47
Мақсатқа жету кезеңдері
-
Мақсат қою, оны негіздеу;
-
Ойша нәтижені және оған жету жолын көре білу;
-
Мақсатты әрекетті анықтап қабылдау ;
-
Соңғы мақсатты аралық түрде нақтылау;
-
Бірнеше мақсаттан ақиқат бір мақсатты таңдау;
-
Уақыт пен күштің жұмсалуын негіздеу;
-
Іс-әрекет жоспарын құру;
-
Мақсатқа жету;
-
Мақсатқа жету деңгейін талап пен тілек бойынша және
сондай-ақ нақтылы нәтижелер
байланысы бойынша тексеру.
3
. Оқыту процесіне әсер етуші психологиялық факторлар
Нәтижелі (жемісті) оқытудың психологиялық формуласын мына тұрғыда беруге болады:
М + 4Қ + Ж
Мұндағы, М –
мотивация, 1Қ – мәліметті (немесе ізденіс)
қабылдау, 2Қ –
мәліметті
түсіну, 3Қ – есте сақтау, 4Қ – мәліметті қолдану, Ж – сабақтың жүйелілігі.
Мотив
(франц. мotif – себеп, лат. мoveo – қозғаймын) – субъектінің өмір сүру
жағдайы
ықпалымен қалыптасатын және оның белсенділігінің
бағытын анықтайтын әрекетті
туғызушы.
Мотив ұғымы субъектінің белсенділігін туғызатын түрлі құбылыстар мен күйлерді
білдіру үшін қолданылады.
Мотив – адамды түрлі іс-әрекетке итермелейтін күш, себеп, түрткі.
Мотив түрлері:
А.К. Маркова
мотивтердің келесі тобын көрсетеді:
1.
Танымдық мотивтер
– оқу іс-әрекетінің мазмұны және оны орындау үлгісімен
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: