Сейдулла Бәйтереков (10 мамыр 1945 жылы, Түркістан облысы, Түркістан ауданы - 1998 жылы, Алматы) – қазақстандық әйгілі композитор, музыкант. Қазақстанға Еңбегі сіңген өнер қайраткері.
Шымкент музыкалық училищесін, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын бітірді. 1977 - 1992 жылдары С. Бәйтереков Алматы мемлекеттік консерваториясының ұстазы, “Қазақконцерт” бірлестігінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері, Алматы қалалық музыкалық ансамбльдер бірлестігінің директоры көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. 1990 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін “Саз” дыбыстық жазба Мемлекеттік студиясының директоры болып қызмет атқарды. С.Бәйтереков кинофильмдерге, драмалық қойылымдарға музыка жазды. Оның симфониялық оркестрге, хорға жазған туындылары Қазақстан композиторларының үздік шығармаларының қатарынан берік орын алды. Оның “Әлия”, “Күнге табыну”, “Дос туралы жыр”, “Түркістан” әндері музыка сүйер қауымның рухани азығына айналды.
«Әлия»- Әні С. БӘйтерековтікі, сөзі Б. Тәжібаевтікі орынд. Р Рымбаева.
Отан
сөзі Дихан Әбіловтікі
әнін жазған Латиф Хамиди
Отаным кең далам орманды,
Болаттан соғылған қорғанды.
Бақыттың, шаттықтың мекені,
Қолдаймын, қорғаймын ордамды.
Қайырмасы:
Туған жер – алтын таң,
Кең далам, таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан.
Айдын көл, дархан ел, туған жер,
Жастарың жалынды жауынгер.
Жарқын жаз – үйрек-қаз жүзетін,
Күміс су, кең байтақ жасыл бел.
Қайырмасы:
Сәнді тау, бақша бау, шалқар көл,
Малға жай, кенге бай туған ел.
Тәтті күй, әсем би, сұлу ән,
Ойнайды ер, шырқайды ел, шаттық жел.
Қайырмасы:
«Қазақстан-қыран далам» Өлені: Ш. Сариев.
Әні: С. Бәйтереков.
Сен қуансаң - қуанам таңдарыммен
Сен мұңайсаң - мұңаям бар жаныммен.
Тағдырым бір туған ел тағдырыңмен
Арманым бір, туған ел, арманыңмен.
Қазақстан - арман дала
Жұлдыз бақыт жанған дала.
Ақ бидайдай мерейі бар,
Ғарыш үшін шайқасты қасіретпен.
Қазақстан - арман дала,
Жұлдыз бақыт жанған дала.
Алатаудан ата берер,
Бақыт сыйлап таңдар саған.