Пән: «Анатомия және физиология»
Мамандығы: «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі»
Дәріс тақырыбы: «Адам анатомиясы ғылым ретінде. Адам физиологиясы ғылым ретінде. Тіндердің жіктелуі. Эпителиалды тін. Дәнекер тін. Бұлшықет тіндері. Жүйке тіні. Ағзалар мен мүшелер жүйесі туралы түсінік.
Жоспар: • Анатомия пәнінің мәні мен мақсаты.
• Анатомия даму тарихы.
• Зерттеу тәсілдері.
• Адам қанқасының бөліктері және осьтері мен жазықтықтары.
Студент білу керек:
Анатомия пәнінің анықтамасын.
Анатомия пәнін оқу мақсаты мен тәсілдерін.
Адам денесі құрлысының индивидуальді ерекшеліктерін.
Тіндердің түрлерін: эпителиалды тін, дәнекер тіні, бұлшықет тіні, жүйке тіні.
Ішкі ағзалар туралы түсінік.
Нейрогуморальді реттелу туралы түсінік.
Студент істей алу керек:
Анатомиялықзерттеулер тәсілдеріне мінездеме беру.
Денебітім типтерін ажырату.
Кеуде қуысы мен іш аймағындағы салыстырмалы сызықтарды көрсету.
Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясы мен физиологиясы медицина ілімінің негізі болып саналады. Анатомия гректің “anatemno” “кесу, бөлшектеу” дегенмағынадағы сөзінен шыққан. Адам анатомиясы дененің пішінін, мүшелердің құрылысын, өсуін және оның сыртқы ортамен ара қатынасын зерттейді.
Кіріспе: Анатомия пәнінің алғашқы даму кезеңінде адамның мүшелерін сипаттаумен ғана шектелген. Қазіргі кезде адам денесінің әрбір мүшесінің құрылысын, даму сатысын жүйелі анатомия зерттейді. Хирургиялық ем үшін мүшенің денедегі орнын дәл анықтаудың маңызы зор. Белгілі бір мүшенің денедегі орнын дәл анықтайтын анатомия ілімінің саласы топографиялық анатомия. Топографиялық анатомияның дамуы нәтижесіндекүрделі хирургиялық емдеу мүмкіндіктеріне жол ашылды. Анатомия ілімінің тағы бір саласы жас ерекшеліктеріне байланысты дене пішінінің құрылысын және сыртқы ортаның оған тигізетін әсерін зерттейді. Функциональдық анатомия дене мүшелерінің атқаратын қызметін жинақтап зерттейтін анатомияның бір саласы.