Əдебиеттер тізімі:
1. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1994.
2. Пірəлиев С. Ұлттық тəрбие жəне жаһандану // «Егемен Қазақстан»
3. Қапалбеков Б. Ұлттан тілді алса... – Алматы, 2006. – 138 б.
4. Қожахметова К.Ж. Этнопедагогика: əдіснамасы, теория, тəжірибе- Алматы, 2013
Айдналиева Назгүл Аманжолқызы
педагогика ғылымдарының кандидаты,
психология-педагогика факультетінің деканы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай қ.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІ ПАТРИОТТЫҚҚА
ТƏРБИЕЛЕУДІҢ ƏДІСНАМАЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ
АННОТАЦИЯ
Берілген мақалада ЖОО-дағы болашақ мұғалімдердің ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетін
қалыптастыруда патриоттық тəрбиенің ролі қарастырылады. Этнопедагогикалық мəдениет пен
ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетінің өзара байланысы көрсетілген.
Патриоттық тəрбие, ұлтаралық қарым-қатынас, жоо-ғы тəрбие,тəрбиелік іс-
шара,этнопедагогикалық мəдениет.
28
АННОТАЦИЯ
В статье рассматривается роль патриотического воспитания в формировании культуры
межнационального общения будущего учителя в процессе обучения в вузе. Сделан акцент на
взаимосвязь этнопедагогической культуры и культуры межнационального общения
Патриотическое воспитание, межнациональное общение, воспитание в вузе, воспитательные
мероприятия, этнопедагогическая культура.
ABSTRACT
The article deals with role of patriotic upbringing at the formation of the culture of international
association future teacher at the institute. Author pays attention to the connection of the ethnopedagogical
culture and the culture of international association.
Key words: patriotic upbringing, interethnic dialogue, upbringing at the institute, the educational
events, ethnopedagogical culture
Егемен еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тəрбиелеу – қазіргі мұғалімдердің
алдында тұрған негізгі міндеттің бірі болып табылады. Бұл міндетті шешудің бір жолы –
мұғалімдерді этнопедагогикалық даярлықтан өткізу жəне оған жағдай жасау. Бұл үшін ұрпақ
тəрбиесімен айналысатын ұстаздар қауымы халық педагогикасының үлгі-өнегелерін оқу-
тəрбие үрдісінде тиімді қолдана білуі тиіс. Жасөспірімдерді отанды сүюге, адамдыққа, адами
тазалыққа, ізгілікке баулу – ұстаздың басты парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі қоғамның
дамуына қарай лайық өзінің білім беру ісінде рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс
жасай алатын, этнопедагогикалық теорияны толық меңгеріп, оны практикада жүзеге асыра
алатын тұлға болу қажет. Мұғалімнің сапалы кəсіби даярлығына, біліктілігіне, оқу-тəрбие
үдерісінде халық педагогикасының идеяларын педагогикалық сауатты, мақсатты даярлықпен
пайдалануына байланысты. Бұл мəселелерді шешуде жоғары педагогикалық оқу орыны
маңызды роль атқарады.
Елбасы «Əр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке жəне отбасылық игіліктерге ғана
ұмтылыс таппайды. Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі,өз халқы мен
Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді. Ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары
үшін Қазақстанның Тəуелсіздігі асыл арман болып келді. Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін
тəуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды» - деді.
Ол үшін болашақ мұғалімдерді осы мəселе жөнінде өздерінің болашақ оқушыларына тəр-
бие сағаттары арқылы дарытуды, студенттердің теориялық білімдерінен жəне педагогикалық
практикаларынан бастап қолға алған жөн деп ойлаймыз. Əрине болашақ мұғалімдер үшін,
бұл мəселені шешудің жолы этнопедагогикадан теориялық жəне практикалық білім болып
табылатыны сөзсіз.
Мемлекетімізде қазақ халқының патриотизмі ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетінде
маңызды орынға ие. Көпұлтты еліміздің мүдделеріне қызмет етуінің негізінде жатқан Отанға
деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас
бөлігі болған жəне болып қала бермек. Егер осы биік сезім өз елінің тағдыры үшін
жауапкершілік сезіміне ұласса, ол жекелеген адамдардың күнделікті іс-əрекетінің маңызды
өзегіне, осыдан келіп, жалпы қоғамның ілгерілеуінің күшті қозғаушысына айналады. Дəл
осындай шынайы патриотизм қоғамның саяси шоғырлануы мен бірігуіне септесіп немесе,
керісінше қоғамның саяси ыдырауы мен жіктелуіне əкеп соқтыра алады.
Қазақ халқының патриотизмі қазақстандық патриотизм мен қазақстандықтардың
ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетінің негізінде жатқандығын айта кеткен жөн. Қазаққа
жəне қазақстандықтарға тəн патриотизм басқа ұлттардың, салыстырмалы түрде атап айтатын
болсақ, не американдық, не жапондық патриотизмге барабар, тепе-тең емес, олардың арасын-
да ортақ сипат-белгілер аз болмаса да, əрқайсысының өзіне тəн сапалық сипаттамалары,
туындау ерекшеліктері жəне көрініс табу формалары бар. Бұған қоса, бір ғана елдегі əр түрлі
саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің белгілі бір жағдайларда патриотизм танытуы
өте алуан түрлі болып келеді. Əйтсе де, өткір, сындарлы төтенше жағдайларда ол
29
айырмашылықтар жоғалып, не бірыңғай қайғы-қасірет сезімі, не өз халқы үшін, Отаны үшін
мақтаныш сезімі ретінде көрініс табады.
Патриотизм ұлттық тегі тұрғысынан қарастырғанда, тарихи, мəдени, рухани дамуының
ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттың жаңаруында, сондай-ақ, əрбір ұлт өкілдерінің
санасының нығаюы мен қалыптасуында маңызды рөл атқарады .
Осыған байланысты, қазақ халқының патриотизмі – бұл патриотизмнің басқа халықтар-
дың тарихы мен дəстүрлеріне құрмет танытушылық пен үйлестігіне ден қою, мəн берушілік
болып табылады. Осы қағида арқылы патриотизм табиғи əрі негізгі сезім ретінде, тұлғаның
өзіне жақын жиынтық бүтіні алдындағы тікелей міндеті ретінде беки түседі, сонымен бір
мезгілде, бұл сезім халықтық өзімшілдіктің хайуандық қасиеттерінен арылып, баршаны қам-
титын, берік адамгершілікті-өнегелік бастауға сəйкес барлық басқа халықтарға ізгі қатынас
жасаудың негізі мен өзегіне айналады.
Қазақстандық ғалымдардың көпшілігі патриотизм мен ұлтаралық қарым-қатынас мəде-
ниетінің диалектикалық бірлігін баса атап көрсетеді. Əсіресе, бір-бірінен ажыраған патрио-
тизм мен ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетінің мəні өзгеретінін атап көрсеткен ғалымдар
Р.Б.Əбсаттаров, Т.С.Садықов С.М.Борбасов, Т.С.Сəрсенбаевтың пікірлері ерекше назар
аудартады [2,8].
Шын мəнінде, қазіргі заманғы дүниеде, мысалы, егемендік үшін күресті, ұлттық жаңғы-
руды жəне дамуды басқа халықтардың тəуелсіздігін құрметтеушіліксіз, олардың теңдігін
мойындаусыз, ұлттар арасындағы достықсыз, əр түрлі сала бойынша өзара тиімді ынтымақ-
тастықсыз елестету қиын. Қазақстан сияқты көпұлтты елде жалпықазақстандық патриотизм
қазақ халқының патриотизмі мен ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетінің үйлестігінсіз
болуы, тіптен, мүмкін емес.
Сонымен қатар, Қазақстан халқының патриоттық тəрбиесінің мазмұны оның құндылы-
ғын ашатын «Отан» ұғымының рухани-өнегелік жəне саяси қырына негізделеді. Қазақстан-
дық патриотизм көпұлтты халықтың, қоғамның мүдделерін таныта жəне қорғай отырып,
жеке тұлғаларды өзінің азаматтық мінез-құлқы, іс-əрекетімен құқықтық нормаларды орын-
дауға бағыттай отырып, оларды бір мезгілде көпұлтты халық пен оның мəдениеті тудырған
моральдық нормалар мен салт-дəстүрлер де, фольклор мен өмірлік құндылықтарда берік
орныққан патриоттық тəжірибені игеру арқылы бірігуге ынталандырады. Қазіргі Қазақстан
тұрғын халықтың жалпықазақстандық патриоттық дəстүрлер мен құндылықтарды меңге-
руіне, олардың жекелеген жəне топтық мінез-құлықтық бағдарламаларға айналуына мұқтаж.
Сондықтан, Қазақстандық патриотизм шеңберінде ұлттық саясат барлық ұлттардың
теңдігін, сонымен қатар, Қазақстан территориясында тұратын əр түрлі ұлттық топтардың
мүдделерін есепке алатын өзара келісілген шешім қабылдау қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Бұл орайда, ұлттық топтарға, олардың мүдделері ескерілетінін жəне билік тарапынан əділ
қатынасқа сене алатынын көрсету үшін ұлттық топтарды саяси шешімдер қабылдау
процесіне тартуға күш салу керек [3, 91].
Зерттеуші А.Ж.Мұқажанова: Адамдардың патриоттық санасының əлсіреуі, өзінің елі
мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімінің өзгеруі – бұл қоғамның моральдық
азғындауының, халықтың тұрақсыздануы мен ыдырауының ажырамас белгі-сипаттары. Қа-
зіргі кезде мемлекет пен азаматтық қоғамның бүкіл күші əлемдік экономикалық дағдарыстың
теріс салдарларын жоюға, қоғамның қауіпті қылмыстық деңгейімен, жемқорлықпен жəне
басқа əлеуметтік жат құбылыстармен күреске бағытталып, жұмылдырылуда. Қазіргі таңда
Қазақстанда Отанға деген сүйіспеншілік қоғамдық қатынастардың демократиялануы мен гу-
манизмденуі негізінде; адамды, оның өмірін, адамдық ар-намысын, адамға лайықты еңбека-
қы төлемі мен тіршілік сапасын биік құндылық деп тану негізінде; мемлекетте ілгерілеуші
əлеуметтік саясат жүргізу негізінде қалыптасады - деп жазады.
Бұндай қазақ халқының жаңарған патриотизмінің мазмұнында жəне жалпы қазақстан-
дық патриотизмнің қалыптасуы негізінде қазіргі қоғам мен қазіргі озық мəдениет құндылық-
тары ғана емес, сонымен қатар, қазақ мəдениетінің, оның айрықша руханилығының, азаттық
30
пен өнегелікке деген мəңгілік ұмтылыстарының дəстүрлі құндылықтары да жатыр. Өткеннің
озық дəстүрлерін сақтап, заманауи өркениеттің барынша озық үрдістерін меңгере отырып,
Қазақстан халқы өз елін ең алдыңғы межелерге шығара алады. Бұған халқымыздың жоғал-
маған, қайта, жаңа əлеуметтік, саяси өмір шындығы жағдайында жаңарған, жаңғырған
патриотизмі кепіл болмақ.
Осыдан келіп, қазақстандық жастарға патриоттық тəрбие беру саласында салмақты
əдістемелік зерттеулер қажет деген тұжырым жасауға болады. Өйткені, қазіргі кезеңде
мемлекеттің жаңа саяси жəне əлеуметтік құрылымдарымен өзара əрекеттестігінің жаңа
сапалы деңгейі жағдайындағы патриоттық тəрбие берудің əлеуметтік мəні ашылмаған, қо-
ғамдық сана құрылымындағы патриоттық сананың орны мен Қазақстан тұрмыс-тіршілігінің
қазіргі кезеңінде тұлғаның патриоттық қасиеттерін қалыптастырудағы білім беру жүйесінің
рөлі зерттелмеген.
Сонымен қатар, зерттеуші Жұмабек Кенжалиннің əділ атап кеткеніндей: «Қазақстандық
патриотизм жалаң ұран, сөзуарлықтың жиынтығынан ада болуы тиіс. Себебі, əлеуметтік əді-
летсіздік, принципсіздік орын алған жерде халықтың патриоттық сезімін оятатын факторлар
жойылады. Ал ондай сезімі, отаншылдық рухы сөнген елдің болашағы да бұлыңғыр бола-
тынын тарих дəлелдеп отыр. Сондықтан, біздің ойымызша, қазақстандық патриотизмнің
дəстүршілдік жəне жаңашылдық сыпатына айрықша назар аударып отырған абзал» [4, 46-47].
Қазақстан халықтарының дəстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тəрбие
беру ісі əлеуметтендіру процесін тұлғаның өз қабілеттерін дəл осы Отанға, Атамекенге
қызмет ету, өз тарихын, өз Отанының ғылымға, мəдениетке, əлеуметтік дүниенің рухани
құндылықтарына қосқан үлесін мақтан тұту арқылы неғұрлым терең ашуына мүмкіндік
беретіндей деңгейге жеткізеді. Тек тұлға ғана өзінің Отанға деген қатынасын ішкі, қастерлі
сезім ретінде сезіне алады, сол себепті, патриотизм де тұлға дамуының биік деңгейін
сипаттайтын аса маңызды рухани мұра ретінде түсініледі.
Жалпы Қазақстанның саяси-əлеуметтік тұрақтылығы, оның ішінде, ең əуелі, саяси
тұрақтылық өзінің негізгі қызметтерін бірізді, рет-ретімен атқаратын саяси жүйе тарапынан
қамтамасыз етіледі. Ал, бұл онда туындайтын қиындықтар мен қайшылықтарды дер кезінде
анықтап, олардың шешілуі үшін барабар шаралар қолданатындығын білдіреді. Сондықтан,
қазақстандық қоғамның тұрақтылығы өз қызмет-қайраткерлігінде тек заңдарға жəне басқа да
нормативтік актілерге сүйенетін мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі. Осы арқылы
ұлтаралық қарым-қатынас мəдениеті мен жүйесінің қызмет ету қарқыны қамтамасыз етіледі.
Бұл жағдайда барлық саяси билік субъектілері іс-қызметін бақылау зор маңызға ие болады.
Алайда, Қазақстанның тұрақтылығы, соның ішінде, саяси тұрақтылық шынайы саяса-
ты, саяси басқарудың дұрыстығы арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың билік органда-
рына деген сенімінің артуына, қоғамның демократиялануының дамуына орай едəуір ны-
ғайып, мейлінше берік бола түсуде. Бұл жағдайда тұрақтандырушы сана жергілікті халықтың
патриоттық санасымен «ұштасып», қоғамды ңығайту мен дамытудың да, сондай-ақ, ұлтара-
лық қарым-қатынас мəдениеті – жетілдірудің де күшті тұрақтандырғыш факторы мəнін
иеленеді.
Осыған орай, біздің пікірімізше, патриотизм сындарлы дəуірлерде ерекше рөл атқарып,
айналасына көпұлтты қазақстандық қоғамның барлық салауатты күштерін шоғырландырып,
біріктіретін негізіне айналады. Осы тіршілік еткен уақыт бойы қазақ мемлекеті небір сы-
нақтарға – жатжұрттық жаулаушылардың шапқыншылықтарына, басқыншылық пен құлды-
раушылыққа, саяси-əлеуметтік жəне экономикалық күйзелістерге жиі ұшырады. Қазақ, қа-
зақстандық халықтың ауыр жағдайларда өзінің азаттығы мен тəуелсіздігін, болашағын
қорғауына тура келді. Бұл күресте қазақ халқының патриотизмі ғана емес, сонымен қатар,
қазақстандық көпұлтты патриотизм де қалыптасып, беки түсті. Сөйтіп, ұлтаралық қарым-
қатынас мəдениетін дамыту мен мелекеттік тəуелсіздікті қорғаудың ғана емес, сондай-ақ, бір
бүтін ретіндегі халықтың өзінің де тіршілік етуінің факторына айналды.
31
Осыған орай, ғалым С.М.Борбасов: «Бүгінгі ұрпақ бабаларымыздың қазақ этносын
талай қиын-қыстаудан өткізіп, тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің жеке шаңырақ көтеруіне аса
зор үлесін қосып кеткендігін бір сəт естен шығармауы керек. ...Қазақстанның рухани дүние-
сіне, ғасырлар бойы жинақталған рухани қазынасына кеңестік құрылыс кезінде əдейі айтыл-
май, тұншықтырылып келген Шəкəрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Мəшһүр-Жү-
сіп іспеттес, əрқайсы қазақ мəдени дамуындағы бірегей құбылыс болып табылатын, алыптар-
дың шығармашылық мұрасын игеру, қазақ халқының бай да мазмұнды ауыз əдебиеті, аңыз-
ертегілері, ақындық дəстүрлері, əсіресе батырлық эпосын білу, ұғыну, шын жүректен төл мə-
дениет ретінде қабылдау тек қазақ ұлты өкілдерін ғана емес, жалпы қазақстандықтарды Ота-
нын сүюге жетектейтін, баулитын рухани құбылыс», - деп атап көрсетуі орынды [5, 146-147].
Қазақ халқының патриотизмінің жаңаруы мен жалпықазақстандық патриотизмнің
қалыптасуы – Қазақстанның қайта өркендеуіне қарай жасалған қадам. Дəл осы патриотизм
қазақ халқының да, сол сияқты, көпұлтты қазақстандық халықтың да рухани мұрасы,
қоғамдық сананың жəне ұлтаралық қарым-қатынас мəдениеті тұғырының, қоғамдық жəне
мемлекеттік жүйелердің маңызды элементтерінің бірі болып табылып, олардың тіршілік
əрекеті мен тиімді қызмет етуінің рухани-өнегелік негізін құрайды.
Қазақстандық патриотизм қазақ халқына ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан бірден
бір Отаны болып табылатын басқа халықтарға да тəн екендігі атап көрсетіледі. Əлбетте,
қазақстандық патриотизм қазақ ұлттық патриотизмінен бастау алады, алайда, ол Қазақстан
құрамына жаңадан еніп отырған халықтарға да таралады.
Белгілі ғалым Р.Б.Əбсаттаровтың атап көрсеткеніндей, «Қазақстандық патриотизм тəр-
биесі – бұл адамға оның бойында белгілі бір патриоттық көзқарастарды, пікір-пайымдарды,
нормалар мен принциптерді қалыптастыру, сондай-ақ, оны сол көзқарастар мен принциптер-
ге сəйкес іс-əрекетке бағыттау мақсатымен əсер ету жүйесі. Патриоттық ұстанымдардың бе-
ріктігі айқын мақсатқа жетелейді, қазақстандық азаматқа ұлттық өмірге тар өріс аясынан тыс
ұстаным тұрғысынан қарауға жəне қарапайым адамды екіұдайкүйге түсіретін қиындықтарды
жеңуге мүмкіндік береді. Сондықтан, бүгінгі таңда біздің бүкіл патриоттық тəрбие жұмысы-
мыздың міндеті – қазақстандық патриотизмді əрбір азаматтың өмірлік серігіне айналдыру»
қажет [6, 71].
Осылайша, Қазақстан патриоттарының сезімдері мен іс-əрекеті Отанға (елге, Қазақ-
станға) жəне оның халқына (ұлтына да, сондай-ақ, тұрғын халқына да) бағытталған. Жəне де,
оларда қазақ ұлттық жəне қазақстандық патриотизм тығыз қабысқан. Олардың табиғи
үйлесімі Қазақстанның патриоттық болмысын танытады.
Егемен ел болғаннан бері жас ұрпақты парасаттылыққа, адамгершілікке, саналылық
пен салиқалылыққа тəрбиелеп, баулу тақырыптарын қамтыған оқу құралдарының саны қосы-
луда. Оған жоғарыда көрсетілген ғалымдардың ұлтжандылық көзқарастары айқын дəлел бо-
ла алады. Себебі бүгінгі таңдағы еліміздің əлеуметтік-экономикалық өрлеуі мен рухани- мə-
дени дамуының алғышарты- Қазақстан азаматтарының бойында ұлтжандылық сезімді
қалыптастыру оның маңызды буыны болып табылады. Өйткені, ұлтжандылық – елдің тұ-
тастығы мен мемлекетіміздің бірізділігін, рухани- əлеуметтік саладағы тұғырлы өркендеуді
көздеуші негіз. Бұл мəселеде біз болашақ мұғалім тұлғасына басты субъект ретінде қарайтын
болсақ, этнопедагогикалық мəдениет ең алдымен олардың ұлттық сезімдерін оятып, бойла-
рында ұлтжандылық қасиетін дамытқан жағдайда ғана қалыптаса алатынын айтамыз.
Ұлтжандылық – адамдардың əлеуметтік сезімі мен саяси, моральдық принциптерді бірікті-
ретін кең ұғым. Ұлтжандылық тəрбиенің нəтижесін – ұлтжандылық сананы қалыптастырған
жағдайда ғана көруге болады.
П.ғ.д., профессор П.Б. Сейітқазы «Біздің алдымызда болашақ ұрпақты өз Отанын
сүюге, ол үшін барлық білімі мен тəлімін сарп етуге тəрбиелеу мақсаты тұр. Сол себептіде
бізде де жастарды отансүйгіштікке жүйелі түрде тəрбиелейтін іс- əрекеттер керек. Оны ең
алдымен ана тілін ардақтауға үйретуден бастаған жөн. Өз халқының тарихын, мəдениетін
өзінің ана тілінде оқып, үйренбеген ұрпақтан төл мемлекетіне деген жанашырлықты күту өте
32
қиын. Өйткені, тіл - ұлттық мүдденің күретамыры, мəдениетіміздің арқауы.»[7,27]-деп жа-
зуының өзінде келешек ұрпақты патриотизм сезіміне баулып, тəрбиелеуде ең алдымен ана
тіліміз, яғни, мемлекеттік тілдің басты құрал екені дəлелденген. Сондықтан ЖОО болашақ
мұғалімнің тəрбие үдерісінде оның қарым-қатынасындағы мемлекеттік тілдің даму дең-
гейіне аса көңіл бөлген жөн. Өйткені мұғалімнің кəсіптік деңгейінде тілдік қарым-қатынас
үлкен роль атқарады. Олай дейтініміз қазіргі уақытта мектеп мұғалімдерінің бірі мемлекеттік
тілді кəсіптік тұрғыда дұрыс меңгермесе, келесі мұғалім алдындағы білім алып жүрген
оқушылармен педагогикалық қарым- қатынас шеберлігін дұрыс орната алмай қиындыққа кез
болып жататыны көпшілікке мəлім. Сондықтан ЖОО-да болашақ мұғалімдерді өздерінің ма-
мандықтарына даярлағанда мемлекеттік тілді жетік əрі кəсіптік деңгей тұрғысында педа-
гогикалық сауатты меңгертуді этнопедагогикалық мəдениетті қалыптастырудың бір бөлігі
ретінде қарастырған жөн. Ұлттық тілдің дамуы арқылы болашақ мұғалімнің ұлттық сана- се-
зімі оянып, рухани ойлау дəрежесі биіктейді. Ал педагогикалық қарым-қатынас шеберлігін
дамытудың алғышарты болашақ мұғалімнің этопедагогикалық мəдениетімен ұштасады деп
есептегеніміз дұрыс. Өйткені, болашақ мұғалімнің бойына сіңіретін педагогикалық мəдениет
өзіміздің ұлттық тəрбиемізді теориялық жəне практикалық тұрғыда қарастырып, дамыту
арқылы қалыптасады десек қателеспейміз. Сондықтан болашақ мұғалімнің этнопедагогика-
лық мəдениетін қазіргі жəне келешектегі еліміздің ұлттық мақсат-міндеттеріне сəйкес
қалыптастыру маңызды.
Əдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ə. Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол –Қостанай
таңы 12 қаңтар 2016ж.
2. Нұрымбетова Қазақстан халқының саяси қатысуы: сипаты мен жолдары.
Монография. – Алматы, 2005. – 272 б.
3. Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Алматы: «Өлке» баспасы, 2005. –
160 б.
4. Абдыгалиев Б. Этнические факторы формирования казахстанского патриотизма
//Казахстанский патриотизм: проблемы становления. Материалы науч.-прак. конф. – А.,1997.
– С.88-92.
5. Абсаттаров Р.Б., Садыков Т.С. Воспитание культуры межнационального общения
студентов: теория и практика. – Алматы, 1999. – 212 с.
6. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер жəне ұлт саясаты. Монография. –
Семей: Семей пед-қ инс-ы, 1995. –180 б.
7. Сейтқазы П. Б. Халық педагогикасының материалдарын сыныптан жəне мектептен
тыс тəрбие жұмыстарында пайдалану əдістемесі, Астана 2003, 27б.
Айтбенова Аян Алтаевна
аға оқытушы, ҚМПИ
Қостанай қ.
Лисьев Г.А.,
п.ғ.к., доцент, ЧМПУ
Челябі қ., Ресей
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОО-НЫҢ БОЛАШАҚ МАМАНДАРЫНЫҢ
АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖƏНЕ ДАМЫТУ
АННОТАЦИЯ
Мақалада педагогикалық жоо-ның болашақ мамандарының ақпараттық құзыреттілігін
қалыптастыруы жəне дамытуы қарастырылады. Болашақ маманның ақпараттық құзыреттілігін
33
қалыптастырудың анықтамасы, міндеттері мен қызметтері, ақпараттық құзіреттілігін қалып-
тастыру жүйесінің моделінде қарастырылған негізгі компоненттері келтіріледі.
Түйінді сөздер: ақпарат, құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік, болашақ маман,
компонент.
АННОТАЦИЯ
В статье рассматриваются формирование и развитие информационной компетентности
будущих специалистов педагогического вуза. Приводятся определение, задачи и функции информа-
ционной компетентности, основные компоненты модели формирования информационной компе-
тентности будущего специалиста.
Ключевые слова: информация, компетентность, информационная компетентность, будущий
специалист, компоненты.
Достарыңызбен бөлісу: |