бейнелейді, рольге жақсылап енеді. Мысалы, емхана бөлімдері маңдайшасына сәйкес келетіндей белгі іліненеді. Бейнелеу құралы ретінде костюмдер де пайдаланылады.
Алайда ойдан шығарудың, қиялдай білудің, жорамалдау қабілетінің өзі заттар мен бейнелеу құралдарының жоқтығын білдірмей, солардың орнын толтырады.
Басшылық жасау. Мазмұнды-рольді ойындарға басшылық жасау
педагогтық шеберлік пен әдептілікті талап етеді. Тәрбиеші ойынды бұзып
алмай, балаларды ойын әрекетінің шынайылығына, шындығына деген
сенімді сақтауға бағыттап отырады.
Педагог ойын мақсатының орындалуына, ойынның дамуына ықпал жасайды, балаларға ересектер еңбегі мен тұрмысы туралы, адамдардың өзара қарым-қатынасы туралы түсіндіріп, ұмытқанын естеріне салып, ұғымын кеңейтіп отырады. Дегенмен, мектепке дейінгі балалардың білімі мен ұғымын кеңейту мөлшерін сақтау қажет. Әсер етудің шамадан тыс көп болуы ойынды елеусіз етеді, кездейсоқ нәрсені үстірт қана бейнелеуге көшеді, балалардың тұрақсыз, ұйымшылдықтың жеткіліксіз болуына соқтырады,
Балалардың әңгімелесу, саяхат, әңгімелер оқып беру және т. б. кездерінде игерген білімдерін немесе дағдыларын тез қайта жасауға
Педагогтық басшылық ойынды дамытуға, мазмұнын кеңейтуге,
ойын әрекеттерін, рольдерді анықтауға, жағымды қарым-қатынастың
көрінуіне көмектеседі. Басшылық жасай отырып тәрбиеші балаларды
жалықтырып алмайтын, мектепке дейінгі балалардың наразылығын
тудырмайтын, ойыннан шығып кетуге мәжбүр етпейтін жағдай жасауы
тиіс. Жетекші сұрақтар беруді, ақыл-кеңестер айтуды, ұсыныстар
жасауды пайдаланғаны дұрыс.
Кез келген ойында педагог балалар орындайтын рольдер арқылы
тәрбиелік мақсаттар шешуі тиіс. Мысалы, ол «Дүкен» ойынында
меңгеруші роліндегі баладан сатып алынған зат үшін ақшаны қайда тәлейді, кімге төлейді, дүкенде қандай зат бар, қандай зат жоқ, сатып алушыға керекті затты тауып алуына көмек көрсетілді ае, сатып алынған затты кім орап береді деп сұрайды, сатып алушылар алғыс айту керектігін, ал сатушы дүкенге зат сатып алу үшін тағы да келіңіз деп сыпайы ізет білдіру керектігін ойнаушылардың есіне салады.
Педагогтың өзінің ойынға қатысуы басшылық етудің ең тиімді тәсілі. Ол өзіне роль алып, ойын әрекеттері арқылы ойынның мазмұнын дамытуға ықпал жасайды, ойынға жасқаншақ, балалардың қатысуына көмектеседі, олардың өз күшіне сенімін оятады, оларға басқа балалардың ықылас сезімін туғызады. Ойынға ересек адамның қатысуы кейде құрдастарының бастамасын басып тастайтын, ұжымда тек өзінің ойындағысын орындатқысы келетін бастаушы балаларды тежеуге мүмкіндік береді.
Ойын соңында педагог балаларды ойынды талқылауға тарта отырып, олардың жағымды қарым-қатынастарын: ынтымақты, тату қимылдарын атап көрсетеді. Бұл балалардың келесі ойындарға деген ынтасын туғызады.
Педагог ойынға талдау жасап, оның балаларға тәрбиелік ықпалын
бағалайды, өз тобындағы балалардың мазмұнды-рольді ойындарына
бұдан кейінгі басшылық ету тәсілдерін ойластырады.