Пән: Басқару психологиясы Орындаған: Ақжанова А



бет4/17
Дата22.11.2022
өлшемі111,2 Kb.
#51662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
БП МӨЖ МОӨЖ

Әңгімелесу әдісі
Респондентпен байланыс орнатуға көмектеседі;
Толық және нақты ақпарат береді;
Көп уақыт кетуі мүмкін;
Ақпаратты жинау мен жүйелеуде қиындықтардың туындауы;
Қымбат болуы;
Сауалнама әдісі
Сауалнама – көптеген адамдар тобынан ақпарат алудың ең ыңғайлы және арзан әдісі. Сауалнама адам анонимділікті сақтайды, сондықтан ол сұрақтарға ашық жауап береді. Сонымен қатар, ол өз жауаптарын мұқият ойластырып, тұжырымдай алады. Сауалнама деректерді қысқа мерзімде және көптеген адамдардан, сонымен қатар машиналық өңдейге қол жетімді нысанда алуға мүмкіндік береді. Осы сауалнамалардың шынайылық деңгейін арттыру үшін алдын ала ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуі тиіс: сауалнаманың мақсаты мен тәртібі туралы әңгіме; сауалнаманың сұрақтары анық және нақты болуы тиіс; сауалнама негізгі бөлімдерді бөлумен нақты құрылымдалуы тиіс. Бүгінгі таңда сауалнама жүргізу кезінде сұрақтарды электронды пошта, интернет арқылы жіберу сияқты заманауи технологиялық әдістерді қолдануға болады.
Сауалнама әдісі
Тәуелсіз болады;
Үлкен материалдық шығындарды қажет етпейді;
Өткізу үшін көп адам қажет емес;
Жүргізу оңай;
Көп ақпарат жинай алады.
Жауапты адамдар тарапынан байыпты қарым- қатынас болмауы;
Жағдайдың толық көрінісін бермейді.
Монографиялық әдіс
Бұл зерттеу әдісін кез – келген әдістемеде қолдануға болмайды. Бұл синтетикалық әдіс және әртүрлі эксперименттік емес әдістердің жиынтығында көрсетіледі. Монографиялық әдіс әдетте өмірдің барлық негізгі салаларында мінез-құлқын, іс әрекетін және басқалармен қарым қатынасын белгілей отырып, жеке пәндердің жас және жеке ерекшеліктерін терең, мұқиятзерттеу үшін қолданылады. Бұл ретте зерттеушілер белгілі жоспарға сүйене отырып, нақты жағдайларды зерделеу, анықтау,жалпы заңдылықтары мен құрылысын дамытудың сол немесе өзге де психикалық ұүрылымдарын пайдаланады.

3-апта. МӨЖ


Қазіргі басқару әдістерін пайдалану тиімділігі
Соңғы жылдары басқару ғылымында мамандану мен өнімділік, автоматикаландыру мәселелері маңызды орынға ие бола бастады, бұл жүйелі әдістерді қолдануға мәжбүрледі. Жүйелік әдіс:
Қандай да болсын оқиғаны жан-жақты зерттеп, шшім қажет ететін мәселелерді жүйелі әдіс анықтап берді. Мәселелерді анықтау және жағдайды талдауды өткізу мүмкіндігі оның шешімінде қоршаған ортаны, басқа оқиғаларды пайдалану мүмкіндігін берді және бір мезгілде қалай орындалып жатқанын бақылауға мүмкіндік береді. Жүйелік әдіс – бұл жүйені құрайтын бөліктерді және олардың арасындағы өзара қатынасты бір мезгілде зерттеу тәсілі. Бұл талдаудың мақсаты – жүйенің дамуы үшін фундамент құру мақсатымен және оны жақсы ұғыну үшін жүйені зерттеу. Мысалы қызметшілер техникалық жарықтандыру, материалдық көздер, міндеттерді бөлу, формальды уәкілдіктер, кішкентай формальды емес топтар, өндіріс процесі және сұраныс күйі зерттеуді талап етеді.
Жүйелі анализ арқылы кәсіпорынның іс-әрекетін бағалау бұл іс-әреттең толығырақ талдауын қамтамасыз етеді. Осы тәсіл шеңберінде іс-әрекетті зерттеу кәсіпорын мақсаттарын ашуды, құрылымның тұтастығын көрсететін жүйелерді анықтауды және осы жүйелердің өзара қатынасын қамтамасыз етеді. Осының арқасында кәсіпорынның іс-әрекеті тұрақты бақылау астында болады, бұл кәсіпорынды табысты басқаруды құру үшін түзетулер мен өзгерістерді дәл уақытында енгізуге мүмкіндік береді.
Классикалық әдісте жұмысшылар өз міндетін басшылықпен көрсетілген жүйелік шеңберде орындайды. Бұл ұйымдық құрылым мен басқару функциясын құрайтын жүйелер осы белгілеген мақсаттарға сай дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет