Педагогикалық зерттеудің Әдіснамалық негіздері мен әдістері


Педагогиканың негізгі ұғымдары



бет7/10
Дата11.10.2024
өлшемі30,62 Kb.
#147709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Педагогика

Педагогиканың негізгі ұғымдары.
Педагогикалық ұғымдардың бірі тәрбие болып табылады. Тәрбие – 1) әлеуметтік мағынасында – өскелең ұрпақты өмірге дайындау бойынша барлық әлеуметтік құрылым: қоғамдық институттар, діни ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдениет, отбасы мен оның орындайтын қоғамдық функциясы; 2) педагогикалық мағынасында – тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілер арасындағы арнайы ұйымдастырылған және басқарылатын қарым-қатынас үдерісі, оның барысында қоғамдық-тарихи тәжірибені, жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру мен оларды қоғамдық өмір мен өнімді еңбекке дайындау мақсатында жаңа ұрпаққа дарыту орындалады. Тәрбие келесі бағыттардан тұрады:
1. Рухани – адамның тұрақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін өмірге құндылықты қатынасты қалыптастыру. Бұл адамның жұмысы мен ойларына жоғары мағына беруге қабілетті парыз, әділеттілік, шынайылық, жауапкершілік, т.б. қасиеттер сезіміне тәрбиелеу.
2. Адамгершілік – адамдармен ізгілік қатынастарды, оларды жетілдіру және қоғамдық талаптар мен нормаларды, әдептілік негіздерін құрайды.
3. Отансүйгіштік – атамекенге сүйіспеншілік, Отанды қорғау мен оның мүдделері үшін өз ар-намысын жоғары қою сезімін қалыптастыру.
4. Еңбексүйгіштік – жеке тұлғаны адал еңбек етуге, еңбек пен оның өнімдеріне жауапкершілік қатынасты қалыптастыруға бағытталған тәрбие жүйесі.
5. Құқықтық – Ата заңды құрмет тұтуға, адам құқықтары мен құқықтық мәдениетті және заңға бағыну мінезін қалыптастыру үдерісі.
6. Дене тәрбиесі – адамның денсаулығына қатысты денсаулықты нығайту, дұрыс тамақтану, жаттығу, тынығу, т.б. тұлғаның дене бітімін жетілдіру жүйесі.
7. Экономикалық – өндірісті тиімді жүргізу мен ұйымдастыру, бөліп тарату мен тұтыну принциптері мен нормаларының табиғатына сай білімді, іскерліктер мен дағдыларды, қажеттіліктерді, қызығушылықтары мен ойлау стилін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілердің өзара мақсатты әрекеті.
8. Экологиялық – өскелең ұрпақты табиғат туралы білім мен аса жоғары ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық ретінде жауапкершілікті қызметті сезінетін жоғары экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
9. Эстетикалық – тұлғаны өмірдегі және өнердегі көркемдікті қабылдау, дұрыс түсіну, бағалау мен жасаудағы, сұлулық заңдары бойынша шығармашылыққа, жасампаздыққа белсенді қатынасудағы тәрбие жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет