Педагогика


ойын тәрбие және даму құралы



бет77/119
Дата05.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#79679
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   119
Байланысты:
Андабекова С Мектепке дейінгі педагогика

9.3. ойын тәрбие және даму құралы
Ойын мектепке дейінгі балалар үшін тәрбие және дамыу құралы.
Ол педагогикалық үдерісте ғана тәрбие және даму құралына айналады.
Педагог ойынды жоспарлауда балалар игеруге тиісті бағдарлама
мазмұнын, дидактикалық және ойын міндеттерін, қимыл мен ережелерді,
нәтижені белгілейді.
Педагог ойынды педагогикалық үдеріске енгізе отырып, балаларды
ойнауға, «жақсы ойын» жасауға үйретеді. Жақсы ойын мыналарды қажет
етеді болуы;
- ойын мазмұнының тәрбиелік-танымдық мәнінің болуы;
бейнеленетін іс-әрекеттің түсінікті, толық, дұрыс және орынды
ала білуі;
- балалар белсенділігінің, ұйымшылдығының болуы;
- ойнаушылардың ережелерге бағынуы және оларды басшылыққа пайдалану;
ойыншықтар мен ойын материалдарын нақты мақсатқа күйлері.
- балалардың жағымды қарым-қатынастары және шаттық көңіл-
Тәрбиеші ойынға басшылық жасай жүріп, баланың санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына әсер етеді, ойынды ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесін беру үшін пайдаланады.
Балалардың білімі мен ұғымы ойын барысында айқындалады, тереңдейді. Кейбір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетінде бейнелеуге тиіс. Кейде балалар адамдардың еңбегі туралы, нақты іс-әрекеттер, өзара қарым-қатынастар туралы білімдері мен түсініктері жеткіліксіз болады да, соларды толықтыру үшін жаңа білім қажеттігі туындап, ойын барысында тәрбиешіден сұрайды. Тәрбиеші ол

сұрақтарға жауап беріп, олардың ойын кезіндегі әңгіменерін тыңдап,


ойнаушылардың өзара түсінуіне, келісуіне көмектеседі.
Балалар ойында білімдері мен түсінектерін жетілдіреді, жаңа білім
меңгереді.
Мектепке дейінгі ұйымда ойындар балаларда өмірге жағымды
көзқарас, Отанға, өз халқына сүйіспеншілік қалыптастыруға, қоғамдық
мінез-құлық ережесіне үйретуге бағытталады. Ойын арқылы балаларда
батылдық, адалдық, бастамашылдық, ұстамдылық сияқты сапалық
қасиеттер дамиды.
Ойын - балаларға адамдар мінез-құлқының ережелері мен
нормаларын, еңбекке, қоғамдық меншікке көзқарасын, өзара қарым-
қатынасты меңгеруге мүмкіндік жасайды.
Тәрбиеші ойынды ұйымдастыру, басқара жүріп, балалар ұжымына,
ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойында бала өзінің әрекетін
басқалармен үйлестіруге, ойын ережелеріне бағынуға тиісті болады.
Педагогикалық басшылықсыз ойындар балаларға кейде жағымсыз
ықпал жасауы да мүмкін. Педагогикалық басшылық қатыгездікке,
дөрекілікке дағдыландыратын, өшпенділіктудыратын, жүйкеге
жағымсыз әсер ететін, менмендік туғызатын ойындардың орнына зор
тәрбиелік мәні бар, ерікті нығайтатын, әділеттілік сезіміне, қиын
жағдайда көмектесе білуге тәрбиелейтін ойындар таңдауда үлкен
маңызға ие.
Ойын дене тәрбиесі құралы ретінде де маңызды. Ойын кезінде
қимыл-қозғалыс балаларда қан айналысын күшейтеді, зат алмасуын
жақсартады. Белсенді қозғалыс тұлғаның дұрыс қалыптасуына,
икемділікке, ептілікке жәрдемдеседі. Педагогикалық басшылық болмаса
ойын баланың дене құрлысының дамуына зиян келтіруі де мүмкін.
Тәрбиеші ойын кезіндегі гигиеналық шарттардың сақталуын
қадағалайды: балалар ұзақ уақыт бір қалыпта тұрып (жүрегінен отырып)
немесе керісінше, шамадан тыс көп қимылдап, қатты шаршап қалмауы
керек.
Эстетикалық тәрбие құралы ретінде де ойын кеңінен
пайдаланылады: балалар өздерін қоршаған дүниені роль, бейне арқылы
көрсетеді. Ойындардың мазмұнына енгізілген таныс әндер, билер,
тақпақтар, жұмбақтар балалардың эстетикалық әсер алуына мүмкіндік
береді. Балалардың ойында өз құрылыстарын безендіруі оларда
көркемдік талғам тәрбиелеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет