Пән: «Анатомия және физиология» Мамандығы: «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі»



бет4/8
Дата20.11.2022
өлшемі93,62 Kb.
#51339
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Анатомия, физ 1 тақырып 22-23

Ядроның пішіні әр түрлі: домалақ, сопақ, таяқша, т. б. болуы мүмкін. Ядроның пішіні оның тіршілік әрекетіне байланысты өзгереді. Ядрода дезоксирибонуклеин қышқылы бар. Дезоксирибонуклеин қышқылында нәсілден нәсілге өтетін хабаршы (информация) “ген” сақталады.
Ядроның құрамында оның сұйықтығы - кариоплазма, ядро қабығы және ядрошық болады. Қариоплазма судан, жай ақуыздан, дезоксирибонуклеин қышқылынан (ДНК), калий, кальций, магний иондарынан тұрады.
Ядрошық, (ядрышко) — жасушаның ең қатты бөлігі. Оның құрамында рибонуклеин қышқылы (РНК), дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) және ақуыздар болады.
Тағы басқа органеллалар.
Ұлпа, тін (ткани)
• Кілегей ұлпасы (эпителиальная ткань, textus epithelialis) денені сыртынан жауып, ішкі қуыс мүшелердің шырышты қабатын қаптап тұрады. Кілегей ұлпасы бездердің құрамына кіреді. Ол жасуша меи аралық заттардан тұрады. Басқа ұлпалардан ерекшелігі — оның аралық заты өте аз, жасушаның пішіні әр түрлі. Атқаратын қызметі: денені механикалық, химиялық, және т. б. сыртқы ортаның әсерінен қорғайды, денедегі зат алмасуына, сорылу, сөл бөліп шығару қызметіне қатынасады.
Денеде кілегей ұлпасының негізінен үш түрі кездеседі: 1. бір қабатты; 2. көп қабатты; 3. безді кілегей.
• Бір қабаттының өзі кілегей ұлпасы жасушаларының пішініне байланысты бір қатарлы, көп қатарлы болып бөлінеді. Бір қабатты кілегей ұлпасының цитоплазмасында ерекше қосымшалар болады. Олар: түтікше, жіпше, кірпікше, тонофибрил. Түтікшелер - кілегей жасушаның цитоплазмасының өсінділері. Олар ішекте, бүйректің түтікшелерінде болады жәнебұл мүшелердің шырышты қабатының сіңіру, сору көлемін кеңейтеді. Жіпшелер - қозғалғыш, еркектердің жыныс жасушаларында кездеседі. Кірпікшелер — жіңішке қозғалғыш өсінді. Кірпікшелері бар кілегей ұлпаларын “жыбырлағыш кілегей” деп атайды. Олар тыныс жолдарында, әйелдің жыныс мүшелерінде кездеседі. Тонофибрильдер кілегей ұлпасына беріктік береді.
• Бір қабатты кілегей ұлпасы призма, цилиндр, кубшалау және жазық болып кездеседі. Бір қабатты призма, цилиндр кілегей ұлпасы асқазанның, ішектің, жатырдың және бүйректің түтікшелерінде кездеседі. Ішектің кілегей ұлпасында микротүтікше болады. Олардың ішінде безді жасуша да болады. Безді кілегей жасушалары сөл бөліп шығарады. Бір қабатты кубшалау кілегей ұлпасы майда бронхтарда, бездің өзегінде және бүйрек түтікшесінде болады. Бір қабатты жазық кілегей (мезателий) шарбының, плевраның, перикардтың бетін қаптайды. Сондықтан бұл мүшелер қимылдағанда өте тез жылжу қасиетіне ие болады. Бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі кілегей жасушаның ұзындығы әр түрлі, сол үшін олар көп қатарлы болып орналасқан, ал бос ұшында кірпікшелер болады. Олар тыныс жолының мұрын қуысын, көмекей, кеңірдек, бронхтың және жыныс мүшесінің шырышты қабатын қаптайды.
Дәнекер ұлпаның плазматикалық жасушасы - плазмоцит, ішектің шырышты қабатындағы, шарбыдағы, бездегі, сүйектің майындағы дәнекер ұлпада кездеседі. Олар ақуыз алмасуына, антидененің пайда болуына қатынасады. Дәнекер ұлпаның май жасушасы - липоцит. Олардан денеде пайда болған май көбіне қан тамырларының айналасында болады. Май жасушасы домалақ пішінді, оның ортасынданейтраль май талшығы бар. Адам денесіндегі май ұлпасы — терінің астында, шарбыда, шажырқайда, бүйректің айналасында. Май ұлпасы — дененің қоректік қоры. Ол адамның тамақтануына байланысты өзгеріп, зат алмасуына қатынасады, жылуды реттейді, денені жарақаттан сақтайды.
• Желімше ұлпа ана құрсағындағы ұрықтың кіндігінде ғана кездеседі.
• Пигмент ұлпасының құрамында - пигмент жасушасы көп. Олар денеге түс береді.
• Шеміршек ұлпасы шеміршек жасушасы хондриоциттен және жасуша аралық заттан тұрады. Шеміршек ұлпасының аралық затында коллаген, элластик, ретикулин талшығы бар. Аралық затындағы талшықтың түріне байланысты шеміршектер коллагенді, серпімді (элластик) және ретикулінді шеміршек болып бөлінеді. Перихондриоцит шеміршектің сыртындағы дәнекер ұлпалы қабықта болады. Бұл қабық екі қабат, екі қабаттың арасындағы зат шеміршекті қоректендіріп тұрады. Қабықтың ішкі қабатында хондриобластан жасуша орналасқан. Хондриобласттан шеміршек ұлпасы хондриоцит дамиды, жетіледі, өседі. • Гиалин шеміршегі — қабырғаның төс сүйегінежабысқан алдыңғы ұшында, үлкен бронхта, мұрын аралығында, сүйектің буын бетінде, көмекейде ұшырайды. • Құлақ қалқанының, сыртқы есіту түтігінің, көмекей үсті шеміршегі серпімді немесе элластик шеміршектерге жатады. • Коллаген шеміршегі омыртқа аралағындағы дискіде, көкірек, бұғана, самай, төменгі жақ буынында, сіңірдің сүйекке жабысқан жерінде кездеседі.
Сүйек ұлпасы- сүйек жасушасы мен құрамында бейорганикалық тұзы бар аралық заттан тұрады. Бейорганикалық зат құрамына күрделі қосылысты кальций тұзы кіреді, олар сүйекке беріктік қасиет береді. Сүйектің серпімділік қасиеті оның негізгі ұлпасы — остеонға байланысты. Сүйектің аралық затында сопақша қуыс бар, ол сүйектің тесігімен жалғасады. Сүйек ұлпасының үш түрі бар: остеобласт, остеоцит, остеокласт. Остеобластан остеоцит пайда болады. Сүйек ұлпасы тұрпайы талшықты және жазық болып екіге бөлінеді. Тұрпайы талшықты сүйек ұлпасы ананың құрсағындағы ұрықтың сүйегінде, ересек адамның ми сауытының жігінде, сіңірдің сүйекке жабысқан жерінде кездеседі. Олардың жасуша арасында остеоциті бар коллаген талшығы пайда болады. Жазық сүйек ұлпасы адамның барлық қаңқа сүйегінде болады.
Денедегі барлық мүше - құрылысына, қызметіне, дамуына байланысты жүйелерге бөлінеді:

  1. Қимыл жүйесіне барлық сүйек, оларды жалғаушы шеміршек, буын мен бұлшық ет кіреді. Сүйектер тіреуіш қызметін атқарады. Олардан қуыстар пайда болады. Қуыстар мүшелерді қорғау қызметін атқарады.

  2. Ас қорытужүйесі - тағамды қабылдайды, ұсатады, жұтады, қорытады, сіңіреді, қалдықтарды сыртқы ортаға шығарады. Бұл жүйеге — ауыз қуысы, тіл, тістер, сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке және жуан ішіктер, ұйқы безі, бауыр жатады.

  3. Тыныс алу жүйесініңқатынасуымен ішкі және сыркы тыныс алу, газ алмасу құбылыстары өтеді. Бұл жүйе денені сыртқы ортамен байланыстырады. Тыныс алу жүйесіне мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек, өкпе, плевра қатысады.

  4. Несеп-зәр шығару жүйесі. Денеде тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған керексіз заттарды сыртқы ортаға шығарады. Бұл жүйеге - бүйрек, несеп ағар, қуық, несеп шығару түтігі жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет