Адам денесі — ас қорыту, тыныс алу, несеп шығару жүйелері арқылы сыртқы ортамен байланысады. • Жыныс жүйесіне көбею мүшелері кіреді. Олар: әйелде жатыр, оның түтігі, қынабы, аналық жыныс безі, әйелдің сыртқы, ішкі жыныс мүшелері. Жыныс мүшелері мен несепзәр шығару мүшелерінің дамуы тығыз байланысты. Соның үшін несеп-зор шығару және жыныс мүшелерін бір жүйеге біріктіріп зерттейді.
• Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік бездер - ерекше синтезделген химиялық заттар - гормондар бөліп шығарады. Олар қан және лимфа тамырлары арқылы бүкіл денеге тарқалып, оның қызметіне әсер етеді.
• Жүрек-қан тамырлар жүйесіне-жүрек, артерия, вена, капилляр және лимфа тамырлары жатады. Жүрек қанды насосша вена қан тамырларынан тартып алып, оны артерия қан тамырларына айдайды. Қан — артерия қан тамырлары арқылы бүкіл денеге тарқалады. Қан денеге оттегін, қоректік заттарды тасымалдайды, денеден зат алмасуы нәтижесіндепайда болған керексіз заттарды (С 02, азот) сыртқы ортаға шығарады (бүйрек, тері, өкпе).
• Сезім жүйесі - сыртқы ортаның тітіркеністерін қабылдайды. Оларға көру, есту, тепетеңдік, иіс сезу мүшелері кіреді.
• Жүйке жүйесіне бас ми мен жұлын, олардан тарқалған жүйке талшықтары - 12 жұп бас ми жүйкесі мен 31 жұп жұлын сегменті кіреді. Бас ми мен жұлын “жоғарғы жүйке жүйесі”, ал олардың тармақтары “шеткері жүйке жүйесі” деп аталады. Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесіне бас ми сыңарлары жатады. Жүйке жүйесі сезім мүшелері, рецепторлар арқылы сыртқы және ішкі ортадан тітіркеністерді қабылдап, мүшелер мен жүйелердің қызметін реттейді.
• Адам денесінің бүтіндігін сақтауда қан айналу жүйесініңмаңызы зор. Қан және лимфа тамырлары арқылы, қан бүкіл денеге жайылып, қоректік заттарды, гормондарды, ферменттерді, жүйелер мен мүшелердің қызметін реттейтін заттарды тасымалдайды.
• Денеге қажетті заттардың қан арқылы тасымалдануы — гуморальдық (humor - сұйықтық) жолмен тасымалдану деп аталады. Гуморальдық жолмен гормондар, метоболиттер, медиаторлар, тіршілік әрекеті нәтижесіндепайда болған заттар келеді. Бұл заттар мүшелердің қызметін күшейтеді, әлсіретеді; мысалы, бүйрек үсті безінен бөлінетін адреналин қан арқылы тасымалданып, жүректің соғуын тездетеді, қан тамырын, көздің қарашығын кеңейтеді, зәрдің тәуліктік беліну мөлшеріне әсер өтеді.
• Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі жасушалардан тұрады. жасушалар жасушааралық затпен қосылып тін (ұлпа) құрайды.
• Тін: • эпителиалдық, • дәнекерлік, • бұлшық еттік, • жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді.