Пән: «Анатомия және физиология» Мамандығы: «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі»


Рентгенологиялық зерттеудің ең жаңа әдістері



бет7/8
Дата20.11.2022
өлшемі93,62 Kb.
#51339
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Анатомия, физ 1 тақырып 22-23

Рентгенологиялық зерттеудің ең жаңа әдістері:
1. Жұмсақ тіндердің (терінің, сіңірлерінің, шеміршектердің, паренхималық ағзалардың және т. б. ) рентгендік кескіндерін алуға мүмкіндік беретін электрорентгенография. Бұл кескіндер әдеттегі рентгенограммаларда айқындалмайды, өйткені рентген сәулелерін ұстамайды.
2. Томография әдісінің көмегімен белгілі жазықтықта жатқан, рентген сәулелерін ұстайтын кескіндерді алуға болады.
3. Компьютерлік томография әдісі көптеген томографиялық кескіндерден жинақталған кескінді теледидар экрандарында көруге мүмкіндік береді.
4. Рентгеноденсимметрия – сүйектердегі минерал тұздардың мөлшерін организм тірі жағдайында анықтауға мүмкіндік береді. Анатомияның көптеген мәселелері жануарларға тәжірибе жасау арқылы шешіледі. Мұндай эксперименттер жекелеген ағзалардың да, сондай-ақ тұтас организмінің де құрылысы мен қызметін танып-білуде қолқабыс тигізеді.
Адам қанқасының бөліктері және осьтері мен жазықтықтары:
• Адам денесі бастан –caput, мойыннан – collum, денеден – truncus және екі жұп қол-аяқтан тұрады.
Бастың бассүйек күмбезін – regiones fornicis capitis және бет бөлімін regiones faciei, дененің кеуде – thorax, іш перде – abdomen және арқа - dorsum бөлімдерін ажыратады.
Аяқ - жамбас, сан, балтыр және аяқ басы бөліктерінен тұрады. Ішкі мүшелердің шекарасын анықтау мақсатында да денені шартты сызықтармен бірнеше бөліктерге бөлеміз. Іш қуысы екі горизонтал сызық арқылы 3 аймаққа бөлінеді. Жоғарғы сызық оң және сол жақтағы он екінші қабырғаның ең төменгі нүктесінің аралығын, төменгі сызық мықынның алдыңғы жоғарғы қыры аралығын қосып, іш қуысын 3 аймаққа жіктейді. Олар - жоғарғы құрсақүсті, ортадағы құрсақ, төменгі кұрсақ асты. Іштің тік бұлшық етінің сыртқы шетінен жүргізілген сызық әрбір аймақты үшке бөледі. Жоғарғы құрсақ аймағы - оң, сол және ортаңғы, ал құрсақ аймағы — оң, сол бүйір және кіндік. Құрсақ асты аймағы оң, сол мықын және шат бөлігінен тұрады.
Кеуде қуысындағы мүшелердің шекарасын анықтау үшін оған тік сызықтар жүргізіледі. Олар:
1. Орталық төс сызығы төссүйегінің екі шетінен.
2. Бұғананың орталық сызығы – бұғана сүйегінің ортасынан басталып, төменге қарай бағытталады.
3. Алдыңғы, ортадағы, артқы қолтық асты сызығы - қолтық асты шұнқырының алдыңғы, ортадағы, артқы шетінен.
4. Жауырын сызығы - жауырынның төменгі бұрышынан.
5. Омыртқа маңы сызығы - омыртқа жотасының екі жағынан өтеді.
Барлық мүше мен мүшелер жүйесінде кездесетін бірдей анатомиялық атаулардан, олардың жиынтығынан, анатомиялық номенклатура туады.
Анатомиялық номенклатура дүние жүзінде латын (жартысы грек) тілінде жүргізіледі. Дүниежүзілік анатомиялык номенклатура 1955 жылы Парижде өткізілген анатомдардың VI Дүниежүзілік конгресінде белгіленген. 1975 жылы Токиода өткен Дүниежүзілік анатомдардың X конгресінде анатомиялық атаулар толықтырылған.
Анатомиялық терминдердің ішінде дене мүшелерінің орнын, бағытын көрсететін атаулар бар.
Оларға: сагиталь, фронталь, горизонталь жазықтықтар жатады.
Бұл жазықтықтардың адам денесіне қатынасын адам тік, қолын төмен түсіріп, алақандарын алға қаратып ұстаған жағдайда анықталады. Денеден шартты түрде үш сызық өткізіледі.
Горизонталь өткізілген жазықтықтың сызығы денені жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.
Фронталь жазықтық (frons - маңдай) маңдайға параллель сызық, ол денені алдыңғы және артқы бөліктерге бөледі.
Сагиталь (латынша sagitta — садақ оғы) ол да тік жазықтыққа жатады. Бұл жазықтықтың сызығы денені симметриялык оң және сол екі бөлікке бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет