Педагогикалық зерттеудің Әдіснамалық негіздері мен әдістері


Педагогиканың тәжірибелік эмпирикалық деңгей әдістері



бет2/10
Дата11.10.2024
өлшемі30,62 Kb.
#147709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Педагогика

Педагогиканың тәжірибелік эмпирикалық деңгей әдістері.
Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық және әдіснамалық. Аталған әдістерге келетін болсақ:
Бақылау әдісі. Бұл – педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, экскурсия, оқу-тәжірибе учаскесі), жүргізілу әдістері мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.
Педагогикалық бақылау – бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің танымдық әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие үдерісінде жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін белсендіру, балалар ұжымының іс-әрекеті және т.б.) зерттеу үшін жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, географиялық картамен жасайтын жұмыстарын, жеке оқушының мінезқұлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін зерттеуші түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, сызбаларды, әсіресе техникалық құралдарды, бейнетаспаға түсіру және т.б. үшін кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке жазылады. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез-құлқын, іс-әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп, жазып алуға болады. Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдері нақты көрсетілгені жөн. Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғаліммен, сынып жетекшілерімен, мектеп басшыларымен, ата-аналар және басқа да тұлғалармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші тұлғалардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушылар зерттеушінің сұрақтарына ойдағыдай жауап бере бермейді, керек десе, олар сақтанып, өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас тартады. Сондықтан әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті және әдептілікті талап етеді. Кейде зерттелушіге елеусіз жағдайда әңгімені диктофон арқылы жазып алуға да болады. Әңгіме әдісі эксперимент және бақылау әдісімен байланыстырылып жүргізілгенде ғана тиімді нәтиже береді.
Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық үдерісті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі – экспериментті, екіншісі бақылау объектісі деп аталады. Соңғы кезде педагогикалық зерттеулерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі – табиғи эксперимент, бұл сыныпта, бүкіл ұжымда оқу-тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық мәселелерді зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі. Оқу мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі. Педагогикалық құбылыстарды нақты бақылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрін лабораториялық эксперимент деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет