Қазіргі заманғы анатомияның міндеттері: 1. Адам ағзасының құрылымы, құрылысы, мүшелердің орналасуы мен жас ерекшеліктеріне сәйкес арақатынасын ескере отырып, жыныстық және жеке дара сипаттамасы.
2. Мүшелердің біріне бағынышты құрылысы мен құрылымының байланысын, сонымен қатар олардың қызметін зерттеу.
3. Бүкіл дененің және оны құраушы бөліктерінің заңдылық конституциясын анықтау.
Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді: Жүйелі анатомия — адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер , бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;
Мүсіндік (пластикалық) анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;
Топографиялық анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;
Салыстырмалы анатомия — әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;
Түр анатомиясы — жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;
Тұққым анатомиясы — мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;
Жас анатомиясы — жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;
Қалыпты анатомия — ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;
Сырқаттық (патологиялық) анатомия — ауырған организм дене мүшелерініңқұрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;