Лабораториялық эксперимент дегеніміз (лат. «laboratorium», «laboro» – жұмыс істеу, тәжірибе) – арнайы жабдықталған бөлмеде, тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды қатаң бақылау үшін жасанды жағдайда жүргізілетін экперименттің түрі.
Оқушылардың жұмысын зерттеу.Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әртүрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары және т.б. педагогикалық зерттеуде кейбір қажетті мәліметтерді алу үшін қолданылады. Осы құжаттар арқылы оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасы мен қатынасы, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Зерттеуші оқушылардың жұмысына жан-жақты талдау жасайды. Сабақ процесінде оқушылардың өз бетінше жұмыс жасаудың, олардың топтық және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді. Анкета – арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауап нұсқалардың қатаң логикалық құрылысы. Анкета мүмкін деген бірнеше жауаптары бар жабық сұрақтардан да тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары 19 1-тарау. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасауда қиындық тудырады. Анкета әдісі көбінесе тұлғалардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеуге деген қатынасын анықтау үшін қолданылады. Педагогикалық құжаттарды зерттеу – білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік, оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық құрылымдарда тіркелген басқа да құжаттар зерттеуге негіз болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тестілердің, емтихандардың, бақылау жұмыстарының, шығармалардың, эсселердің, жобалардың, суреттердің ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі іс-әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп-салдарының байланыстары, оқушының жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.