Пән: «Анатомия және физиология» Мамандығы: «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі»



бет3/8
Дата20.11.2022
өлшемі93,62 Kb.
#51339
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Анатомия, физ 1 тақырып 22-23

Микроскопиялық анатомия — жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді.
Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:

  • остеология — сүйектер жүйесі туралы ілім;

  • синдесмология — сүйектер байланыстары туралы ілім;

  • миология - бұлшықеттер туралы ілім;

  • дермотология - тері жабыны және онын туындылары туралы ілім;

  • спланхнология — ішкі ағзалар туралы ілім;

  • эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім;

  • ангиология — тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім;

  • неврология — жүйке жүйесі туралы ілім;

  • эстезиология — сезім мүшелері туралы ілім.

Анатомия басқа пәндермен байланысы:
• Анатомия мен физиологияпәндері бір-бірімен өте тығыз байланысты. Физиологиямүшелердің, жүйелердің, тұтас дененің тіршілік әрекетін зерттейтін ілім. Физиология негізінде тіріні өліден саналық жағынан айыратын маңызды тіршілік әрекеттердің заңдылықтарын зерттейді.
• Анатомия мен физиология гистологиямен тығыз байланысты.
Гистология (histos, ткань, ұлпа) - ұлпалардың құрылысын, тіршілік әрекетін, тірі денедегі зат алмасуын зерттейді. Жалпы гистология цитология және гистология болып бөлінеді.
• Анатомия, физиология медицина және биологиялық ілімнің негізі. Мүшелердің қалыпты жағдайдағы денедегі орнын білу нәтижесінде ауруды анықтап, адам денсаулығы үшін күресу мүмкін болады.
Адам ағзасының структуралық ұйымдастырылуы:
• ағзалық (адам ағзасы– біртұтас ретінде);
• жүйе ағза ретінде (ағзалар жүйесі);
• мүшелік (мүшелер);
• тіндік (тіндер);
• жасушалық (жасушалар);
• жасушаішілік (жасушалық органеллалар).
Жасуша, оның құрылысы:
• Жасуша - клетка, cellula[цэллюля ] - дененің ең кішкене құрылыс бірлігі. Жасушаны зерттейтін ілім - гистология. Жасушалар барлық жануарлар мен өсімдіктер құрылысының дамуы және тіршілік әрекетінің негізі. Жасуша туралы ілімнің негізін қалаушы неміс ғалымы Т. Шванн (1810 -1882 ж. ж. ). Т. Шванн 1839 жылы барлық жан-жануарлардың дене құрылысының негізі, олардың құрылыс бірлігі жасуша екенін дәлелдеді.
• Жасушалардың түрі мен пішіні әр түрлі: ол сопақ, домалақ және т. б. түрде болуы мүмкін. Оның үлкендігі 3 -7 млмикроннан 200 мкметрге дейін жетеді. Денедегі ең үлкен жасуша жыныс жасушалары.
Жасуша (клетка) цитоплазма мен ядродан тұрады.
• Ядро - nucleus[нуклэус] — жасушаның негізгі бөлігі. Ол көбіне жасушаның орталығында орналасады. Ядро бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Көбіне жасуша бір ядролы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет