Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет8/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Балалық жаста толымсыздық комплексі адамның одан әрі өмірінде маңызды рөл атқарады деген бекітіліммен келісесіз бе? Осыған өз тәжірибеңізден мысал келтіріңіз., которые, возможно, восходят к ранним переживаниям собственной неполноценности?
2. Басымдыққа ұмтылу концепциясына деген көзқарасыңыз қандай? Өз өміріңізде осыған ұмтылысыңызды қалай бағалайсыз? Өзіңіздің жеке мақсаттарыңыз бен бағыттылығыңыздың достарыңыздың мақсаттарынан айырмашылығы қандай деп ойлайсыз?
3. Әлеуметтік қызығушылық адамның психикалық саулығын көрсетеді деген Адлер теориясымен келісесіз бе? Егер солай болса, не себептен? Олай болмаған жағдайда не себептен?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Л.Хьелл, Д.Зиглер Теории личности СПб 2005 г.
2.Елисеев О.П. Практикум по психологии личности СПб 2005.
3.Б.В.Зейгарник Психология личности: норма и патология М.2003
4.К.Холл Г.Линдсей Теории личности М 2000 г.

4 Дәріс


Тақырып: К.Юнгтың тұлғалық аналитикалық теориясы.
Дәріс мазмұны:
1.К.Юнгтың өмір жолы.
2.Аналитикалық психологияның негізгі концепциясы және принциптері.


Дәріс мақсаты: Тұлғаның аналитикалық теориясын қарастыру және сипаттау.
Негізгі ұғымдар: Эго-санасы, индивидуалды бейсаналылық, ұжымдық бейсаналылық, тұлғаның-Мен саналылық және оның комплекстері, тұлғалық бейсаналылық және оның комплекстері, ұжымдық бейсаналылық, архетиптер, маска, анима, анимус, көлеңке.

Карл Густав Юнг 1875 жылы Швейцарияда, Кесвиль деген жерде, қарапайым ауылдық дін қызметшісінің отбасында дүниеге келеді. Юнгтың отбасын қоғамда жақсы адамдар қатарына жатқызғанымен, өте кедей адамдар болған. Юнг туыстарының арқасында Базель қаласындағы ең жақсы гимназияда білім алады. Ешкіммен араласпайтын, тұйық бала болатын. Тұйықтығының арқасында ол өзіне достар таба алмады. Сыртқы ортаға тез бейімделе алмайтын, қоршаған ортада көптеген түсініспеушілік салдарынан, өз ойларына шомылып өз әлеміне батып жүруді жоғары бағалаған.


Базель қаласындағы гимназияны бітіріп, жоғары білім алу мақсатында 1895 жылы Университетке түседі. Юнг болашақта дәрігер болуды армандап, хирургиямен айналысуды көздеген болатын. Біраз уақыт өткеннен кейін, ол өз шешімін өзгертеді. Клиникада тәжірибеден өтіп жүріп, мемлекеттік емтиханға дайындалып жүрген кезінде кездейсоқ Юнгтың қолына психотерапия туралы кітап түседі.
Кітаптың бірінші бетінен Юнг, псиатриямен айналысу дәрігер үшін мәртебелі емес еді, оның себебі ХІХ ғасырда медицина психикалық ауруларды емдеуде, маңызды нәтижелерге жете қоймаған болатын.
Есейген кезінде де Карл Густав өзін қоршаған діни көзқарастарға теріс қараған. Түс көру туралы теориялары оның өз тәжірибесінен алынады: түсінде адам шошырлық қорқынышты бейнелер көрген болатын. Сондықтан да ол өзінің естелікнамасын «Естелік, түс көру, ойлау» деп босқа атамаған. Юнгтың рухани өмірінде, ерте балалық шағынан бастап түс көру үлкен рөл атқарды. Оның барлық психотерапевтік тәжірибесі, кейіннен жасалынған түс көру талдаулары өз өміріндегі тәжірибелер негізінде құрастырылған болатын.
Юнгтың түс көруіндегі маңызды себеп, ол-түсінде магиялық күшпен қолданатын қарттың бейнесін бақылайтын. Юнгке алыстағы өткен өмірдегі қызығулар, бүгінгі күнге дейін бізбен бірге еріп жүреді деген ой сипаты тән. Күнделікті өмірде тұлға бірінші номердегі тұйық жас жігіт өмір сүреді, ал түсінде ол екінші номердегі тұлға, яғни біріншісіне мүлдем қарама-қарсы болды.
Юнг психология ғылымын-ғылымдардың ғылымы деп есептеді. Себебі психология ғылымы арқылы, бүгінгі таңдағы адамдар дүниені танудың толықтай бейнесін қалыптастырады. Бірнеше жылдар аралығында Юнг спиритизмдік сеанстарға қатысып, астрологияға қатысты көптеген әдебиеттермен танысты.
1902 жылы Карл Юнг «Психология мен патологияда қаралатын окультті феномендер» атты докторлық диссертация жұмысын аяқтады. Бұл жұмыс әлі күнге дейін ғылыми мағынасын жоғалтпаған. Мұнда ғалым медиумдық трансқа психологиялық және психиатрлық талдау жасап көрсетеді, және оны галлюцинациямен салыстырады. Юнгтың айтуы бойынша, ақындарда, пайғамбарлар мен мистиктерде түрлі діни ағымдарды қалыптастырушы адамдардағы күйді, психиатр ауру адамдарда кездестіреді.
Юнгтың ойынша ойлаудың екі түрі бар: логикалық және интуициялық. Логикалық ойлау сыртқы әлемге бағытталған деп сипаттайды. Бұндай ойлаудың түрі, байымдау мен қорытынды кезінде пайда болады және жігер ерікті қажет етеді. Бұл тікелей индустриямен, техника және ғылыммен байланысты. Адам психикасы саналы және санасыз процестерден тұрады, элементтер арасында әрқашан энергия алмасып отырады. Ежелгі адамдар түс көру арқылы тәжірибелерді бағалаған болатын және елестеуді құдайдың рақымдылығы деп, бұнда біз ұжымдық санасыздықпен тікелей байланысқа түсеміз,-деген.
Сонымен қатар Юнг адамдар арасындағы ортақ типтің екі түрін: «экстраверт» және «интроверт» деп бөліп қарастырады. Экстраверт-қоршаған дүниеге ашықтығымен сипатталса, ал интроверт керісінше. Экстраверт пен интроверт ол тек қана адамның екі түрі. Олар күнделікті өмірде кездеседі және оларды айыру қиын емес. Юнг «психологиялық компас» деген әдісті алға тартты. Бұл әдіс адамдардың типтеріне анализ жасауға арналған. Компостың әрбір нүктесіне қарама-қарсы полюстер бар. Сезім интуициямен бекітіледі, ал ойлау-түйсікпен.
1944 жылы 69 жасында Юнг қатты жүрек соғысына ұшырайды. Жазылғаннан кейін, оның ең өнімді творчествалық кезеңінің сәті туады. Осы кезде мағыналы жұмыстар жазып шығарады. Юнгтың өмірінің соңғы он жылында Лаго Маджораға жақын жерде ашық аспанның астында оның бірегей лекциялық залы болды. Бұл жерге дүние жүзінің ғалымдары жиналып, диссертацияларын ұсынды. Юнгтың ойына қатысты түрлі дискуссиялар мен сұрақтарды талқылады.1961 жылы 6 маусымда Кюснахтағы үйінде Карл Густав Юнг қайтыс болады.
Юнг психоаналитикалық бағыттың көрнекті өкілі. Психоанализдің аналитикалық психология деп аталатын бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар Юнг философия, теология мәселесімен айналысты. Бейсаналы сфераға эндопсихологиялық функциялар арқылы жақындаймыз. Санадан тыс процесстерді тікелей бақылау мүмкін емес, ұжымдық бейсаналы деңгейдің мазмұны архетиптер құрайды. Архетиптер Юнг бойынша саналы жанның негізі-эмоциялардың нұсқауларының жүйесі. Архетиптер негізгі мифологиялық мативтер бар. Адам өз психологиясының ең терең қабатында жеке индивид болып қалмайды. Олардың психологиялық жаны бүкіл адамзат психологиясымен бірігеді. Барлық адамның психологиялық фундаменталды құрылымы бірдей. Алдымен ұжымдық одан кейін барып индивидуалды сфера, одан кейін сана сферасы қалыптасады. Архетиптер қандай да бір образ болып көрінеді. Архетипке тән персонаның анимусы.
Персона-ол белгілі бір әлеуметтік рөл және қоғамда өзін көрсететін жолы. Юнг бойынша персона сондай-ақ комформдылық архетип болып табылады. Юнг бойынша адам психикасына 3 деңгей кіреді: сана, жеке бейсаналық және ұжымдық бейсаналық. Адамның тұлға құрылымында анықтаушы рөль атқаратын ұжымдық бейсаналық бұрын бүкіл адамзат есте қалдырған іздерден түзіледі. Ұжымдық бейсаналық жалпы сипатта. Ол тұлғаға әсер етіп, туылғаннан бастап өзін-өзі қалай ұстауын белгілейді. Ұжымдық бейсаналықта өз кезегінде түрлі деңгейден тұрады. Ұлттық, нәсілдік және жалпы адамзаттық тағылыммен анықталады. Ең терең деңгей адамның жануар болған ата-тегінің тәжірибесінен қаланған. Сонымен Юнгтың анықтамасы бойынша ұжымдық бейсаналық жеке адамда архетиптер түрінде көрініс береді. Ондай архетиптер тек түстерде емес шынайы шығармашылықтан да табылады. Архетиптер жеке адамдарға тән болғанымен оларда ұжымдық бейсаналық бейнеленеді. Архетип болып табылатын ойдағы елестетулердің жалпы формаларына эмоционалдылықтың елеулі элементі, тіпті перцептивті бейнелер де кіреді.
Юнг бойынша ұжымдық бейсаналықтан басқа жеке бейсаналықта бар, бірақ ол санадан бөлектенбеген. Бұрын ақыл сарапынан өткен түсінікті болғанымен кейін ұмтылған немесе естен шығарылған күйзелістер жеке бас ақыл ессіздігін құрайды. Белгілі жағдайда олар түсінікті болуы мүмкін.
Жеке бейсаналық құрылымдық бірліктері сезімдер, ойлар және естеліктер констелляциясы. Юнг бұларды кешендер деп атады.(мысалы, үлкен билікті иемденуге ұмтылу-билік кешенді болады).Юнг мұнымен қоса «Мен» ұғымын енгізген. Ол адамның біртұтастыққа және ауыз бірлікке ұмтылуын білдіреді. Оның арқасында санасы мен бейсаналықтың арасында тепе-теңдік орнайды. «Мен» әртүрлі болып көрініс беруі мүмкін. Ол көрініске тәуелді адамдарды белгілі типтерге ажыратуға болады.
Тұлға типтерін жіктеу негізінде Юнг адамның өзіне және объектіге бағытталуын қояды. Осыған орай барлық адамдар экстраверттер және интроверттер болып екіге бөлінеді. Бұлардың басқа қосымша типтері: интуитивті, ойшыл, эмоционалды. Тұлға типін анықтайтын түрлі арақатынастағы функциялардың көбісі туа біткен. Сондықтан Юнг бойынша тұлға типтері дегеніміз бұл қоғам өмірінің жағдайларымен байланысы жоқ, туа біткен типтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет