Қолданылған əдебиеттер:
1. Cisco Дэйв Эванс «Как оседлать лавину информации» http://www.cisco.com/web/
UA/about/news/2010/07202010a.html
2. Выготский Л.С. Мышление и речь. 1934.
3. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептердің 4 жəне 8 сынып оқушыларының
оқу жетістіктерін бағалаудың ғылыми зерттеу нəтижелері.Ұлттық есеп.-Астана: ҰББСО,
2013.http://www.edu.gov.kz/sites/default/files/nac_otchet_timss_2011_kaz.pdf)
4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/
P1200000832)
5. Цукерман Г.А. Оценка без отметки. М.-Рига: Педагогический центр «Эксперимент»,
1999.
6. Формативное оценивание в обучении: SMART-цели и критерии успешности. /Котова
Н.В., Ильясова Д.С., Журба Л.В., Пазылова Г.Ш., Рахымжанова Б.К. –Астана: АОО
«Назарбаев Интеллектуальные школы» Центр педагогического мастерства, 2015. – 42 с.
Pete Dudley Lesson Study: Нұсқаулық(www.lessonstudy.co.uk)
Беккулиева Əйгерім Сейітбекқызы
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми
қызметкері, Қызылорда қаласы
МУЗЕЙ ЖƏНЕ БІЛІМ КЕҢІСТІГІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
АННОТАЦИЯ
Мақалада музей – ғылыми-зерттеу ғана емес, мəдени білім беру мен ағарту мекемесі ретінде
көрсетілген. Музей экспозициясы мен экспонаттары мұғалімдер үшін сабақ үрдісінде пайдалануда
таптырмас құрал екендігін дəлелдейтін дəйектер келтірілген. Мақаланың басты мақсаты –
интеграция арқылы патриоттық рухы асқақ, азаматтық сана-сезімі биік, рухани-адамгершілік
құндылықтары жоғары тұлғаны қалыптастыруға болатынын ұғындыру. Білім беру жүйесі
демократиялық сипат ала бастаған уақытта, жастарды музей экспозициясы көмегімен тəрбиелеу
– ұтымды əдіс болды. Жастардың музейде тарихи талдау жасауға, сыни тұрғыда ойлауға
машықтанатыны дəлелденді.
Түйін сөздер: Музей, білім мекемелері, интеграция, педагогика, музей педагогикасы, заманауи
тұлға.
АННОТАЦИЯ
В статье говорится, что музей является не только научно-исследовательской организацией,
но и осуществляет образовательную и просветительскую деятельность. В проведении музейных
уроков экспозиция музея представляет незаменимое наглядное пособие. Основная цель данной
статьи является путем интеграции воспитать молодое поколение в патриотическом духе в идеаль-
ном мире, привить высокое чувство гражданственности, формировать духовных и нравственных
ценностей человека. Оптимальным решением в воспитании подрастающего поколения является
правильное использование музейной экспозиции. Доказательством вышесказанного является
возможность осмысливать и анализировать исторические события в музее.
Ключевые слова: Музей, учебные заведения, интеграция, педагогика, музейная педагогика,
современная личность.
76
ABSTRACT
The article says that the museum is not only a research organization, but also provides education
and outreach activity. In conducting museum lessons exposition of the museum will present an indispensable
visual aid. The main purpose of this article is opportunity to shape through the integration of spiritual
personality.
The use of the museum exhibition provides an opportunity to young people to in interpret and analyze
historical events in the museum.
Keywords: museum, educational institutions, integration, pedagogyca, museum pedagogyca, modern
personality.
ХХІ ғасырдағы білім мекемелерінің алдында эстетикалық талғамы зор, қоршаған
ортадағы сұлулықты түсіне жəне қадірлей білетін, жаңа қоғамға бейімделген, жан-жақты
дамыған заманауи тұлғаны қалыптастыру мəселелері тұр. Жаңа ғасырдағы жаңа білім
стандарттарына көшу барысында оқу жүйесі музей кеңістігімен байланысты тығыз орната
бастады. Оқу орындары үшін музей қосымша білім қоры жəне жалпы пəндерді оқытуда
қосымша ресурс ретінде танылды. Білім мен музей педагогикасының интеграциясы – əлемді
тұтастай тануға мүмкіндік беретін құбылыс, бөліп-жарып қарауға болмайтын тұтас əлем.
Музейдің білім ошақтарымен интеграциясының мақсаты – мектеп мұғалімдері жəне орта
арнаулы, жоғары оқу орындарының ұстаздарымен бірлесе отырып, жастарды ұлттық,
рухани, мəдени құндылықтарға баулу.
Интеграцияның негіздері:
- зерттелетін не оқытылатын нысан мен құбылыстың ұқсастығы;
- түрлі пəндердің ортақ тұсы;
- жалпы ептілік пен дағдыны қалыптастыру [1, 98 б.].
Қазіргі қоғамдағы мəдени кеңістікте музейдің алатын орны зор. Музей – халықтың
қазынасы мен мұрасын ыждаһаттылықпен жинақтап-сақтап отырған ғылыми-мəдени, рухани
мекемелердің бірі. Музей экспонаттары – халық тарихы мен өнерінен сыр тарқататын талай
замандардың тірі куəлары. Олар – халықтың ұзақ ғасырлар бойындағы тірлік-тынысының
айқын көрінісі, салт-дəстүрлердің жарқын іздері. Музейдің негізгі қызметі құндылықтарды
сақтау, келер ұрпаққа жеткізу болып табылады. Қоғамның өмір сүру дағдысының
жаһандануы мен интеграциясы музейдің қызметі мен əдістерін қайта қарауға мəжбүр етті.
Ғылыми-біліми мекеме ретінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан музей қоғам үшін жабық, кей
тұста құпия болып келді. Қазіргі уақытта барлығы басқаша. Музей сыртқы қоршаған ортаға
ашық, қоғамның даму процесіне белсенді қатысушы ретінде көрініп жүр. Музей мен қоғам
арасындағы байланысқа əсер ететін басты фактор – халықты музейге келтіру, аудиторияны
кеңейту. Тек топқа ғана емес, топтың ішіндегі əрбір экскурсантқа көңіл бөлу, сұрағанын
түсіндіру – музей стратегияларының біріне айналды. Қазіргі таңдағы музейлер əлеуметтік
даму мен мəдени қоғамның қалыптасуына үлес қосуға ұмтылыс үстінде. Оның ішінде музей
экспонаттарының көмегімен жастарды (оқушылар, студенттер, т.б.) тəрбиелеу, оларға білім
беру – алдыңғы жоспарда тұр. Ендеше, əлеуметтік мəдени жəне мəдени шығармашылық
ортаны құруды, оқытудың əдіс-тəсілдерін таңдауды, оқушыларға білім беру мен тəрбиелеуді
оқу орны өзі ғана емес, музеймен бірігіп атқарса, нəтиже айқынырақ болары анық. Өйткені,
музей – белгілі бір тұлғаны қоғамнан тыс мəдениет əлеміне кіргізіп, биігіне шығаратын
бірден-бір орын
Кеше ғана музей экспозициясының сапасы музей коллекциясына бағытталған дəстүрлі
ғылыми схемамен анықталса, қазіргі таңда музей экспонаттардың əрқилы орналасуымен
жəне аудиториямен жұмыс істеудегі жаңа формалармен ерекшеленеді. Заманауи мəдениет
пен мəдениетаралық коммуникация əсерінен музей қызметкерлерінің жəне музейге
келушілердің санасы мен қабылдауы өзгеруде. Бүгінгі таңда қоршаған əлем ақпараттық жəне
материалдық қор тереңдігіне деген жүйелілік ықпалды музейден қажет етіп отыр. Бұл
тенденция музейдің рухани құндылықтардағы генерацияны табуға итермелейді. Бұл мақсат-
77
міндеттерге жету үшін интеграция жолға қойылды. Ол – бірігу, жақындау жəне білім
берудегі байланыс.
Музей мен оқу орындардың интеграциясы екі мекеменің де білім беру функциясын
жоғарылатты. Музей əлеміне оқу орындардың еркін кіре бастауы музей педагогикасының
қарқынды дамуына алып келді. Музей педагогикасы (музейтану жəне педагогика
ғылымдарының интеграциясы) жас ұрпақты (оқушылар, студенттер, т.б.) музейге тартуға,
мəдениет пен ғылымға баулуға, əр тұлғаның бойында шығармашылық қабілетін арттыруға
бағытталады. Көптеген елдерде музей мен оқу орындардың интеграциясы «параллельді білім
беру» жүйесі ретінде қаралады. Ол – оқытудағы бірегей мүмкіндіктер, дидактикалық
процестің ерекше құрылымы, анықталған контингент, қоғамдық сұраныстан туатын
педагогикалық жүйе. Музей мəдени-тарихи диалогты жүзеге асыратын орынға айналып
келеді. Музей монологтан полилогқа ауысуда [2, 112 б.].
Музей мен оқу орындардың интеграциясы нəтижесінде музей педагогикасы өз
жұмысын бастады. Аудиториямен, яғни экскурсанттармен жұмыс жасауда Экскурсиялық-
көпшілік бөлімінің маңызы зор. Музей педагогикасымен тікелей жұмыс жасайтын осы бөлім
болып табылады.
Музей педагогикасының ұстанатын бірнеше бағыттары:
Ақпараттандыру – музей туралы ақпарат алатын алғашқы қадам, яғни музей ісінің
негізгі бағыттары мен мақсат-міндеттеріне байланысты сұрақтарға жауап алу. Ол дəстүрлі
лекциялар, кеңестер (консультация) көмегімен жүзеге асады. Ақпараттық технологиялардың
дамуына байланысты музейге жаңа технологиялар енуде: ақпаратты компьютер көмегімен
беру, ересектерден балаларға дейін қарастырылған жол сілтеу, жоспарларды компьютерлік
технологиялармен көрсету, интернет желісіне қосылған ақпараттық киосктерді пайдалану.
Ақпараттық жүйелер экскурсияның сапалық көрсетілімін қамтамасыз етеді. Электронды
киосктерден экспонаттардың шығу тарихын, экспозицияда орналасуын немесе қорда бар
экспонаттар туралы толық мəлімет алуға болады;
Оқыту – қосымша не болмаса альтернативті білім алуға мүмкіндік. Музейде оқытудың
ерекшелігі – еріктілік пен бейресми орта. Музейде білім беру жастардың өз мүмкіндіктерін
іске асыруымен, қызығушылықтарын қанағаттандыруымен ерек. Оқыту экскурсия, музейлік
дəрістер, үйірме сабақтары көмегімен жүзеге асырылады. Музейлік дəрістер – музейдің
мектеп, лицей, гимназия, колледж, университет оқушылары мен студенттерінің арасындағы
жұмыстардың формасы;
Шығармашылық негіздерін дамыту – музейлік ақпаратты алудағы жоғарғы
сатылардың бірі. Шығармашылықты көтеру үшін музейде ерекше жағдай жасалған. Салт-
дəстүр, мəдениет, тарихқа жастарды үңілдіре отырып, шығармашылықты дамыту. Бұл бағыт
студия, шығармашылық лабораториялар, тарихи ойындар түрінде жүзеге асырылады.
Қарым-қатынас – музей мен онда жинақталған коллекция мазмұнына байланысты
ортақ қызығушылықтар негізінде іскерлік жəне достық қатынас орнату. Музей экспонаттар
туралы толық мəлімет ала алатын орта болуымен қатар, мазмұнды, қызықты жəне бейресми
қатынастар орнатуға үлкен мүмкіндіктер береді. Ол – кездесулер, сайыстар, экскурсия-
сабақтар, дебаттар, əдеби-əуезді кештер не болмаса қандай да бір дəстүрлі емес формада
өткізілетін шаралар;
Демалыс – музей аудиториясының тілектері мен қызығушылықтарына сəйкес бос
уақыттарын тиімді өткізу, музейде демалуды ұйымдастыру. Сауықтың бұл түріне жəрмеңке,
карнавал, Ашық есік күндері, концерттер, «Музей түні» шарасы, Ұлыстың ұлы күні –
Наурыз мерекесі, т.б. жатады.
Бағыттар сынды музей педагогикасының формалары да үнемі өзгеріп, дамып отырады.
Олар көп жыл көлемінде қалыптасты, сонымен қатар, қоғамның сұранысы, ғылыми
ізденістер, тарихи оқиғалар əсерінен өзгеріп те отырды. Мəдени-ғылыми жұмыстың кез-
келген формасының басты ұстанымы – экскурсанттардың бейресми ортада білім алуына,
өзін-өзі дамытуға, ұнататын, қызығушылық туғызатын жұмыспен айналысуына мүмкіндік
78
беру. Мүмкіндік бере отырып, категориясы мен типіне қарай экскурсанттардың психоло-
гиялық ерекшеліктерін де ескеркен жөн.
Музей келушілердің (оқушылар, студенттер) бос уақытын қызықты өткізетін орын
ретінде ғана емес, нағыз тарихи айғақтардан тұратын мекеме ретінде білім жүйесіне көмекке
келуде. Осылайша, музей мен білім жүйесі бірігіп, адамның рухани байлығы мен тарихи білі-
мін қалыптастыру жолында бір бағытта жұмыс жасауды бастап та кетті. Білім жүйесіндегі
рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, тарихи-өлкетану тəрбиесін берудегі тəжірибені
музеймен бірлесе отырып жүргізу қазіргі таңда кең өріс алуда.
Музей мен оқу орны
арасындағы байланысқа бағытталған білім берудің гуманитарлық жаңалықтарға ұмтылысы
ХХІ ғасырдағы білім берудің жаңа парадигмасының негізін құрайды.
Музейлік заттар, яғни құндылықтар белгілі бір оқиғалар мен тұлғалар жөнінде ақпарат
беретін дереккөз ретінде экскурсантқа эмоционалды түрде əсер ете алады, өткен шаққа,
қолөнершінің əлеміне ойша кіру арқылы сол оқиғаға, кезеңге қатыстылығын сезіне алады.
Дəл осы əдіспен бала жүрегіне көпір салып, дұрыс өмірлік бағыт алуына, өмірдің мəңгілік
құндылықтарын түсіне білуіне көмектесуге болады. Оқу орны беретін білім мен тəрбиенің
жалғастырушысы, заттай көрнекіліктермен толықтырушы мəдени-ғылыми ошақтардың бірі –
музей. Музей экспонаттары көмегімен тарихи кезеңдерді толық зерттеп, заттай деректермен
көрсетіп, əр экспонатты сөйлету арқылы білім мен тəрбиені егіз беру музей педагогикасы
болып табылады. Музей педагогикасы оқу орындардың үздіксіз білім беру жүйесінде
маңызды рөл атқарып келеді. Білім жəне тəрбие ошақтарының мұғалімдері немесе
тəрбиешілері өскелең ұрпақты бірігіп тəрбиелеуге музейден көмек сұрап келуде. Мұғалім
бала санасына сіңіргісі келген білімін музей педагогикасына сүйене отырып беруі – музей
жəне білім ордасы үшін де үлкен жетістік. Музей педагогикасының негізгі мақсаты –
өкшебасар ұрпақты музейге тарту, тұлғаның шығармашылық дамуын жүзеге асыру.
Сондықтан, қазіргі таңда музей педагогикасын инновациялық педагогикалық технология деп
қарастырады. Психологиялық зерттеулер музейлік біліми-мəдени кеңістікте көп болатын
баланың ой қызметі нық қалыптасатындығын тұжырымдауда. Оқушы мəдениетін
қалыптастыру жүйесінде музей педагогикасын инновациялық технология ретінде
пайдаланудың қағидалары:
- көрнекілік;
- қолжетімділік;
- динамикалық;
- материал құрылымының маңыздылығы (балаларға қызықты болуы);
- музей коллекцияларымен таныстырудағы жүйелілік, яғни реттілік;
- гуманизм;
- ақпаратты қабылдау кезіндегі балалар фантазиясы мен сұрақтарын ынталандыру,
мадақтау, тұлғаны көтермелеу;
- музейлік құндылықтарды меңгерудегі балалардың белсенділігі.
Кез-келген экспозицияда келесі логикалық тізбекті ескеру керек: қабылдау – түсіну –
ойлап қорыту – бекіту – пайдалану [3, 2 б.]. Осы тізбек дұрыс орындалса, экскурсант
ақпаратты жеңіл қабылдап, тез қорытады.
«Музей экспонаттарын қолмен ұстауға болмайды» деген қағида халық жадына сіңіп
кеткендігі аян. Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцидің «Білім беру процесінде
ақыл, жүрек жəне баланың қолы бірге қызмет атқару керек» деген сөзі бұл қағидаға қарсы
тұрады. Экспонатты ерекше етіп көрсету, оны ұстап көруге мүмкіндік беру сынды қағидалар
музейдің көрнекілік ұстанымдарына жатады. Кеңес үкіметі кезінде экскурсант бейтарап
көруші болып келді, ал қазіргі музейлерде экскурсант – экспозиция жасаушы, шығарма-
шылық процеске қатысушы. Мысалы, «Музей безгегі» ойынын ойнату арқылы балалардың
аталар киген мəсіні киюі, қыз балалардың ұршық иіруі, соғыс ардагерлерінің таққан
медальдарын қолмен ұстап көруі – балалардың сол процеске қатыстылығын сезінуге,
экспозицияның шығу тарихына үңілуге, материалды тез əрі жеңіл қабылдауына мүмкіндік
79
береді. Музей шығармашылық тұлғаны қалыптастыратын тəрбиенің ажырамас бөлігіне
айналды, əрбір жас өрен музейден шыққанда ой-өрісінің бір сатыға көтерілгенін байқап,
өмірге деген үлкен сенімділіктің пайда болғанын аңғарады.
Ақпараттық қоғамның даму жолында мəдени-ағарту мекемелеріне үлкен міндеттер
жүктелуде. Қазіргі таңдағы заманауи адам ақпарат көздерінен түрлі мəліметті бойына үнемі
сіңіріп отырады, жаңа əрі пайдалы біліммен қатар құнсыз мəлімет те адам санасын улап
жататыны анық. Қазіргі білім мекемелерінің, кітапханалардың, театрлардың ерекше əрі бай
қоры бар, сондықтан мəдениет жəне білім ошақтары адамның тек құнды біліммен
сусындауына мүмкіндік беретін жолды іздеп, халыққа ұсынып келеді.
Осындай мекемелердің қатарында музей де тұр. ХХІ ғасырда музей өзектілігін
жоғалтып алмауы үшін, музей қандай болған, қандай болды, алдағы күнде оның даму
жолында қандай үрдістер қалыптасу керек деген сұрақтарға тұшымды жауап алып, түсініп
алу керек.
Қазіргі заманда экскурсантты дəстүрлі емес музейлер көбірек қызықтыруда. Үлкен
қарқынмен дамып жатқан қоғамда музей əлемді түсінудің жаңа жүйесіне бейімделу үстінде.
Дəстүрлі музей материалдары жаңа келушілерді қызықтыра қоймайтыны, музейге қайта
келуге ықыласының болмайтыны айтуға қиын болса да, ащы шындық. Дəстүрлі музейлерде
іс жүзінде ешнəрсе өзгермейді, экспозициядағы барлық заттар өз орнында тұрады. Дегенмен,
ол музейлердің оң жақтары да бар. Анық жəне түсінікті көрермендік құрылым тұрақты
орныққан. Консервативті көзқарасты кей экскурсант тұрақты, өзгеріссіз экспозицияны
көруге қайта келеді, өйткені ол материалды ұзақ əрі нақты зерттеуге мүмкіндік береді. Дей
тұрғанмен, жас ұрпақты үнемі өзгеріп, уақытпен бірге қозғалыста жүретін, «экспозиция
динамизмі» бар заманауи музей қызықтырады. Жастар музейдің қазіргі заманның
талаптарына жауап бере алатындай жəне əрқашан жаңалықтарға толы болғанын қалайды.
Заманауи музейдің ерекшелігі – келушілермен тіл табысуында жəне экспозиция жасауда
көпқырлы əдіс-тəсіл қолдануында [4, 123 б.]. Біздің қоғамда өзінің салты мен қағидалары
бар, сонымен қатар, қолдан келгенше өзін қазіргі заманға сай қылғысы келетін аралас
музейлер кең етек алуда. Аралас музей қызметі – дəстүрлі музей құрылымын пайдалана
отырып, білім жəне тəрбие формалары көмегімен экскурсантқа материалды заманауи
тұрғыда жеткізу. Олар уақытша көрмелер, тұрақты экспозициядағы ішінара өзгерістер не
болмаса қосымша семинарлар, ғылыми-біліми бағдарламалар, саяси-хабарлар, жиналыстар,
жиындар, лекциялар, конференциялар, дебаттар, кездесулер, экскурсиялар (тақырыптық
жəне шолу), конкурстар, музейге келушілермен қосымша жұмыстар, т.б. болуы мүмкін. Бұл
үрдіс Қазақстан музейлерінде кең етек алған.
Д.Камерон музейдің бір бағыты ретінде музейде арнайы аудиториялық мектеп немесе
институт қалыптастыруды ұсынды. Мəселен, оқу орындарында оқытылатын дəрістерді
музейде ұйымдастыру, музейде тірі жəдігерден мысалдар келтіре отырып, мектеп
оқушыларына сабақ өту, жас мамандарға арнап тренинг өткізу. Осының негізінде музейлік
коммуникация жүйесі реттеледі, ал дəріс тыңдаушының кəсіби шеберлігі шыңдалады деп
түсіндірді [5, 506 б.]. Д.Камерон ұсынған идея қазіргі білім беру жүйесіне дөп келіп, музей
мен білім мекемелері арасында тығыз байланыс орнауда.
Аралас музейдің білім жəне тəрбие берудегі информативті талаптары:
- Экскурсия кезінде берілетін мəлімет өзекті, ғылыми жағынан дəйекті фактілермен
негізделген болуы тиіс;
- Берілетін мəлімет тақырыпты терең жəне толық ашуға мүмкіндік беріп, экскурсантқа
түсінікті болуы керек. Ақпарат көлемі экскурсияның танымдық жəне тəрбиелік мақсатта-
рымен сəйкес, психологиялық жəне қажеттілігі мен қабылдауы жағынан аудиторияны
қанағаттандырып, талабына сай болуы керек;
- Ақпарат экскурсанттардың білімі мен интелектуалдық деңгейіне сай болуы тиіс.
Мүмкіндігінше келушілердің қызығушылығына орайластырылуы керек;
80
- Келушілердің назарын аудартатындай ерекше, əр сипаттағы, салыстырмалы,
контрастты материалдарды кең қолданған дұрыс[6, 97 б.].
Халықтың рухани дамуының түп қазығы, тірегі – мəдениет, əдебиет, дін, салт-сана, тіл
деген ең негізгі құндылықтардың беріктігіне келіп тірелетіні анық. Жастарға білім беру мен
тəрбие саласындағы барлық өзгерістердің өзегіне осы тұрғыдан келуіміз заңды. Жастарды
оқыту мен тəрбиелеу осы негізде жүйеленуі қажет. Сондықтан, еліміздің болашағының қамы
– ұрпақ тəрбиелеу мəселесін оқу орындары мен мəдени мекемелер болып шешсек, рухы
жоғары, талғамы зор, заманауи тұлғаны қалыптастыру жолында бірігіп жұмыс атқарсақ,
Қазақ елі абыройының əлі де асқақтайтыны анық.
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:
1. Музей. Образование. Культура. Процессы интеграции. Москва, 1999 г. ИПРИКТ,
Каф. музейного дела
2. Б.А.Столяров Музейная педагогика: история, теория, практика. М.: Высшая школа,
2004. – 216 стр.
3. Личностное развитие детей средствами музейной педагогики / Т.А. Елькина.
г. Слободской, Кировская область
4. В.И. Ревякин. Проектирование музеев: монография / В. И. Ревякин. – М.: ГУЗ, 2003.
– 206 с.
5. Музейное дело России / М. Е. Каулен, И. М. Коссова, А. А. Сундиева. – 2-е изд. – М.:
Издательство «ВК», 2005. – 614с.
6. С.И. Сотникова. Музеология / С.И. Сотникова. – М.: Дрофа, 2004. – 192 с.
Боскин Тимур Берикович
Магистр преподавания иностранных языков,Университет КИМЭП
Преподаватель англ. яз.,Международной школе г. Астана
TimurBoskin
MAinTFL, KIMEPUniversity
International School of Astana NIS
JOURNAL WRITING: A TOOL TO HELP DEVELOP STUDENTVOICE
АННОТАЦИЯ
Бұл мақала журнал толтыру əдісін ағылшын тілін үйрену сыныптарында қолдану жəне
оның оқушылардың өзіндік ой-пікірлерін дамытуға тигізетин əсерін зерттеуге негізделген.
Зерттеудің негізгі мақсаты ағылшын тілін қолдану арқылы оқушылардың ой-пікірінің еркін дамуына
көмектесу болып табылады. Оқушылардың ой-пікіріне олардың түрлі идеялары, көзқарастары,
білімдері жəне тəжірибелері жатады. Аталған қасиеттердің дамуы оларға сыныптарда ағылшын
тілін жақсы меңгеруге жəне халықаралық тесттерге дайындалуға, жақсы нəтиже көрсетуге үлкен
үлес қосады. Оқушылардың ой-пікірлерінің өсуі тек қана олардың жеке дамуына ғана емес,
сыныптағы, яғни мұғалім мен оқушы арақатынасының, сондай-ак, оқушылардын өзара арақатына-
сының да жақсаруына себепші болады. Зерттеуде 31 тоғызыншы сынып оқушысы арнайы берілген
тақырыптарға еркін түрде өздерінің ой-пікірлерін журналға (дəптерге) жазып отырды. Кейінірек
бұл журналдар жиналып, Блум таксономиясына негізделген əдіс жəне сызбаларды қолдана отырып
анализ жасалды. Нəтижесінде оқушылардың ой-пікірлерінің сараптау, құрастыру жəне
форматтау бағытында дамығанын айқын түрде бақылау мүмкін болды. Зерттеу нəтижелері
тапсырма беру əдісін қолданудың ой-пікірді жеткізу қабілетін дамыту жолында тигізетін
пайдасын жетік түсінуге жол ашты.
Түйінді сөздер: журнал толтыру тапсырмасы, оқушының ой-пікірі, үйренуге бағытталған
жазу əдісі, пікір білдіру, креативность.
|