Адам денесін зерттеу тәсілдері.
Қазіргі кездегі анатомияда адам денесі құрылысын зерттеудің түрлі әдістері бар. Зерттеу әдісін таңдап алу зерттеу мақсатына байланысты.
• Ең ескі, бірақ әлі де мағынасын жоғалтпаған, ғылымға ат берген әдіс – препараттау (гр. аnatemo – кесу, бұталау). Бұл әдіс ірі түзілістердің сыртқы құрылысы мен топографиясын зерттеуде қолданылады. 20 -30 есе үокейткенде көрінетін объекттерді макро- және микропрепараттағаннан кейін сипаттап жазуға болады. Бұл әдістің бірнеше түрлері бар: су тамшысы астында, су қабаты астында препараттау. Оның түрлі қышқылдар мен дәнекер тінді қопсытумен, түтікті жүйелерді (қан тамырларды, өзектерді) боялған массалапмен толтырумен (инъекциялаумен) толықтыруға болады.
- аутопсия
- биопсия – адамның тіршілік кезінде зерттеу;
- бальзамдау, дене мүшелерін бөлшектеу;
- антропометрия
- рентгеноанатомия
- томография
- эндоскопия
- гистотопография
- световая и электронная микроскопия;
- контактная микроскопия
- соматоскопия – тірі адамда зерттеу жүргізу;
- жануарларға зерттеулер жүргізу
- инъекция әдісі
- гистографиялық әдіс
Кейіннен тіндерді қышқылдарда еріте отырып, тамыр, өзек, қуыстарды инъекциялау (коррозиялық әдіс) кеңінен қолданылады. Бұның нәтижесінде ағзаның (нерв-жұйке, тамыр және т. б. ) басқа анатомиялық түзілістерге қатысты орналасуын тоңазытып қатырылған дененің арамен кесілген жерін зерттейді. Осы аралап кесу тәсілін бірінші рет қолданған Н. И. Пирогов. Егер қалыңдығы микрометрмен өлшенетіндей кесінді даярлап, оны гистологиялық бояулармен өңдесек, онда мұндай кесінділерден алынған деректерді тіндік ара қатынастар туралы мағлұматтармен толықтыруға болады. Бұл әдіс гистографиялық деп аталады.
• Жұқалығы соншалық, жарықтық микроскоптан көрінбейтін құрылымдарды көруге мүмкіндік беретін электрондық микроскопия анатомияға кеңінен енгізілуде. Аз және көп үлкейткенде де зерттеу объектісінің көлемдік кескінін беретіндей сканирлеуші электрондық микроскопия (объктіні толық біртіндеп бөлшектеп көрсететін) әдісінің болашағы зор.
• Бұл аталған әдістердің өлген адамның денесін тексергенде қолданылады.
П. Ф. Лесгафт айтуынша «анатомияны зерттегенде негізгі объект әруақытта тірі организм болуы тиіс, ал өлі препарат тірі организмді тексергендегі деректерге қосымша болуы керек» .
• Қазіргі кездегі техника тірі адам денесінің құрылым терең зерттеуге әлі де болса мүмкіндік бермейді, мәйітті зерттеу анатомияда жетекші бағыт болып қалып отыр. Сонымен қатар мәйітті де, адамды да зерттеу үшін қолданылатын әдістер бар. Оларға: рентгенография (рентген сәулелерін қолданумен байланысты әдістер) және эндоскопия (арнаулы аспаптардың, мысалы, гастроскоптың, бронхоскоптың және т. б. Көмегімен ішкі ағзаларды зерттеу әдісі жатады). Бұл әдістерді аурулардың диагнозын дәлелдеп нақтылау қажет болғанда ғана қолданылады.