Педагогикалық зерттеудің Әдіснамалық негіздері мен әдістері



бет5/10
Дата11.10.2024
өлшемі30,62 Kb.
#147709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Педагогика

Конъюнкция (лат. «сonjuction» – одақ, байланыс) ережесін де қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады.
Талдау мен синтез диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу үдерісін тұтастай анықтау кезінде қолданылады. Cондай-ақ, белгілі бір нәтижелері бар деректерге жүйеге келтіруде және оны талдау жасап, салыстыруға болады. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөлу үдерісі болып табылады. Дәріптеушілік дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік үдерісі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін немесе жаңа түсінік пен белгі береді. Дәріптелген объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді зерттеу мен есте сақтаудың маңызы зор. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері. Бұл әдістер көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі.
Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект түпнұсқа болады да, екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әртүрлі формалары қолданылады. Модель (лат. «modulus» – өлшеуіш, өлшем, үлгі, норма) – нысан және оған қатынас мәндерді көрсететін көрнекі құралдардың бірі (шартты бейне, сызба және т.б.). Модельдің физикалық табиғаты түпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек. Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады. Модельдеу – ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет