Педагогикалық зерттеудің Әдіснамалық негіздері мен әдістері


Теориялық деңгей әдістері



бет4/10
Дата11.10.2024
өлшемі30,62 Kb.
#147709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Педагогика

Теориялық деңгей әдістері. Ғылыми танымның екінші деңгейі теориялық деңгей әдістері деп аталады. Мұндай зерттеу әдістері ғылыми нәтижелер арасындағы себепсалдардың тәуелділігін айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға өту барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық деңгей әдістерінің бірнеше түрлері бар. Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы құрылымдық бөлігі болып табылады. Бұл – кез келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеушінің осы саласы оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жайкүйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әртүрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан өзіне керекті әдебиетті таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру үдерісіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын мәліметтерді табуы қажет. Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен роль атқарады. Әдебиет көздерін зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттары мен міндеттері анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын ала талдау жасау, оқу мен жазып алу, тақырыптың белгілері бойынша жеке картотека құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу, т.б. кезеңдерінен тұрады. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс. Мұндай әдіске: ғылыми тақырыпқа байланысты кітаптардан деректер жазу (библиография) – зерттелетін мəселеге байланысты іріктеліп алынған деректік əдебиеттер тізімі; реферат жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпарат жазу; сілтеме (цитата) беру – əдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен, мəтінге ендіре жазу. Талдау мен синтез. Талдау – эмпирикалық материалды механикалық бөлу немесе тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынас формаларын анықтау. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір-біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Сондай-ақ, ол қатысы бар болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір-біріне қатынасы көрініс табады. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет